Материалдар / Қожа есер емес есті тентек
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қожа есер емес есті тентек

Материал туралы қысқаша түсінік
Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын балаларға оқыту арқылы жақсы қасиеттерге баулу мен тәрбиелеуге жетелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2021
715
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа» туралы «Шығарманы жазардағы ең басты мақсатым: жақсылыққа тәрбиелеу. Қожа – есер емес, есті тентек. Бір көрген адамға «жаман бала», «қиын бала» болып, кейін мүлде өзгеріп, жақсылардың қатарына қосылып кететін балалар аз емес қой...» деген екен.
Өмірде сендер де адаспай өз жолдарыңды таба білулеріңе тілектеспін!

  1. ожаның қателіктерге ұрына беруінің себебі не, қалай ойлайсыңдар? (Қожа тентек бала, ол өзін қаншалықты түзелемін деп жолға қойғанымен, түзеле алмайды. Бұл оның әлсіздігін көрсетеді. Өзі сияқты Сұлтанға еріп біреудің бөркін, біреудің тымағын, қымызын  алдап ішулері тентектік емеспе? Өзі жақсы болса қожаны ешкім келемеж етпес еді. Алған тәрбиесіне байланысты қателіктерді әдейі жасайды)

Тағы қандай себебі болуы мүмкін? (Жоқ, бұл пікірге келісе алмаймын. Қожа тентек болса да, ақылды тентек. Оның қателіктерге ұрына беруінің себебі бос не істерін білмей жүрген тентек Сұлтанға еруі. Ол барлық тентектіктерін абайсызда істейді. Кейін өкініп, қателіктерін түсініп, өзіне-өзі баға береді. Неге олай істедім деп өкінеді. Мысалы: жолдама ала алмай қалғанда Майқанова апайға тарсылдатып кіріп барғаным жөнсіз болды-ау деп ойлайды. Бұл оның өз ісіне есеп бере алатын бала екендігін көрсетеді).

  1. Жантас қандай бала? (Жантас пәлеқор, мақтаншақ өзімшіл бала. Қожаны сыныбында оқудан шығарылсын деген жалғыз сол ғана. Педкеңес, сынып оқушылары, яғни Қожаның жолдастары шешсін деп ұйғарады. Темір бастаған сынып оқушылары Қожаға сенім артып, осы мектепте қалдырылсын деп шешті. Әрине, бұл дұрыс шешім. Тек жалғыз Жантас қана мектептен шығарылсын деді. Бұл оның өзімшіл, басқаға жаны ашымайтын, қиын кезде жолдасына көмек қолын соза алмайтын, қызғаншақ, жаман бала екенін көрсетеді.

  1. Қожа Майқанованы не үшін жек көрді?

Жақсы көретін мұғалімі кім?

Қожа мен Майқанованың ерегесі, Қожаның өтірік айтып, кезексіз кітап алып шығуынан басталады. Қыркүйекте сабақ басталғанда Майқанова Қожаға «біз екеуміз таныс сияқтымыз» деп айтқанын, кекеткені деп түсінеді. Кейін, педкеңестен шыққан Майқанова мен Ахметовтың өзі туралы пікірін естігенде, өзінің қате пікірде екенін түсінеді.

Қожа орыс тілінен сабақ беретін Анфиса Михайловнаны жақсы көреді. Бірде сабаққа кешігіп мұғаліммен бірге кіреді. Балалар орындарынан тұрып құрмет көрсетіп жатты. «Бір секундқа кідіріп, мұрнымды көкке шүйіріп, маңғаздана қалдым да, қолымды кеудеме қойып, тәжім еттім. Бұным балалардың құрметіне сыпайыгершілікпен қайтарылған жауап болды да шықты. Балалар ду күліп жіберді. Анфиса Михайлавананың қас-қабағын аңдамаққа, артыма жалт бұрылып қарап едім. Оның күлімсіреген жүзін көрдім. «Әй, Қадыров, шығармайтының жоқ-ау», - дегендей Анфиса Михайловна жымиып, басын шайқап қойды». Осы жолдардан мұғалімнің де Қожаны жақсы көретінін түсінеміз.

Қожа орыс тілінен ылғи «бестік» баға алатын.

  1. Қожа кімнің тәрбиесінде болды?

Ол мамасын Қаратайдан неге қызғанады?

Қожа жастайынан әкесінен жетім қалғасын, әжесінің тәрбиесінде болды. Ол әжесін өте жақсы көрді. Әжесіне үнемі еркелейтін.

Қожа мамасын Қаратайдан қызғанатын. Қаратай әкесінің орнын басады деп балалық сезіммен ойлады. Оның көк мотоциклін теуіп-теуіп өтіп, бар ашу-ызасын солай алатын. Қаратайды жек көрді. Оны көргенде «Үлкендерге сәлем бер, сәлем бермеу – көргенсіздіктің белгісі» деген сөзі есіне түсіп, амалсыздан сәлем беретін.

  1. Сол кездегі мектеп өмірі мен қазіргі мектеп өмірінің айырмашылығы бар ма?

Адам өміріндегі ең қызықты, ең есте қаларлық шақ – мектеп өмірі. Себебі мектептегі барлық жағдайлардың бәрі есте қалады. Оны ешкім де ұмытпайды.

Қожа кезіндегі мектеп өмірі мен қазіргі кездегі мектеп өмірінің айырмашылығына тоқталып кететін болсам, айырмашылық өте көп. Қожа өте қиыншылық кезде өмір сүрді.

Ал қазіргі мектептің өмірі мүлдем басқаша. Қожа кезіндегідей кітапты кезекке тұрып сатыр алмайсың. Оқимын деген балаға еш кедергі жоқ. Оқулықтар тегін үлестіріледі. Техникалық дамуға байланысты компьютер, телевизорлар шықты. Қазір үлкен оқу орындары, компьютерлік залдар, кітапханалар ашылды. Алайда осылардың ішінде әдеби кітаптардың алар орны ерекше. Кітаптың бізге берер рухани байлығы көп деп ойлаймын. Ол бізді сауаттылыққа, тәрбиелілікке, тіл байлығымызды дамытуға, ойлау жүйеміздің жетілуіне көп көмек береді. Сол сияқты біздің кітапханамызда әдеби кітаптар, газет, журналдар өте көп. Мен өзімнің достарымды кітап оқуға шақырамын.

  1. Қазіргі таңда әр сыныпта Қожа, Сұлтан сияқты балалар бар деп ойлайсыңдар ма?

Мен қазіргі кезде Сұлтан және Қожа секілді оқушылар бар деп ойлаймын. Себебі «бес саусақ бірдей емес» дегендей, бәр бала бірдей болмайды. Бірі тәртіпті, бірі тәртіпсіз, бірі сабақты жақсы оқиды, бірі нашар оқиды дегендей.

Мен өзім Ақжайық ауданы Тінәлі ауылында оқыған кезімде Еламан есімді бала болды. Ол қандай тентек болса да Қожа сияқты ақылды тентек болды. Сабағын да жақсы оқитын. Ал тентектіктері Қожа мен Сұлтанға ұқсайтын. Ал Бекмағамбет деген бала Сұлтанға ұқсайтын. Бірақ қазір естимін ол балалар түзеліп, жақсы балалар қатарына қосылыпты.

  1. Қожа болашақта жақсы азамат болады деп есептейсіңдер ме?

Мен Қожаны жаңалыққа жаны құмар, көпшіл, әзіл-оспаққа батыл. Бірбеткей, біреудің алдыеда беделін қорғап бүгежектемейді. Анасында көңілі бар Қаратайды жек көреді. Сұлтанның жақсы жолдас емес екенін түсінеді. Ол анасын сыйлайды. Педкеңеске анасын шақырғанда, «Байғұс мамам» деп өз ісіне қатты күйзеледі. «Әкем тірі болса, мен бұдан гөрі басқарақ болар едім», - деп қиялға беріледі, әжесіне еркелейді. Әкесінің көзін көрген Сейтбек карттың әңгімесі де Қожаға ой салады. Ол ісіне есеп бере біледі. Ол өзіне-өзі жиналыс жасап, түзелуге уәде береді. Сондықтан мен ойлаймын, Қожа болашақта жақсы азамат болады.

  1. Мүнира апай осы көп жылдық ұстаз еткен жылдарыңызға кездейсоқ шешімін таба алмай қиналған сәттеріңіз юолды ма? Бала жүрегіне жол табу үшін қандай әрекеттерге бардыңыз?

Тәжірбиелі ұстаз Мүнира Тақайқызы: Менің көп жылдық ұстаздық еңбекжолымда Қожа секілді балалар кездесті. Бір оқу жылында сыныбыма «қиын оқушы» деген мінездеме жазылған Мұхтар есімді оқушы келді. Отбасы жағдайының кикілжіңі бала жүрегіне жара салған. Міне, маған осы оқушымен көп жұмыс жасауға тура келді. Бала анасымен тіл табыса алмайды екен. Жалпы ер балалар әкеге жақын болады ғой. Мен балаға жанұядағы ана рөлінің де маңызын көрсету үшін де жұмыс істедім. Осы бағытта, ата-ана және балаларының қатысуымен «Шаңырақ сыны» атты сайыс өткіздік. Бала жүрегіне ой салды ғой деп ойлаймын. Анасымен және баламен жиі әңгімелестім. Кейіннен осы оқушым жақсы жағына бағытталды, қазір үйлі-баранды, еңбек етеді.

 Оқушылар, біз қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі Б. Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаятын оқып шықтық. Автордың бұл шығармасы тіл қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Өздерің ойлаңдаршы, бұл хикаятты қанша оқысақ та, теледидардан көрсек те еш жалықпаймыз. Осы жерде қояр сұрағым бар. Көркем әдебиет пен киноның айырмашылығы бар ма? Болса, қандай?
Енді, балалар әлеміне осындай қымбат сыйлық «Менің атым Қожа» хикаятын тарту еткен Бердібек Соқпақбаевтың өмірін, шығармашылығын еске түсірейікші.
1. Жазушы қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
2. Қандай шығармаларын білесіңдер?
(Оқушылар сұрақтарға жауап береді)
- Жарайды, балалар! Енді хикаятты қаншалықты меңгердіңдер, кейіпкерлер қандай әсер қалдырды, қандай ой түйдіңдер, осының барлығы бүгінгі сабақ барысында білініп, бағаланбақ. Үйге тапсырма «Менің атым...» деген тақырыпта ой - толғау болатын. Қане, кім сабаққа дайындықпен келді?
- Қалай ойлайсыңдар, үй тапсырмасы неліктен «Менің атым...» деп аталады?
- Сендерге қандай есімдер ұнайды?
- Повесть қалай басталатын еді?
- Қожа өз атына риза ма?
- Осы тарауда қандай ұлттық салт - дәстүр туралы айтылған?
Оқушы: Балаға ат қою дәстүрі
Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Кейде «Қырықтың білі Қыдыр» деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызатын сәттер болады. Көбіне молданы әкеп азан шақыртып, баланың атын қойғызған.
- Бірақ, амал нешік, сен қызылшақа боп жөргекте жатқанда, сондағы ақымақтығыңды пайдаланып, әке - шешең немес шілдеханаға келіп, дуылдап отырған басқа біреу солай атап жіберген. Қандай дәстүр сақталған ба?
Оқушы:
Шілдехана – жаңа туған нәрестенің құрметіне дастархан жайылып, домбыра тартылып, ән салып, ұлттық ойындар ойнап, көңіл көтеретін той.
- Қазір бұл дәстүр сақталған ба? (оқушы жауабы)
- «Шілдеханаға келгендер маған пәлендей әйдік ат бермеген», - дейді кейіпкер. Ол кім? (Қожаберген)
Мұғалім: дұрыс, балалар! Өмірге келген кішкентай сәбиге азан шақырып ат қою дәстүрі әлі де жалғаса бермек.
Енді, оқушылар! «Бұл кім?», «Бұл қай сәт?» деген сұрақтар арқылы хикаятқа шолу жасап шығамыз. Қане, дайындалып отырамыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!