Материалдар / Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары. 4-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары. 4-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары. 4-сыныпқа арналған. Шылауларды меңгеру үшін, өте қызықты тапсырмалар берілген.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қазан 2021
776
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қой (ғой ), қана (ғана), -ақ,-ау шылаулары.
Сабақтың мақсаты: 1) Қой, ғой, қана, ғана, -ақ,-ау шылаулары өздері қатысты болып келген, сөздерге шектеу, нақтылау, өтіну мағыналарын үстейтіндігі туралы түсінік беру. Шылау туралы алған білімдерін қорытындылау.
2) Білім деңгейлерін нығайту, жетілдіру. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.
Логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
3) Сауатты, көркем жазуға, ізденімпаздыққа, мақсатқа жете білуге, көпшіл, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнектілігі: Интерактивті тақта, тест.

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
а)Психологиялық дайындық:

Біз білімді баламыз

Күнде бестік аламыз

Жалқаулықты тастаймыз

Жаңа сабақты бастаймыз

2. Үй тапсырмасын тексеру.

3. Балалар, бүгінгі сабағымызда біз «Шылау» ауылына саяхат жасаймыз. Саяхатқа автобуспен барамыз.
(Автобустағы балалар ).
(Карта. Сөз таптары елі).
4. Өткенді пысықтау.
1. Мына картадағы сөз таптары елі онда, бірнеше ауылдар бар оны біз білеміз. Біз білмейтін «Одағай» ауылы туралы келесі сабақтарда танысамыз.
Бүгін ерекше тоқталатынымыз «Шылау» ауылы.
- Ендеше, балалар «Шылау» ауылы туралы не білеміз.
- Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейміз.
- Шылаулар: мен, бен, пен, ж/е, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе, 
Дейін, шейін, қана, ғана, қой, ғой, -ақ, үшін, туралы.
5. Жақсы, шылау ауылы туралы білетін болдық.
(Ауылдың суреті).
- Сөз бен сөзді байланыстыратын көше туралы не айтамыз.
- Мен, бен, пен, ж/е шылаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
- Сөзге күшейту, анықтау мағыналарын үстейтін көшесі туралы ше?
- Да, де, та, те шылаулары өзі тіркескен сөздеріне күшейту анықтау мағыналарын үстейді.
- Сөздерге сұраулық мағына үстейтін көше туралы кім айтады?
- Ма, ме, ба, бе, па, пе шылаулары өздері қатысты сөздерге сұраулық мағына үстейді. Қайталаған ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының арасына үтір, соңғысынан кейін сұрақ белгісі қойылады.
- Сөзге үстеме мағына беретін ж/е сөздің септік жалғауда тұруын қажет ететін көше туралы не білеміз ?- Үшін, туралы, дейін, шейін шылаулары өзі қатысты сөзге үстеме мағына береді. Бұл шылаулар өздері қатысты сөздің септік жалғауда тұруын қажет етеді.
Шығармашылық тапсырма

Оқушылар жануарлар ... көптеген мәлімет жинады. Ертеде билер халық ... әділ заңдар жасаған. Есіктен төрге ... ойыншықтар мен киімдер шашылып жатыр. Егіншілер таңертеңнен кешке... егіс басында жұмыс істейді.

- Көп нүктенің орнына тиісті шылауды қойып,сөйлемдерді жаз.

-Шылаулар қай септіктегі сөздермен тіркесіп тұрғанын анықта.

6. Жаңа сабақ.
Тақтаға төмендегі үлгідегідей мысал жазылады.

1. Гүлнар, әжеңе жүн түтуге көмектесе ... . 2. Серуенге Аслан ... денсаулығына байланысты бара алмай қалды. 3. Күнім-далада көп жүрдің ... . 4. Өрістен қызыл сиыр келмеді ... .

Оқушылар мынадай тапсырмалар орындайды:

Көп нүктенің орнына шылауларды қойып, сөйлемдерді оқиды.

-Қой, ғой шылаулары өзі тіркескен сөзбен бірге сөйлемде баяндауыштың қызметін атқарады.

-ақ,-ау шылаулары өзі тіркескен сөзден дефис арқылы бөлініп жазылады.

Енді 1-жаттығуды орындап, шылауларды тауып, өзге шылаудан айырмашылығын айтамыз (оқулықпен жұмыс жасаймыз 89 бет)
(Сергіту сәті)

Біз гүлдерше өсеміз

Жапырағы жайқаған

Сабақтары салалы

Әрі – бері ырғалған.



Балалар, ауыл деген қандай керемет, айнала жасыл желек, шөптер, қырдың қызғалдақтары да жайқалып өсіп кетіпті.
Ендеше осы гүлдерден теріп алып жақындарымызға, достарымызға сыйлайық.
Бұл қызғалдақтары теру үшін 2-жаттығуды орындау керек. Төменде берілген шылауларды қатыстырып сөйлем құрастыру

Бұлақтың суреті.
-«Бұлақ көрсең көзін аш» деген нақыл сөз бар, балалар. Ауыл шетінде бұлақ бар екен бірақ, оның көзі жабылып қалыпты.
Біз 3-жаттығуды жаттап, орындаймыз. Шылаудың өзі тіркескен сөзге қандай мағына үстеп тұрғанын айту.

ІV. Қорытынды.
- Тест тапсырмаларын орындау.
- Шылауларға диаграмма құрады. (оқушылар)
- Бағалау. Рефлексия.
смайликтар таратылады.
V. Үйге тапсырма: 1. Ереже 165-бет, 4- жаттығу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!