Материалдар / Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық - конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық - конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақала 9-11 сынып оқушыларына және Адам және қоғам пәнінің ұстаздарына Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық - конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары ретнде ғылыми іздену үшін қажет деп есептеймін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
452
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Исаева Нүргүл Жеңісқызы


Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ақбасты елді мекенінің №22 қазақ орта мектебінің мұғалімі


Қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық - конституциялық құндылықтың мазмұны және оны қамтамасыз ету құралдары


Менің халқым – ұланғайыр жері бар, ұлы мұратты елі бар, бабалар жазған ұлы тарихы мен ұрпағы көз тіккен ұлы болашағы бар халық

Н.Ә. Назарбаев

Расында да, осыдан бірнеше ғасыр бұрын философтардың жасап кеткен болжамы бүгінгі тарих қатпарында шындыққа айналып отырғанын мойындауымыз керек. Олар ұсақ нәрсені көрсету арқылы даралықты, жасампаздықты меңзеді. Бернард Шоу: «Біз құстар тәрізді ұшуды үйрендік, балықтардай тереңге жүзе де аламыз, ал енді адамша жер бетінде өмір сүруді үйренгеніміз жөн» - деп бүкіл халықтың өміріне азық болатындай тұжырымды ой тастаған болатын.

Адамша өмір сүру дегенді жай көзбен қарап, көңілмен түсінетін болсақ, жекелеген адамдардың бір-бірімен тіл табысып, тіршілік етуі деген тоқтамға келеміз. Ал саяси, сыни биіктік тұрғысынан түсіндірер болсақ, ол біздің мемлекетіміздің тұтастығы. Біздің құқықтық зайырлы мемлекет ретінде қабылданған Ата Заңымыз жұмыс жасап келеді. Ел бірлігі мен игілігіне қызмет жасау жолында өзінің жекелігін, өміршеңдігін дәлелдеді [1, 21-22 б.]. Елбасы ұстанған саясат, қабылдаған қарарлар осы кезге дейін мемлекеттің мәртебелі, халықтың саяси мәдениетінің жоғарылауына үлкен ықпал етіп келеді. Сондай ықпалдастықтың бірі ретінде Қазақстандағы көпұлтты қоғам үлгісін тілге тиек еткеніміз жөн. Тіліне, дініне, ұлтына қарамай бір тудың астына біріктіріп, тілегін тоғыстырған, сан мыңдаған ұлтты ұйыстырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әрекет етуге үйретті. Кез келген мемлекеттің даму үшін қоғамда саяси және діни тұрақтылық қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 1 наурызындағы жарлығы бойынша құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық саясат пен ұлтаралық пікіралмасуды жүзеге асырудың айрықша және тиімді құралы ретінде өзінің жемісті жұмысымен танылды. Әртүрлі этнос өкілдерінің қарым-қатынастағы сенімділігін күшейту, ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ету – Ассамблеяның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Өзгермелі заманда тек қоғамдық құрылымдардың жағдайын айту жеткіліксіз. Себебі қазіргі қазақ қоғамында сананың жаңғыруы үлкен мәнге ие. Тұтастық, бірегейлік, төзімділік сынды қасиеттер рухани сананың жемісі болмақ. Рухани болмысы бай, өткенін таразылап, болашағын бағамдай білу-жаңа заманның сұранысы. Қазіргі таңда ұлттық бірлікті нығайту мен тұрақтылықты сақтау – қоғамдық келісімнің өміршең құралы. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан кез келген ұлт өкілінен сұрай қалсаңыз, «мен қазақпын!» деп кеудесін мақтаныш кернеп жауап береді. Бұл заңды құбылыс [2, 52 б.]. Әрине бұл айналасынан материалдық, моральдық қысым көрмеген адамға, ұлтқа ғана тән. Қанымызға сіңген қонақжайлылық, дархандық сияқты асыл қасиеттерімізбен сусындаған,пейіліміздің кеңдігін көрген ұлттар туған елге деген перзенттік парызына адал болуды үлкен міндет санайды. Өмірлік тәжірбиеге сүйенетін болсақ, бірлігі айрандай ұйыған мемлекеттер кемде кем. Айналамыздағы елдердің тыныштығы бұзылған. Бүгін бар дүние ертең күл талқан болуы әбден мүмкін. Осы сынсағаттарда жапа шегетін қарапайым халық. Себебі солқылдақ, керағар саясат пен діни араздықтың арбауына түсіп, бағытынан жаңылысып қалып жатыр. Қара суды тыныш отырып ішу түсінген адамға үлкен сый. Қоғамның тыныштығы отбасының бірлігі, ал отбасының бейбіт өмірі жан мен тәннің қауіпсіздігі болмақ. Есімізде болса 15 ғасырда Керей мен Жәнібек алғаш қазақ хандығын құрып, елдіктің туын желбіреткен еді. Зұлмат заманнан есеңгіреген халықтың қажыған көңілін жігерлендіріп, «қазақ елі» деген атауды қанмен жазған болатын. Біздің тұтастығымызға одан кейін де талай сын қатерлер салқынын сездірді. Тарихта бар да, жоқ та болуымыз мүмкін еді. Көптеген бастамалардың аяқсыз қалып, жоспарлардың сәтсіз аяқталуы да болды. Саяси сананың таяздығынан өз қайраткерлерімізді өзімізге жау санап, олардың көзін құртуға айналдық. Сол жылдардағы тарихтың сабағы болса керек, біз «татулық» деген сөздің бағасын түсіндік. Қоғамдық келісімнің тағы бір кілті-қазақ тілінде. Н.Назарбаев ІІ Азаматтық форумда: «Егер Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен бүкіл көпұлтты Қазақстан мемлекеттік тілге бет бұрса, біз бұдан бір-бірімізге жақын бола түсіп, бір-бірімізді жақсы түсінетін боламыз... Мен, сірә, екі тілде бірдей сөйлеуге тура келетін сирек Президенттердің бірі шығармын. Ал мен тек мемлекеттік тілде ғана сөйлейтін және бәрі мені түсінетін күнді армандаймын» деп тебірене айтқан болатын. Мемлекеттік тіл өз мәртебесін алып, еліміздегі өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілде әнұранын шырқап тұр. Жай ғана мысал, Қызылорда облысы аймағында өмір сүріп жатқан қазақ тілді халықтың үлесі 99,9 пайызға жетті. Ұлттар мен ұлыстардың бірлігінің арқасында болашаққа жасалған жоспарымыз кезең кезеңмен жүзеге асырылуда. Байқап қарасақ тәуелсіздік алған жылдары елдегі саясат халықтың экономикалық жағдайын тұрақтандыруға арналған болса, қазіргі бетбұрыс мүлде басқа. Қазір біз дамудың даңғыл жолына түсіп, бағытымызды айқындап алдық. Санаға рухани серпіліс жасап, ұлттық кодты сақтауға бел шешіп кірістік. Біздің елімізде өмір сүріп жатқан этностар да бұл жаңалықты жатырқамай қабылдап, елге жаңа серпін беру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Келешегіміз -кемел, болашағымыз -бағдарлы. Саналы ұрпақ қалай болғанда да жер бетінде адамша өмір жолын қалыптастыруға талпыну үстінде. Біз қайсар халықтың ұрпағымыз, сондықтан да төзімді болуды үйрендік. Біз от ауыз шешендердің тағлымынан сусындаған перзентпіз, сәйкесінше ынтымақта болуды өмірлік ұстанымға айналдырдық. Қасынан досы көп, ынтымағы жарасқан іргелі елдің жасампаз ұрпағы қашан да биіктікті аңсайды. Ал биіктік-рух мықтылығының көрінісі. Қорыта келгенде, Қазақстан -армандар мен мақсаттардың орындалар мекеніне айналды. Жүрегі мен тілегі бір арнаға тоғысқан халықтың ендігі құндылығы – бірлігінде болмақ. Қазақта: «Тонның ішкі бауындай» деген жақсы теңеудің астары осыны меңзесе керек. Көк аспанда еркін самғаған қыран, көкте желбіреген көк ту, бойтұмарымызға айналған елтаңбамыз, жүрек түкпірінде сақталған әнұранымыз-тұтастықтың символы. Олай болса ендігі мақсат - бірлігіміз жарасқан Мәңгілік ел болу!


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Қоғам және дәуір.(ғылыми сараптамалық журнал) 2015 жыл, №1.

  2. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия. Ә. Нысанбаев – Алматы 1998 жыл.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!