Материалдар / Қолданбалы курс жоспарлары "Ұлттық қолөнер"., "Сәндік қолданбалы қнер" 5-6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қолданбалы курс жоспарлары "Ұлттық қолөнер"., "Сәндік қолданбалы қнер" 5-6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық өнеріміздің мұрасы ешбір толастаған емес, атадан балаға мирас болып қалған өнерді қайта жаңғырту, көркемдік жаңа түрлерін дамыту кемелденуіміздің белгісі. Ұлттық өнердің кез келген түрі жас ұрпақты рухани мұраны, Отанды сүюге, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан, қолөнердің қыры мен сырына қанық ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды атадан қалған кісіпті жалғастыру мақсатында 5-сыныпқа арналған «Ұлттық қолөнер» курсының бағдарламасы және 6- сыныпқа арналған "Сәндік қолданбалы өнер " бағдарламалары жас ұстаздарға көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
5243
142 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




«Ұлттық қолөнер»

Технология 5-сынып

Қолданбалы курс жоспары


Түсінік хат

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ұлы мұраттарымызға бағдарланған барлық заңнамалары мен халыққа жолдауларында ұлттық бағытта білім беру, ұлттылығымызды халық тәрбиесі негізінде қалыптастыру жөніндегі мәселелер ерекше аталады.

Халқымыздың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан ұлттық қолөнері бар және ол басқаларға үлгі боларлықтай көрем шығармашылық асыл қасиеттерге бай. XVI ғ. қолөнер туралы Ибн Рузбихан: «Ақыл-парасатқа қатты әсерлі әдемілік, көркемдіктен және шеберліктен бас айналады» деп жазған.

Ұлттық өнеріміздің мұрасы ешбір толастаған емес, атадан балаға мирас болып қалған өнерді қайта жаңғырту, көркемдік жаңа түрлерін дамыту кемелденуіміздің белгісі. Ұлттық өнердің кез келген түрі жас ұрпақты рухани мұраны, Отанды сүюге, өз ұлтына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге көмектеседі. Сондықтан, қолөнердің қыры мен сырына қанық ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу, халықтық педагогиканы негізге ала отырып, оқушыларды атадан қалған кісіпті жалғастыру мақсатында 5-сыныпқа арналған «Ұлттық қолөнер» курсының бағдарламасы келесі мақсат пен міндеттерді көздейді.


Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Оқушылардың қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастыру .

Халық қолөнерін игеру арқылы , халықтың тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге тәрбиелеу.

Бастаған жұмысын тыңғылықты аяқтап шығуға дағдыландыру. Іскерлігін, белсенділігі мен ой еңбегін және эстетикалық мәдениетін дамытудағы міндеті негізінен қолөнер бұйымдарын жасау барысында жүзеге асыру.


Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  1. Халық педагогикасы бойынша оқушыларға халық қолөнерін үйрету.

  2. Оқушылардың еңбек ету іскерлігін мен дағдысын қалыптастыру.

  3. Оқушының шығармашылық көзқарасын қалыптастыру.

  4. Оқушылардың бір-біріне деген дұрыс қарым-қатынасын қалыптастыру

  5. Жұмыс орнын ұйымдастырып, тиімді пайдалану.

  6. Керекті материалдарды ұқыптап, ретімен орналастыра білу.

Курс жүктемесінің көлемі:

5 -сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат


Сабақты өткізудің негізгі формалары:

Дәріс, тәжірибелік жұмыс, аралас сабақ, шығармашылық еркін тапсырмалар.

Курс топтық және жеке өзіндік әдістер арқылы жүргізіледі.
















Бағдарламаның базалық білім мазмұны



  1. Кіріспе- 1 сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық- технологиялық мәлімет. Оқушыларға қолдаңбалы курс мақсатының маңызын түсіндіру. Қазақтың ұлттық қолөнерінің тарихы, дамуы және қолданбалы қолөнер ішінде алатын орны жайында түсік беру.


  1. Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері - 4 сағат.

Қазақтың ұлттық ою-өрнек топтары, символикалық мән мағынасымен таныстыру.Жапсырмалау өнері тұралы түсінік беру. Шығармашылық жұмыс негізіне қазақтың ұлттық бұйымын жасау технологиясын үйрету. Қауіпсіздік ережелері.


  1. Тері өңдеу. Теріден жасалатын бұйымдар - 3 сағат.

Былғары өңдеу туралы түсінік беру, тазалау, бояу, пішу, онымен жұмыс жасалатын құрал-жабдықтармен таныстыру және қолдана білу техникасын үйрету. Шығармашылық жұмыс негізіне әр түрлі тұрмыстық заттар жасау. Қауіпсіздік ережелері.


  1. Су моншақпен жұмыс - 5 сағат.

Моншақ туралы жалпы мағлұмат беру, моншақпен бұйымдар тоқу, маталарға композициялық кестелеу технологиясын көрсете үйрету. Шығармашылық жұмыс негізіне ірі моншақпен бұйым тоқу технологиялық әдістерін үйрету.Қауіпсіздік ережелері.


  1. Кесте. Көрмеп тігу қолөнері - 6 сағат.

Кестелу қолөнері, түрлері жайында мағлумат беру. Кесте түгуге қажетті құрал-жабдықтар. Графикалық сызба бойынша кестелеу, шартты белгі. Шығармашылық жұмыс негізіне композициялық панно кестелеу техникасын үйрету. Қауіпсіздік ережелері.


  1. Тоқыма өнері - 4 сағат.

Тоқу, өру өнері туралы түсінік беру. Көрнекті материалдармен, құрал-жабдықтармен таныстыру. Шығармашылық жұмыс негізіне тоқу әдістерін, дайындау технологиясын үйрету. Қауіпсіздік ережелері.



  1. Жүннен жасалатын заттар - 1 сағат.

Қазақ қолөнерінде төрт түлік малдың өнімін (жүнін) кәдеге жарату. Киіз басудың жаңа технологиясын үйрету. Ши тоқу өнерінің қыр сырын үйрету. Шығармашылық жұмыс негізіне түкті кілем тоқу әдісін үйрену.



  1. Құрақ құрау мозайкасы - 1 сағат.

Әр халықтың құрақ құрау өнері жайында мағлумат беру. «Сегіз жапырақ» құрағын дайндау технологиясын үйрету. Шығармашылық жұмыс негізіне әр елдін құрақ тұындысын жасау технологиясын үйрету.





Бағдарламаның күнтізбелік жоспары


р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Техникалық- технологиялық мәлімет: Таңдау курсының мәні мақсаты. Қазақтың ұлттық қолөнерінің тарихы, дамуы және қолданбалы қолөнер ішінде алатын орны.

1


І. Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері ( 4 сағат)

2

Қазақтың ұлттық ою-өрнек түрлері. Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнек сыр шертеді.

1


3

Жапсырмалау өнері. Оюды ою, қию жапсырмалау технологиясы.

1


4

Шығармашылық жұмыс: Жұмсақ жастық жасау технологиясы.

2


ІІ. Тері өңдеу. Теріден жасалатын бұйымдар ( 3 сағат )

5

Тері өңдеу технологиясы. Былғарыдан жасалған тұрмыстық заттар.

1


6

Шығармашылық жұмыс: Таңдап алынған былғары бұйымды жасау технологиясы

2


ІІІ. Су моншақпен жұмыс ( 5 сағат )

7

Моншақ туралы түсінік. Қолданылуы . Су моншақпен бұйымдар бедерлеу,кестелеу технологиясы

1


8

Шығармашылық жұмыс: Су моншақпен кестелеу технологиясы

2


9

Шығармашылық жұмыс: Ірі моншақпен тоқу, өру технологиясы

2


ІV. Кесте. ( 6 сағат )

10

Кестелеу- қазақтың қолөнерінің негізгі өнері. Кесте өнері және оның түрлері.

1


11

«Біз кесте» орындау технологиясы. Қажетті құрал-жабдықтар шартты белгісі, сызбаны оқу

1


12

Шығармашылық жұмыс: Матаға композициялық кестелеу технологиясы.

2


13

Графикалық тәсілде және түрлі-түсте дайындалған композицияны кестелеу, композициясын дайындау.

2


V. Тоқыма өнері ( 4 сағат )

16

Тоқу, өру өнері туралы түсінік беру, керекті құралдармен танысу. Тоқыманың күрделі түрлерімен таныстыру.

1


17

Өру, тоқу негізгі шалуларды  тоқу технологиясын меңгеру, үйрену, жұмыс жүргізу.

2


18

Шығармашылық жұмыс: Таңдап алынған өру,тоқыма бұйымын дайындау.

1


VІ. Жүннен жасалатын заттар ( 6 сағат )


Қазақ қолөнерінде төрт түлік малдың өнімін (жүнін) кәдеге жарату. Киіз басудың жаңа технологиясы.

1


19

Дымқыл жүннен бұйымдар жасау технологиясы.

1


20

Ши тоқу өнері, тоқылуымен өңделу технологиясы.

2


21

Шығармашылық жұмыс: Түкті кілем тоқу әдісі. Эскиз бойынша тоқу.

2


VІІ. Құрақ құрау мозайкасы ( 5 сағат )

22

Әр халықтың құрақ құрау өнері. Құрақ көрпе, төсеніштер. Жұмысқа қажетті құрал-жабдық

1


23

«Сегіз жапырақ» құрағын дайндау технологиясы.

2


24

Шығармашылық жұмыс: Таңдап алған елдін құрақ тұындысын жасау технологиясы.

2






Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Білім


  • Таңдау курсының мәні мен мақсаты;

  • Техникалық қауіпсіздік, гигиеналық талаптар;

  • Ою-өрнек топтарын, композициялық негіздерін:

  • Әр халықтың тоқыма, өру, құрақ құрау өнері жөнінде мағлуматтар;

  • Мал өнімдерін (тері,жүн) кадеге жарату технологияларын;

  • Су моншақтардан әсем бұйымдар жасау технологияларын;

  • Қажетті шикізат, құрал-жабдық түрлерін;

  • Схемалық нұсқау сызбаларын оқуды;

  • Тоқыма, өру, құрақ құрау әдіс-тәсілдерін:



Іскерлік


  • Әр түрлі заттардың өнделу жолдарын қолдана алуы;

  • Құрал-жабдықтарды пайдалану техникасын меңгеруі;

  • Ою-өрнектердін түс үйлесімдігін таба білуі;

  • Мүсіндеу техникасын қолдана білуі;

  • Өру, тоқу, құрақ құрау техникасын қолдана білуі;

  • Тоқу схемасына қарап жұмыс жасай алуды:





























Пайдаланыланған әдебиеттер тізімі:


    1. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. Алматы 1992ж.

    2. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995ж.

    3. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3.

    4. Нұрғалиев Н. Шаңырақ-үй тұрмыс энциклопедиясы. Алматы 1989ж.

    5. Рондели Л.Д. Народное декоративно-прикладное искусство. Алма-Ата 1984г.

    6. Әмірғазин Қ. Қолданбалы көркем өнер. Алматы «Рауан» 1992ж.

    7. Қазақстан мектебі. Халықтың қолөнер туралы. Алматы 1991ж №7 63-65 беттер.

    8. Ералина А. Халық шеберлері шығармашылығын оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану. Шымкент 1997ж.

    9. Тәжімұратов Шебердің қолы ортақ. Алматы.

    10. Арғынбаев.Х. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбектері.
      Алматы. Өнер 1987 ж.128 бет.

    11. Әбдіғаппарова Ү.М. Қазақтың ұлттық ою өрнектері. (оқу құралы)
      Алматы.Өнер. 1999ж 152 бет. 

    12. Еспенбетов.Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу.
      Қазақстан мектебі № 9; 10 бет. Алматы 1988ж.

    13. Еспенбетов.Б. Ұрпағымыз ұмытпасын. Қазақстан мектебі № 1; 27-28 бет. Алматы 1990ж.

    14. Еспенбетов.Б. Халықтың қол өнері туралы.Қазақстан мектебі № 7 63-65 бет. Алматы 1991 ж.

    15. Народное декоративно-прикладное искусство казахов.Под.ред. Н.Б.Нурмухамедова. Аврора 1970 г. 207 стр.

    16. Казыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа. Алматы; Қазақстан 1973 г. 223 стр.

17.«Мектептегі технология» журналдары















«Сәндік қолданбалы өнер»

Технология 6-сынып

Қолданбалы курс жоспары

Түсінік хат


«Мәдени мұра» бағдарламасы аясында халықтың мәдени құндылықтары мен дәстүрін дамыту және «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» делінген. Өркениеттi қоғам мен тәуелсiз мемлекеттiң  гүлдене түсуi өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттiлiгiн, еркiн ойлау мен шығармашылығын, кәсiби бiлiктiлiгi мен  бiлiмдiлiгiн талап етедi.

Ата-бабамыздың бай мәдени мұрасының тарихын білмей, жаңа өмiрдiң  талабына лайықты жауап беретiн туынды жасау мүмкiн емес. Халықтық ұғыммен айтар болсақ, инновация - жаңалық, жаңа зат, жаңа құбылыс, жаңа өнер, жаңа жүйе, жаңа өндіргіш күш, жаңа өндірістік қатынас, жаңа техника деген анықтамаға сәйкес келеді. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан менталитетіндегі ерекшелік - жаңалыққа жатсынбайтын асыл қасиетін жоғалтпай, ұрпақтан ұрпаққа дарытқан танымдық тағылымы уақыт озған сайын жаңа өмiрдiң жаңа талабына сай жаңаша жырлануы керек. Сол себепті 6-сыныпқа арналған «Сәндік қолданбалы өнер» таңдау курсының бағдарламасы бабаларымыздың өнерін терең зерттеп, қоғам дамуындағы жаңа мазмұнымен үлгі нұсқаларын жасап, қазіргі заман талабына сай қолданысқа еңгізу мәселелері қарастырылды.


Бағдарламаның негізгі мақсаты:

Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыра отырып, қоғам дамуындағы жаңа мазмұнда үлгі нұсқаларын жасауға бағыттап, оқушылардың халық өнеріне деген сүйіспеншілігін, эстетикалық талғамын арттыру, ізденімпаздықпен шығармашылығын дамыту.

Бағдарламаның негізгі міндеттері:

  • Өнерге деген сүйіспеншілік, еңбек етуге қабілеттілік пен шеберлік, қоғам пайдасына шын ниетпен, шығармашылықпен жұмыс істеу тілегі, қоғамдық пайдалы, өнімді еңбек етуге даярлау:

  • Еңбек мәдениеті мен оны ғылыми ұйымдастыру негіздеріне үйрету, қауіпсіздік ережелерін білу, сақтау дағдыларын жетілдіру:

  • Оқушыларды оқуға саналы қарауға тәрбиелеу, танымдылық,, белсенділік пен ой еңбегі және эстетикалық мәденитін дамыту:

  • Көрнекі құрал ретінде пайдаланатын өздері жасаған бұйымдарға, көрме экспонаттары мен мектеп мүлкіне аялы көзқарасқа тәрбиелеу.


Курс жүктемесінің көлемі:

6 -сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат


Сабақты өткізудің негізгі формалары:

Дәріс, тәжірибелік жұмыс, аралас сабақ, шығармашылық еркін тапсырмалар.

Курс топтық және жеке өзіндік әдістер арқылы жүргізіледі.


Нәтижені бағалайтын құралдары: Көрме, жоба, бүктеме




Бағдарламаның базалық білім мазмұны



  1. Кіріспе- 1 сағат.

Ұйымдастыру жұмыстары, техникалық- технологиялық мәлімет. Оқушыларға қолданбалы курстың мақсатымен міндеттерін түсіндіру. Сәндік қолданбалы өнер жайында түсік беру.


2. Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері - 7 сағат.

Қолөнер көркемдік бұйымдары. Өңделу жолдары. Әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру мүсіндеу технологиясын үйрету. Техникалық қауіпсіздік ережелері.


3. Тоқыма өнері - 5 сағат.

Ілмек бізбен тоқу өнері туралы түсінік беру, тоқылатын өрнектің сызба нұскасын оқу, шартты белгілері бойынша тоқу технологиясын үйрету. Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар. Техникалық қауіпсіздік ережелері.


  1. Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері – 3 сағат.

Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы . Өрнектерді құрудың композициялық негізі. Тұскиіз, сырмақта кездесетін ою композициялары құру технологиясын үйрету. Техникалық қауіпсіздік ережелері.


  1. Кесте қолөнері - 8 сағат.

Кестелу әр бір халықтың қолөнерінде кездесетін өнер жайында мағлумат беру. Орыс халқының кестелеу өнері «Мережка», «Моншақпен кестелеу» , «Гобелен»(көпіртпелі) кесте орындау технологиясын үйрету. Техникалық қауіпсіздік ережелері.


  1. Өру жұмыстары - 5 сағат.

Өру өнері туралы түсінік беру. Жұмысқа құрал-жабдықтармен таныстыру. Өру техникасында «Макраме» өру технологиясын үйрету. Техникалық қауіпсіздік ережелері.


  1. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары ( 5 сағат)

Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясын үйрету. Шолпы, алқа, білезік бұйымдарын әр түрлі сіндік әшейлік бұйымдарын тоқу технологиясын үйрету. Техникалық қауіпсіздік ережелері.

















Бағдарламаның күнтізбелік жоспары


р/с

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе. Техникалық- технологиялық мәлімет: Таңдау курсының мәні мақсаты. Сәндік қолданбалы өнер жайында толық мағлуматтар.

1


І. Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігі мен қолөнері (7 сағат)

2

Қолөнер көркемдік бұйымдары. Әшекейлік, тұрмыстық бұйымдар құрастыру.

1


3

Аяққап, тұмарша, қоржын бұйымдар жасау технологиясы.

3


4

Қазақтың ұлттық ыдыстары. Ыдыстарды мүсіндеу немесе қалыптау технологиясы.

3


ІІ. Тоқыма өнері ( 5 сағат)

5

Ілмек бізбен тоқу өнері туралы түсінік. Қажетті құрал-жабдықтар.

1


6

Ілмек бізбен тоқу технологиясын меңгеру, үйрену жұмыстары. Өрнек түрлері. Шалулардың шартты белгілері.

2


7


Ілмекпен тоқылатын өрнектің сызба нұскасын оқу, схема бойынша тоқу.

2


ІІІ. Қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері (3 сағат)

8

Қазақ ұлттық ою-өрнектерінің класификациясы. Өрнектерді құрудың композициялық негізі.

1


9

Тұскиіз, сырмақта кездесетін ою композициялары құру.

1


10

Шығармашылық жұмыс: Тұмар жасау технологиясы.

1


ІV. Кестелеу қолөнері ( 8 сағат)

11

Кестелеп тігу технологиясы. Орыс халқының кестелеу өнері «Мережка» орындау технологиясы.

2


12

«Моншақпен кестелеу» орындау технологиясы.

3


13

«Гобелен»(көпіртпелі) кесте орындау технологиясы.

3


V. Өру жұмыстары ( 5 сағат)

14

Өру туралы түсінік. Өру техникасы.

1


15

«Макраме» өру технологиясы.

4


VІ. Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдары ( 5 сағат)

16

Көркем қолөнер элементтерінің қолданыста пайдалану технологиясы.

2


17

Шолпы, алқа, білезік бұйымдарын тоқу технологиясы.

2


18

Қорытынды сабақ. «Сыйқырлы сандық» көрмесі.

1








Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Білім


  • Таңдау курсының мәні мен мақсатын;

  • Техникалық қауіпсіздік, гигиеналық талаптарын;

  • Қазақтың дәстүрлі үй кәсіпшілігімен қолөнері жайында түсінігі;

  • Әр халықтың тоқыма, өру, кестелеу өнері жөнінде мағлуматтарын;

  • Тұрмыстық бұйымдарында кездесетін ою-өрнек композицияларын;

  • Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының түрлерін;

  • Жұмысқа қажетті шикізат, құрал-жабдық түрлерін;

  • Тоқыма, өру, кестелеу технологиялық реттілігін:



Іскерлік


  • Технологиялық ой қорыту, анализ синтез жасай білуі;

  • Шеберлік, шығармашылық ойларын іске асыра білуі;

  • Әр түрлі заттардың өнделу жолдарын қолдана алуы;

  • Өңдеу технологиялық әдіс-тәсілдерін қолдана алуы;

  • Өру, тоқу, кестелеу әдіс-тәсілдерін қолдана алуы :


Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар


Білім


  • Таңдау курсының мәні мен мақсатын;

  • Техникалық қауіпсіздік, гигиеналық талаптарын;

  • Сәндік қолданбалы өнер. Құрақ құрау өнері жайында түсінігі;

  • Тоқу өнері жайында түсінік жөнінде мағлуматтарын;

  • Тұрмыстық бұйымдарында кездесетін ою-өрнек композицияларын;

  • Қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарының түрлерін;

  • Жұмысқа қажетті шикізат, құрал-жабдық түрлерін;

  • Тоқыма, өру, кестелеу технологиялық реттілігін:
















Пайдаланыланған әдебиеттер тізімі:



  1. Оразбаев Н.А. Қазақ халқының сәндiк ою-өрнек өнерi. Л.Аврора.

  2. Төленбаев С. Ою. Алматы, өнер. 1989.

  3. Гбдуллаева Ш. Халық қолөнерi. Алматы, Рауан. 1992. 

  4. Сатқанов О. Оқушыларды сәндiк-қолданбалы өнерге баулу әдiстемесi.

  5. Бисенғалиев Б. Шебер қолөнер үйiрмесi. Технология. 2004, №12,

  6. Дүйсекеева Ш. Шебердiң қолы ортақ. Технология. 2004, №10,

  7. Жиентаева Б. Халықтың қолданбалы өнер технология сабақтарында. //Технология. 2012, 4,

  8. Жақыбаев Н. Қазақ қолөнерiнiң ұлттық сипаты. //Қазақстан мектебi.

  9. Көкшеева З. Еңбек әрекетi барысында оқушылардың эстетикалық мәдениеттiлігін қалыптастыру. Алматы 2005 ж.

  10. Әбдуәлиева Ш. Халық қолөнері. Алматы 1992ж.

  11. Қасиманов С.Қазақ халқының қолөнері. Алматы «Қазақстан» 1995ж

  12. Марғұлан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы «өнер» 1986ж том1, том2, том3

  13. Мектептегі технология 1,2,3,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12, 2004-2016 ж.






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!