Астана қаласы
әкімдігінің
№64 «Асыл бөбек» арнайы
балабақшасы
Ұйымдастырылған оқу
қызметі
Тақырыбы: «Қонжыққа
арналған пирамида»
ортаңғы «Еркетай»
тобы
Тәрбиеші: Бекеева Ұлбосын
Жасановна
Астана,
2018ж.
Өтпелі
тақырып: «Әрқашан күн
сөнбесін»
Тақырыпша:
«Мен жасай
аламын»
Білім беру
саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: «Аппликация»
Тақырыбы: «Қонжыққа арналған
пирамида»
Мақсаты:
Білімділік: Ойыншықтар туралы білімдерін жетілдіру; Пирамида ойыншығын
сопақша пішіндерден үлкеннен –
кішіге қарай орналастыртып
төменнен – жоғары қарай
желімдеуді
үйрету.
Түзету –
дамытушылық: Ойыншықтың бейнесін
көшіріп , аппликация жасау арқылы саусақ бұлшық еттерінің
қозғалысын жетілдіру. Қайшымен, желіммен жұмыс істеу дағдыларын
дамыту.
Тәрбиелік: Ойыншықтарды күтіп
ұстай білуге тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер,
қажетті құрал-жабдықтар:
Түрлі ойыншықтар, ойыншық
қонжық, пирамида,желім, сулық, ақ ақағаз, үлестірмелі материалдар,
дыбыстық сағат, слайд.
Алдын ала орындалатын
жұмыс:
Сопақша пішіндерді үлкеннен
кішіге қарай, кішіден үлкенге қарай, жуаннан жіңішкеге қарай,
жіңішкеден жуанға қарай топтастырып
үйрету.
Сөздік
жұмыс: Пирамида.
Ұйымдастыру
кезеңі:
Шаттық
шеңбері:
Сәлеметсің бе! Алтын
күн.
Сәлеметсің бе! Жер –
Ана.
Сәлеметсің бе!
Құстар.
Сәлеметсің бе!
Достар.
Сәлеметсің бе!
Апайлар.
Артикуляциялық
жаттығулар:
«Қамыр
илейміз»
Тіл үйіне келсе, үйде тәтті
иіс шығып жатты сөйтсе анасы бәліш пісіріп жатыр екен. Тіл де
анасына көмектесіпті. Біз де көмектесейік.
Жаттығуды
сипаттау:
Жымиямыз, аузымызды ашамыз да
тілді тісімізбен тістеп та – та – та ...
дейміз.
«Кесе»
Тіл бәлішті жеп болған соң,
шай ішуге кірісті. Қане, тілдің кесесін
көрсетейік.
Жаттығуды
сипаттау:
Жымиямыз, ауызды ашамыз тілді
сыртқа шығарып, мұрынға қарай көтереміз, шайымыз төгіліп қалмас
үшін тілдің бүйірлерін де көтереміз.
Тыныс алу жаттығуы: «Жаңбыр
жауды»
Мақсаты: Ұзақ мерзімді және
бір бағытта үрлеуге үйрету.
Сұрақ –
жауап:
- Балалар, жылдың қазір қай
мезгілі?
-
Көктем.
- Көктем айларын кім атап
береді?
- Наурыз, сәуір,
мамыр.
- Балалар, менің қолымдағы
допты сендерге лақтырамын ал, сендер көктемде қандай өзгерістер
болатынын айтасыңдар.
- Күн
жылынады.
- Қар
ериді.
- Құстар ұшып
келеді.
- Ағаштар бүршік
атады.
- Аңдар ұйқысынан
оянады.
- Жаңбыр жиі
жауады.
- Күннің шуағы
молаяды.
Сергіту сәті: (Бейнебаян
арқылы)
- Балалар біздің ойын
бұрышымызда қандай ойыншықтар бар екен атап
шығайықшы?
Балалар
атайды.
- Балалар ойыншықтар түрлі
материалдардан жасалады.
- Мына тұрған пирамидалар
пластмассалы материалдардан жасалған.
- Үлкен – кіші доптар үрлемелі
резеңкелі материалдардан жасалған.
- Кубиктер ағаштардан
жасалған.
- Машиналар темір металдардан
жасалған.
- Қонжық, қояндар жұмсақ
терілі материалдардан жасалған.
Ғажайып
сәт:
Әуенмен Қонжық
келеді.
Қонжық:
- Сәлеметсіңдер ме,
балалар!
Балалар:
- Сәлеметсіз
бе!
Қонжық сен неге мұңайып
тұрсың?
Қонжық:
- Бүгін менің сүйікті
ойыншығымның бірі пирамидам сынып қалды.
- Ал, сендер осы пирамиданы
жасап беруге көмектесесіңдер ме?
- Балалар, қалай ойлайсындар
біз қонжыққа көмектесе аламызба?
Балалар:
Қонжық сен мұңайма біздің
балалар пирамиданы жасауға көмектеседі.
-
Ал, балалар пирамида сөзін
буынға бөлейікші.
-
Пи
– ра – ми –
да.
-
Неше буыннан
тұрады?
-
Төрт.
-
«Пирамида» сөзінің басында
қандай дыбыс естіліп тұр?
-
«П»
дыбысы.
-
«П» дыбысы дауысты ма,
дауыссыз ба.
-
Дауыссыз.
-
Аппликация жасау әдіс –
тәсілдері:
Қауіпсіздік
ережелері:
-
Достарыңа қайшымен жақындауға
болмайды.
-
Қайшымен жүріп бара жатқанда
және тұрғанда кесуге болмайды.
-
Қайшыны үстелдің шетіне қоюға
болмайды.
-
Қайшыны лақтырма,
сермеме.
-
Желімді аузыңа, көзіңе
тигізуге болмайды.
-
Қайшымен жұмыс істеп болған
соң, орнына қой.
- Пирамиданы жапсыру үшін
қандай пішіндер пайдаланамыз?
-
Сопақша.
- Қиылған сопақша пішіндерді
үлкеннен кіші пішінге дейін қоямыз, үстіне шарды қоямыз енді бәрін
желімдейміз.
- Сопақша пішіннің түссіз
жағына желімді жағып төменнен – жоғары қарай
желімдейміз.
Саусақ
ойыны:
«Моншақ»
Қызыл, сары, көк
моншақ.
Әжем тізді көп
моншақ.
-
Балалар біздің елімізде қандай
әдемі ғимараттар бар?
-
Пирамида,
Бәйтерек.
-
Ал, олай болса қолымызбен
Бәйтерек пен пирамиданы қолымызбен
көрсетейікші.
Балалар қолдарын жоғары
көтеріп үшбұрышты пішін жасайды.
Қонжыққа балалар жасаған
пирамидаларын ұсынады.
Қонжық:
- Балалар сендерге көп –
көп рахметімді айтып сендермен қоштасамын. Маған әдемі етіп
пирамида жасап бердіңдер. Қош сау болыңдар
балалар!
Сергіту сәті: «Добым,
добым, домалақ»
Добым, добым,
домалақ
Ұстатпайсың сен
бірақ.
Үстел үстін
бүлдірдің,
Тәрелкені
сындырдың.
Тентек болып кеттің
деп,
Тұрмын сені тепкім
кеп.
Дидактикалық ойын:
«Дыбыстық сағат»
Мақсаты: Сағат тілімен «Қ» дыбысынан
басталатын суретті сағат тілімен дұрыс көрсете
үйрету.
Ойынның
шарты: Дыбыстық сағаттағы суреттерді
атап сағат тілімен «Қ» быбысынан басталатын суретті сағат тілімен
көрсету.
Қорытындылау:
- Балалар бізге қонаққа кім
келді?
- Біз қонжыққа не жасап
бердік?
- Пирамида қандай пішінге
ұқсайды.
Балаларды
мадақтау.