Қондырғыдағы жаттығулар Би

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қондырғыдағы жаттығулар Би

Материал туралы қысқаша түсінік
Дененің бастапқы қалпын көрсету, дайындау, таныстыру. Қондырғыдағы жаттығулар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу іс әрекеті: Би

Тақырыбы: Қондырғыдағы жаттығулар

Мақсаты: Дененің бастапқы қалпын көрсету, дайындау, таныстыру.

Қондырғыдағы жаттығулар.


Билингвальды компанент: Қондырғы станок. Жаттығулар упражнение.

Сабақтың жоспары:

І Кіріспе бөлім: 5минут

Қысқаша сабақтың мақсаты:

ІІ Дайындық бөлім:

Қондырғыдағы жаттығулар. Қондырғыға қарсы тұрып қолдың саусақтарын тигізіп, қолдың білегін жартылай бүгіп, шынтақты төмен түсіріп, саусақтарымен қондырғы ұстамастан,қолды дененің орта тұсында ұстап, арқылы түзу ұстау, басты жоғары көтеріңкіреп, иықты төмендеу, екі аяқты бірге ұстау, өкше мен аяқты қосып ұстау.

Бастапқы қалпы:

1) Қондырғыға қарсы тұру. Аяқтың (башпайларымен) жоғары көтерілу.

«Бір» дегенде аяқтың ұшымен жоғары көтерілу

«Екі » дегенде денені төмен түсіру, денені тік ұстау.

2- жаттығу

Осы жаттығуды музыканың сүйемелдеуімен қайталау.

2. Аяқ, қол іс әрекеттері (позициялары) І- ІІ ІІІ ІҮ –Ү

«Бір» дегенде денені тік ұстап, екі қолымызды кіндіктің жанында, қолымызды дөңгелек қылып алдыға қарай созамыз.

3. Секіру

Секірудің алдында,жартылай отырып тұру жаттығуын жасау.

Отырып тұрған кезде толық отырмау.

«Бір» дегенде аяқты түзу ұстап, қосып жоғары секіру.

«Екі» дегенде бастапқы қалыпқа қайта келу және отырып тұру.

Негізгі бөлім – 15 минут.

Залдың ортасында жасалатын жаттығулар

Бастапқы қалып: Алақанды өзіңе қаратып қолды төмен ұстау.

«Бір» және «Екі» дегенде оң қолды жоғары көтеру, қолдың саусақтары көтеріледі. «Үш» және «Төрт» дегенде оң қол төмен түсіріледі, ал саусақтары жоғары қаратылып және «бір», «екі» дегенде сол қол жоғары көтеріледі де, саусақтары төмен қарап және «үш», «төрт» дегенде сол қол төмен түсіріледі, білезік иіліп қол саусақтары жоғары қарап, бас біресе оң қолға қарай бұрылады,біресе сол қолға қарай бұрылады. Тағы да «Бір» және «Екі» дегенде екі қол бірдей көтеріліп, бірдей түсіріледі.

Екі қолды екі жаққа созып толқындата жоғары көтеру.

2) Тұралықты дамытуға арналған жаттығулар

Бастапқы қалып (негізгі тұрыс):

Қолды белге қойып аяқты қосып тұру.

І қалып. Денені түзу ұстап, аяқтың ұшымен көтерілу;

ІІ қалып . Қолдар жартылай бүгілген. Қолдарды екі тіреу нүктесі шынтақ пен саусақтар бір деңгейде ұстайды.

ІІІ қалып. Қолдар жартылай бүгілген, алақандары тіке қараған, сопақша доға жасап жоғары қарайды.

ІҮ- қалып. Бір қол ІІІ - қалып, екінші қол І қалыпта. Барлық ережелер бұлжытпай орындалуы қажет.

Ү қалып. Бір қол ІІ қалыпта, екінші қол ІІІ қалыпта.

Ереже сақталынады.

ҮІ- қалып. Қолдар белге тірелген,

Шынтақтар екі жаққа қараған.

ІҮ Қорытынды бөлім.

Сабақтың соңында иіліп (сабақ сәлем беру, тізе бүгу арқылы орындалады).

Үйге тапсырма.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.02.2021
386
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі