Материалдар / «Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбындағы эссе
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі» тақырыбындағы эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім… ең алғаш әріп таныған сәтіңнен бастап, есейіп үлкен өмірге қанат қағам дегенше, қасыңнан кетпейтін , арасында қаталдығымен қамшылап алса да, қолынан келгенше қамқорлығын аямайтын , білім нәрімен сусындататын қадірлі тұлға!
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
1081
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қоғамдағы ұстаз мәртебесі»


2021 жыл

Shape1 Облыстық санаторлық мектеп интернат коммуналдық мекемесі





















Аты – жөні: Идиркенова Балжан Назарқызы









































«Мұғалім ісі сырттай қарапайым болғанмен – тарихтағы ең ұлы істің бірі.»

К.Д.Ушинский

Мұғалім… ең алғаш әріп таныған сәтіңнен бастап, есейіп үлкен өмірге қанат қағам дегенше, қасыңнан кетпейтін , арасында қаталдығымен қамшылап алса да, қолынан келгенше қамқорлығын аямайтын , білім нәрімен сусындататын қадірлі тұлға!

Мұғалім дегенде, әрбір адамның еріксіз еске алатын ортасы – мектеп. Мектеп пен мұғалім – жер бетіндегі өркениеттің болашағын анықтаушы. Сондықтан мұғалімнің кәсібіне, оның қоғамдағы әлеуметтік мәртебесіне жоғары көңіл бөлінеді. Қазіргі таңда елімізде бұл мәселеге қатысты көптеген қаулылар шығарылып, болашақта мұғалім болатын студенттердің шәкіртақысының көбейтілгеніне қарамастан, жалпы алғанда мұғалімнің мәртебесі әлі де ақсап тұрғандығы көзге оттай басылып, көкейге сұрақ туындатпай қоймайды. ҚР Білім және Ғылым Министрлігі де бұл көкейкесті сұрақтың жауабын тауып, амалын іске асыру үшін бар күшін салуда.

Мұғалім мәртебесі таяқтың бір ұшына қарап бағамдай салатын нәрсе емес . Оны екі жақты қарастырған жөн болады:

  • Біріншіден, ол мұғалімнің өз жұмысын қалай бағалайтынына байланысты;

  • Екіншіден, қоғам мұғалімге қандай қарым-қатынас жасайды, одан не күтеді? Міне, соған байланысты.

Әрине әрбір істе, әрбір нәрсе ең бірінші адамның өзіне келіп тіреледі. Сол сияқты мұғалімнің қоғам алдында мәртебесінің үстем болуы, немесе болмауы да тікелей өзіне байланысты. Мұғалім өз жұмысына немқұрайлы қарайтын болса, онда оған айналасы да немқұрайлы қарайды. Және бұл заңды нәрсе. Өйткені мұғалімге деген құрмет әр жаңа сабақ сайын алғашқы сәттен бастап :

  • оның оқушыларға деген қарым-қатынасы;

  • өз пәнін жеткілікті деңгейде меңгеруі, біліктілігі;

  • қиын педагогикалық жағдайлардан қиыстырып шығатын жол таба алуы;

  • сырт келбеті, киім үлгісі, белгілі бір этикалық ережелерді сақтай алуы;

  • жеке тұлғалық, адамгершілік қасиеттері, – міне, осының барлығын қамти отыра қалыптасады.

Әр секунд сайын өзгерістер мен жаңалықтарға толы ақпараттық технология мен жаһандану заманында мұғалімге артылар міндет пен қойылар талап та көбейді. Өйткені, келешекті кемел ететін жастарға заман талабына сай білім беру тек қана нағыз педагогтың қолынан келеді. Сондықтан жарқын болашақтың іргетасы болатын ұрпақ тәрбиелейтін ұстаздың өз кәсібі мен уақыт ағымына сай даму процессі үздіксіз және қарқынды түрде жүруі тиіс. Біздің ойымызша, жаңашыл оқыту жүйесіне ене отырып, инновациялық білім беру технологияларын қолданып, жаңа педагогикалық идеялар мен әдіс-тәсілдерді дүниеге әкелсе, яғни кәсіби біліктілігі мен тәжірибелік әдістемелері үйлесім тапса, қоғам ондай мұғалімді өзі талап етеді. Егер әрбір ұстаз осындай көшбасшылық қасиеттер мен салалық сапаға қол жеткізсе, мұғалім мәртебесі ешқандай заңның көмегінсіз – ақ жоғары дәрежеге көтеріледі деп сенеміз.

Өкінішке орай, еліміздегі педагогтарды даярлайтын Жоғары Оқу Орындарындағы үйрету әдістемесі қазіргі мектептердегі оқу бағдарламасымен сәйкес келе бермейді. Өйткені Университет ұзақ жылдар бойы бір жүйемен жұмыс жасайды, ал мектептегі білім беру жүйесі заман ағынымен жыл сайын өзгеріп отырады. Мұның салдары: мектепке келген жас мұғалімдердің жаңартылған білім бағдарламаларына бейімделе алмауы. Өйткені елімізде мұғалім мамандығын таңдайтын талапкерлер аз емес, алайда олар бұл мамандықтың мәртебесі бар деп таңдамайды, көбінесе «әйтеуір бір жерге оқуға түссем болды» деген қағидатқа сүйеніп таңдайды. Ал ЖОО-лардың қабылдау комиссиясына кәсіби-психологиялық сұхбат қадамын енгізу, бұндай қағидатқа емес, керісінше мұғалімнің мәртебесіне сүйеніп оқуға түсетін талапкерлерді анықтауға көмектесетін еді. Бәлкім , бұндай қосымша талаптар мұғалім болам деген талапкерлердің ынтасын қашырып, санын күрт азайтуы мүмкін, бірақ бұл шын ықыластылардың жоспарлаған ұстаздық дара жолының салынуына мүмкіндік береді.

Жалпы мұғалім мәртебесін арттыру кешенді түрде жүзеге асырылуы қажет және ол қазір біздің мемлекетімізде іске асырылып жатыр. ҚР мұғалімдердің еңбегін бағалаудың, ынталандырудың жаңа тәсіліне көшті. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев халыққа жолдаған Жолдауында «мұғалім мәртебесін арттыру» мәселесі бойынша Үкіметке жауапты тапсырмалар жүктеп, қазіргі уақытта сол мәселелер бойынша арнайы заң қабылданып, іс- шаралар жүзеге асырылуда.

Мұғалімнің мәртебесін арттыру жолында қоғамдық көзқарасты өзгертудің тағы бір жолы – оларды қағазбастылықтан босату. Қазіргі таңда көптеген оқу орындар мен мектептер заманауи цифрлық форматқа көшсе де, әлі де қағазбастылықтан арыла алмай отыр. Егер мұғалімдер бұған жұмсайтын энергиясын оқушыларға пайда беретін басқа нәрсе ойлап табуға жұмсаса, мүмкін бұл оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға жақсы жол ашатын еді . Бұқаралық Ақпарат Құралдарында мұғалімдердің жеткен жестістіктерін , тәжірибесін ,білім жолында өзін-өзі құрбан етуі мен жоғары гуманизмнін көбірек дәріптесек, халық алдындағы мұғалімнің мәртебесі қайтадан өз тұғырына көтеріледі деген үкілі үмітіміз бар!

«Егер мұғалім өте беделді болса,онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері кейбір адамдардың бойында бүкіл өмір бойы қалып қояды. Міне,сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы,өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері,дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай,ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды» - деп М. Калинин айтқандай мұғалімнің өз мәртебесін көтеруі өзіне байланысты. Ұстаз – ұлық емес, ұлы қызмет! Ұлы қызметте жүрген барша педагогтардың мерейі үстем болғай!



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!