Материалдар / Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы

Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2021
1062
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Қоғамдық-саяси ойдың бастауы және дамуы. 1-сабақ

Қазақстан тарихы

Мерзімі:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:11«А»

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Оқу мақсаты:11.3.1.1ежелгі және ортағасырлық Қазақстанның тарихи тұлғаларының қоғамдық-саяси идеяларын анықтау.

Сабақ мақсаттары

ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларды анықтау.

Бағалау критерийлері


Түсіну.ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына үлес қосқан тарихи тұлғаларды анықтайды


Қолдану.ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына үлес қосқан тұлғаларды суреттен көрсете алады.


Бағалау.ежелгі және ортағасырлық Қазақстандағы қоғамдық-саяси ойлардың дамуына үлес қосқан тұлғалардын рөліне баға береді

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология:диадема,андронов,

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:Полиэн,Ктесий,

Помпей Трог,Птоломей,Страбонның,Геродот.

Құндылықтарды дарыту

Уақыт пен кеңістікте көшпелілер империясының пайда болу себептерін,ішкі және сыртқы саясатының даму ерекшеліктерін, тарихи тұлғалардың мемлекетті құрушы ретіндегі орны мен рөлін түсінеді,білім алады.

Пәнаралық байланыстар

Дүниежүзі тарихы,география

АКТ-ны қолдану

Деректі фильмдер,әртүрлі интернет ресурстары

Бастапқы білім

2-тоқсан материалдарына шолу жасау

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу.Сыныпты түгелдеу


Сабақтың басы




«Миға шабуыл» әдісі

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

1. Қазақстан тарихында VІ-ХІІ ғасырларды қандай кезең деп атаймыз?

2. Осы кезеңде қазақ жерінде қандай мемлекеттер өмір сүрді?

3. Не себептен оларды түркі қағанаты немесе түркі елі деп атаймыз?

4. Түркі қағанаттарын кімдер басқарды?

5. Олар аумақтық жағынан қалай бөлінді?


Жаңа тақырыпқа көшу:

Қазақ жеріндегі саяси ойлардың қалыптасуы өте ерте кезеңдерден басталады.Қазақстан территориясын мекендеген тайпалардың саяси білімінің үш түрі:мифологиялық,діни және практикалық қатар дамыды.Мысалы,саяси білімнің мифологиялық кезеңіндегі андроновшылар «о дүниелік өмір» жер бетіндегі тіршіліктің жалғасы десе, сақтардың билік жөніндегі ұғым патшалардың бас киімінен табылған.Бұлар – күн,қанатты пырақтар және 4 алтын жебенің суреті.Бұл Құдайдың әлемге билік жүргізуінің ерекше белгісі саналады. Үйсіндер «Қарғалы диадемасында» бейнеленген қоғамдық ой-пікір бойынша: әлемді басқарушы құдайлар, құдайлардан кейінгі адамға жан беруші әйел, құдайлар мен адамдардың арасындағы байланыс күші жануарлар, ал барлық тірі жандарға өмір нәрі болатын өсімдік, жасыл табиғат деп түсінген. Бұл тайпалардың көшпелі өмірімен , бытыраңқылығымен тайпалардың діни түсініктері әртүрлі болды. Барлық тайпаға ортақ діннің қалыптаспауы себебінен андроновшылар, сақтар, үйсіндер табиғаттың өздеріне жағымды күштеріне табынуды күшейтті. Сондықтан Ежелгі Грекиядағы сияқты «этикалық парыздарды» насихаттайтын мифологиялық аңыздар туындамай, тайпалардың әлеуметтік тәртібі, саяси ойы өткен ұрпақтардың салт-дәстүр тәжірибесіне, күнделікті өмір практикасына негізделді. Саяси ілімдер негіздерінің пайда болуын шамамен қола дәуірінің соңы, ерте темір дәуірінің басы деуге толық негіз бар. Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттік құрылымды б. з. б. VІІІ – ІІІ ғасырларда сақ тайпалық одақтары қалыптастырды. Сактар туралы мәлімет антикалық авторлардың – Полиэн, Ктесий, Помпей Трог, Птоломей, Страбонның, Геродоттың «Тарих» атты еңбегінде кездеседі.

Алғашқы сақ қоғамын әскери-демократиялық жүйе деп айтамыз. Әскери-демократиялық қоғамда басқару тайпа көсемдері, қолбасшылардың, батырлардың қолында болды. Есік обасынан табылған тостағандағы жазу сақтардың әліпбиі болғанын дәлелдейді.

Үйсіндерде таптық қоғамға тән қатынастар тез қалыптасты. Әлеуметтік теңсіздіктің пайда болуы малға ғана емес, жерге жеке меншік орнатты. Бұл мемлекеттің қалыптасуының алғашқы белгілері еді. Сақ, үйсін, ғұндар, қаңлы кезеңдерінде қалыптасқан қоғамдық-саяси ойлар Түрік қағанаттарының орнауына негіз болды. VІ ғасырдан Түркі кезеңі басталады. Ұлы далада 552 жылы Түрік қағанаты құрылды. Түрік қағанаты ыдырап, Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағанаттары, Оғыз, Қарахан мемлекеттері, Қыпшақ хандығы дәуірледі. Моңғол шапқыншылығынан соң Қазақстан аумағында негізін Шыңғыс ханның ұрпақтары қалаған Алтын Орда, ыдырағаннан кейін Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандықтары өмір сүрді. Аталған мемлекеттер негізінде қазақ халқы қалыптасып, Қазақ хандығы құрылды.

Мемлекеттік идеологияны әйгілі билеушілер, ойшылдар, қоғам қайраткерлері қалыптастырады. Сол кездегі Қазақ жеріндегі саяси ғылымға мол мұра қалдырғандар: Анахарсис, Мөде, Күлтегін, Қорқыт Ата болды.

Тарихта «Скиф Анахарсис» деген атпен белгілі сақ ғұламасы қоғамдық құрылыс мәселесімен айналысып, әділ өмір үшін жақсы заңдардың болуы жеткіліксіз, заңды әділ қорғаушылар керек деген. Ғұндардың атақты билеушісі Мөде б. з. б. 209 жылы билікке келіп, ел басқару жүйесінде бірқатар реформа жүргізіп, ғұн мемлекетін бір орталыққа біріктірді. Қытай деректерінде бойынша, Мөде 300 мыңдық тұрақты әскер құрған. Ғұн әскерінің ұйымдастырылуы ондық жүйеге негізделді. Мөде мемлекет пен халықтың құнды байлығы, ең алдымен, оның жері екенін жұртына терең ұқтырып: «Жер – ол мемлекеттің негізі. Оны қалай береміз?» – деп атқа қонып, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап, ұрпаққа аманаттаған.

Түркі жұртының ұрпағы, атақты мемлекет басшыларының бірі – Күлтегін. «Күлтегін» ескерткішінде «ашты тойдырған, жалаңашты киіндірген, азды көп қылған, кедейді бай еткен, тату елге жақсылық жасаған» деп жазылған сөздер ел басқарушылардың мойындау түсінігінің қалыптасқанын айқындайды. Ал ортағасырлық ұлы ойшыл, жырау, қобызшы, түркі дүниетанымының негізін қалаған ғұлама Қорқыт ата ел бірлігін нығайтушы ретінде халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты іздеп, ұрпағына өлмес күйлерін қалдырды.

Оқулық,слайд,бор,ноутбук


Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс

«Фишбоун әдісі» (постерде)

Антикалық және түркі ойшылдарының қоғамдық-саяси көзқарастарын анықтайды,салыстырады:


Білім алушыларға постерге балықтың қаңқасы бар сурет беріледі:

1. басына тақырыпты:

2. денесінің жоғарғы қанаттарына себептері:

3. денесінің төменгі қанаттарына салыстырмалы талдаулар жасайды

4.Қорытынды ой жазылады.



Сабақтың соңы




Оқу тапсырмасын беру.

Жеке жұмыс:

Қожа Ахмет Ясауи

Даналық кітабы 11-бет.

Ғұлама ойшыл қоғамды қандай жаман қылықтардан сақтандырады?

Оқулықтың 10-бетіндегі сұрақтарға өз пікірін жазу.


Рефлексия





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ