Мұғалімнің
аты-жөні:
|
Разиева Нагима
Тлеужановна
|
Пән/Сынып:
|
1
сынып
|
Қай аптаның
нешінші сабағы
|
4-інші аптаның
3-інші сабағы
|
Тарау немесе
бөлім атауы:
|
1А:Сандар мен
цифрлар . 0 саны және цифры
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
0 саны және
цифры
|
Оқу
мақсаты:
|
1.1.1.2
бір таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру 1.1.1.3 бір таңбалы
сандардың құрамын анықтау
|
Бағалау
критерийі:
|
-
0 саны бос жиын болатын
нысандар санын көрсететінін түсінеді;
-
0 санының орнын сандық сәуледен
табуды;
-
0
цифрын жазуды меңгереді.
|
Саралап оқыту
тапсырмалары
|
Ұжымдық
жұмыс
Жаңа тақырыптың
түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2
тапсырма)
Тапсырманы ұсыну
және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке
жұмыс
Тапсырманы ұсыну,
оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың
мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
|
Тақырып, мақсаттармен
таныстыру
.. 32-33
беттер.
|
Сенің
білетінің: Бір таңбалы сандарды
оқу, жазу және салыстыру. Бір таңбалы сандардың құрамын
анықтау.
|
|
Презентация №
2бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
|
Жаңа сабақты цифрлық
ресурстар арқылы түсіндіру
Сабақтың басында сандық
сәуледегі 1-ден 9-ға дейінгі сандардың санау. Сандық сәуледегі 0
санының орны айтылады, 0 саны 1-дің алдында тұратыны
көрсетіледі
0 санының мағынасын түсіну
үшін оқушылардың назарын алдымен ыдыстардың толы болғанын, кейін
бос қалғанына аудару.Мынадай сұрақтар қойыңыз: “Үстіндегі ыдыстарда
не бар? (Астындағы ыдыстарда ештеңе жоқ, олар бос.) Сендер қалай
ойлайсыңдар, егер “ештеңе жоқ” дегенді білдіретін сан болса, ол
сандық сәуленің қай жерінде орналасатын еді?” Оқушыларға осы санға
ат тапқызып, оны жазғызыңыз.
Сонымен қатар 0 цифрын жазу
дағдысын бекіту қажет
0 цифрын жазып
үйренеміз. Дәптермен жұмыс. 0 цифрын
ауада жазу
0 цифрының жазылуын
видеодан көрсету
0 цифрының жазылу
үлгісін дәптерлеріне жазады
|
Сенің
меңгеретінің: 0 саны нені
білдіретінін білесің;
0-ді қосуды және
азайтуды меңгересің;
0 цифрын жазуды
үйренесің.
|
|
Презентация
№ 4
Презентация
№5
|
8
минут
|
Тәжірибе
|
1 тапсырма. Сандарды
өсу және кему ретімен орналастыр. Олардың әрқайсысын 0 санымен
салыстыр.
2>0 0<3 4>0
т.с.с.
Тілдік мақсат
:
0 саны қазақ тілінде “нөл”
деп, ал орыс тілінде “ноль” немесе “нуль” деп айтылады. Оқушыларға
сан туралы қызықты мәліметтер беруге болады. Сен білесің
бе?
Мысалдардың жауаптарын
түсіндіру
3+0=3
3-0=3
3-3=0
Ойлан.Бос себетте қанша алма
бар?
Жауап: 0 алма
бар.
Үрленген шарлар. Оқушылардан
суретке қарап, шарларға не болғанын айтуын сұраңыз. “Әлиде
алғашында неше шар болғанын сұраңыз (3 шар болды), екінші суретте
оларға не болды, неше шар қалды (2 шар қалды), соңында неше шар
қалды (ештеңе қалған жоқ, 0 шар)” деп
сұраңыз.
Жауабы:нөл шар
қалды.
|
Жаңа тақырыпты тәжірибе арқылы меңгеру
|
Бағалау критерийлерін
ұсыну
-
0 саны бос жиын болатын
нысандар санын көрсететінін түсінеді;
-
0 санының орнын сандық сәуледен
табуды;
0 цифрын жазуды
меңгереді.
|
Презентация
№ 8
|
3
минут
|
Бекіту
|
Оқушылардың сабақты қалай
түсінгенін бағалау үшін мынадай сұрақтар
қойыңыз:
—
Егер сен барлық алмаңды жеп
қойсаң, сенде неше алма қалады?
— 0
саны нені білдіреді?
—0
саны қалай айтылады: “нөл” немесе “ноль”?
—
Біз 0 санын әлде 0 цифрын жазамыз ба? Оқушылармен
жұмыс дәптеріндегі Кері
байланыс
“Жетістік баспалдағымен”
өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу
|
Тақырыпты меңгергенін анықтау
|
Бағалау критерийлерін ұсыну
|
Презентация №
14бет
|