Материалдар / Қожанасыр туралы аңыздар.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қожанасыр туралы аңыздар.

Материал туралы қысқаша түсінік
мәтіндерді оқу арқылы кейіпкер табиғатындағы ерекшелікті түсінуге мүмкіндік беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Маусым 2018
773
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Қожанасыр туралы аңыздар.

Сабақтың мақсаты: мәтіндерді оқу арқылы кейіпкер табиғатындағы ерекшелікті түсінуге мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік нәтиже: Қожанасыр бейнесі арқылы әдеби кейіпкердің ерекшелігін ашу. Өмірмен байланыстыра, мысалдармен толықтыруға мүмкіндік беру.

Жүйелі іс-әрекет нәтижесі: әзіл-қалжыңға толы ойды берудегі халық даналығын, тапқырлығын байқауға мүмкіндік беру. Кейіпкерлер әрекетін талдауға жағ- дай туғызу, шығармашылық тапсырмалар арқылы байланыстырып сөйлеу, ойын тиянақты жеткізу мүмкіндігін дамыту.

Тұлғалық нәтиже: оқиғаға сын көзбен қарауға дағдылану. Айналадағы адамдардың әрекетіне баға беруге, өз бетімен жұмыс жасауға, еңбекқорлыққа баулу. Кітап оқуға сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, хрестоматия, плакат, қосымша материалдар, интерактивті тақтаға «Базарда» деген қосымша материалды жазу.

Сабақтың әдіс-тәсілі: «Әңгімелер кестесі» стратегиясы.

Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

Өлеңді мәнеріне келтіріп оқып беру.

Базарда

Қария адам бір күні

Базар ішін кезіпті.

Сатып тұрған кірпіні

Бір адамға кезікті.

  • Не сұрайсың? - деді шал,

  • Апарайын балама.

  • Бір жарым сом бер де, ал,

Тек ақшаңды аяма...

Саудаласты, қысылды,

Сұрап көрді, қиылды.

Ақыры қарт ұсынды

Бір сом елу тиынды.

- Бір сом елу тиынға Сатпан, - деді дауласа.

- Сол да ақша ма, бұйым ба?

Бір жарым сом болмаса.

Сонда мұндай саудаға

Мәз болады кірпі де...

Екі қарт тұр дауласа,

Батты халық күлкіге.

Ә. Дүйсенбиев

  • Балалар, сатушы мен сатып алушы неге дауласты?

  • Базардағы халық неге күлді?

  • Өлеңдегі екі адам өздерің білетін қай кейіпкерге ұқсайды?

  • Мұндай күлдіргі кейіпкерлер қазақ әдебиетінде бар. Мысалы, Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша бала.

Олардың аты бойынша үш топқа бөлініп отыру.

«Алдаркөсе» тобы сынып оқушыларына арнап бір қызық әңгіме дайындап, келістіріп айтып береді. Мультфильмнен көргендерін пайдалануға болады.

«Тазша бала» тобы өздері құрастырған өтірікті айтып береді.

«Қожанасыр» тобы ол туралы хрестоматиядағы мәтінді рөлге бөліп сахналайды.

Жұмыс нәтижесі қорытындыланып, әр топтың ерекшелігі атап өтіледі.

  1. Мағынаны тану.

  • Олай болса, бүгін біз Қожанасыр туралы қызық әңгімелерді оқуды жалғастырамыз.

«Қожанасыр» тобы 1-мәтінді оқып, мазмұнын айтуға дайындалу.

«Алдаркөсе» тобы 2-мәтінді оқып, мазмұнын әңгімелеу.

«Тазша бала» тобы хрестоматиядағы Қожанасыр туралы мәтінді оқып, мазмұнын айту.

Жұмысты қорытындылау.

Ш. Ойтолғау.

а) Дәптерде берілген тапсырмалар бойынша жұмыс.

ә) «Әңгімелер кестесі».


«Вазарда», «Қожанасыр туралы аңыздар»


Кейіпкерлері


Кейіпкерлер өмір сүрген заман


Оқиға орны


Кейіпкерлердің қиналған ортақ мәселесі


Ортақ мәселенің шешімін табуы


Мазмұнындағы сезімдер


Кейіпкерлер қылығы зиянды ма?



Сабақты оқушылар жұмысына қарай қорытындылау. Яғни екі шығарманы неліктен салыстырдың? Халық арасында аңғал да ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ адамдарды халқымыз жақсы көрген. Олардың қылықтары, әдеттері жеңіл күлкі, әзіл тудырған (оқулықтағы түсініктемені қараңыз). Ал «Базарда» кейіпкерлері де өз заманының Қожанасыры сияқты емес пе?! Өмірде «кішкентай Қожанасырлар» да бола беретінін көп оқитын балалар біледі...

Қожанасырға хат жазу арқылы оқушы оған өзінің бағасын береді. Осы тапсырмаларды сынып оқушыларының мүмкіндігіне қарай екшеп алуға да болады. Қандай да бір бөлігі үй тапсырмасына негіз болуы мүмкін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!