Материалдар / Қожа бейнесі ашық сабақ 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қожа бейнесі ашық сабақ 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
469
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

 

Султангали Бейсебаев ОҚО Сайрам ауданы.63 Қ.Сәтбаев атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Қожа бейнесі

Мақсаты:

а) білімділік: повесть бойынша оқушылардың білімін тиянақтау, Қожа бейнесіне талдау жасап, өз ойын жүйелі жеткізе алуға үйрету.

ә) дамытушылық: өзіндік ой қорыта білу, шығармашылықпен жұмыстану қабілетін жетілдіру, ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, сабаққа қызығушылығын ояту .

б) тәрбиелік: жақсы мен жаманды ажырата білуге дағдыландыру, кейіпкерлер бойындағы жақсы қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың түрі: жинақтау

Әдіс-тәсілдері: пікірталас, СТО технологиялары

Көрнекілігі: флипчарт, АКТ, электрондық оқулық, ACTIVote .

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру

  1. Амандасу, түұгелдеу, оқушылар назарын сабаққа аудару

  2. Психологиялық дайындық.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау

«Менің атым...» тақырыбында ой толғау.

  • Сендерге қандай есімдер ұнайды?

  • Повесть қалай басталатын еді? Қожа өз атына риза ма?

  • Сендер өз аттарыңа ризасыңдар ма?

Балаға ат қою дәстүрі

Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына , әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың бірі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбінесе молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған. Балаға көз тиюден немес жын-шайтаннан сақтасын деген наныммен Итбай, Күшікбай, жаманбай деп атаған. Адамның аты кейде тілек-мақсатқа орайлас болып келеді.

Дәулетті болсын деп: Байбол, Дәулет, т.б

Күшті де батыл болсын деп: Арыстан, Батырбек, Алпамыс, т.б

Сұлу да көрікті болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Аруан, Әйгерім, т.б

  • Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке-шешең немесе шілдеханаға келіп , дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген (1-тарау).

  • Қандай дәстүр туралы айтылған?

  • Шілдехана –жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.

  • Қазір бұл дәстүр сақталған ба?

  • «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», -дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)

Жаңа сабақ

I Қызығушылықты ояту сатысы.


«Ой қозғау» стратегиясы .

Жауап: Қожаға


«Түртіп алу» стратегиясы


V – “білемін”

- “мен үшін түсініксіз”

+ - “мен үшін жаңа ақпарат”

? – “мені таң қалдырады”






II Мағынаны тану сатысы


  1. «Менің атым –Қожа» фильмінен үзінді көрсетіледі.

І топ – Жақтаушы топ. Қожаның ісі дұрыс деп, ойын дәлелдейді

ІІ топ – Даттаушы топ. Қожаның ісі дұрыс емес деп теріс шығарады да, дәлелдейді.


Пікірталас (екі топ өз тұжырымдарын дәлелдейді)


І топ – Жақсы бала жеткізеді мұратқа

ІІ топ – Тентек бүлдіреді, ата-анасын күйдіреді.


Топтастыру




DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

DrawObject6 DrawObject5

DrawObject7

DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8








Концептуалдық кесте (кейіпкерлерге баға беру)


кейіпкерлер

Өмірге қызығушылығы

Адамгершілік қасиеті

Кейіпкерлерге баға

1

Қожа




2

Жантас




3

Жанар




4

Майқанова













Оқулықпен жұмыс. Сұрақтарға жауаптарды мәтіннен тауып оқы.

ҚDrawObject15 ожаның сұрақтары

DrawObject16









DrawObject17 DrawObject18









Сергіту сәті


«Иесіне қайтар» ойыны



DrawObject19


DrawObject20

DrawObject21



Лагерьге жолдама

DrawObject22








қазақ

DrawObject23 тілі








Бес жолды өлең


  1. Қожа 1.Қожа

  2. 2.

  3. 3.

  4. 4.

  5. 5.


Ой толғаныс сатысы

Тест тапсырмасы (ACTIVote пайдалану)

  1. «Менің атым Қожа» повесінің алғашқы аты?

А) «Қожаберген» В) «Өзім туралы повесть» С) «Менің де атым Қожа» Д) «Балалық шаққа саяхат»

  1. Қожаның шын аты кім?

А) Қожабай В)Қожаберген С)Қожатай Д) Қожаберді

  1. Жанардың фамилиясы?

А) Балабекова В) Майқанова С) Қадырова Д) Трсынбаева

  1. «Түбінде адам болатын бала» деген кімнің сөзі?

А) Сұлтан В) Анасы С) Ахметов Д) Майқанова

  1. «Ағаттықтың азабы» бөлімінде не туралы айтылады?

А) Орыс тілі сабағына дайындалмай келуі

В) Тәртібінің педкеңесте қаралуы

С) Мұғалімнің сөмкесіне бақа салуы

Д)Лагерьге жолдама үшін мұғалімге ренжуі


Венн диаграммасы


Жақсы Жаман










«Түртіп алу» стратегиясы

V – “білемін”

- “мен үшін түсініксіз”

+ - “мен үшін жаңа ақпарат”

? – “мені таң қалдырады”





Бағалау

Үй тапсырмасы

1. Элетрондық оқулықтан «Балалықтан даналыққа» тақырыбнда видеоролик тыңдату

2. «Балалықтан даналыққа» тақырыбында эссе жазу


Сабақ соңында қол жеткізілетін нәтиже

  1. Оқушы ой қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі

  2. Өз өміріне , қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді.

  3. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.

  4. Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.

  5. Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді. Өз пікірін қорғай, дәлелдей алады

  6. Әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

  7. Жан дүниесін тәрбиелейді.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!