Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Қоршаған орта тех карта
Материал туралы қысқаша түсінік
3 4 жасқа арналған қоршаған орта ұйымдастырылған оқу қызметіне арналған қазақша әдістемелік нұсқаулық екінші кіші топқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
02 Желтоқсан 2021
486
1 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Г.В. Игнатенко, Д.М. Ильясова
Қоршаған ортамен танысу.
Экология негіздері
Әдістемелік нұсқау
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы бойынша
екінші кіші топ (3–4 жас) педагогтеріне арналған
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
министрлігі ұсынған
Алматыкітап баспасы
2018
1
Игнатенко Г.В.
Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері. Әдістемелік нұсқау. Мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы бойынша екінші кіші топ (3-4 жас)
педагогтеріне арналған/ Г.В. Игнатенко, Д.М.Ильясова – Алматы: Алматыкітап баспасы,
2018. – 39 бет.
© Игнатенко Г.В., Ильясова Д.М., 2018
© «Алматыкітап» баспасы ЖШС, 2018
2
Түсініктеме
«Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері» оқу-әдістемелік кешені төмендегі
нормативтік құжаттарға сәйкес дайындалды:
1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты
(Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016 ж. 15 мамырдағы № 292 қаулысымен
бекіген). Аталған стандарт Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі және
мектепалды даярлық білім берудің жаңа әдіснамалық негізін анықтайды;
2. 1 жастан 6(7) жастағы балаларға арналған Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан Республикасының білім және ғылым
министрлігінің 2016 ж. 22 маусымдағы № 391 бұйрығымен бекіген);
3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы (Қазақстан
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 ж. 12 тамыздағы № 499
бұйрығымен бекіген). Жаңартылған бағдарлама мектепке дейінгі білім берудің
контекстегі 5 білімдік саласына жаңа мазмұн ұсынып отыр.
«Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері» әдістемелік нұсқау «Әлеумет»
білім беру саласын көрсетеді және төмендегідей әдістемелік қағидаларды негізге алды:
- балаларды жеңілден күрделіге қарай меңгерту;
- қолжетімділік және көрнекілік;
- білім беруде ойын әдісін қолдану.
«Қоршаған ортамен танысу. Экология негіздері» бойынша негізгі мақсаты:
балаларда қоршаған ортаға жағымды мінез-құлық пен қарым-қатынасын, эмоционалды
елгезектік пен әлеуметтік мәдениет негіздерін қалыптастыру.
Міндеттері:
- балаларды қоршаған ортадағы заттардың атауларымен және олардың міндеттерімен
таныстыру, таныс заттарды ажыратуға үйрету;
- Қазақстанның халық ауыз әдебиеті шығармашылығын қолдану арқылы Отанға,
отбасына деген сүйіспеншілікті, ересектерге құрмет көрсете білуге тәрбиелеу.
Әдістемелік нұсқаудың құрамы:
• перспективалық жоспар;
• ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарлары.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарлары Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес
дайындалды: 9 сағат – Қоршаған ортамен танысу, 9 сағат – Экология негіздері.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспарларын құрастырып жазу барысында
педагогиканың төмендегідей әдіс-тәсілдері мен технологиялары қолданылды:
1. Әдістер: түсіндіру, көрнекі (әңгімелеу, көрнекі көрсету); өзекті мәселе шешу; іздену;
ойын; жаттығу; практикалық тапсырмалар.
2. Тәсілдері: салыстырмалы талдау; салыстыру; іздену (өзекті сұрақтар, тапсырмаларды
орындау: «Неге?», «Тап», «Түсіндір», «Сен қалай білдің?» т.б.).
3. Технологиялар: тұлғалық нәтиже; денсаулық сақтау; компьютерлік; ұйымдастырылған
оқу қызметін технологияландыру; белсенділік орталығы т.б.
ҰОҚ жоспарының негізі – ұйымдастырылған оқу қызметінің үш бірлікті мақсаты.
3
Үш бірлікті мақсат – бұл өзіне үш аспектіні таңдайтын күрделі құрама мақсат. Педагогтер
мен тәрбиешілер осы мақсаттың нәтижесін көруге талпынады. Егер мақсат нақты
берілмесе, онда педагог көздеген мақсатқа жете алады деу қиын.
Үш бірлікті мақсат ортақ сипатта болады. Ол өзінен-өзі орындалмайды. Сондықтан оны
міндетті түрде бөлшектеп, үш бөлімге бөлу қажет:
Бірінші бөлім – ұйымдастыру кезеңі. Бұл бөлімде құрбы-құрдастары мен педагогтерге
деген тілектестік қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік қалыптасады. Іс-әрекеттеріне ой
толғау жаттығулары беріледі.
Екінші бөлім – негізгі кезең. Бұл бөлімде алған білімдерін толықтырады, жаңа білім
алады, ақиқатқа негізделген көзқарастар қалыптасады.
Үшінші бөлім – рефлексия. Балалар педагогтің көмегімен сұрақтарға жауап бере отырып,
алған білімдерін бекітеді.
Үш бірлікті мақсатты осылай бөлімдерге бөлу арқылы педагог әдіс-тәсілдерді таңдайды,
дидактикалық материалдарды әр бөлімге бөледі, сондай-ақ іс-әрекеттері мен күтілетін
нәтижені де жоспарлайды.
Осылайша ҰОҚ жоспары үйлесімді құрылымды көрсетеді, дұрыс таңдалған әдіс-тәсілдер
баланың қоршаған орта туралы білімін молайтады, Отанға, отбасына деген сезімдерін
қалыптастырады, қоғамдық өмірдің құбылыстары туралы нақты білім береді, қоршаған
ортамен негізделген қарым-қатынасты орнатып, «Мен» деген жағымды жеке тұлғаны
қалыптастырады.
Әдістемелік нұсқау – ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдалануға арналған оқу
құралы. Сондықтан аталған оқу құралынан педагогтер қажетті оқу материалдарын таба
алады деген сенімдеміз.
Сіздерге құрмет көрсетіп,
серіктестік қарым-қатынаста
болатындығымызға сенім артамыз.
4
«Қоршаған ортамен танысу» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің
перспективалық жоспары
№
Тақырып
1
Балабақша –
біздің екінші
үйіміз
2
Менің отбасым
Мақсаты мен міндеттері
Сағат
саны
Мақсаты: балабақша қызметкерлері мен олардың 1
еңбек әрекеттері туралы білімдерін жетілдіру.
Міндеттері: 1. балабақшада еңбек ететін адамдардың
мамандықтарымен таныстыру (медбике, аспаз);
2. Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме құрастыру
дағдыларын қалыптастыру.
3.Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін
бағалай білуге тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға
баулу
Мақсаты: балалардың туыстық қатынастар туралы 1
түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1. Балалардың отбасы мүшелері
бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін,
олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынасқа түсу
дағдыларын меңгерту.
2.Отбасы туралы әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру;
3. Өз отбасын құрметтеп сыйлауға үйрету.
3
Көліктер
Мақсаты: көлік түрлерінің қолданысы туралы
1
білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру.
2. Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын
танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа
баулу.
4
Менің Отаным –
Қазақстан
Мақсаты: Отан туралы түсініктерін кеңейту.
1
Міндеттері: 1.Қазақстанның кең-байтақ, бай мемлекет
екенін түсіндіру. Мемлекет астанасы туралы түсінік
беру.
Қазақстан
Республикасының
мемлекеттік
рәміздері туралы түсініктерін дамыту: Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік Туымен таныстыру.
2.Балалардың
қызығушылығын,
ойлау,
сөйлеу
қабілеттерін дамыту; патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз
Отаны туралы білуге деген құштарлығын ояту;
3.Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
5
Біздің топтың
ойыншықтары
Мақсаты: қоршаған орта заттары, олардың сапалары 1
мен қасиеттері туралы түсініктерін жүйелеу және
толықтыру.
Міндеттері:1. Балалардың ойыншықтар туралы
білімдерін кеңейту.
2.Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап, заттарды
топтастыра білуді, айналасындағы заттарды ажырата
және
ортақ
қасиеттері
бар
ойыншықтарды
топтастырып, оларды сипаттай білу дағдыларын игерту.
3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.
6
Құртақанды
киіндіреміз
Мақсаты: қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін 1
кеңейту.
Міндеттері: 1. Киім туралы тусінік беру, жыл
5
мезгілдерінің өзгерістеріне байланысты киімдерді
сараптай білуді үйрету.
2.Маусымдық өзгерістеріне сәйкес киімдерді таңдау
дағдыларын қалыптастыру.
3. Тиянақтылықты, мәдени-гигиеналық дағдыларды
тәрбиелеу.
дастарқан Мақсаты: қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін 1
дамыту, олардың қасиеттерімен таныстыру.
Міндеттері: 1. Ыдыс-аяқ және оның қасиеттері,
пайдалану әдісі туралы білімдерін жинақтау.
2. Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу,
қарастыру арқылы тануды қалыптастыру.
3.Ыдыстарға ұқыпты қарау дағдыларын тәрбиелеу.
7
Қонаққа
жаямыз
8
Мен және менің
достарым
Мақсаты: балаларға «Дос», «Достық» құндылығы 1
туралы түсінік беру;
Міндеттері:1. Өзінің есімін, тегін атай білуге
жаттықтыру. Топтағы балаларды атымен атауды
үйрету; «ұл», «қыз» ұғымдары туралы түсініктерін
бекіту.
2.Баланың айналаны өзі танып-білуіне жағдай жасау.
3. Адамдармен өзара түсінісіп, қарым-қатынас жасай
білуге үйрету.
9
Жайлауға саяхат
Мақсаты: балалардың жайлау, киіз үй және оның 1
құрал-жабдықтары
туралы
білімдерін
қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балалардың киіз үй және оның құралжабдықтары туралы түсініктерін белсендіру.
2. Балалардың қазақ халқының тұрмыстық
заттарының атауларымен, таныс емес заттардың
мағынасы туралы ой-өрісін кеңейту.
3. Балаларды қазақ халқының мәдениеті мен
тұрмыс салтын құрметтеуге тәрбиелеу.
6
№
1
2
«Экология негіздері» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің
перспективалық жоспары
Тақырып
Мақсаты мен міндеттері
Сағаттар
саны
Шақырамыз
Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарымен 1
күзді,
шын таныстыру.
ниетпен ізгі
1.
Күз
мезгілінің
маусымдық
Міндеттері:
өзгерістермен таныстыру.
2.Жанды және жансыз табиғаттағы маусымдық
өзгерістерді бақылауды үйрету арқылы зейіндерін
дамыту. Заттардың белгісі мен қасиеттерін анықтай
білуге жаттықтыру.
3. Табиғатты сүюге баулу.
Мақсаты: жемістер туралы қарапайым түсініктерін 1
Жеміс бағына
қалыптастыру.
саяхат
Міндеттері: 1. Жемістер туралы білімдерін естеріне
түсіріп, жемістер бақта өсетіндіктерін ұғындыру.
2. Күз сыйы және бақ деген сөздерге сөздік жұмысын
жүргізу арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3. Өсімдіктерге сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен
қарауға тәрбиелеу.
3
Үй және жабайы Мақсаты: Қазақстанда тұратын үй және жабайы 1
жануарлар туралы білімдерін қалыптастыру.
жануарлар
Міндеттері: 1. Балалардың үй жануарлары және
олардың төлдері, жабайы жануарлар туралы, өздеріне
таныс жануарлардың сыртқы ерекшеліктері туралы
білімдерін бекіту;
2. Қоршаған ортаның нысандарына эмоционалды,
жағымды, қамқорлықпен қарауды қалыптастыру.
3.Жануарларға
деген
қамқарлық
сезімдерін
тәрбиелеу.
4
Армысың,
ұшқыны!
5
Алтын балық
қар Мақсаты: балаларды табиғат құбылыстарымен 1
таныстыруды жалғастыру;
Міндеттері:1. Қыс мезгілі, қар, қыстағы адамдардың
тіршілігі туралы түсіндіктерді қалыптастыру. Қыс
мезгілінде болатын құбылыстар туралы түсіндіру.
2. Табиғат құбылыстарын (маусымдық) бақылау
дағдыларын қалыптастыру.
3.Әр жыл мезгілінің ерекшеліктерін түсіндіру арқылы
табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру.
Мақсаты: табиғат бұрышын мекендеушілерді 1
бақылау дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:1. Аквариумда тіршілік ететін алтын
балық туралы түсіндіру.
2. Балықты қалай қоректендіру керектігін түсіндіру
және көрсету арқылы есте сақтау қабілеттерін
7
дамыту.
3.Жанды табиғат
тәрбиелеу.
6
7
8
9
мүшелеріне
қамқор
болуға
Табиғат
Мақсаты: балаларды жанды табиғат өкілдерімен 1
бұрышындағы
таныстыруды жалғастыру.
құстарды бақылау Міндеттері: 1. Табиғат бұрышындағы құстың
ерекшіліктерімен таныстыру;
2.Сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы», «қанат»
деген сөздермен толықтыру. Құстардың суреттерін
көрсету арқылы зейіндерін және білуге деген
құштарлықтарын арттыру.
3.
Табиғат
бұрышының
тіршілік
иелері
ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Көктем
Мақсаты: табиғат құбылыстарына қызығушылық 1
таныту дағдыларын жетілдіру.
Міндеттері:
1. Көктем мезгілінде ауа райының жағдайларын
бақылау және анықтай білуді жетілдіру;
2. Көктем мезгілінде болатын табиғи құбылыстардың
пайдасын түсіндіру арқылы зейіндерін дамыту.
3. Әр мезгілдің ерекшеліктерін білдіру арқылы
табиғатты сүюге баулу
Бөлме өсімдіктері Мақсаты: балалардың табиғат бұрышындағы бөлме 1
өсімдіктері туралы білімдерін толықтыру.
Міндеттері: 1.Қазтамақ пен фикус гүлі туралы
айтып, оларды бір-бірінен ажырата білуге, тани
білуге
үйрету және
күту ерекшеліктерімен
таныстыру.
2. Бөлме өсімдіктерін тану және атау, өсімдіктердің
бөліктерін тану дағдыларын қалыптастыру.
3. Бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігін іс жүзінде
көрсету арқылы еңбекқорлыққа баулу.
Түкті
саяхаты
араның Мақсаты: балалардың жәндіктер мен шалғын гүлдер 1
туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері:
1. Балаларға ара жәндігі туралы білім беру.
2. Балалардың жәндіктер туралы қарапайым
түсініктерін дамыту.
3.
Балаларды
жәндіктерге,
өсімдіктерге
сүйіспеншілікпен және қамқорлықпен қарауға
тәрбиелеу.
8
«Қаршаған ортамен танысу» бойынша ұйымдастырылған оқу қызметтерінің
жоспарлары
№ 1 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Балабақша – біздің екінші үйіміз.
Мақсаты: балабақша қызметкерлері мен олардың еңбек әрекеттері туралы білімдерін
жетілдіру.
Міндеттері: 1. Балабақшада еңбек ететін адамдардың мамандықтарымен
таныстыру (медбике, аспаз).
2. Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме құрастыру дағдыларын қалыптастыру.
3.Балабақшада еңбек ететін адамдардың еңбектерін бағалай білуге
тәрбиелеу. Балаларды мейірімді болуға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: балабақша тақырыбына байланысты берілген тапсырмаларды.
түсінеді: балабақша және оның қызметкерлері туралы ұғымды.
қолданады: топта бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу іскерліктерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер: аспаз, медбике,
дәрумендер, азық-түліктер, айна, ойыншық торғай, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: аспаз, дәрігер.
Билингвалды компонент: хатқалта – конверт, балабақша – детский сад, аспаз – повар,
дәрігер – врач.
ҰОҚ барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Жалпы адамдар кездескенде бір-біріне амандық пен саулық
тілейді, яғни амандасады, жағдайларын сұрайды.
– Сендердің үстелдеріңде сиқырлы қорапшалар жатыр, оның ішінде ақылды
да алғыр балалар отыр. Кәне, бәріміз ашып қарайық, олар қандай балалар екен?
Әр қобдишаның ішінде айна жатады.
– Кәне, балалар, айнаға қарап: «Біз әлемдегі ең жақсы балалармыз», – деп айтайық.
Осылайша көңілімізді көтеріп, сабаққа кірісейік.
Таңғажайып сәт.
Біреу есік қағады. Педагог пошташыдан хатты алып, алғысын білдіреді.
– Балалар, біздің атымызға торғайлардан хат келіпті, оқып көрелік.
Педагог хатқалтаны ашып, хатты алып оқиды.
– Құрметті балалар! Біз торғайлармыз, сендердің бақшаларыңның үстінен
ұшып бара жатып сендердің көңілді екендеріңді көрдік.
«Біздің де осындай балабақшамыз болса ғой», – деп мұңайып қалдық. Біз балабақшаның
не екендігін білмейміз. Сендерге қонаққа келсек, бізге балабақша туралы айтып
бересіңдер ме?
– Балалар, торғайларға балабақша туралы айтып береміз бе?
Педагог екі торғайдың суретін немесе ойыншық торғайларды көрсетіп, олардың терезеден
ұшып кіргенін айтады.
2. Негізгі кезең
Білімді өзектендіру.
Педагог балабақша туралы өлең оқиды.
– Өлең не туралы?
– Балабақшаға кімдер барады?
9
– Балалар балабақшада не істейді?
– Балаларға кімдер қарайды?
Балабақша туралы әңгіме жүргізу.
– Балабақша – 2–3 жастан мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін
(қоғамдық) орын. Балалар, балабақшада сендерге кітап оқып беретін, сендермен күнде
қыдыратын кім?
– Педагогке көмектесетін кім?
– Ол қалай көмектеседі?
– Жарайсыңдар, балалар! Бізге ормандағы аңдардан хат алып келіпті. Кәне, хатқалтаны
ашып көрейік (хатты ашып, ішінен аспаз бен дәрігер бейнеленген екі сурет алып шығып,
оларды мольбертке іледі).
– Балалар, торғайлар ақ қалпақ киіп, шөміш ұстаған адамдарды көріп, енді олардың кім
екенін білмей отыр (көрнекілікті көрсетеді).
– Аспаз сендер үшін не істейді?
Торғай:
– Егер де балалардың біреуі ауырып қалса, не істейсіңдер?
– Біздің балабақшамызда денсаулықты қадағалап отыратын адам бар. Ол кім екен? Есімі
қалай аталады? Ол қандай қызмет атқарады?
– Иә, балалар, аспаз тамақ дайындаса, дәрігер балалардың денсаулықтарын қадағалап
отырады.
Билингвалды компонент:
хатқалта – конверт, балабақша – детский сад, аспаз – повар, дәрігер – врач.
Сергіту сәтін «Торғайлар мен автокөлік» қозғалыс ойынымен өткізеді.
Торғай:
– Сендердің балабақшаларыңда біз білмейтін заттар көп екен.
– Қайғырмаңдар! Балалар айтып береді!
«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны.
Шарты: қапшықтан заттар бейнеленген суреттерді бір-бірден алып шығады. Мысалы:
– Аспазға азық-түлік, қазан, таба, тамақ пісіретін плита керек.
– Дәрігерге дәрумендер, температура өлшегіш (градусник), дәке керек.
Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындатады.
Сурет бойынша балабақша туралы әңгіме жүргізеді.
Торғай балалармен қоштасады.
– Рақмет, балалар, мен сендерден көп нәрсе үйрендім. Сау болыңдар!
Жеке жұмыс:
Топтағы кейбір балаларға аспаз бен дәрігердің жұмыстары туралы сұрақ қояды.
Жауаптарын тыңдайды, толықтырады.
3. Рефлексия.
Қорытынды:
– Балабақша дегеніміз не?
– Балабақшада кімдер қызмет етеді?
– Өз балабақшаларыңды жақсы көресіңдер ме?
№ 2 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Менің отбасым
Мақсаты: балалардың туыстық қатынастар туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1. Балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы
мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынасқа түсу дағдыларын меңгерту.
10
2. Отбасы туралы әңгімелеу дағдыларын қалыптастыру.

Орындайды: әр отбасы мүшесінің не істейтінін;
Түсінеді: отбасы мүшелерінің атқаратан рөлдерін;
Қолданады: алған ақпараттарын жүйелеп қорытындылай білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: үйдің суреті, қуыршақ, отбасы суреты, балалардың
отбасылық суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: отбасы.
Билингвалды компонент: отбасы – семья.
ҰОҚ барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Таңғажайіп сәт
Тақтаға жақындап келіп балалардың назарын тақтадағы үйдің суретіне аударады.
– Бұл не деген үй? Кім тұрады екен бұл үйде?
– Үйде кім тұратынын білу үшін есікті қағайық.
Айсұлу қуыршағы шығады.
2. Негізгі кезең
Әңгіме откізу
– Сәлеметсің бе! Сенің атың кім?
А: – Сәлеметсіз бе! Менің атым – Айсұлу.
-Айсұлу, сен бұл үйде кіммен тұрасың?
А: – Мен жалғыз тұрамын.
–Балалар үйде жалғыз тұра ала ма? Олар кіммен тұрады? (Анасымен, әкесімен, әжесімен,
атасымен, ағасымен т.б.) бір үйе тұрған адамдардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Отбасылық суреттерді қарастыру.
– Әрине, Айсұлу да өз үйінде жалғыз тұрмайды. Айсұлудың отбасылық фотоларын
қарастырайық.
Балаларға отбасының суретін көрсетіп, отбасы мүшелерін атауға ұсынады.
Билингвалды компонент: отбасы – семья
Сергіту сәті
Басбармағым – атам,
Балалы үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – анам,
Кішкене бөбек – мен.
Міне, менің барлық отбасым.
Балалардың отбасылық фотоларын қарастыру.
– Бүгінгі сабаққа сендер де отбасылық фотоларыңды әкелдіңдер. Оларды да
қарастырайық.
2-3 бала өз отбасылық фотоларың көрсетіп, отбасы мүшелерін атайды.
Отбасы туралы жұмбақтар
Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам,
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған.
Ол кім? (Ата)
11
Атаңның баласы,
Кей кезде таласып.
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге.
Ол кім? (Әке)
Бала бала, бала деп,
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей.
Иісін жұпар аңқытқан.
Бұл кім? (Ана)
Дегенімді жасайтын,
Қалған тамағымды асайтын,
Ертіп алып жетектеп
«Немерем», – деп атайтын? (Әже)
– Отбасы мүшелерін сыйлау керек. Үлкеннен бұрын сөйлемейміз. Жол береміз.
Үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсетеміз.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс
Тапсырманы қалай орындауын түсіндіреді.
3.Рефлексия
Сұрақ-жауап арқылы әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.
№ 3 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Көліктер.
Мақсаты: көлік түрлерінің қолданысы туралы білімдерін қалыптастыру.
Міндеттері: 1. Балаларды көлік түрлерімен таныстыру;
2. Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын
қалыптастыру.
3. Әр көліктің пайдасын айта отырып, еңбекқорлыққа баулу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үлестірмелі
материалдар.
Күтілетін нәтижелер:
Орындайды: көлік түрлерін ажыратуға арналған тапсырманы.
Түсінеді: құрлық, су және әуе көліктерінің маңызын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: слайдтар, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: жүк мәшинесі.
Билингвалды компонент: көлік – транспорт, ұшақ – самолёт, кеме – корабль.
ҰОҚ барысы
2.
Ұйымдастыру кезеңі
12
Білімді өзектендіру.
– Балалар, бүгін бізге қонжық қонаққа келді. Ол бізден көмек сұрап келіпті.
Педагог қонжықтың дауысын салып сөйлейді:
– Маған мәшине түрлері және олардың пайдасы туралы айтып беріңдерші.
2. Негізгі кезең
Әңгіме өткізу.
– Слайдтарға қарап, қандай көлік түрлері бар екенін анықтайық.
1-слайд: мәшине, автобус, ұшақ. Жүк мәшинесі, кеме.
– Суреттегілердің аттарын атаңдар.
– Оларды бір сөзбен қалай атауға болады.
2-слайд: жеңіл және жүк мәшинелері.
– Мына екі мәшине туралы не айтуға болады? Екеуінің қайсысы жүк мәшинесі?
– Екеуінің қандай айырмашылықтары бар?
– Иә, дұрыс айтасыңдар. Жүк мәшинесінің дөңгелектері көп. Ол жүк тасиды. Мысалы:
құм, тас, ағаш т.б. заттарды тасымалдайды. Ал жеңіл мәшинемен кімдерді тасиды?
– Дұрыс айтасыңдар. Жеңіл мәшинемен жолаушылар тасымалданады. Оның
жолаушыларға арналған салоны бар. Ал жүк мәшинесінің жүргізуші отыратын кабинасы
және қорабы бар. Ал мәшинені кім жүргізеді?
Жеңіл мәшине да, жүк мәшинесі да – құрлық көліктері.
Билингвалды компонент:
көлік –транспорт, ұшақ – самолёт, кеме – корабль.
Сергіту жаттығуы.
1, 2, 3, 4, 5 – мәшине жүргізуді бейнелейміз.
1, 2, 3, 4, 5 – велосипед тебуді бейнелейміз.
Су және әуе көліктері туралы әңгіме жүргізу.
– Егер қонжықтың жолында өзен немесе теңіз кездессе, олардан қандай көлік түрлері
арқылы өтеді?
– Кеме – корабль. Кәне, бірнеше рет қайталайық. Кеме және қайық – су көліктері.
– Егер биік-биік таулар кездессе ше?
– Ұшақ – самолёт.
– Дұрыс, ұшақпен ұшып өтеді. Ұшақ – әуе көлігі.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
– Қонжық біздің айтқандарымызды ұмытып қалмас үшін көлік түрлері бейнеленген
жапсырмаларды жапсырайық.
Жеке жұмыс жүргізеді.
3.
Рефлексия.
– Жарайсыңдар, балалар! Кішкентай қонжық көліктер туралы көп мағлұмат алды.
Сонымен көліктер не үшін керек екен?
– Қандай көлік түрлері болады?
№ 4 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Менің Отаным – Қазақстан!

Міндеттері: 1.Қазақстанның кең-байтақ, бай мемлекет екенін түсіндіру. Мемлекет
астанасы туралы түсінік беру. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы
түсініктерін дамыту: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен таныстыру.
13
2. Балалардың қызығушылығын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту; патриоттық сезімді
тәрбиелеу, өз Отаны туралы білуге деген құштарлығын ояту.
3. Туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: тақырып бойынша берілген тапсырмаларды.
түсінеді: мемлекет астанасы дегенді.
қолданады: алған білімдері мен дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: кілем, карта, Астана қаласының суреттері, тудың
суреттері.
Сөздік жұмыс: Отан.
Билингвалды компонент: Отан – Родина, астана – столица.
ҰОҚ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
– Сәлеметсің бе, Күн шуағы! Сенің шуағың ертемен бізді оятты. Күн шуағы бізге әрдайым
нұрын шашады. Рақмет саған! Біз өстік, саған қарай қол созамыз, қонақтарға жылы
лебіздерімізді білдіреміз! Бір-бірімізге жақсы көңіл күй сыйлайық. Күн шуағы, сен бүгін
бізбен бол!
– Өте жақсы, балалар! Саяхатқа шыққыларың келе ме?
– Мен сендерге сиқырлы кілемшемен саяхаттауды ұсынамын.
2. Негізгі кезең
–Біз кілемшемен туған өлкеміздің үстінен ұшып бара жатырмыз. Біздің Отанымыз қалай
аталады?
– Картадан еліміздің аумағын көрсетіп, Отанымыз туралы әңгімелеу.
Билингвалды компонент:
Отан – Родина, астана – столица.
Сөздік жұмысы:
Отан (Родина) – туған ел, өскен жер.
– Балалар, біз қазір елді мекендер үстінен ұшып барамыз: кішкентай үйлер, киіз үйлер,
жайлауда мал жайылып жүр, ешқандай көлік түрлері, түтіндеп жатқан фабрикалар мен
зауыттар көрінбейді. Табиғаты әсем, ауасы таза, суы мөлдір.
– Бұл не екен? (Ауыл).
– Бұл еліміздің ең басты қаласы –Астана.
Астананың үстінен ұшып барамыз. (Астана қаласындағы жаңа ғимараттардың суреттерін
көрсету).
– Астана – столица. Астананы елорда деп те атайды. Өйткені ол еліміздің ордасы, басты
қала дегенді білдіреді.
Сергіту сәті: «Жақсы ма?»
– Күн шыққаны жақсы ма?
– Жел соққаны жақсы ма?
– Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?
– Анаңды құшақтаған жақсы ма?
– Отаныңда өмір сүрген жақсы ма?
– Үйде болған жақсы ма?
– Би билеген жақсы ма?
– Отанымның азаматы болған жақсы ма?
– Саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Басқа елдердей Қазақстан Республикасының
да өзінің рәміздері бар. Үлкен ғимараттардың үстінде Қазақстан Республикасының Туы
желбіреп тұрады.
– Осы ғимараттың қасында тоқтап туды мұқият қарастырайық.
14
Педагог тудың суретін көрсетеді.
– Туда не бейнеленген? Балалар, туды жалау деп атауға болады.
«Қазақстан жалауы» өлеңін тыңдау.
Көк аспандай көкпеңбек
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашақ қабағы.
Ақ ниеті алтын күн,
Асқақ арман қыраны
Жалауы – бұл
Халқымның мәртебесі, туы, ары.
– Өлең не туралы?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы туралы әңгіме:
– Қазақстан Республикасының туы көк түсті. Ол – тазалық пен пәктіктің нышаны. Тудың
ортасында алтын күн бейнеленген. Ол – байлық пен берекенің белгісі. Күннің астында
шарықтап ұшқан алтын қыран орналасқан. Ол еліміздің күшін білдіреді. Тудың сол
жағында ою бейнеленген.
Қазақстанның әр азаматы өз елінің рәміздерің құрметтеп сыйлауға міндетті.
3. Рефлексия.
– Міне, саяхат та аяқталды.
– Сендерге саяхат ұнады ма?
– Біз қай жерлерде болдық?
№ 5 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Біздің топтың ойыншықтары.
Мақсаты: қоршаған орта заттары, олардың сапалары мен қасиеттері туралы түсініктерін
жүйелеу және толықтыру.
Міндеттері:1. Балалардың ойыншықтар туралы білімдерін кеңейту;
2.Бірнеше сенсорлық белгілеріне қарап, заттарды топтастыра білуді, айналасындағы
заттарды ажырата және ортақ қасиеттері бар ойыншықтарды топтастырып, оларды
сипаттай білу дағдыларын игерту.
3. Ойыншықтарды күтіп ұстауға баулу.
Күтілетін нәтижелер:
орындайды: ойыншықтардың қандай материалдардан жасалғанын ажыратуға арналған
тапсырмаларды.
түсінеді: ойыншықтар туралы берілген мәліметтерді.
қолданады: таныс ойыншықтарды негізгі белгілеріне қарап анықтай білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: ойыншықтар – қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю,
мәшине, доп.
Сөздік жұмыс: материал.
Билингвалды компонент: ойыншық – игрушка, қуыршақ –кукла, текшелер – кубики.
15
ҰОҚ барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
– Балалар, біз бүгін ойыншықтар әлеміне қонаққа барамыз. Мына ойыншықтар сөресінде
жиналып тұрған ойыншықтарды атайық.
– Қуыршақ, қоян, жүк көлігі, аю, мәшине, доп.
2. Негізгі кезең
Білімді өзектендіру.
«Сиқырлы сандық» ойыны.
Шарты: сандық ішінен ойыншықтарды бір-бірден шығарып, оларды сипаттайды, олармен
қалай ойнайтындарын әңгімелейді.
«Қабырғаны тұрғызамыз» саусаққа арналған жаттығуы.
Қабырғаны тұрғызамыз,
Жоғары, жоғары.
Осылайша
Шатырды да саламыз!
Педагог ойыншықтарды көрсетіп тұрып:
– Бұл заттардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз? – деп сұрайды.
– Ойыншықтарды арнайы мамандар әртүрлі материалдардан жасайды. Мысалы,
резеңкеден жасалған ойыншықтар болады. Доп резеңкеден жасалған. Кәне, допты сипап
көрейік, ол қандай? Салмағы қандай?
− Сонымен қатар ағаштан жасалған ойыншықтар да бар. Оларға текшелерді жатқызуға
болады.
– Сипаттап көрейік, сипап көргенде саусаққа қалай сезіледі?
– Олар резеңкеден жасалған ойыншықтарға қарағанда қатты, соған қарамастан оны күтіп
ұстау керек.
Сергіту сәті: «Ойыншықтар».
Билингвалды компонент:
ойыншық – игрушка, қуыршақ – кукла, текшелер – кубики.
Резеңкеден және ағаштан жасалған қуыршақ пен ұшақты сипаттау.
– Балалар, бізге қонаққа тағы бір ойыншық келді. Бұл ойыншық қалай аталады?
– Қуыршақ ағаштан ба әлде резеңкеден жасалған ба?
– Мына ойыншық қалай аталады? (Ұшақты көрсетеді).
– Ұшақ неден жасалған?
«Ғажайып қапшық» дидактикалық ойыны.
– Мына ғажайып қапшықта ойыншықтар бар. Қазір ойыншықтарды бір-бірден алып,
неден жасалғанын анықтау керек. Сондықтан ойыншықтарды алып, ағаштан
жасалғандарды ұшақтың қасына, резеңкеден жасалғандарын қуыршақтың қасына
орналастыруларың керек.
3. Рефлексия.
Ойыншықтар туралы алған білімдерін сұрақ-жауап арқылы қорытындылайды.
№ 6 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу.
Тақырыбы: Құртақанды киіндіреміз.
Мақсаты: қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін кенңейту.
Міндеттері: 1. Киім туралы тусінік беру, жыл мезгілдерінің өзгерістеріне байланысты
киімдерді сараптай білуді үйрету;
2.Маусымдық өзгерістеріне сәйкес киімдерді таңдау дағдыларын қалыптастыру;
16
3. Тиянақтылықты, мәдени-гигиеналық дағдыларды тәрбиелеу.
орындайды: маусымдық киімдерді ажырата алуға арналған тапсырманы.
түсінеді: маусымдық өзгерістердің адамдардың киім кию үлгісіне әсерін.
қолданады: қыстық киімдерді жаздық киімдерден ажырата білу дағдыларын.
Қолданылатын көрнекі құралдар: жаздық, қыстық киім үлгілері көрсетілген заттық
суреттер, сандық, киім түрлерінің суреттері, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: жаздық киім, қыстық киім.
Билингвалды компонент: киім – одежда, тон – шуба, шарф –мойынорағыш, етіктер –
сапоги.
ҰОҚ барысы
1.
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері.
– Күннің шапағы қандай керемет! Барлығыңды шаттық шеңберіне шақырамын.
Сәлем, достым,
Мен ғой досың!
Таңғажайып сәт.
Ортаға сандық алып шығады.
– Балалар, мына сандықты кім әкелген?
Сандықта жазу бар екен, кәне, оқиық:
«Мен ғажайып сандықпын. Кәне, достым, қақпағын аш!».
Сандықты ашады, оның ішінен құртақанды алып шығады.
– Балалар, мына құртақан қонаққа бармақ. Бірақ қандай киім киерін білмей жатыр.
Құртақанға киім таңдап берейік.
2. Негізгі кезең
Білімді өзектендіру:
Педагог бір-бірлеп сандықтан киімдерді алып шығады.
– Мынау не?
– Бұл заттарды бір сөзбен қалай атауға болады?
– Осы киімдерді құртақанға кигізуге бола ма?
– Онда оған қандай киім керек?
Билингвалды компонент:
киім – одежда, тон – шуба, шарф – мойынорағыш, етіктер – сапоги.
Киімдер туралы жұмбақтар шешу.
– Сандықта тек жаздық киімдер ғана, ал қыстық киімдер туралы жұмбақтар бар екен. Енді
оларды шешу керек.
Есігі – біреу,
Бөлмесі – бесеу. (Қолғап)
Мойынға ол оралып,
Жылулықты сақтайды,
Аяздан бізді қорғайды. (Мойынорағыш – шарф)
Теріден тігілген,
Тек қыста киілген.
Үлкен-кіші киген
Ол не екен білсең? (Тон)
Қыстың күні онсыз,
17
Шыға алмайсың далаға. (Тымақ)
Осыдан кейін педагог сандықтан жұмбақтардың шешулері болған киімдердің
суреттерін алып шығады.
– Ал мына киімдерді құртақанға киюге бола ма?
– Киімді қалай күтуге болады?
Саусаққа арналған жаттығу.
Музыка әуенімен кеудешелерінің түймелерін ашады, қайтадан салады.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс.
Тапсырманы қалай орындау керектігін түсіндіреді.
Жеке жұмыс өткізеді.
3. Рефлексия.
Сұрақ-жауап әдісі арқылы оқу қызметінде алған білімдері қорытындыланады.
№ 7 ҰОҚ
Білім беру саласы: Әлеумет.
Бөлімі: Қоршаған ортамен танысу
Тақырыбы: Қонаққа дастарқан жаямыз
Мақсаты: Қоршаған ортадағы заттар туралы білімдерін дамыту, олардың қасиеттерімен
таныстыру.
Міндеттері: 1. Ыдыс-аяқ және оның қасиеттері, пайдалану әдісі туралы білімдерін
жинақтау;
2. Заттардың сапалары мен қасиеттерін:сипап сезу, қарастыру арқылы тануды
қалыптастыру;

орындайды: ыдыс-аяқтардың атауларын атайды.
түсінеді: ыдыс-аяқ неден жасалғанын.
қолданады: ыдыс-аяқтарды неден жасалғанына қарай жұптастыру тәсілдерін.
Қолданылатын көрнекі құралдар: хатқалтадағы хат, әртүрлі материалдан жасалған
ыдыстар заттары: қасықтар, кесе, тәрелке, кастрөл, нан салғыш.
Сөздік жұмыс: шыны ыдыс-аяқ, темір ыдыс-аяқ, ағаш ыдыс – аяқ.
Билингвалды компонент: ыдыс – посуда.
ҰОҚ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
1.
Таңғажайып сәті
Педагог балалардың назарын қызыл хатқа аударады. Балаларға хатты оқиды:
«Құрметті балалар! Хатты жазып отырған мен – қуыршақ Сәуле. Жақында мен сендерге
қонаққа барамын».
2.
Негізгі кезең
Білімді өзектендіру:
Тәрбиеші балаларға қазақ елі қонақжай екені туралы айтады!
– Кәне, қанақжайлықты көрсетейік. Сәулеге шай берейік.
– Ол үшін дастарқан жаю керек.
18
Балалардың назарларын дастарқанға аударады.
– Дастарқан жайу үшін не керек?
Жұмбақтар
– Ыдыс туралы жұмбақтарды шешейік.
Жұмбақтардың шешімін таба отырып, тәрбиеші ыдыстарды дастарқанға жаяды.
Қалпағы бар,
Басы жоқ.
Тұтқасы бар,
Топсасы жоқ,
Аузы бар,
Тiсi жоқ.
Қарыны бар –
Кiшi тек,
Түтiгi бар –
Көшi көп. (Шәйнек)
Сабы бар,
Басы шатыр.
Табысын өлшеп әкеп,
Құдыққа тасып жатыр. (Қасық)
Төңкерсең күмбез сынды,
Шалқайтсаң құдық сынды.
Жиегiнде қос құлағы бар,
Тiк көтерген үш бұтағы бар. (Қазан)
– Осы заттардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз?
Билингвалды компонент: ыдыс – посуда
– Қалай ойлайсыңдар? Осы заттардың ішінен қайсысы артық?
–Дұрыс! Артығы – кастрөл. Қазан тамақ әзірлеу үшін арналған. Қазан неден жасалған?
–Қазан темірден жасалған. Сондықтан ол темір ыдыстарға жатады. Темір ыдыстар мықты.
Дегенмен бұл ыдысты ұқыпты пайдалану керек.
–Үстелдегі ыдыстарға мұқият қарайық. Темірден жасалған қандай ыдыстар бар?
–Қасық не үшін қажет?
Тәрбиеші кесе мен шынаяқ көрсетеді.
– Олар неден жасалған? Шынаяқ пен кесенің айырмашылығы неде?
– Дастарқанда тұрған ыдыстардың қайсысы шыныдан жасалғанын атаңдар.
Тәрелкені көрсетеді.
–Тәрелкенің пішіні қандай?
– Балалар шыны ыдыстарды лақтыруға бола ма?
– Әрине, болмайды. Шыны ыдыс сынып қалады.
Сергіту сәті
Өлең жо

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!