400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚМҰҚ ортаңгы топ

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұйымдастырылған оқу қызметінің

6 технологиялық картасы


Өткізген:Жанақыметова Қ.Ж.

Өткізу мерзімі:29.09.20.ж.

Топтың жас ерекшілігі: №9 ортаңғы топ

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: «ҚМҰҚ»

Тақырыбы: «Саны мен көлемі бойынша екі тең және теңсіз заттар тобын салыстыру (үш шамасында), бір топтың заттарын екінші топтың заттарының үстіне және жанына қою әдістерімен».

Мақсаты: Ұзындығы жағынан қарама қарсы және бірдей екі затты салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

БМ: Балаларды саны мен көлемі бойынша екі тең және теңсіз заттар тобын салыстыруға үйрету (үш шамасында), бір топтың заттарын екінші топтың заттарының үстіне және жанына қою әдістерін қолдану. «Сонша», «қанша», «тең» ұғымдарды қолдану.

ДМ: «Ұзын»,«қысқа»,«ұзындығы бойынша бірдей» сөздерді қолданып, екі затты ұзындығы жағынан салыстыру іскерліктерін дамыту.3 шамасында санау дағдыларын дамыту.

ТМ: Зейіндері мен ұқыптылықтарын баулу.

Қолданатын құрал - жабдық:салыстыруға арналған заттар тобы.

Сөздік жұмыс:салыстыру.

Көптілділік компонент: үлкен-большой-big, кішкентай-маленький-little.

Қызметтің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық – қозғаушылық


Ғажайып сәт.

«Бір қорап таспасы бар аю».

Есіктен тықыр естіледі. Есікті ашып, қолында қорабы бар аю ойыншықты көреді. Оны топқа әкеліп, балаларға көрсетемін.

Балалар, аюмен амандасып, бізге не әкелгенін көрейік. Ол бізге сыйлық әкеліпті. Қорапты ашып көрейік. Ішінде таспасы бар қорапты үстелге қоямын, аю қорап-тан екі таспадан алып, қайсысы ұзын, қайсысы қысқа екенін салыстырады.



Қызығушылық танытады.



Қораптан таспаларды алады. Әрқайсысы өз таспасының ұзындығын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік


«Қайсысы көп?» ойыны.

Үстелде 4 үлкен көк текше мен 5 кішкентай қызыл текше жатыр. Олар бір-бірімен араласып кеткен. Тәрбиеші қолына бір үлкен, бір кішкентай текшені алып, балаларға сұрақ қоямын:

Бұл не?

Олардың түсі қандай?

Текшенің қайсысы үлкен?

Қайсысы кішкентай?

Үлкен және кішкентай текшелердің тең немесе тең еместігін қалай білуге болады?

Дұрыс, кішкентай текшені үлкеніне қойып тексереміз.

Үлкен текшелерді бір қатар-ға қоюды, кішкентай текше-лерді үлкен текшелердің үстіне қоюларын айтамын.

Текшелерді қай қолмен алу керек?

Оларды қай жақтан бастап қою керек?

Дұрыс, текшелерді оң қолмен алып, солдан оңға қарай рет-ретімен қою керек.

Үлкен текшелер жетті ме?

Кішкентай текше көп пе, әлде үлкен текше көп пе?

Қайсысы аз?

Кішкентай текшені алып тастаймын да, балалардан сұраймын.

Енді текшелер теңесті ме?

Текшелер теңдей дедіңдер. Неге олай ойлайсыңдар?

Балалардан көздерін жұмуды айтып, кішкентай текшенің тағы біреуін алып тастаймын.









Текше.

Көк және қызыл.

Көк текше үлкен.

Қызыл текше.


Бір-бірінің үстіне қойып тексереміз.


Үлкен текшелерді бір қатарға, кішкентай текшелерді үлкен текшелердің үстіне қояды.




Оң қолмен.


Солдан оңға қарай.





Жоқ.

Кішкентай текшелер көп.


Үлкен аз.




Енді теңесті.

Өйткені артық текше жоқ.

Көздерін ашқаннан кейін қайсысының көп, қайсысы-ның аз екенін айтады.


Рефлексиялық- түзетушілік


Аю оқу іс-әрекеті өте ұнаға-ны, олардың барлығы бел-сенді болғанын тапсырма-ны дұрыс орындағандары үшін рахметін айтып, қош-тасады.


Аюдың тапсырмасын дұрыс орындағандарына қуанады.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: әртүрлі топтардағы заттарды санына, көлеміне (үлкен-кішкентай), ұзындығына (ұзын-қысқа), биіктігіне (биік-аласа) қарай салыстыруды;

Игереді: заттарды санына, ұзындығына, биіктігі мен көлеміне қарай салыстыруды;

Меңгереді: әртүрлі топтардағы заттарды теңестіру тәсілдері туралы түсінікті.


Тексерді:

Ескерту:

Педагогикалық қолдауына мұқтаж болған балалар:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.11.2020
610
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі