Материалдар / Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі заман технология мен ғылымның нағыз дамыған кезі. Күннен күнге жаңа технологиялар мен техниканың сан алуан түрлері қолданысқа еніп жатыр. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқыту белсенді түрде дамытып келеді. ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. – деп Елбасымыз айтып –өткендей – «Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық техологиялар маңызды рөл» атқарады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Ақпан 2018
809
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым минисрлігі

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Шолаққорған» жалпы орта мектебі











Қоғамды ақпараттандыру

кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі






Бағыты: Жаратылыстану- математикалық

Секция: информатика

Информатика пәнінің мұғалімі

Сайлауова Гүлжаз Нұртайқызы











Шолаққорған ауылы – 2017 жыл

Мазмұны



    1. Кіріспе


II. Негізгі бөлім


1. Ақпараттық технологиялардың тиімділігі

2. Білім беруді ақпараттандырудың қағидалары


3. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану


ІІІ. Қорытынды бөлім


IV. Пайдаланылған әдебиеттер





























Кіріспе

Қ азір «ХХІ ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек?» деген негізгі сұраққа жауап ізделуде. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Қазір заман да, қоғам да өзгерген. Бүгінгі балалардың мақсаттары да, құндылықтары да, идеялары да бұрынғыдан мүлде басқаша. Өйткені олар – өзінің болашағына тиімділік тұрғысынан қарайтын, іскерлікке бейім, жоғары талап қоя білетін адамдар. Олай болса, бұл қоғам кез келген педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етіп отыр.

ХХІ ғасыр – техниканың озық дамыған ғасыры. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сындарлы саясатының арқасында бүкіл мектеп компьютермен қамтамасыз етілді. Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса барлық сабақтарды компьютердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі. Жаратылыстану және математика пәндерін оқыту құралы ретінде компьютерді қолдану – оқу үрдісін белсендіруге, оқытуды жекешелендіруге, оқушының өзін-өзі бақылауына мүмкіндік туғызады.

























Ақпараттық технологиялардың тиімділігі

Қазіргі заман технология мен ғылымның нағыз дамыған кезі. Күннен күнге жаңа технологиялар мен техниканың сан алуан түрлері қолданысқа еніп жатыр. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқыту белсенді түрде дамытып келеді.

ХХІ ғасыр – ақпараттық технология ғасыры. – деп Елбасымыз айтып –өткендей – «Қоғамды ізгілендіру оның білім мен мәдениет жүйесін дамыту процесінде ақпараттық техологиялар маңызды рөл» атқарады. [3]

Менің баяндама тақырыбым «Қоғамды ақпараттандыру

кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндігі». [2]

Мақсатым: Ақпаратты технологияның мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыру.

Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Ақпараттық – коммуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды жұмыс істеуге, оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. [1]

Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие, орта мектепте, білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, оқушыны, ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады.

Оқушының ақпараттық технологияны пайдалану, оның кейбір элементтерінің жеке шығармашылық байланысымен сипатталады. Олардың бір-біріне деген әсерінде байқауға болады. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақты электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптасытруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айландыруға болады. Бұл нұсқаның жетістігі-оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі, оны компьютерлік желілер арқылы тарату болып табылады.

Сол компьютер негiзiнде қазiргi заманда электрондық ақпарат, бағдарлама арқылы басқарылатын құрылғылар пайда болып көптеген үрдiстердiң жеңiлдеуiне мүмкiндiк туғызды. Осылайша негiзi ақпараттық технологиялар болып табылатын үлкен бiр сала ақпараттық индустрия қалыптасты. Қазiргi замандағы ақпараттық технологиялар компьютерлiк техника мен коммуникация құралдарына иек артады. Осы бағыттың қарыштап дамуы ақпараттық қоғам деп аталатын ұғымды тудырды. [2]

Қазiргi заманда барлық елдер саяси, экономикалық, әлеуметтiк және т.б. үрдiстердi дамытып әрi жеңiлдету үшiн жаңа технологияларды қолдана отырып, ақпараттық қоғам жағдайына жетудiң тиiмдi деген жолдарын iздестiруде. Бұл мақсатқа жете алмаған елдер қай жағынан болсын артта қалған болып есептеледi.

Қоғамды ақпараттандыру ақпараттық қорларды дайындау және пайдалану негiзiнде жеке адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi басқару органдарының, ұйымдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң ақпараттық қажеттiлiктерiн өтеуге әрi жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар жасайтын әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық үрдiс.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру қазақстандық білім беру үшін үлкен перспективалар ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, коммуникациялық техника мен технологиялардың қоғам өміріндегі рөлі мен орнында түбегейлі өзгерістер болды. Алынған білім мен дағдылар бұдан әрі көптеген жағдайда қоғамның даму жолдарын анықтайды.

Ақпараттандырудың негізі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне – оның іргелілігі, алдын алу сипаты және осыларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады. Білім беру жүйесін ақпаратандыру бағыттарының бірі ақпараттық технологияларды білім беру саласына енгізу жұмыстары болып табылады. Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамытуда ІТ-технологиясының мүмкіндіктері қандай? [3]

1.Сабақты жүргізуде көрнекілікті қамтамасыз етеді;

2. Оқу ақпараттарын қысыңқы түрде жеткізуде жылдамдық пен ақпарат

тығыздығы жоғарылай түседі.

3. Бақылауға қиын не мүлдем келмейтін құбылыстар, нысандар, процестерді

жан-жақты көрсетеді.

4.Техникалық құралдарды кешенді түрде пайдалана отырып, еш

қиындықсыз бір түрінен екіншісіне ауыса алу мүмкіндігі туады. [3]

Ақпаратандыру және бұқаралық коммуникацияларды ғаламдастыру кезеңінде қазіргі қоғам ақпараты нақты тұтынушының ұсыныстары мен қызығуына сай ақпарат ағынын қалыптасытруға, ақпаратқа көлем және жылдамдық жағынан шектеусіз қол жеткізуді, сондай-ақ кез келген қашықтықтағы ақпарат көзіне, оның ішінде оқу ақпаратына назар аударуды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін әлемдік ақпараттық орта жағдайында ақпараты қоғамдық өнім ретінде белсенді пайдаланумен сипатталады. Бұл өскелең ұрпақты ақпаратық қоғаммен зиялы қарым-қатынасқа оқытып, тәрбиелеуге және ақпаратық мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасайды.

Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу-ағарту саласының оқыту үрдісіне жаңа технологиялық әдістер мен қондырғыларды кең көлемде қолдануды қажет етеді. Білім беру саласында электрондық байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-конференция, видео-конфе-ренция, телекоммуникациялық жүйелер арқылы іске асырылуда.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. [4]

Қазіргі замандағы ақпараттық технология әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Дәл осы ақпараттық технология мен әрбір оқушының өзіндік білім алу траекториясын таңдауына жол беретін анық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламаларының бағдарламалануы және өзгермелі бейімделінуі есебінен оқу үрдісінің біртұтастығын сақтай отырып оны дараландыруға мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады. [3]

Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын көтеруді жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа комплекстік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту болып табылады. Ақпараттық коммуникациялық технология электрондық есептеуіш технологиясымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламасына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Интерактивті тақтаның мүмкіндіктері мұғалімдерге баланы оқытуда бейне және ойын бағдарламаларын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық – құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу. Демек, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік – ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың бір жолы. [3] Ақпараттық білім беру ортасында білім беру процесіндегі субъектілердің құзіреттілігінің даму моделі төмендегіше:

Қазіргі білім беру жүйесі ақпараттық технологиялар мен компьютерлік коммуникацияларды белсенді қолдануда. Әсіресе қашықтан оқыту жүйесі жедел қарқынмен дамуда, бұған бірнеше факторлар, ең бастысы – білім беру мекемелерінің қуатты компьютер техникасымен қамтылуы, оқу пәндерінің барлық бағыттыры бойынша электрондық оқулықтар құрылуы және Интернеттің дамуы мысал бола алады.
Бүгінгі таңда білім беруді ақпараттандыру формалары мен құралдары өте көп. Оқу процесінде ақпараттық және телекоммуникациялық құралдар мүмкіндігін комлексті түрде қолдануды жүзеге асыру көп функционалды электрондық оқу құралдарын құру және қолдану кезінде ғана мүмкін болады. Осындай электрондық оқулықтарды оқытуда пайдаланудың негізгі дидактикалық мақсаты білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау.

Мұғалім қызметінде компьютер:

- оқыту ақпаратының көзі (мұғалімді және кітапты жартылай немесе толық алмастыра алады);

- көрнекі құрал (мультимедиа және телекоммуникация мүмкіндіктерімен сапалы жаңа деңгейде);

-дербес ақпараттық кеңістік;

- тренажер;

-диагностика және бақылау құралдары. [5]

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда. [5]

Электрондық оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми-әдістемелік потенциалын дамытып, оның сабақ үстіндегі еңбегін жеңілдетеді. Оқытудың әр сатысында компьютерлік тесттер арқылы оқушыны жекелей бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтіндері түрінде, мультимедиалық, бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға көп көмегін тигізеді. Электрондық оқулықтарды қарапайым оқулықтарға қарағанда пайдалану ыңғайлы және оларда өзін – өзі тексеру жүйесі бар. Осы электрондық оқулықтың артықшылығы болып табылады. Сондықтан, өзін – өзі тексеру жүйесі оқушы мен оқытушының арасындағы байланысын алмастырады.

Электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.Электронды оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет элементінің жанында жазуы болады.
Бұл технологияның өзектілігі қоғамның ақпараттандыру жылдамдығының артуымен сипатталады. Әр түрлі пән сабақтарында жаңа ақпараттық технологияны пайдалану білім мазмұнын жаңартумен, ақпараттық ортаны қалыптастыруымен, сондай-ақ сапалы білім беру мүмкіндігінің жоғары болуымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндетi – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін кажетті жағдайлар жасау;… оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделді. [3]

Қазіргі таңда мектебіміздің  информатика пән  мұғалімдерінің  алдында тұрған басты мақсат  жаңа технология арқылы білім мазмұнын жаңарту. Оқушыларға білімді меңгерту, тәжірибеде  қолдану , шығармашылықты дамыту мақсатында мектебімізде «Физика, информатика пәндерінде жаңаша әдістер арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық белсенділігін арттыру» тақырыбында физика-информатика пәні мұғалімдерінің аудандық кіріктірілген семинар өткізілді.

Семинар кезінде  «Жаңа білімге заманауи көзқарас» тақырыбында информатика пәні мұғалімдеріне шебер сынып өткіздім. 

Шеберлік сыныптың бағдарламасын алдымен мұғалімдерді 3 топқа бөлдім, топ лидерін сайланып, әр топ өз ұранын қояды. Сабақтың сапасын арттыруда мұғалімдер «ХХІ ғасыр мұғалімінің тұлғасы қандай болу керек?» сөзіне постер құрды. АКТ сабақта қолданудың тиімді жолдарына біршама тоқталып өттім. Берілген материалдар негізінде мұғалімдер деңгейлік тапсырамалар құрастырды.

Шебер сыныбымыз «Жүректен жүрекке»- атты тренингпен аяқталды. Озық ой, терең білім, шығармашылық идея білдірген бірнеше қатысушларға тілек жазылған жүрек ұсынылды. Мұғалімдермен өтілген шебер сыныптың қандай деңгейде өткені мен үшін аса маңызды болғандықтан, мұғалімдер өздерінің көңіл-күйлері туралы ақпаратты кері байланыс арқылы білдірді.

Семинарға қатысушылар сабағымды жоғары деңгейде бағалады.

Қоғамды ақпараттандыру кезеңінде оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту мақсатында оқушылармен ғылыми жұмыстар және ашық сабақтар өткізілді. Ғылыми жұмысымның тақырыбы «Веб сайт жасау», мұнда оқушымен бірге мектебіміздің «Шолаққорған» жалпы орта мектебі деп сайт ашып, оған мектебіміздің мұғалімдері мен оқушыларымыздың шығармашылық жұмыстары, мектеп жаңалықтары енгізілді. Оқушылармен жүргізілген ашық сабағымның тақырыптары «Модель және модельдеу» және «Компьютерлік вирустар». Мұндағы менің мақсатым оқушылардың  модель, модельдеу  туралы түсініктерін қалыптастыру, модель құруға дағдыландыру,  сыни тұрғыдан ойлай білуге үйрету және оқушыларға тақырыпты өз бетінше түсінуге қолайлы жағдай тудыру, жаңа тақырыпты ұғындыру негізінде информацияны қорғау, компьютерлік вирус, антивирустік программалар ұғымдарына түсінік беру. Антивирустік программаларды қолдану, компьютерді комплекстік профилактикалық қорғау шараларын үйрету. Бұл сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау (формативті бағалау), топпен жұмыс, жеке жұмыстар жүргізілді және оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында, әр топқа өзіндік жұмыстар ұсынылды. Сабақ тартымды және қызықты өткізілді, оқушылар өз ойларын бүкпесіз айтуға тырысты, оқушылар компьютермен жұмыс жүргізу барысында белсенділіктерінің артқанын байқадым.

Соңғы кезеңде қазіргі заманғы педагогикалық ғылым мен практика түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соның ішінде оқыту үрдісі ақпараттық – коммуникациялық жағдайларда жаңа көрініс алу жолында басқаша жаңалаған жолмен ХХІ ғасыр талаптарына сай білгір, уақытты үнемдей алатын тұлғаны қалыптастыруға бағытталады.

ХХІ ғасыр- бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне жаңа технологияның  дендеп  енген  дәуір.

Сондықтан жасөспірімдерге жаңа технологины меңгертуде оқытудың шығармашылық  деңгейін арттыру өте маңызды. Ақпараттық технология -бүкіл қоғамның ілгерлеуінің белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен тығыз байланысты.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды
 компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда
. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология– білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық техно-логияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер – оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиатехнология – жаңа материалды түсіндіру-дегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер – білім жетілдіру құралы.

Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тесттерден көрінеді.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді. Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеу-ге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқу-лықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы бі-лім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.








Пайдаланылған әдебиеттер:


1
. Ахмет Л. Компьютерлік технологияны оқу-тәрбие процесінде пайдалану мүмкіндіктері / Л. Ахмет // Білім – Образование – 2009 – №3

2. Роберт И. Новые информационные технологии в обучении: дидактические проблемы, перспективы использования

3. ҚР ББЖ КБАРИ Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының материалдары 2008ж 27-28 қараша

4. http://uchinfo.com.ua/inform/metodika/mt5.htm

5. http://infust.kz































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!