Материалдар / "Қоқыс - ғасыр дерті" мақаласы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қоқыс - ғасыр дерті" мақаласы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақалада қоршаған ортаның ластануының басты мәселесі - қоқыс туралы жазылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2023
321
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ ғасыр дерті – қоқыспен күресу

Адам баласы әлеуетінің дамуымен байланысты қалдықтардың да саны өсіп келеді. Біздің қолданысымыздағы автокөліктер, түрлі азық-түліктердің барлығының баратын жері бір – ол қоқыс жәшігі мен қоқыс полигоны. Біздің ата-бабаларымыз бұл мәселе туралы ойламаған да, себебі – таза органикалық заттар қайта жер бетіне кампост ретінде оралып жатты. Ал қазір сол жайлы ойлап, айналамызға қарап күрсінетін ол – бізбіз. Көптеген ғалымдардың есебі бойынша, ғарыш кеңістігінен Жер ғаламшарын бұрын қарап зерттегенде – ол көгілдір қабатты шардың ішінде орналасқан сияқты көрінген екен, ал қазіргі кезде оның көрінісі – қызыл, қоңыр түсті, тіпті қара дақтары бар аймақтар көрінеді. Бұл тек қана атмосфераның ластануы емес, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін саналы түрде ғаламшар халқы әрекеттерінің артуы салдарынан тұрмыстық, сұйық және қатты қалдықтардың жиналуынан болады. Белгілі бір уақытқа дейін табиғат қажетсіз өңдеумен айналысты, бірақ адамзаттың технологиялық прогресі осы сәтте маңызды рөл атқарды. Әрине, жүздеген жылдан астам уақыт өмір сүре алатын жаңа материалдар пайда болды, ыдырау немесе өңдеу және мұндай антропогендік стресстер табиғаттың күшіне кірмейді. Осы жерде көптеген маңызды фактор - қазіргі қоқыс көлемі. Масштабы жайылып кеткен. Бірақ бүгінгі күні полигондардың мазмұнын шикізат ретінде қарастыруға болады. Оны қайта өңдеуге және қайта пайдалануға болады. Әр қала тұрғынына жылына шамамен 500-ден 800 кг-ға дейін қоқыс түседі. Кейбір елдерде 1000 келіге дейін. Бұл сан үнемі өсіп келеді.

Санитарлы полигон

Сіздер санитарлы полигон не екенін білесіңдер ме? Бұл қоқыс алаңы, бірақ оның дәстүрлі қоқыс алаңынан айырмашылығы бар. Біріншіден, оның құрылуына бірнеше маңызды талаптар бар: жерде үлкен шұңқыр қазылады не болмаса, табиғи ойысты жерге астынан су өтпейтіндей қабат орнатылады. Екіншіден, үстіне жауған жауын-шашын суы немес шіріген қоқыстан шыққан суды шығаратын дренажды құбырлар орнатылады. Сол су тазартудан өтеді. Үшіншіден, бұл санытарлы полигон орналасқан ауданы шаршы периметрі бойымен арқтар қазылады, бұл улы фильтраттардың жан-жаққа ағып кетпеуі үшін керек. Жиналған қоқыстар арнайы техника көмегімен пресстеліп, полигон аумағы бойынша тегіс емес болып төселіп, аудан-аудан бойынша орналастырылады. Толтырылғаннан кейін әр қоқыс ауданының үстіне қоқыстан шыққан «қоқыстық газды» сіңіріп алатын құбырлар жүргізіліп, үстінен топырақ қабаты төселеді. Кейін біраз уақыт өткен соң (шіріген заттар шіріп, шыққан сулар мен газдар шығып) бықсып кеткен қоқысты рекльтивациялауды бастайды. «Ұйықтап» қалған қоқыс алаңы пайдаға жаратылады. Бұл жерге саябақ, теннисті корд немесе таулы спорт кешенін де жасауға болады. Осылайша тұрмыстық қатты заттар кәдеге жарады.

Қоқысқа толған ғарыш кеңістігі

Бұл экологиялық көрініс Жер ғаламшарынан тыс аймақтарға, яғни ғарыш кеңістігіне де байқалады. Қазіргі кезде ғарыш кеңістігі – үлкен қоқыс алаңына айналды. 1957 жылы ғарышқа ұшырылған мыңдаған зымырандар мен аппараттар өз жұмысын аяқтағаннан кейін қажеті жоқ металл қоқыстарына айналды. Мысалы, 1960 жылы қозғалтқыш қондырғылары жұмысы кезінде толық жанып үлгермеген зымыран жанармайы буынан туындаған ғарыштық катастрофалар басты мәселе болды. Осындай ғарыштық қоқыс полигондарының аумағы уақыт сайын өсіп жатыр, ғалымдардың пайымдауынша қуатты жердегі радиолокаторлардың көмегімен орбита кеңістігінде 1миллион нысандардың көлемі 1-ден 10см-ге дейін және 130миллион бөліктерден тұратын көлемі 1мм-ден 1см болатын нысандар қалқып жүр. Мұндай қоқыс ғаламда оқ жылдамдығынан 10 есе артық жылдамдықпен ұшады. Бұл нысандар бір-бірімен соқтығысып, мыңдаған жаңа, қоқыс бөлшектерін құрайды. Олардың саны артып келеді. Бір ғана кішкентай мм көлемі бар ғарыштық металл қоқысы жұмыс істеп тұрған жер серігіне үлкен нұқсан келтіреді, ал оның көлемі 1 см болса, тіпті істен шығаруы да мүмкін. Айтпақшы, әлемдегі ең көне ғарыштық қоқыс американдық "Авангард-1" (Vanguard-1) спутнигі болып саналады. Ол 1958 жылы ғарышқа ұшырылды, ал 1964 жылы жермен байланысын тоқтатты. Алайда, NASA мамандарының пікірінше, спутник толықтай жұмыс істей алады және кем дегенде 240 жыл бойы жерді айнала алады. 2001 жылға дейінгі ең үлкен ғарыштық қоқыс 1987 жылы іске қосылған ресейлік Мир станциясы болды. Егер бұл мәселенің шешуін таппаса, болашақта адамзаттың ғарышқа шыға алмау мүмкіндігі туындайды. Шешімі ретінде Зигфрид Джейсон салмағы 100грамм болатын құралды ойластырғысы келеді, оның басты жұмысы - қалқып жүрген қоқыстарды ұстап, Жер атмосферасына жіберіп, өрттенуі болатын үрдіс. Басқалары ғарыштық қоқысты Марсқа тасымалдап жіберуді ұсынған. Алайда, айтылып жатқан ұсыныстар іс жүзінде тек қағаз бетінде ғана бар, жүзеге асырылуы үшін өте үлкен қаражатты талап етеді.

А йтарлықтай ғарышта болып жататын талай үрдістер мен құбылыстар, мысалы ғарыштық радиация, микрометероиттердің қозғалысы және т.б. әсер етеді. Нәтижесінде қоқыс өз биіктінен ауытқып, Жер атмосферасына енгенде толықтай жанып кетеді. Әрбір 10-11 жылда 200-300 аралығында қоқыс бөліктерінің саны азайып келеді.

Жер ғаламшарының ғарыш кеңістігінде қалқып жүретін қоқыстардың анимациясы

Неге қоқысты жағуға болмайды?

Болмайды, себебі адам денсаулығына зиянды! Осындайды бізге кез келген эколог айтады. Шынымен де осыны дәлелдеу үшін Нью-Йорк штатының денсаулық сақтау департаменті мен Аргентинаның қоршаған ортаны сақтау бойынша мамандар бір отбасыны бақылауға алды. Қарапайым отбасы құрамындағы төрт адам күнде тұрмыстық қалдық заттарды үй алаңында жағады. Ғалымдардың санауынша олардың жаққан қоқыстары ауаны қоқыс жағатын пеште өрттелген қоқыстармен салыстырғанда 10 есе ластайды екен. Жанып жатқан түтіннің құрамын зерттеген химик ғалымдар, оның құрамында қауіпті қосылыстар бар екенің аңғарған. Олар адамның денсаулығына көп зиян келтіреді. Ғалымдар оны жанудың төмен температурада болғанымен түсіндіреді. Сондықтан қоқыстарды өрттеген кезде оларды тиісті қоқыс жәшіктеоіне тастап, ол жерден қоқыстар қоқыс өндіретін зауыттарға жеткізіліп, сол жерде тиісті жолдармен өндіріледі.

Қоқысқа екінші өмір бер!

Шикізатты қайта өндеуге тек тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар жатады, себебі, қалғандары адам өміріне қауіп төндіруі мүмкін. Әр түрлі қоқыстар әр түрлі жолмен өңделеді. Мысалы металды қоқыстар магнит арқылы фракцияларға ажыратылып, кейін балқытуға жіберіледі. Шыны заттарды үгінді түрге келтіріп, балқыту пунктына жөнеліп, сол жерден техникалық айналар мақсатына орай әрі қарай жұмсалады. Үлкен назар макулатураға түседі, оның құндылығы - ағаш сүрегі. Сондықтан шикізатты қайта өндіру өте маңызды. Осыған байланысты ормандарды кесудің саны азайып, қоршаған ортаға қауіп төнудің әсері азайды.









Қорыта келгенде, қоқыс күнделікті күнде туындап тұратын адамзаттың басты мәселесі. Қоқыс қалауын тапса, пайда, кіріс әкеледі. Дамыған елдердің көбінде тапталып жерде жатқан тұрмыс қалдықтары әжептәуір табыс көзі. Бұл бизнес әрі әлеуметтік жауапты іс. Қоқысты қайта өңдеуден түскен ақша қалта мен қоршаған ортаға бірдей пайда әкеледі. Тұрмыстық қалдықтарды қайта өндеудің негізгі бағыттары – қағаз өнімдері, әйнек сынықтары, бөтелкелер, полимерлер, пластик өнімдері, ағаш және темір заттары болып тармақталады. Тіпті, борситын тамақ қалдықтарынан биогаз өндіретін мемлекеттер де бар. Ортақ үйіміз Жер ғаламшары да, одан тыс ғарыш алаңы да біздің жауапкершілігімізде.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Қоқыс қалауын тапса, кіріс әкеледі» Әлия Кемелбекованың мақаласы Атамекен кәсіпкерлер ұлттық палатасы. [https://atameken.kz/kk/articles/24627-oys--alauyn-tapsa-krs-keled]

  2. Образование для устойчивого развития – сборник практических задач Алматы, 2008г [28-33б]

  3. Ғылыми жоба. «Қоқыс –ғасыр мәселесі» [https://infourok.ru/ylymi_zhoba._oys-_asyr_mseles-287208.htm]

  4. Вторая жизнь мусора. Переработка бытовых отходов. Статья в журнале «Молодой ученый» [https://moluch.ru/archive/298/67580/]

  5. Ғарыш қоқысы: проблемалар мен ықтимал шешімдер. «Алматы электр станциялары» АҚ. [https://ales.kz/kz/ustojchivoe-razvitie/93-ustojchivoe-razvitie-2/leumettik-ekologiya/adam-o-am-tabi-at/2029-arysh-o-ysy-problemalar-men-y-timal-sheshimder]

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!