Материалдар / Қоршаған ортаның ластану жағдайлары және оның адам денсаулығына әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қоршаған ортаның ластану жағдайлары және оның адам денсаулығына әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қаңтар 2019
2131
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Абылай хан» атындағы жоғары колледж

Басылым: үшінші

Сапа менеджмент жүйесі

Тәжірибені ұйымдастыру және дуалды оқыту

ПРО АБК 707-17





Тәжірибе есебінің мазмұны



  1. Кіріспе......................................................................................................10

беті

  1. Негізгі бөлім (мекеме тарихы, мекеме туралы жалпы мәлімет).........11

беті

    1. Мекеме тарихы, мекеме туралы жалпы мәлімет................................11

беті

  1. Тәжірибе бағдарламасы бойынша теориялық білімнің тәжірибемен ұштасуы..................................................................................................12


беті

  1. Қорытынды бөлім..................................................................................61

беті

  1. Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................62

беті






























ЖОСПАР

П/П


Іс-шаралар


Орындалу мерзімі


Жауапты тұлға

Орындал-

ғаны туралы белгі


Кіріспе





1

Оқу-технологиялық тәжірибесінің кіріспесі


07.05.2018


Усерова Ж.



Негізгі бөлім (мекеме тарихы, мекеме туралы жалпы мәлімет)





1

«Сыр-Арал сараптама»

ЖШС


07.05.2018


Усерова Ж.



Тәжірибе бағдарламасы бойынша теориялық білімнің тәжірибемен ұштасуы





1

Тәжірибе орнына бару.


07.05.2018


Усерова Ж.


Кәсіпорынмен танысу,оның бөлімдерімен танысу,өндірістік қызметпен танысу. ҚТ бойынша ескертулер.

Технологиялық үрдістердің экологиялық қауіпсіздігіне байқау және бақылау жасау.

2

Технологиялық үрдістердің оптималдық тәртібін анықтау.

08.05.2018


Усерова Ж.


Ластанудың негізгі көздерін бақылауды ұйымдастыру.

Қоршаған ортаның мониторингі.


3

Ластану көздерін түгендеу(есеп).


09.05.2018


Усерова Ж.


Стационарлық және қозғалыс посттарын бақылауды ұйымдастыру.

Бақылаудың әдістері мен мерзімдері.


4

Барлық ортадағы сынақтарды таңдау.

10.05.2018

Усерова Ж.


Сынақтарды таңдауға даярлау,талдауды өткізу

Талдау қорытындысын өңдеу,қажетті есептерді шығару.


5

Өсімдіктер жағдайы бойынша табиғат ортасы жағдайының кешенді мониторингі.

11.05.2018

Усерова Ж.


Табиғат ортасының жағдайын талдауға арналған құралдар мен жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі,қызмет принциптері,құрылысы.

Түрлі құралдарды пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы.


6

Кәсіпорын аймақтарындағы және жақын аудандардағы жасыл екпелердің жағдайын болжау,бақылау қорытындысын жалпылау.

12.05.2018

Усерова Ж.


Арнайы өкілетті орындарының құқықтық актілері(бұйрықтар,нұсқаулар,келісімшарттар,сонымен қатар табиғат қорғау қызметі бойынша нормативтік актілер)

Табиғаттың,қоршаған ортаның обьектілері,оларды қорғау және тиімді пайдалану.


7

Қоршаған ортаны қорғау бойынша кәсіпорынның қатысуы, табиғат қорғау шараларын алдын алу.

14.05.2018

Усерова Ж.


Хромотографиялық талдаудың негіздері.

Әдістің принциптері, мүмкіншілігі, тағайындалуы мен жүзеге асырылуы. УГ-2 құралы, құрылымы, тағайындалуы, жұмыс принципі


8


Көмекші ретінде жұмыс істеу.

15.05.2018

Усерова Ж.


Тәжірибе бойынша материалдарды жалпылау және есеп құру.

Атмосфералық экологиялық мәселелері


9

Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері

16.05.2018

Усерова Ж.


«Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі.

Озон мәселесі.


10

Қышқыл жауын-шашындар мәселесі

17.05.2018

Усерова Ж.


Су ресурстарының экологиялық мәселелері

Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы


11

Жердегі су қоры

18.05.2018

Усерова Ж.




Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері.

Судың эвтрофикациясы


12

Су тапшылығы мәселесін шешу

19.05.2018

Усерова Ж.


Жер ресурстарын пайдалану мәселелері

Жер қоры


13

Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары

21.05.2018.





Усерова Ж.


Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері

Пестицидтер және оларды қолданудың экологиялық мәселелері


14

Орман ресурстарын пайдалану мәселелері

22.05.2018

Усерова Ж.


Орманды пайдалану критерийлері

Ормандардың экологиялық маңызы


15

Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

23.05.2018

Усерова Ж.


Тропиктік ормандар мәселесі

Қазақстанның экологиялық мәселелері


16

Қазақстандағы радиациялық жағдай


24.05.2018

Усерова Ж.


Қазақстанның су ресурстары мәселесі

Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау


17

Ерекше қорғауға алынған территориялар

25.05.2018

Усерова Ж.


Тұрақты даму концепциясы

Экологиялық білім беру,тәрбие және мәдениет


18

Экологиялық құқық

26.05.2018

Усерова Ж.


Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар.

Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану.


19

Қазақстанның экологиялық апат аудандары

28.05.2018

Усерова Ж.


Экологиялық демография

Демография ұғымы


20

Литосфера және оны тиімді пайдаланумен қорғау

29.05.2018

Усерова Ж.


Топырақ ресурстарының маңызы

Жер ресурстары


21

Жел және су эрозиялары

30.05.2018

Усерова Ж.


Топырақты эрозиядан қорғау

Жерді рекультивациялау


22

Қоршаған ортаны тұтыну және өндіріс қалдықтарымен ластануы.

31.05.2018

Усерова Ж.


Табиғатты пайдалануда болжамдау және модельдеу

Табиғатты пайдалануды басқару


23

Табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері


01.06.2018

Усерова Ж.


Экологиялық стандарттау және сертификаттау

Қоршаған ортаның сапасын нормалау.


24

Жерүсті суларының сапасын гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша жіктеу.


02.06.2018

Усерова Ж.


Табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдар мен келісімдер.

Қоршаған ортаның ластану жағдайлары және оның адам денсаулығына әсері.


25

Денсаулық үшін зиянды заттектер.


04.06.2018

Усерова Ж.


Табиғи ресурстар және олардың жіктелуі.

Табиғи орта.Табиғи жағдайлар.


26

Табиғи жағдайлардың халықтық тіршілігіне жайлылығы.


05.06.2018

Усерова Ж.


Топыраққа антропогендік факторлардың әсері және экологиялық зардаптары.

Қазақстандағы пайдалы қазбалар.


27

Жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау.


06.06.2018

Усерова Ж.


Қазақстандағы өсімдік ресурстарының экологиялық жағдайлары.

Өсімдіктердің биосферадағы және адам өміріндегі маңызы.


28

Өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану және қорғау.

07.06.2018

Усерова Ж.


Қазақстандағы жануарлар ресурстарын экологиялық жағдайы.

Жануарлар дүниесінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.


29

Жануарлар дүниесінің деградациясы және жануарларды қорғау.


08.06.2018

Усерова Ж.


Қоршаған ортаны тұтыну және өндіріс қалдықтарының ластануы.

Тұтыну және өндіріс қалдықтарымен ластануы.


30

Тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан қорғау.

09.06.2018

Усерова Ж.


Экологиялық дағдарыс, себептерімен салдары.

Өндірісті экологияландыру және оның ұстанымдары -мен технологиялары.


31

Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістерінің қоршаған ортаға тигізетін әсері.


11.06.2018

Усерова Ж.


Жылу энергетикасының экологиялық проблемала -ры.

Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары.


32

Көмір өнеркәсібі.


12.06.2018

Усерова Ж.


Химия өнеркәсібі.

Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі.


33

Қазақстанның түсті және қара металлургиясы.


13.06.2018

Усерова Ж.


Табиғи қорлар және оларды топтастыру

Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында табиғи қорларды пайдалану негіздері.


34

Қоршаған ортаны өнеркәсіп ластығынан қорғаудың негізгі бағыттары.


14.06.2018

Усерова Ж.


Газды тазалау.

Ақаба суларды тазалау.


35

Ресурс және энергия сақтаушы өндірістерді жасау.


15.06.2018

Усерова Ж.


Қатты қалдықтарды тазалау және зиянсыздандыру.

Экологияның түпкі бастамалары, заңдары және табиғат дамуының тұрақтылығы.


36

Экологиялық заңдар.


16.06.2018

Усерова Ж.


Табиғаттың және қоғамның тұрақтылық дамуының келешегі.

Қазақстанның тұрақты дамуы және қоршаған ортаны қорғау.

4.

Қорытынды бөлім





1

Оқу-технологиялық тәжірибесінің

Қорытындысы




5.

Әдебиеттер мен оқулықтар,

қосымша материалдар тізімі





































І. КІРІСПЕ


Мен, білім алушы Үсен Меруерт 07.05.2018-16.06.2018ж.ж аралығында «Сыр-Арал сараптама» ЖШС мекемесімен оқу тәжірибесінен өттім. Мен тәжірибеден өту барысында өзімнің болашақ мамандығымды шыңдай түстім.

Оқу-технологиялық практиканың мақсаты – мамандық бойынша оқылатын өндірістік кәсіпорындардың бағыттарымен және болашақ кәсіби қызметінің міндеттерімен, түрлерімен танысу. 

Оқу-технологиялық практиканың міндеті - студентердің алған теориялық және тәжірибелік білімдерін бекіту; қауіпсіздік техника ережелерін оқу, техникалық бағдарламаларды пайдалану ережесін үйрені және оны қолдана білуді үйрену, негізгі және қосалқы бағдарламалардың түрлерімен танысу жабдықтарды, кәсіпорыннның өндірістік бөлімшесімен танысу. Мекемелердің ақпараттық- анықтамалық, бақылау жүйелерімен толық таныса отырып тәжірибе жинақтау. Оқыту тәжірибесі психологияда тек зерттеу үшін ғана емес, сонымен қатар ақыл-ой дамуының, яғни тұлғаның үйренушілік деген қасиетінің диагностикасын жасауында қолданылады. Оқу тәжірибесі - студенттер дәстүрлі университет ортасынан тыс маңызды рольдерді орындауға мүмкіндік алатын академиялық және мансаптық тәжірибе алмасу ұсынады. Оқу іс-тәжірибесі -  студенттердің таңдау мамандығы бойынша өзіндік іс-әрекеттермен танысу мақсатында жүргізіледі. Іс-тәжірибе институттың оқу-қосымша бөлімшелерінің базасында,сондай-ақ мамандықтың бағыты бойынша ұйымдарда ұйымдастырылады. Шеңберімен байланысын нығайтады, аналитикалық   және  абстрактылық ойды дамытады. Кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен оқу жоспарларына сәйкес тәжірибелердің барлық түрлерін өткізуге шарт жасасу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді; Бітіруші кафедралармен және деканаттармен бірлесіп түлектер туралы мәліметтер базасын құруды ұйымдастырады және бақылайды; Академия түлектеріне мүдделі кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар туралы мәліметтер базасының құрылуын ұйымдастырады және бақылайды; Жұмыспен қамту, іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мамандар жәрмеңкесін өткізуді ұйымдастыру саласында жергілікті өкілетті органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады және бақылайды; Тәжірибелерді жоспарлауға қатысты оқу жылына академиялық күнтізбені жасауға қатысады; Жаңа мамандықтар бойынша тәжірибе бағдарламаларының уақытылы әзірленуін бақылайды (тәжірибеден өту басталғанша кем дегенде 6 ай бұрын, және олардың ары қарай уақытылы жаңаруы және толықтырылуы (кем дегенде әрбір 5 жыл сайын);Барлық мамандықтар мен курстар бойынша тәжірибе (оқу және өндірістік) бағдарламаларының болуын бақылайды; Студенттердің оқу, өндірістік және дипломалды тәжірибелерін өткізу үшін жаңа базаларды іздестіру бойынша бітіруші кафедралармен бірлескен жұмыс; Жұмыс мамандықтары бойынша бағдарламалар әзірлеуді, куәліктер дайындауды және кафедраларға таратуды бақылайды.



ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


«Сыр-Арал сараптама» ЖШС 2010 жылы құрылып арнайы Мемлекеттік Лицензиялар бойынша қауіпті өнеркәсіптік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету және қоршаған ортаны қорғау жобаларын дайындау және нормалау бағыты бойынша кызмет көрсетеді. Жоғары кәсіби білікті және тәжірибиелі мамандар шоғырландырылған. Өз қызметін үздік және сапалы жұргізу үшін «Сыр-Арал сараптама» ЖШС толық қанды методикалық, заманауи, нормативтік және анықтамалық көрнекіліктер, сараптамалық арнайы қондарғылармен қамтамасыз етілген.

Бүгінгі таңда «Сыр-Арал сараптама» ЖШС еліміздің мұнай-газ саласындағы ірі-ірі танымал компанияларымен бірлесіп жұмыс жасауда. Атап айтқанда: АҚ «ПетроКазахстан КумкольРесорсиз», «Қуатамлонмұнай» БК ЖШС, «ЖанРос Drilling» ЖШС, «Сибу-Кызылорда» БК, «CNEC» (СиЭниСи) ЖШС, «КНЛК Интернешнл Казахстан Инк» ҚФ ЖШС, «Азиаш» ЖШС, «Жігер Ойл Сервис» ЖШС, «Тянь-Шань Мунай Сервис» ЖШС және т.б.

Мақсатымыздың негізгі бағыты – тапсырыс иелеріммен ұзақ мерзімді ынтымақтастық, қызметімізді сапалы және қысқа мерзімде орындау.

Қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша: табиғат қорғау ісін жобалау, нормалау.

Түрлі шаруашылық объектілерге «Қоршаған ортаға әсердi бағалау» рәсiмін әзiрлеу, жобалау құжаттары құрамындағы «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімін әзірлеу, өндірістік кәсіпорындардың барлық түрлері үшін ластаушы заттардың эмиссиялар нормативтерiн әзiрлеу, өндірістік кәсіпорындардың барлық түрлері үшін ластаушы заттар шығарындылары мен төгiндiлерiнiң     жол берiлетiн шектi нормативтерi, өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру нормативтерін әзірлеу, қалдықтармен жұмыс істеуге байланысты жобаларын әзірлеу, парниктік газдарды түгендеу паспортын әзірлеу,

қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алу үшін өтінім құжаттарын дайындау қызметін атқару, табиғат қорғау іс-шаралар жоспары және өндірістік экологиялық тексерістің бағдарламалары.

Өндірістік қауіпсіздік саласы бойынша: Өндірістік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу, өндірістік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, өндірістік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу.

Мекен-жайымыз:

Қызылорда қ,

Желтоксан 144

тел: 8 (7242) 230306,230316

e-mail: SA-saraptama@mail.ru







ІІІ. ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМНІҢ ТӘЖІРИБЕМЕН ҰШТАСУЫ


Мен, Үсен Меруерт 07.05.2018-16.06.2018ж. «Сыр-Арал сараптама» ЖШС мекемесінде оқу-технологиялық тәжірибесінен өттім. Алғаш күні, яғни 07.05.2018ж. тәжірибе бағдарламасына сәйкес мекеме тарихы, ішкі тәртіппен, ұжыммен тәжірибені өту мерзімінде қауіпсіздік техникасының ережелері бойынша кіріспе нұсқаулықтан Усерова Ж. таныстырып өтті. Тәжірибенің келесі күні 07.05.2018 қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстырып, түсіндірді. Қауіпсіздік техникасы дегеніміз - еңбекті қорғаудың бір түрі, жұмыс атқарушыларға қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін шаралар мен құралдардың жүйесі. Жұмыскерлердің денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін өндіріс жағдайларының алдын алу қажет. Қауіпсіздік техникасы жөніндегі шаралардың жүзеге асырылуы және қолданылуы нормативтік-техникалық құжаттаманың-стандарттардың, ережелердің, нормалардың, нұсқаулардың негізінде жүргізіледі.

Жетекшім мені мекеме қызметкерлерімен, бухгалтерия және кадр т.б. бөлімдерімен таныстырды. Олармен тез тіл табысып кеттім. Тәжірибенің алғашқы күнінде өзім жіберілген бөлімнің құжаттарымен таныстым. Усерова Ж бірігіп, тәжірибе жұмысымды сәтті атқара бастадым. Ең алдымен мекеменің қауіпсіздік ережесімен таныстым. Қауіпсіздік ережелерін үйрендік. Өзімнің күнделікті практикаға келу уақытымызды белгіледі. Сонымен қатар тәжірибе барысында күнделігіме әрбір тәжірибе жұмысымды күн ретімен жазып отырдым. Сөйтіп, тәжірибенің бірінші күні мекеме ұжымымен танысумен өтті. Тәжірибенің екінші күнінен бастап, бағдарламалық тақырыптар бойынша жұмыс жүргіздім. Усерова Ж бізді мекемедегі жұмыстарымен, мекеме қызметкерлерімен таныстырды. Олардың жұмыстарын бақылап, білмеген, түсінбей қалған жерлерімді дер кезінде сұрап, біліп отырдым. Тіпті олармен бірігіп жұмыс атқардым. Көптеген іс – шараларға қатысып, білмеген нәрселерімді үйрене бастадым. Тәжірибе барысында танысып, біліп, үйренгенім көп болды. Сонымен осы мекемеде іс-тәжірибе жұмысымды атқара жүріп, көп нәрсеге көзім жетті. Сонда да бұл үйренгендерімді әлі де аз санаймын. Себебі білікті маман иесі болу үшін талмай еңбектеніп, жақсы дағдыны қалыптастыру керек. Тәжірибенің де негізгі мақсаты – теориялық түрде үйренген білімді практика жүзінде, яғни іс жүзінде істеп көру, мамандықты шыңдай түсіп, өзіндік көзқарас қалыптастыру. Осы оқу-технологиялық тәжірибесі нәтижесінде тәжірибе жетекшім айтқандай, біліктілігімді шыңдап, дағды қалыптастырдым деп ойлаймын.






07.05.2018. Тәжірибе орнына бару. Кәсіпорынмен танысу, оның бөлімдерімен танысу, өндірістік қызметпен танысу. ҚТ бойынша ескертулер. Технологиялық үрдістердің экологиялық қауіпсіздігіне байқау және бақылау жасау. Біз алғашқы күні мекемеге барғанда, мекеме басшысымен және мекеме қызметкерлерімен таныстық. Біздің жетекшіміз Жанар апай бізге бөлімдерді, құжаттарды және қауіпсіздік техникасымен таныстырды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау (ҚжЕҚ)

Компанияның ҚжЕҚ саласындағы жетекші қағидалары:

1. ҚЕҚОҚ талаптары – кез келген шешім қабылдау кезіндегі басымдылық. 

2. Қауіпсіз жұмыс істеу міндеттемесі – Компанияға жұмыс алу кезіндегі міндетті шарт.

3. Компания өз жұмыскерлеріне ҚЕҚОҚ бойынша оқуды ұсыну қажет.

4. Барлық деңгей басшылары өз лауазымдық өкілеттіктері шегінде ҚЕҚОҚ-тың сақталуы үшін жауап береді.

5. Барлық деңгей басшылары ҚЕҚОҚ бойынша аудиттар мен тексерістерде жеке қатысулары қажет.

6. Жұмыскерлер қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтауда, жұмыс орнындағы тәуекелдерді бағалауда және оларды бақылауда қатысуға міндетті.

7. Барлық қауіпті жағдайлар мен тәуекелдер уақытында жойылу тиіс.

8. Болған барлық оқиғалар мен әлеуетті қауіпті жағдайлар уақытында ескеріліп, тексерілу және талдану тиіс.

9. Мердігерлік ұйымдардағы ҚЕҚОҚ басқаруына Компанияда қабылданған ҚЕҚОҚ-тың бірыңғай стандарттары қолданылу тиіс. Табиғатты қорғау іс-шаралары. Ертіс өзенінің алқабына көктемгі су жіберуге жыл сайынғы мониторинг жүргізілген, нақты түрде 7,63 кубокиллометр су жіберілген, 90,7% немесе 282,8 мың  га жайылма алқаптарын су басты. Қаныш Сәтпаев ат. каналдан Шідерті өзеніне компенсациялық су жіберу жүргізілген, барлығы 98,4 млн.кубометр су жіберілді, Екібастұз қ.ауылдық аймақтарында және, Ақтоғай ауданында орналасқан  шамамен 19,7 мың гектар немесе 86,1% көлдетіп суарылатын жерді су басты. Заңсыз өндіру фактілерін анықтау мақсатында бос, сондай-ақ бекітілген пайдалы қазбалар кен орындарында Павлодар облысының аумағында жерді қашықтықтан зондтау спутниктік бақылау жүйелеріне мониторинг жүргізіледі (мердігерлік ұйымы АҚ "ҰК "Қазақстан Ғарыш Сапары"). Бүгінгі күні жер қойнауын пайдаланушылардың деректер базасымен геопортал әзірленді (жер қойнауын пайдаланушының атауы және кен орны, күні және № келісім-шарт, БСН және т. б.). Геопорталда жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық аумақтағы тау-кендік және геологиялық шекаралары көрсетілген. 2016 жылы Түлкі өзені тармағын бастауынан Ақтоғай ауданы Алға ауылына дейін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жобаны іске асыру бастауынан Алға ауылына дейін 23 км шегінде Түлкі өзенінің  ағысын қалпына келтіру бойынша жұмыстар, көлемі 431091 м3 болатын түбін тереңдету және арнасын кеңейту жолмен қайта жаңғырту көзделген. Осы жобаны іске асыру елді мекендердің, аймақтың аграрлық шаруашылықтарының сумен қамтамасыз етуді арттыруды, су режимін жақсартуды, ихтиофаунаның өмір сүру ортасының жақсарту және экожүйенің тұрақтандыру көздейді.Жобаның аясында объектіні шығару, ағаштарды кесу, тиеу және жинақтау жеріне шығару, арнаны құлаған ағаштардан тазалау – 800 тонна, тереңдету - 162 689 м3 ұзындығы 6 км жұмыстары орындалды.Су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық жай-күйде сақтау үшін Павлодар облысы шегінде су қорғау белгілері орнатылады (мердігер - «Ландшафт Дизайн Павлодар» ЖШС). Бүгінде облыстың 7 ауданы  аумағында 607 су қорғау белгілерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде  (Ақтоғай, Лебяжі, Железин, Ертіс, Качир, Павлодар, Май). Ақсу қаласының кәріздік тазарту құрылғыларынан жинақтауыш "Ұзынбұлақ" көліне дейін Пограничник ауылының аймағында канализациялық коллекторды қайта құруға ЖСҚ әзірлеу жүргізілуде. Бүгінгі күнде «Строй – Тех» ЖШС мердігер ұйыммен объектіні тексеру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес және экология саласындағы қызметті үйлестіру, келісілген шешімдерді  және тиімді қабылдау мақсатында облыста Экологиялық кеңес жұмыс жасауда.Қызметтің басынан  Экологиялық кеңестің 11 отырысы өтті  (7 кезекті, 4 – кезектен тыс), онда Ертіс өзенінің алқабына табиғат қорғау су жіберу, Павлодар қ. бас жоспары, Былқылдақ сарқынды су жинақтауышын және демеркуризациялау объектілерін оңалту жөніндегі Тұжырымдама қабылданды, Салин артемий цисталарының биологиялық ресурстарын пайдалану мәселелері, қауіпті жағдайлардың алдын алу, 2016 жылға жергілікті бюджет есебінен жүргізілген табиғатты қорғау іс-шараларының қорытындысы қарастырылған. Сонымен қатар жүргізілетін табиғатты  қорғау іс-шаралар аясында БАҚ, мүдделі ұйымдардың қатысуымен көшпелі отырыстар өткізіледі. Экологиялық кеңестің жұмысы туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарда, облыстық газеттерде «Сарыарка Самалы», «Звезда Прииртышья», «Ирбис» телеарна, «Казахстан-Павлодар» кеңінен жарияланады, басқарманың веб-сайтында орналасады. Экологиялық технологиялар жөніндегі құзыреттер орталығының қызметі туралы. Орталықпен ҚР БҰҰДБ және/немесе әріптестік бастамалар аясында демеркуризациялау объектілерін және Былқылдақ сарқынды су жинақтауышын оңалту жөніндегі Концепцияны іске асыру бойынша іс-қимыл Сценарийіне сәйкес  жұмыстарды қаржыландыру мүмкіндігі туралы жұмыстар жүргізілуде. Қоршаған орта мәселелері туралы журналистер мен Павлодар облысының  мемлекеттік органдары қызметшілерінің  экологиялық заңнамасын саласында хабардар болу деңгейін арттыру, экологиялық ағарту және ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында С.Торайғыров ат. Павлодар мемлекеттік университетінің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін сондай-ақ, қоғамдық бірлестіктер өкілдерін тарта отырып, 3 күндік семинар-тренинг өткізілді. Практикалық сабақтар Павлодар Алюминий зауыты және «Туған Жер – Родная земля” «жасыл» технологиялар Орталығында экологиялық еңбек форматында жүргізілді. Қазіргі уақытта Екібастұздық көмірдің күл үйінділерін терең өңдеу бойынша жобаны қаржыландыру мәселе бойынша бірнеше халықаралық компаниялармен келісімсөздер жүргізілуде (NORINCO International (Пекин қ., ҚХР), қоршаған ортаны қорғау технологияларын енгізу және трансферттеу және  екіншілік пластиктерді қайта өңдеу туралы (австриялық компания MUT және EREMA), ҚТҚ полигондарында жедел жеткізу технологиясын енгізу бойынша (компания ABONO, Ресей), электрондық сынықтарды жинау және өңдеу саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы (компания ООО "РАЙДО" және DiamondHand, Ресей). Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

08.05.2018. Технологиялық үрдістердің оптималдық тәртібін анықтау. Ластанудың негізгі көздерін бақылауды ұйымдастыру. Қоршаған ортаның мониторингі. Соңғы жылдары эколог-болжаушылардың арасында XX ғасырдың 20-шы жылдарында қоршаған ортаға байланысты қолданылған мониторинг ұғымы кең таралған. Экологиялық мониторинг - антропогендік факторлар әсерінен қоршаған орта жағдайының, биосфера компоненттерінің өзгеруін бақылау, баға беру және болжау жүйесі. Мониторинг ұғымы кең ұғымда экономикада, өнеркәсіпте, және басқа да бақылаулар жүргізілетін салаларда қолданылады. Ғылыми оқулықтарға бұл ұғым Стокгольмдегі БҰҰ-ның ұйымдастыруымен (маусым, 1972 ж.) өткен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі конференңиядан кейін енді. Қазіргі таңда мониторинг ұғымы негізгі үш түрлі жұмыстардан тұратын қоршаған табиғи ортаны бақылау жүйелері ретінде қарастырылады:

  1. қоршаған ортаның жағдайын жүйелі түрде бақылау.

  2. табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен табиғатта болуы мүмкін өзгерістерді болжау.

  3. қоршаған орта жағдайын ретке келтіру шараларын басқару.

Бақылайтын обьектілердің ерекшелігіне, түріне және бақылау әдістеріне байланысты мониторингтің бірнеше түрлерін ажыратады, Мысалы:

Жүргізу әдістері бойынша мониторингтің мынадай түрлері бар:

  • биологиялық (биоиндикаторлар көмегімен);

  • дистанционды (авиациялық және космостық);

  • аналитикалық (химиялық және физико-химиялық талдау).

Бақылау обьектілері бойынша:

  • қоршаған ортаның жеке компоненттері мониторингі (топырақ, су, ауа);

  • биологиялық мониторинг (өсімдіктер және жануарлар дүниесі).

Ic-әрекеттердің мұндай алгоритмі қоршаған ортаның кез-келген мониторингіне тән.

Экологтар үшін негізгі мынадай мониторинг түрлері бар: Биологиялық мониторинг- биологиялық орталардағы (организмдерде, биоценоздарда) табиғи және антропогендік процестерді бақылау (ауыр металдардың, пестицидтердің жинақталуы). Мұндай мониторинг тіршіліктің қоршаған орта компоненттерімен өзара барлық байланысын қамтиды. Базалық мониторинг- жалпыбиосфералық, яғни, тек қазіргі кездегі ғана емес, жақын аралықтағы 50-100 жыл ішінде болатын негізінен табиғи құбылыстарды бақылау. Биосфералық мониторинг- биосферадағы өзгерістерді: атмосфераның шаңдануы, әлемдік су балансы, Әлемдік мұхиттың ластануы, құрлық пен мұхиттағы биологиялық өнімнің өзгеруі және т.б. ғаламдық деңгейде бақылау. Биоэкологиялық мониторинг- табиғи ортаның жағдайын оның адам денсаулығына әсері тұрғысынан бақылау. Адамның тыныс-тіршілігін көрсететін көрсеткіштер - ауруға ұшырауы, туылуы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. қолданылады. Геоэкологиялық мониторинг- табиғи экожүйелердегі өзгерістерді бақылау. Географиялық стационарлық бақылаулардың жүйелеріне сүйене отырып, экожүйелердің биологиялық өнімділігі, өздігінен тазаруға қабілеттілігі, заттардың шекті мүмкін концентрациясы көрсеткіштері қолданылады.Дистанционды мониторинг- бұл авиациялық және космостық мониторингтің жиынтығы. Кейде бұл ұғымға, көрсеткіштері ақпараттарды жинау орталығына беріліп отыратын, адам аяғы басуы қиын жерлердегі приборлар арқылы алыстан ақпараттарды беру әдістерін (радио, спутник) де жатқызады. Теңіздердің ластануы мониторингі- теңіздер мен мұхиттардағы судың сапасын білу мақсатында ақпараттар алу үшін олардың жағдайын болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Бұл теңіз су ресурстарын үнемді пайдалануға және оларды ластанудан қорғау шараларын жүргізуге қажет. Құрлықтағы сулардың ластануы мониторингі- су ресурстарын үнемді пайдалану және оларды ластанудан, құрғап кетуден қорғау шараларын жүргізу үшін құрлықтағы сулардың жағдайы туралы ақпараттар алу мақсатында болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Су сапасының көрсеткіштеріне - температура, минералдану, рН, түсі, еріген оттегі, дәмі, ауыр металдар, мұнай өнімдері, фенолдар, пестицидтер және ең бастысы натрий, калий, кальций, магний, хлор, сульфат, карбонат, нитрат иондары жатады. Ластаушы көздер мониторингі- ластаушы көздер арқылы су обьектілеріне, атмосфералық ауаға, топыраққа бөлінген заттардың мөлшерін және ластану деңгейін болжау, бағалау және бақылау жүйесі. Аймақтық мониторинг- антропогендік әсерге ұшыраған үлкен өнеркәсіп орындары, қалалар және олардың айналасындағы аймақтар биосферасы туралы ақпарат алу үшін бақылау. Классификациядағы мониторингтердің деңгейіне сәйкес - халықаралық және аймақ аралық басқару деңгейлері ғаламдық деңгейлермен байланыста болуы, ал ұлттық - аймақтық деңгеймен байланыста болуы керек.Экологиялық мониторинг жүйесінде биологиялық мониторингтің, яғни, экожүйенің биотикалық құрамы мониторингі ерекше роль атқарады. Биологиялық мониторинг - бұл қоршаған табиғи ортаның жағдайын тірі организмдер көмегімен бақылау. Биологиялық мониторингтің негізгі әдісі - биоиндикация, антропогендік факторларға байланысты биотадағы кез-келген өзгерістерді есепке алып отыру.

09.05.2018. Ластану көздерін түгендеу(есеп). Стационарлық және қозғалыс посттарын бақылауды ұйымдастыру. Бақылаудың әдістері мен мерзімдері.

Облыстық өнеркәсіптік кәсіпорындардың жыл сайынғы нақты шығарындылары шамамен 550 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 80% жылу энергетикасы, түсті және қара металлургия кәсіпорындарынан шығады (барлық шығарындылардың 26% Павлодар қ., 48% - Екібастұз қ., 24% - Ақсу қ., 2% облыстың қалған аудандарына келеді).Соңғы екі жылдың ішінде ластаушы заттардың жалпы шығарындыларының динамикасы 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары көлемінің 2,7 % төмендеуін көрсеткен (2016 жылы Павлодар облысы бойынша атмосфераға ластаушы заттардың  жалпы шығарындылардың көлемі 553,1 мың тоннаны, 2015 жылы  – 568,3 мың тоннаны құраған), ол  облыстық бюджеттен, сондай-ақ табиғатты пайдаланушылардың қаражатынан (жоспар 2017 – 11,9 млрд. теңге)өткізілетін табиғат қорғау іс-шараларымен байланысты, оның ішінде:

- 64,5% өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға және орналастыруға;

- 18% ауа бассейнін қорғауға арналған;

- 7% су және жер ресурстарын қорғауға;

- 10,5 % ғылыми-зерттеу жұмыстарына, эконасихаттау және т.б.

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларының қоныстану аймағында атмосфералық ауаның сапасын бақылау «Казгидромет» РМК Павлодар облысы бойынша зертханасының филиалында жүргізіледі.Бекеттерде атмосфералық ауаның сынамасын алу (қолмен іріктеу) толық емес бағдарлама бойынша үш рет сағат 07, 13, 19 күн сайын демалыс және мереке күндерінен басқа бекет бақылаушысымен жүргізіледі.Автоматты станциялар үздіксіз режимде тәулік бойы жұмыс жасайды, орташаландыру мәліметтер әр 20 минут сайын беріледі.Павлодар қ.: бекеттердің жалпы саны – 6: 2 стационар бекет (қолмен іріктеу), СКАТ типті 2 автоматты станция, Ecotech типті 2 автоматты станция(бекеттерінде анықталатын қоспалардың жалпы саны 16: жүзбе заттар (шаң), өлшенген бөлшектер РМ-2,5, өлшенген бөлшектер РМ-10, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон, күкірт сутегі, фенол, хлор, хлорлы сутек, сомасы көмірсутектер, метан, аммиак).Екібастұз қ.: бекеттердің жалпы саны – 3: 1 стационар бекет (қолмен іріктеу), СКАТ типті 1 автоматты станция, Ecotech типті 1 автоматты станция(бекеттерінде анықталатын қоспалардың жалпы саны 13: жүзбе заттар (шаң), өлшенген бөлшектер РМ-2,5, өлшенген бөлшектер РМ-10, күкірт диоксиді, еритін сульфаттар, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, озон, күкірт сутегі, сомасы көмірсутектер, метан, аммиак).Ақсу қ.: СКАТ типті 1 автоматты станция(бекеттерінде анықталатын қоспалардың жалпы саны 8: өлшенген бөлшектер РМ-10, күкірт диоксиді, көміртек оксиді, азот диоксиді, азот оксиді, күкіртті сутек, сомасы көмірсутектер, метан).Ауа бассейнінің жай-күйін бақылау бөлігінде, 2015 жылдан бастап Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасымен өндірістік объектілердің СҚА шекараларында  (мердігерлік ұйымы ЖШС "ЛабСЭМ") атмосфералық ауаның ластануына мониторинг жүргізеді.Ағымды жылы мониторинг 11 кәсіпорын бойынша жүргізілуде (Алюминий Казахстана; ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, KSP Steel, ПМХЗ, КЭЗ, АФЗ, ЕЭК, ЭТЭЦ, Кастинг), сынамаларды іріктеу күндізгі (таңғы  сағат 7.00 - 21.00-ге дейін) және түнгі (22.00 - таңғы сағат 6.00 дейін), кәсіпорындардың жұмыс режимін және желдің бағыты ескере отырып, жүргізіледі.Барлығы 11 элемент бойынша (диоксиді күкірт, хром, азот диоксиді, көміртегі оксиді, күкіртті сутек, көмірсутектер шекті C6-C10, көмірсутектер шекті C12-C19, натрий гидроксиді, алюминий оксиді, шаң SiO2 70-20%, фенол) 7520 өлшеу іріктеуге жоспарланған (оның 6768 негізгі өлшеу және 752 – қосымша).Ағымды жылдың 1 тамызына жұмыс кестесіне сәйкес күндізгі өлшеулер барлық 11 кәсіпорындарда және түнгі өлшеулер 3 кәсіпорында (ПМХЗ, ТЭЦ-3, KSP Steel) орындалды.Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындардың СҚА шекарасында атмосфералық ауаны ластауна мониторинг жүргізу, өнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңа технологияларды және тазалау жабдығының жаңғыртуын енгізуге ынталандыруға жетелейтін амал болып табылады. Өндірістік аумақта атмосфералық ауаны мониторингтеуден басқа қоныстану аумағындада бақылау жүргізіледі. 2015 жылдың соңында мәслихатпен қоршаған ортаның сапасының нысаналы көрсеткіштері бекітілген (2014- 2015жылдары әзірленген).

Өлшеу нүктелері өнеркәсіптік кәсіпорындардың әсер ету аймағын және анықталған асып кетулерді ескере отырып, облыстық Экологиялық кеңес мүшелерінің келісімімен анықталған. Жүргізілген зерттеулер негізінде 2015 - 2024 жылдарға Нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу бағдарламасы әзірленген.Павлодар облысының қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін мониторингтеу жұмысы ағымды жылдың мамыр айынан бастап жүргізілуде (мердігер ұйым  «Экоэксперт» ЖШС).Осы мониторинг аясында атмосфералық ауаны өлшеу Павлодар қ. 5 бақылау нүктелерінде және біреуден Екібастұз және Ақсу ққ. Ағымды жылдың 1 тамызына  Кутузов – Лермонтов көшесінің қиылысында көміртек оксиді (1,9 ШРК) бойынша ШРК-дан артық анықталған, ол  автокөліктің қарқынды қозғалысына байланысты.Тіркелген асып кеткендердің хаттамасы құзыреті бойынша Облыстық көліктік бақылау инспекциясына, сондай-ақ, автокөлік құралдарының улылық және түтіндеу автокөлік газдарына тексеру үшін Облыстық ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметіне жолданған. Қатты тұрмыстық қалдықтар. Бүгінгі күні облыстың елді мекендерінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды (бұдан әрі - ҚТҚ) көму бойынша объектілерді полигондар қатарына жатқызуға болмайды. Көп жағдайда, олар санитариялық қағидалардың талаптары мен көмудің экологиялық стандарттарына сай келмейтін, жай ғана қоқыс үйінділері болып табылады.Жер заңнамасына сәйкестендіру үшін қалалар мен аудандар әкімдіктерімен  ҚТҚ үшін жер учаскелері ресімделеді. Бүгінгі күні 345 жер учаскесі 282 (82%) қоқыс тастайтын жер учаскелеріне ресімделді. Үйінділердің негізгі саны ауылды жерлерде орналасқан. Экологиялық және жер заңнамасының талаптарына тек ҚТҚ орналастыратын 4 (1,2%) объект қана сәйкес келеді.Бүгінгі күні қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметімен  3 қала (Павлодар, Екібастұз, Ақсу) және 9 аудан (Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Қашыр, Май, Павлодар, Успен, Шарбақты) қамтамасыз етілген.2016 жылдың қорытындысы бойынша қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметімен халықты қамту өсуі байқалады – бұл облыс халқы санынан 81,8%.Солтүстік өнеркәсіптік аймағы мен Былқылдақ сарқынды су жинақтауышының сынаппен ластануы Бұрынғы "Химпром" өндірістік бірлестіктің өндірістік әрекеті барысында Павлодар облысының тарихи ластануы қалыптасқан. Оның негізгі қызметі хлор және сынап катоды әдісімен каустикалық  соданы өндіру болған, мұнда сынаптың негізгі массасы бетонды негіздерге және топыраққа сіңірілген. Демеркуризациялық жұмыстардың бірінші кезеңін жүргізу аясында келесі жұмыс түрлері атқарылған: технологиялық жабдықтарды демонтаждау, металл сынапты жинау, сынаппен ластанған өндірістік корпустарды бұзу, сынаппен қатты ластанған топырақтың 1 м беттік қабатын алып тастау, қарапайым сынап негізгі жер асты ошақтарын оқшаулау, қалдықтарды және құрылыс материалдары үшін қоймаларды (көмбелерді) салу.Келесі кезең болып, аумақта сынап мониторингін жүргізу болды, ол үшін  Алматы энергетика және байланыс университеті «2005-2020  жылдарға сынап мониторингі бағдарламасын» әзірледі, соның негізінде 2005 жылдан бастап, Басқармамен жергілікті бюджет есебінен, жыл сайын сынап мониторинг жүргізіледі (ауа мониторингі, топырақ, жер асты және беттік сулар.)Көпжылдық зерттеулер нәтижелері бойынша сынаппен ластанудың 6 ошағы айқындалған(құрамында сынабы бар қалдықтарды және топырақты  көму полигоны; сынап электролизі цехының аумағы;бұрынғы №6 сорғы;құрамында сынабы бар қалдықтарды жинайтын тоғандар; «Былкылдак» жинағышы; 1 алаң және Былқылдақ арасындағы жер асты сулар сынап ореолы). 6 ошақтың барына қарамастан, көпжылдық зерттеулер нәтижелері бойынша санитарлы-эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп саналады.Ағымды жылы жұмыстардың негізгі көлеміне 15 қосымша ұңғыма, сондай-ақ,  ластану ошақтарын (мердігерлік ұйымы ЖШС "GioTrade") тіркеу рәсімі қосылды. Қоршаған ортаны сынаппен ластаудың алдын алу мақсатында Басқармамен жыл сайын мемлекеттік мекемелерден құрамында сынапы бар шамдар мен құралдарды жинау және кәдеге жарату бойынша іс-шаралар өткізілуде.Бүгінде шамамен 27,0 мың дана құрамында сынапы бар шамдар мен құралдар жиналған, жоспар бойынша 40 мың дана (мердігер - «ЭлектроТрансРеелто» ЖШС). Экологиялық кодекске сәйкес, құрамында сынапы бар қалдықтарды полигонға шығаруға болмайды. Осыған орай, басқармамен қосымша қолданыстан шыққан шамдарды халықтан жинау бойынша қызмет механизмі қарастырылуда.Мысалы, Қаржылық ынталандыру бағдарламасының  жинау, тасымалдау және қалдықтарды кәдеге жарату бойынша іс-шаралар аясында «Оператор РОП» ЖШС есебінен 200,0  дана контейнерлер сатып алынған. Бүгінде оларды жергілікті атқарушы органдардың есебіне өткізіп, Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында пилоттық режимде орнату сұрағы қарастырылуда.

10.05.2018. Барлық ортадағы сынақтарды таңдау. Сынақтарды таңдауға даярлау, талдауды өткізу. Талдау қорытындысын өңдеу, қажетті есептерді шығару. Ядролық сынақтар. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды. 1949 жылғы 29 тамызда тұп-тура таңғы сағат жетіде көз ілеспес жылдамдықпен ұлғайып бара жатқан отты доп кенеттен Жер денесіне қадалып, оны шарпып өтіп, аспанға көтерілген. Отты шардан соң, сұрапыл қуат пен көз қарастырар сәуле бас айналдырып жібергендей бір сәтте жер қабығының ыстық күлі мен иісі көкке көтерілген. Жер лыпасының өртең иісі қолқа атар түтіннің ащы иісін қолдан жасалған жел әп-сәтте жан жаққа таратты. Таяу жерлердегі сирек ауылдарда тұратын адамдар дір ете түскен жер мен жарты аспанды алып кеткен от-жалынға таңырқап, үйлерінен қарап тұрған. Жалғыз түп шөп қалмаған, түтігіп қарайып кеткен даланың тұл жамылғысы. Жан-тәсілім алдында жанталасқан тышқандардың, қарсақтардың кесірткелердің өлі денесі табылған. Жаңадан келгендер бұл тозақты Семей ядролық сынақ полигоны ретінде белгілі № 2 оқу полигонында РДС-1 (зымырандық көрсеткіш снаряды) плутоний зарядан жер бетінде сынақтан өткізу жарылысы деп атады. Бұл КСРО-да тұңғыш атом бомбасының жарыдуы еді. Полигонда жаңа таталды жұлдыздың тууын Лаврентий Берия, Сергей Курчатов, әскери бастықтар мен атақты ғалымдар, Кеңестік атом бомбасының толып жатқан идеологиялық, идеялық және техникалық аталары тасадан бақылап тұрды. Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды. Жарылыс толқыны көптеген үйлер терезесінің шынысын ұшырып жіберген, кейбір үйлердің қабырғалары қирады. Кейінірек сынақ алдында уақытша көшірілген адамдар полигон жанындағы туған жерлеріне қайтып орала бастағанда, олардың көбісі үйінің орнын сипап қалды, не қақырап кеткен қабырғаларды көрді. Семей ядролық полигонындағы сынақтардың әсері туралы алғашқы шын да жүйелі деректер Қазақ КСР Ғылым академиясы жүргізген кең ауқымды медициналық-экологиялық зерттеулердің нәтижесінде алынды. Зерттеулерді, ғылыми экспедицияларды профессор Б. Атшабаров басқарды. Радиацияның адамға ықпалының механизмі қазіргі кезде едәуір жақсы парықталған. Бұл орайда ең қауіптісі – иондалатын радиацияның ықпалы гендік кодты дауасыз өзгерістерге соқтыруға мүмкін екендігі. 1949 жылғы алғашқы жер бетіндегі жарылыстан бастап Семей және Павлодар облыстарының радиациялық сәулеленудің ықпалына ұшыраған басқа аумақтардың тұрғындарының арасында сырқат санының ұдайы өсіп келе жатқаны байқалады. Бұлар өкпе мен сүт бездерінің рагы, лимфогемобластоз және басқа да қатерлі ісікті патологиялары. Жалпы алғанда рак ісігі сынақтар басталғалы бері үш есе өсті. Семей полигонына жақын нақ сол аудандарда жетілуіндегі әртүрлі ауытқулар, тәндік және естік кемшіліктер әрқилы сәбилер дүниеге ерекше көп келеді. Мамандардың айтуынша, соны бәрі нақ қысқа мерзімді және қалдықты радиацияның кесірінен болатын генетикалық мутациямен байланысты. Адамдар ғана емес, жер де азап шегеді. Жылма-жыл радионуклидтердің жинала беруі жердің құнарлығын азайтады. Жерде орасан зор микроэлементтер: темір, мыс, магний және басқа металдар әрттүрлі дәнді дақылдар адам организміне сіңеді.Сутегілік құрылымы РДС-2 бұйымы дегеннің қуаты жағынан соған дейін болып көрмеген. Жарылысы 1953 жылғы 12 тамызда Семей ядролық полигонының төңірегін тетірентті. Оның қуаты 480 килотонна еді. Жарылыстан кейін пайда болған нарттай жанған радиоактивті газдардың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 километр биіктікке көтерілді. Осы жарылыстан кейін радиусы ондаған километр болатын жерде дала шөптері бірнеше күн бойы көгілдір сәуле шығарып тұрды. 1955 жылы 22 қарашада ТУ-16А әскери бомбалағышы Семей полигонының үстінен ұшып бара жатып, жаңадан жасалған қуаты 1,7 мегатонна болатын, термоядролық РДС-37 зарядын тастады. Бомба бір жарым километрлік биіктікте жарылды. Бұл жарылыстың соққы толқыны мен жер қабатының дірілі бүкіл дерлік Қазақстан аумағы мен Ресейдің көршіліс аймақтарында сезілді. 1962-1989 жылдар арасында Семей полигонындағы Дегелең тауының жер астындағы шахталарында 340 жарылыс жасалды. Бұл арада жыл сайын 14-18 ядролық сынақ өткізіліп тұрды. Осынау жарылыстың салдарынан бір көздері жартастардан құралған Дегелең тауы іс жүзінде киыршық тас үйіндісіне айналды. Жер астындағы әрбір үшінші жарылыстан соң, жарылыс нәтижесінде пайда болған жарықтар мен саңылаулардан радиоактивті газ шығып кетіп жатты. 1989 жылы 12 ақпанда кезекті жоспарлы ядролық сынақ өткізді. Үңгірлердің бірінде қуаты 70 килотоннадан астам ядролық заряд жарылды. Соның салдарынан жер бетінде саңылаулар пайда болып, олардан екі тәулік бойы радиоактивті газдар шығып жатқан. Содан пайда болған радиоактивті бұлт 30 мыңнан астам адам тұратын аумақты бүркеді. Бұл аймақта радиациялық фон 3000-4000 микрорентгенге жетті. Бұл көрсеткіш қалыпты жағдайда сағатына 15-20 микрорентген болатын табиғи радиациялық фоннан екі жүз есе асып түсті.

11.05.2018. Өсімдіктер жағдайы бойынша табиғат ортасы жағдайының кешенді мониторингі. Табиғат ортасының жағдайын талдауға арналған құралдар мен жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі, қызмет принциптері, құрылысы. Түрлі құралдарды пайдаланудағы қауіпсіздік техникасы. Өсімдіктердің 375 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктер тұқымтобының ең үлкені - гүлдейтін немесе жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың 250 000-нан астам түрі бар. Өсімдіктер күн сәулесінің көмегімен (фотосинтез) өз қорегін табады. Саңырауқұлақтар бұрын өсімдіктер қатарына жатқызылатын, алайда өз қорегін өндірмейтін болғандықтан, қазір олар жеке класқа жіктелген. Олардың 100 000-ға жуық түрі бар. Өсімдіктерді топтарға біріктіргенде олардың біріне-бірінің ұқсастықтары немесе айырмашылықтарын көрсететін белгілер пайдаланылады. Солар арқылы өсімдіктердің біріне-бірінің туыстық жақындықтарының деңгейі анықталады. Құрылымы, тіршілік етуі жағынан бірдей және өз ата-енелеріне ұқсас, жеміс беретін, ұрпақ түзе алатын дарақтар бір түрге жатқызылады. Құрылысы жағынан ұқсас түрлер туысқа біріктіріледі. Жақын туыстар бір тұқымдасқа олардың әрқайсысын қандай да бір класқа жатқызады. Өсімдіктер жамылғысы. Құрлық бетінде өсімдіктер жамылғысы бірдей емес. Олар жерге түсетін ылғалдың мөлшеріне және осы ылғалдың маусымға байланысты қаншалықты жауатыңдығына қарай мәңгі жасыл (жаңбырлы) ормандар, ылғалдығы құбылмалы болып келетін, жапырақтары түсіп отыратын ормандар, ксерофильді сирек ағашты ормандар мен бүталарды, саванналарды, ал суы тасып отыратын теңіздің жағалауларында — мангр ағаштарынан тұратын ормаңдар түзеді. Экватордан солтүстікке қарай жасыл өсімдіктердің жолағынан кейін, аса үлкен ормансыз кеңістіктер — шөл, шөлейт, приерии орналасады. Біршама биік ендікте қайтадан мәңгі жасыл ормаңдардың жолағы кездеседі. Бірақ олар тропиктердегі секілді жапырақты ормандар емес қылқан жапырақты (тайга) ормаңдар болып келеді. Тайгадан солтүстікке қарай, полюстың айналасында (цикумполярно), тундра мен солтүстік мұзды мұхиттың салқын суы созылып жатады. Экватордан оңтүстікке қарай құрлық біршама аз болады. Полюстерге жақын жерлерде және биік таулардың басында мәңгі мұздар мен қарлар жатады. Мұндай түрлі-түсті өсімдіктер жылдың әртүрлі кезеңдеріне қарай, әсіресе қыста, құрлықтың (континенттің) үлкен кеңістігін, шамамен 40° с.е. және одан жоғары қарай қар басқан кезде, көп өзгеріске ұшырайды.Өсімдіктердің өмірі қоршаған ортамен, әсіресе топырақпен және климатпен тығыз байланыста болады. Жасыл өсімдіктер ауадан көмірқышқыл газын, күннен энергияны, ал топырақтан — су мен минералдық тұздарды алады. Көмір қьшқыл газының ауадағы мөлшері 0,03%-тен аспайды, ал өсімдікке қажетті тұздар мен судың мөлшері топырақтың құрамында өте аз және шашыраңқы түрде болады. Осылардың барлығы өсімдіктің сору мүмкіңдігінің үлкен (жоғары) болғанғындығын қажет етеді. Эволюцияның барысында өсімдік өзінің вегетативтік денесін сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатындай аса үлкен көлемге дейін (жапырақтарын ауамен, тамырларын топырақпен), жоғары деңгейде жетілген жануарлардан бірнеше есе артық ұлғайтқан. Өсімдіктің тіршілік ортасының өзгеруіне тез және ерекше назіктікпен жауап беруінің өзі осыған байланысты болады. Сонымен бірге өсімдіктердің өзі тіршілік жағдайының барысыңда, өздерін қоршаған ортаны өзгертеді. Орманның жыл өткен сайын биікке көтеріліп, аса қалың жасыл шымылдьгқ (полог) түзетіні белгілі. Бұл бұталар мен шөптесін өсімдіктер жабыны үшін, орман ішінің жағдайын өзгертеді. Тау етегіндегі тегістіктен, тау басына көтеріле отырып, өсімдіктер қауымдастықтарының ғана емес (шөлейт, орман, және альпі белдеулері, тундра), сонымен бірге жақын түрлердің, кейде тіптен бір түрдің өзінің тіршілік формасының структурасының басқаша өзгеретіндігін (трансформациясын) айқын аңғаруға болады. Таудың жоғарғы белдеулерінің ерекше климаты мен топырақ жағдайларының өсері (салқындықтың, физиологиялық құрғақшылықтың, жарықтың сапалығы және т.б.) ағаштар мен бұталардың жатаған аласа формаларының қалыптасуына, биік шөптесін өсімдіктердің жартылай жертаған және жертағандар түзуіне өкеліп соқтырады. Өсімдіктердің структурасы мен физиологиялық қасиеттерінің өзгеруін Памирдің теңіз деңгейінен 3600 м. биіктігінде отырғызылған өсімдіктерде жан-жақты зерттелген. Өсімдіктердің құрылысының, оның ішінде анатомиялық құрылысының өзгеруімен бірге, олардың құрамындағы қант пен витаминдердің де консентрациясының жоғарылағандығы байқалған. Соған байланысты таудың жоғарғы белдеулерінің жем-шөптік өсімдіктерінің құнарлығы аса жоғары болады. Өсімдіктердің қоршаған ортаға бейімделушілігін тек таудың жағдайынан ғана емес, сонымен бірге, әр уақытта, түрлер жаңа ортаға (қарама-қарсы жағдайға) тап келгенде байқауға болады. Бұл өсімдіктің табиғи өсетін ортасының өзгеруіне байланысты және оны мәдени жағдайға ендіргенде (при интродукции1) байқалатын құбылыс. Кейбір сор топырақта өсетін өсімдіктер (теңіз қышасы-горчица морская ; шөптесін бұзаубас сораң-солерос травянистый) құрамында тұзы жоқ топырақтарда, сор топырақта өсетін өсімдікке тән белгілерін, мысалы, жапырақтарының етженділігін (суккуленттігін) жоғалтады.

12.05.2018. Кәсіпорын аймақтарындағы және жақын аудандардағы жасыл екпелердің жағдайын болжау, бақылау қорытындысын жалпылау. Арнайы өкілетті орындарының құқықтық актілері (бұйрықтар, нұсқаулар, келісімшарттар, сонымен қатар табиғат қорғау қызметі бойынша нормативтік актілер). Табиғаттың, қоршаған ортаның обьектілері, оларды қорғау және тиімді пайдалану. Табиғатты қорғау- бұл жалпыға ортақ шаруа, оны тек әртүрлі салалар мен техникалар мамандарының бірігіп жұмыс істеуі нәтижесінде іске асады. Қоршаған ортаны кәсіпорындардың зиянды ықпалынан қорғаудың ең тиімді тәсіліне шығыны аз және шығынсыз технологияға өту, ал ауыл шаруашылығы жағдайында арамшөптер мен бүлдіргіштермен күресу кезінде биологиялық тәсілдерге көшу. Бұл әрине күрделі технологиялық, конструкторлық және экономикалық міндеттер кешенін қолдануға мәжбүр етеді. Өндірісті эколизациялау келесі бағыттарда жүргізілуі тиіс: технологиялық процестерді жетілдіру және қоршаған ортаға зиянды қалдықтар мен қоспалардеңгейін азайтатын жаңа жабдықтарды ойлап табу; барлық өндірістік өнімдер мен өнеркәсіптерді экологиялық сараптама жасауды енгізу; зиянды, улы және пайдалануға келмейтін қалдықтарды ауыстыру; қоршаған ортаны қорғау шаралары мен әдістерін қосымша әдістерді енгізу. Қоршаған ортаны қорғаудың қосымша тәсіліне тазалау жабдықтарын қолдану жатады, олар: газ лақтырылыстарын, ақаба суларды тазалау жүйелері мен аппараттары, газды қоршаған ортаға лақтыру кезінде дауысты азайтатын аппараттар. Осы келтірілген шаралар қоршаған ортаға лақтырылатын зиянды заттарды азайтып, табиғи ресурстарды толықтай пайдалануға мүмкіндік береді. Осылайша, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаның сапасын қамтамасыз ету ғылымның әртүрлі облысында және техникалар саласында жұмыс істеп жүрген мамандар шешуі тиіс жалпы міндеттер болып табылады. Инженерлік-экологиялық шаралар өндіріс жұмысы кезінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға және қоршаған ортаның ластануын болғызбайтын табиғи-өндірістік жүйені құруды жоспарлайды. Инженерлік-экологиялық шараларға шаралардың 3 тобы жатады: инженерлік, экологиялық және ұйымдастыру. Инженерлік шаралар табиғи ортаған өнеркәсіптердің зиянды әсерін азайту мақсатында өндірісте қолданылып жатырған техникаларды, машиналар мен аппараттарды жетілдіруге және жаңа технологиялар ойлап табуға бағытталған. Инженерлік топқа кіретін шаралар ұйымдастыру – теехникалық және технологиялық болып бөлінеді. Ұйымдастыру-техникалық шаралар өндірістің технологиялық регламентін сақтауға бағытталған, лақтырылатын газдар мен ақаба суларды тазарту процестерін, жабдықтардың дұрыс жұмыс істеуін және уақытында жөндеу жұмыстарының жүргізілуін қадағалайды. Ірі және күрделі өндірістер біршама тиімді жұмыс істейді, әйткені процестердің берілген режимінде тұрақты жұмыс істейді, шығындар да тұрақты және зиынды заттарды бірден лақтырмайды. Ірі кәсәпорындар басқа үлкен территорияларда және жан-жақта орналасқан кәсіпорындарға қарағанда жеңіл басқарылады. Мұндай өнеркәсіпорындарында технологияны жетілдіруге көп мүмкіндік болады және зиянды заттардың мөлшерін тазалау жабдықтарын қолдану арқылы азайтуға болады. Технологиялық шараларға зиянды заттардың лақтырылысының қарқындылығын анықтайтын әсер ету көздерінің сипаттамалары мен көрсеткіштерін өзгерту жатады.Инженерлік шараларды іске асыру үшін өндірісті модернизациялау үшін, зиянды заттардың лақтырылысын болғызбау, тазалау, ұстау немесе қоршаған ортаға қауіп төндірмейтіндей шамада шығарылуын қамтамасыз ететін жабдықтар енгізу үшін қосымша шығындарды қайта қарау керек. Экологиялық шаралар табиғи ортаның ластануы кезінде өзін-өзі тазалауын және қалпына келуін қамтамасыз етеді. Экологиялық шара екі топқа бөлінеді:абиотиялық және биотиялық.Абиотиялық шаралар биосфераның барлық құраушыларында жүретін табиғи, физикалық және химиялық процестерге негізделген, соның негізінде зиянды антропогенді әсер ету қаупін азайту, оның зардаптарын азайту немесе жою.Биотикалық шаралар өндіріс әсер ететін аймақта экологиялық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тірі организмдерді пайдалануға негізделген. Оларға биологиялық рекультивация, ақаба суларды биологиялық тазалау, арнайы өсімдіктер пен микроорганизмдердің көмегімен топырақтың ластануын жою, ластаушы заттарды қайта өңдеу шаралары жатады. Биотикалық шараларға ластанған жерлердің өздігінен қалпына келуі де жатады. Ұйымдастыру шаралары бұрын құрылған немесе құрылатын табиғи-өндірістік жүйені басқаруға, құрылымына байланысты келеді.

14.05.2018. Қоршаған ортаны қорғау бойынша кәсіпорынның қатысуы,табиғат қорғау шараларын алдын алу. Хромотографиялық талдаудың негіздері. Әдістің принциптері, мүмкіншілігі, тағайындалуы мен жүзеге асырылуы. УГ-2 құралы, құрылымы,тағайындалуы, жұмыс принципі. Хроматография заттар қоспасын бөлу және анализдеу әдісі, ол заттардың екі фаза – қозғалмайтын немесе стационар фаза (СФ) және қозғалмалы фаза (ҚФ) арасында әр түрлі таралуына негізделген. Заттың фазалар арасына таралуы оның ерігіштігіне және адсорбциялық қабілетіне тәуелді.Хроматографиялық процесс кезінде стационар фаза бойымен қозғалмалы фазамен бірге жылжитын зат сорбциясы мен десорбциясы кезектеліп, көп рет қайталанады. Стационар фаза келесі төрт қасиеттердің біреуіне ие болуы керек:

· Қозғалмалы фазадағы бөлінетін заттарды физикалық сорбциялауы керек;

· Қозғалмалы фазадағы бөлінетін заттарды химиялық сорбциялауы керек;

· Қозғалмалы фазадағы бөлінетін заттарды ерітуі керек;

· Құрылысы кеуекті болып, бөлінетін заттардың кейбіреуін өткізіп, келесі заттарды ұстап қалуы керек.

Хроматографияның теориялық негіздерін бірнеше теория түсіндіреді:

Теориялық табақшалар концепциясын (ТТК) 1942 жылы Мартин және Синдж ұсынған. Олар хроматографиялық колонканы шартты түрде көптеген дискретті яғни бір-бірімен жанаспайтын табақшаға (зонаға) бөлген. Әрбір табақшада заттардың жаңа таралу тепе-теңдігі орнайды. ҚФ жылжығанда затты бір зонадан екінші зонаға ауыстырады, сонда зонада жаңа таралу тепе-теңдігі орнайды. Нәтижесінде зат бірнеше зонаға жайылады, жайылу неғұрлым күшті болса, хроматографиялық бөліну соғұрлым нашар болады. Заттың орналасқан табақшалар саны (N) маңызды шама болады:

N=L/H Н= (L/16) (W/τR)2Shape1

Мұндағы L – колонка ұзындығы, H – теориялық табақшаға эквивалентті биіктік (зона немесе табақша биіктігі), W – хроматографиялық шың ені.

Н неғұрлым кіші болса, шыңның ені соғұрлым кіші болады, бөліну тиімділігі соғұрлым жоғары болады. Теориялық табақшалар концепциясының кемшілігі - ол формальды теория, себебі бірнеше шартты болжамдарға негізделген:

· Колонка бірнеше жанаспайтын зоналардан тұрады

· Тепе-теңдік бір сәтте орнайды

· Бөліну үздіксіз жүреді.

Аналитикалық химияда термодинамикалық жайылуды болдырмауға тырысады. Ол үшін беті біртекті өнеркәсіпте өндірілетін арнайы адсорбенттер пайдаланады, бөлінетін компоненттер концентрациясын азайтады, яғни сызықтық изотерма түзілуін қамтамасыз етеді. роматографиялық әдістерді әр түрлі жіктейді: Заттардың сорбентпен әрекеттесу сипаты бойынша молекулалық және хемосорбциялық хроматографиялық әдістер болады. Молекулалық әдістер әлсіз физикалық әрекеттесулерге – адсорбция мен абсорбцияға негізделеді. Хемосорбциялық әдістер күшті химиялық әрекеттесулерге негізделеді.

15.05.2018. Көмекші ретінде жұмыс істеу. Тәжірибе бойынша материалдарды жалпылау және есеп құру. Атмосфералық экологиялық мәселелері. Желдің жылдамдығы мен бағыты анемометр, анемограф, анеморумбмер, анеморумбограф, флюгер арқылы өлшенсе, жауын-шашынның түсу мөлшері мен жауу жылдамдығы жаңбыр өлшеуіш плюфиографпен анықталады. Күн радиациясының қарқындылығы, оның жер бетінен және атмосферадан шағылысу мөлшері пиргелиметр, пиргеометр, актинометр, пиранометр, пиранограф, альбедометр және баланс өлшеуіш арқылы, ашық күн ұзақтығы гелиографпен тіркеледі. Қар суының мөлшері қар өлшеуішпен, шық көлемі шық өлшеуішпен өлшенеді. Ал ауаның температурасын, қысымын, ылғалдығын, желдің шапшаңдығын бір мезгілде өлшеп тіркейтін аспап – метеограф. Соңғы кезде бір не бірнеше метеорологиялық құбылыстарды өлшеу үшін алыстан анықтаушы және автоматтық метеорологиялық приборлар мен құралдар кеңінен қолданылуда. Метеорология- жер атмосферасы, яғни ауа қабығы жайлы ұғым. Ол физика заңдарының негізінде, географиялық қабықтың бір бҿлігін зерттейді. Сонымен, метеорология атмосфераның құрамын, құрылысын, ондағы жүріп жатқан алуан түрлі процесстер мен құбылыстарды зерттеп, оларды физикалық тұрғыдан түсіндіріп, атмосфералық жағдайларды болжау және мүмкіндігінше әсер ету. Метеорология - грек сөзінен аударғанда: «мета» - тұстағы айнала, «эора» - кҿру, «логос» - ілім деген мағынаны білдіреді. Атмосфера - Жер планетасын қоршаған газды немесе ауа қабығы. Ауа сығылмалы, сондықтан оның тығыздығы биіктікке қарай кемиді. Бірте бірте ол ғарыштық кеңістікке, белгілі бір шекарасыз, ауысады. Яғни, атмосфера таралу биіктігі орта шамамен 20 мың км-деп есептейді. Атмосфера массасының жартысына жуығы төменгі 5 км қабатында, 75% массасы тҿменгі 10 км, ал 90% тҿменгі 20 км ауа қабатында шоғырланған. Ауа райы - белгілі бір сҽттегі, белгілі бір географиялық жердегі тҿменгі атмосфераның жағдайы. Ол жағдайдың сандық жҽне сапалық сипаттары бар. Сандық сипаттары метеорологиялық аспап - құралдарымен өлшенеді де метеорологиялық элементтер деп аталады. Мысалы, оларға ауа температурасы, күн радиациясы, жауын-шашын мөлшері, жел жылдамдығы мен бағыты, ауа ылғалдылығы т.б. жатады. Ал сапалық сипаты көбінесе бақылаушымен көз мөлшермен анықталып, метеорологиялық құбылыстар деп атайды. Оларға мысалы, бұрқасын, тұман, көктайғақ, найзағай, үсік т.б құбылыстарды жатқызуға болады. Ауа - райын сапалы түрде зерттеу үшін тек төменгі атмосфераны емес, жоғарғы атмосфераны толығымен зерттеген дұрыс. Ол үшін аэрологиялық, аэрономиялық, космостық зерттеулер қолданылады. Міне, осындай жылу режимдері айырмашылықтары мен байланысты екі түрлі климат түрлері туындайды: құрлықтық жҽне мұхиттық. Жазда мұхит терең қабаттарында кҿп жылу жинағандықтан, қыста ол құрлыққа қарағанда жылы болып тұрады. Осы айырмашылықтар себебінен мұхит тұсындағы ауа температурасы құрлыққа қарағанда жазда төмен, қыста, керісінше, 5 жоғары болып қалыптасады. Нәтижесінде-атмосфералық қысым жағдайы да екі бөлек болып қалыптасады.

16.05.2018 Атмосфераның қасиеттері және оның адамға әсері. «Парниктік» немесе «жылулық» эффект мәселесі. Озон мәселесі. Адамның денсаулыгының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жагдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20- 25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы -қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады. Арал экологиялық дағдарысы — адам қарекетінің әсерімен болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы. Соңғы ондаған жылдар бойында халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж. 40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді. 1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегінде антропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты. Парниктік газдардың әсерінен жылулық баланстың өзгеру нәтижесінде мүмкін болатын жер шарының температурасының ғаламдық артуын парниктік эффект деп атайды. Негізгі парниктік газ көмірқышқыл газы болып табылады. Көмірқышқыл газының парниктік эффектіге қосатын үлесі әр-түрлі мәліметтер бойынша 50% -тен 65% -ке дейін жетеді. Жер бетіне негізінен жылулық емес, көрінетін сәулелер ағыны түседі. Бұл сәулелер парниктік газдар арқылы өзгермей өтеді. Жер маңы кеңістігінде бұл сәулелердің басым бөлігі әр-түрлі денелермен кездескенде ұзын толқын (инфра-қызыл) жылулық сәулелерге айналады. Қазіргі таңның актуальды мәселелерінің бірі - Озон қабатының жұқаруы. Озон қабаты жерден 20-30 км биіктікте орналасып, құрамына озон молекуласының мол концентрациясын жинақтаған. 30 км биіктіктен кейін озон қабатымен 90 % ультракүлгін сәулелері сіңіріліп, 20-25 км биіктікке тіршілік үшін қауіпті радиация жетпейді. Озон молекулалары атмосферада түзіліп, күрделі химиялық процестер нәтижесінде сол ортада ыдырайды. Ультракүлгін сәулесінің болмауы озонның қарқынды түрде түзіліп, мол мөлшерде шоғырлануына себепкер болады. Осы факторға байланысты Антарктика мен Арктиканың стратосфера қабатында полярлы қыс кезінде озон көп мөлшерде түзіледі. Антарктиданың көктемгі “озон тесіктерінің” пайда болуы Күн-Жер жүйесіндегі процестермен негізделген. Озон қабатының жұқаруына себепкер факторлар екіге жіктеледі: табиғи факторлар және антропогендік факторлар.

17.05.2018. Қышқыл жауын-шашындар мәселесі. Су ресурстарының экологиялық мәселелері. Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы. Қышқыл жауын-шашын, қышқыл сулар - атмосфералық жауын-шашын түрлері. Жаңбырдың қышқылды қасиетіне құрамында сутектің өте белсенді иондарының болуымен байланысты. Жаңбыр суының нормалдық реакциясы сәл қышқыл келеді (pH - 5,6). Бұл ауа құрамындағы көмір қышқыл газының еруінен әлсіз көмір қышқылы пайда болады. Кейде электр стансасы, өнеркәсіптік қазандар, автомобильдерден шығатын газдар, т.б. ауаны күкірт және азот оксидтерімен ластағанда жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, т.б. тамшыларында күкірт және азот қышқылдарының бар екенін байқауға болады.Қышқыл жауын-шашынның түсуі атмосферадағы күкірт диоксидтері мен азот оксидтерінің болуын антропогендік ластану дейді.Табиғатта ауадағы азот молекуласы оксиді табиғи процестер жағдайында (найзағай, күн күркіреу, т.б.) және топырақтың нитрификациялануы, орман өрттері негізінде байқалады.Жер атмосферасында жыл сайын орта есеппен 3 млрд-қа жуық найзағай болып тұрады. Олардан пайда болған мыңдаған градус температура кезінде радикалды-тізбекті механизм үрдісі азот молекуласының қышқылдану процесін туындатады:

  • O→2O N² +O→NO+N;

  • O² +N→NO+O

Кері реакцияға реакция кезіндегі азот оксиді өнімінің - 2NO+O²→2ONO² тез сууы кедергі жасайды. Атмосфералық ылғалмен өзара әрекеттескенде азот қышқылы пайда болады. Азот оксидінің негізгі көзі болып энергетика және көлік саналады. Олар ауаға 90% -ға жуық ластағыш шығарындыларды шығарады, ал химия өнеркәсібінің үлесі 5% -дай ғана.

18.05.2018. Жердегі су қоры. Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластану мәселелері. Судың эвтрофикациясы. Судың эвтрофикациясы деп – судың биогенді элементтерімен, әсіресе фосформен, азотпен немесе құрамында осы элементтері бар заттармен баюын атайды. Этрофикация (грек тілінен аударғанда гу- жақсы, трофе – қоректену) – судың бай қоректенуі. Этрофикация мысалында экологияның маңызды, тізбекті, табиғи реакциялар, шектеутші факторлар әсері, су сукссиялары және басқа жүйелік қағидаларды көруге болады. Этрофикацияның нәтижесі – балдырлар мен басқа өсімдіктердің қаратуында өсуі су қоймасында органикалық заттар мен басқада ағзалардың шіру өнімдерінің жиналауы болып табылады. Бұл өлген органикалық затпен қорректенетін оны бастапқы минералдық элементтермен көмірқышқыл газына дейін ыдырататын редуцент – ағзалардың санының артуына келеді. редуценттер тіршілік процесінде өлген органикалық заттарды интенцифті түрде сңіреді. Сулы ортада аталған әсер судың маңызды қасеиті – тазалығының нашарлауына әкеледі. Этрофикацияның қолайсыз әсерлері олардың жылулық ластану кезінде артады. Жылулық ластану судың оттегі мен кедейлену жеделдетеді, себебі температура артқан сайын оттегінің ерігіштігін және биохимиялық процестердің интенцивтілігі әсерінен келеді. Этрофикацияның табиғи және антропогенді факторлар туғызады. Олардың әртүрлі әсері тек интенцивтілігіне ғана емес, жекеленген процестердің миханизмдеріне байланысты. Табиғи этрофикация болу жүреді және су қоймасының маңызды грунт және тау жыныстарының минералогиялық және химизиміне байланысты болады. Су қоры мол және кристалдық жыныстардың арасында араласқан су қоймалары этрофикацияға сирек ұшырайды. Олар мыңдаған жылдар бойы олиготрофты (қоректік заттарға кедей) жағдайда, олау болса таза күйінде қалады. Мұндай су қоймасының мысалы – Байкал көлі. Баяу этрофикация мұздық шығу тегі бар көлдерге де тән. Олар көлдің таза суының негізгі қоймасы. Мұндай су қоймалардың тіршіліктің аз болуына және төмен температураға байланысты өздігінен тазару қабілеті төмен. Сондықтан олар ластануға сезімтал. Келіп түсетін су ағыстарынан көректенетін шағын су қоймалары азотпен фосфардың қозғалғыш формаларымен қамтамасыз етілген және этрофикацияға ұшырауға бейім. Олар жастық (олиготрофты күйден пісіп жетілген мезатрофты) және қартайған (эфитрофты) күйге батпаққа, одан шынтезекті субстрантты қүрлыққа айналу арқылы өтеді. Антропогенді этрофикацияға қазір барлық ішкі су қоймалары мен кейбір теңіздер ұшырайды. Оны туғызатын негізгі факторларға минералдық тыңайтқыштар, кейде жуғыш заттар (құрамына енетін беттік белсенді заттар форфарлық қосылыстар негізінде жасалады) жатады. Этрофикацияны тұрмыстық және өнеркәсіптік шайынды сулар рекрациялық әсерлер, ағым суларды, ағымсыз суға айналдыру және т.б. адам қызметі туғызады. Қоректік заттарға кедей (олиготрофты) табиғи сулардағы өндіруші ағзалар тобы негізінен ірі өсімдіктерден (макрофиттер) тұрады. Бұл өсімдіктер су қоймасының түбінде орналасып қажетті биогенді элементтерді су түбіндегі құрылымдардан сңіреді. Фотосинтез нәтижесінде бөлініп шығатын оттегі судың төменгі қабаттарында ериді. Судың жоғарғы қабаттары су түбіне көтеріледі және ауадан сіңірілетін оттегімен байтылады. Екі процесте тепе-теңдікте болады да, су тазалығын сақтайды.Эфтрофтанған суларда өсімдіктердің биогендік элементтерді тікелей қоршаған судан сңіруге қолайлы жағдай жасалады. Бұл судың жоғарғы қабаттарында фитопланктанның интенсивті жиналуына және су түбіндегі өсімдіктердің оттегі жетіспеуінен жайылуына әкеліп соқтырады. Мұнда оны өлген планктон органикалық затын өңдейтін редуцент – ағзалар сіңіреді.

19.05.2018. Су тапшылығы мәселесін шешу. Жер ресурстарын пайдалану мәселелері. Жер қоры. Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді. Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Мұхиттардың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы бүкіл дүние жүзінде мұнай өнімдерін көптеп қолдануға байланысты болып отыр. Осының әсерінен теңіз шельфтерінде мұнай өндіру, танкерлік флот дамуда. Мұнай өндіру және оны тасымалдау кезінде, құбырларда жиі авариялар болып нәтижесінде мұхит бетінде мұнайлы дақтар жүздеген, мындаған километр жерді ластайды. Су ресурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер ететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарынан бөлінетін улы органикалық заттар. Мұндай улы заттар өнеркәсіп орындарында, транспортта, коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта кеңінен қолданылуда. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5-15 мг/л-ді құрайды. Ал осы заттардың шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг/л-ді құрайды. Басқа ластаушылардан: металдарды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Металдардың ішінен су қоры үшін ең қауіптісі сынап, қорғасын және олардың қосылыстары. Су қорларының ластануының бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде онда оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңділік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмнің ішіне түсіп әртүрлі аурулар тұдыруы мүмкін. Жер асты сулары көп аудандарда тұщы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары да ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ тұщы суларды көп пайдаланатын салаларға - тау-кен орындары, химия, мұнай химиясы, қағаз- целлюлоза, тамақ өнеркәсіптері жатады. Бұлардың еншісіне бүкіл өнеркәсіпке жұмсалатын судың 70% келеді. Қазіргі таңда адам коммуналдық-тұрмыстық қажеттілігі үшін ас суды көп пайдалануда. Қолданатын судың мөлшері аймаққа, өмір сүру деңгейіне байланысты адам басына шақ қанда 3 литрден 700 литрге дейін келеді. Өткен 50-60 жыл ішіндегі суды пайдалану мәліметтеріне сүйене отырып, жыл сайын суды пайдалану артып, табиғат үшін орны толмайтын судың мөлшері 4-5%-ды құрайтыны есептелген. Суды пайдалану және ысырап ету осы қарқынмен жалғаса берсе, халық санының өсуіне және өндіріс орындарының дамуына байланысты 2100 жылға адамзат тұщы судың бүкіл қорын тауысуы мүмкін.

21.05.2018. Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары. Минералдық тыңайтқыштарды қолданудың экологиялық мәселелері. Пестицидтер және оларды қолданудың экологиялық мәселелері. Эрозияға қарсы күрес шараларының ең негізгілерінің бірі – шаруашылық-ұйымдастыру жұмыстары. Бұл- территорияны дұрыс ұйымдастыру. Шаруашылықтарда жерлерді су және жел эрозиясына ұшырау деңгейлеріне байланысты топырақ-эрозиялық жоспарлар жасалынып, топырақтарға сәйкес эрозияға қарсы іс-шараларын жүргізу. Агротехникалық шаралардан беткейлерде жерді көлденең жырту, ал өте биік беткейлерде су ұстағыш микрорельефтер жасау керек. Жауын-шашын суларын жинау үшін жырту қабатын тереңдету арқылы да қол жеткізуге болады. Агротехникалық шараларға сол сияқты топырақты аударып емес, тек қана қопсыту, эрозияға ұшыраған жерлерде желге төзімді қаьаттарды жасау да жатады. Дифляцияға ұшыраған топырақтарда көп жылдық шөптерді өсіру арқылы ауыспалы егісті қолдану өте тиімді болып саналады. Эрозияға қарсы күрес шараларының ішінде орман-мелиорация жұмыстарын жүргізу де үлкен роль атқарады. Топырақты құрғақшылық пен ыстық желдерден эрозиядан сақтауда ормандар егудің өте қолайлы екендігін көрнекті ғалымдар А.Т.Болатов, В.В. Докучаев, Н.М.Сибирцев, т.с.с үнемі атап көрсеткен.

1.Айтарлықтай үлкен территорияларда өсімдіктер жабынын жоюға әкелетін табиғи экожүйелерге тигізетін әсерді жіктеу. Бұл әсерлерге орманды пайдалануға қатысты

2.Жайылымдарда эрозиялық процестер көбінесе шектен тыс мал жаюмен байланысты. Үлкен территорияларда шөптесін өсімдіктер жабыныың зақымдануы кезінде, әсіресе топырағы жеңіл жерледе су және су эрозиясы болуы мүмкін.

3.жыралар мен сайлар, өзендер жағалауында, егістік жерлердің айналасына, тамыры тереңге кететін табиғат қорғау ағаштары мен бұталарын отырғызу;

4.топырақ қорғайтын көпжылдық шөптерді егу;

5.ауылшаруашылығында дақылдарды кезектестіріп егу;

6.жыраларды бекітетін, ашық далада қарды ұстайтын, көктемде судың ағысын бәсеңдететін гидротехникалық құрылыстар салу;

7. құмды, тасты желрелде, бөктелерінде мал жаюды реттеу;

8.топырақты қайырмасыз жырту және тағыда басқа топырақ құрылымын жақсартатын агротехникалық шараларды қолдану. Пестицидтер (лат. Pestis-жұқпалы ауружәне caedo – өлтіремін) - өсімдік зиянкестері мен ауруларына, арамшөптерге, мақта, жүн, теріден жасалған бұйым зиянкестеріне, жануарлар эктопразиттеріне, адам мен жануарларға ауру тарататын организмдерге қарсы қолданылатын химиялық заттар. Пестицидтер тобына органикалық және бейорганикалық қосылыстар, кейбір дақылдардың оруын жеңілдететін дефолианттар және десиканттар, өсімдік өсуін реттеуіштер т.б. жатады.

Химиялық құрамы бойынша пестицидтер бес сыныпқа топтастырылады:

Хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен және т.б. Бұл қосылыстар организмде қарқынды жинақталып, ыдырау мерзімі бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді; Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырақта және басқа ортада жылдам ыдырайды; Карбаматты инсектицидтер – карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсер етеді, ал жануарлар мен адамдарға аса зияны жоқ; Хлорфеноксиқышқыл туындылары – дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады; Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер – транс-хризантема қышқылы.

Бұл инсектицидтердің табиғи материалдардан бөліп алынған жаңа түрі. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа организмге әсері белсенді болатын жасанды пиретроидтер де алынған.

Пестицидтер қоршаған ортада абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі – фотохимиялық, тотығу-тотықсыздандыру және гидролиз реакцияларының көмегімен жүзеге асса, екіншісі – ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалық ыдырауға қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына да байланысты. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен ормаң шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған.

Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек. Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады. Нормалау - Бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады. Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер болдырмау үшін медик-гигиенистер жағымсыз факторлардың организм тіршілігі үшін шекті мөлшерлі деңгейін белгілейді. Қоршаған ортаның нормалайтын факторына байланысты: Шекті мөлшерлі деңгей (ШМД) - организмге әсері (жеке фактор өзі немесе басқа факторлармен бірге), организмге немесе онын ұрпағында биологиялық өзгерістерге, әртүрлі аурулар мен психологиялық өзгерістерге (интеллектуалдық және эмоционалдық қабілетінің төмендеуі, ақыл-ой жұмысының қабілеті) алып келмейтін жағымсыз фактордың жоғарғы мәні. Жағымсыз факторлар химиялық топтарға жататын болса, Мұндай жағдайда шекті мөлшерлі деңгей - шекті мөлшерлі концентрация (ШМК) деп аталады. Шекті мөлшерлі төгінді (ШМТ) - су сапасының нормасын қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт ішінде су обьектіне төгілетін ақпа сулардағы рұқсат етілген ең жоғарғы заттар салмағы.

22.05.2018. Орман ресурстарын пайдалану мәселелері. Орманды пайдалану критерийлері. Ормандардың экологиялық маңызы. Дүние жүзіндегі ормандардың жалпы ауданы 4 млрд/га астам. Жалпы ормандардың ішінен таза ормандарды жеке бөледі. Оған орманды алаңқайлар,жолдар,шалғындықтар кірмейді. Таза ормандар шамамен 3 млрд/га алып жатыр. Бір адамға есептегенде жалпы орманды жерлер шамамен 0,8 га-дан келеді. Құрлықтың жалпы ауданына қатысты ормандар алып жатқан территориялардың пайызбен көрсетілген шамасын ормандылық деп атайды. Дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 32,2%-ға тең. Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы орманды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%- дан қазір 25-30%-ға дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бұл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр. Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде. Аталған территориялардың дүниежүзілік шамасы 20%. Кейбір елдерде бұл шама жоққа дерлік болса, Еуропа үшін жалпы ауданы бар болғаны 4 %. Дүние жүзінің ормандарында өсімдік массасының 1,65-1,96 триллион м³ шоғырланған. Бұған барлық жер үсті және жер асты массасы кіреді. Ағаш діңінің ағашының жалпы массасы шамамен 50%. Ормандарды сипаттайтын маңызды көрсеткіш ағаштың жылдық өсімі болып табылады. 1992 жылы Рио-де-Жанейродағы БҰҰ-ның конференциясында «Ормандарға қатысты мәлімдеме принциптерінде» былай делінген: «Ормандар атмосфераға түсіп,парниктің эффектке әкелетін көміртегі мен сутегін сіңіретін қойма болып табылады». Дүниежүзілік форумда мұндай құжаттың қабылдануы ғаламдық, эклогиялық, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешудегі ормандардың маңыздылығын көрсетеді. Ерте заманнан-ақ жасыл орман диқанның қажымас серігі болып келеді. Диқанның қамқорлығы нәтижесінде орман мен егін алқабы нағыз «одақ» түзіп, адам баласына қажеттіазықтық өнімдер беруде. Бұл екеуінің «одақтасуы» нәтижесінде күн сәулесінің энергиясы, ауа, су, топырақтың құнарлығы өсімдіктердің бойынан орын табуда. Орман егін алқабын эрозиядан сақтауда үлкен көмек корсетеді. Сондықтан да жер-жерде егін қорғау алқаптарын жасау кең қолданылады. Егін қорғау алқаптары егістікті аңызақ желден, құм борандардан сақтап, онда ылғалдың мол жиналуына мүмкіндік жасайды. Өткен ғасырда орыс шаруасы Игнатьев өз усадьбасын қар көшкіннен қорғау үшін оған жақын жерге қайың орманын отырғызады. Сонда ағаштарға қыста қар мол жиналады да усадьба маңындағы учаскеде мұнда соғатын аптап және аңызақ желдерге карамастан ұзақ уақыт ылғал сақталады. Бірнеше жылдан кейін Игнатьев усадьбада қазылған құдық суының кобеіп келе жатқандығын байкайды. Тіпті, жақын маңдағы деревняларда құдықтар тартылып қалған қуаңшылық жылдары да оның құдығы мол сулы болады. Бұл құбылыстың қайыңды орманға байланысты екендігін түсінген Игнатьев усадьбаны айналдыра үлкен жеміс бағын отырғызады. Сол кезден бастап ол ешқашан су тапшылығын көрмеген екен. Орманның ылғал сақтайтындығын білгеннен кейін оны шаруашылықтың әр түрлі учаскелерде кеңінен пайдалана бастайды. Сөйтіп,бұл мысалдан жер бетіндегі су режимін реттеудегі орманның рөлін көреміз.
Еліміздің басты табиғат байлығының бірі – орман. Совет Одағы орманға бай ел болып саналады. Дүние жүзілік орман қорының төрттен бір бөлігі СССР териториясында орналасқан. Бұл шексіз де шетсіз байлық деп есептеуге болады.
Еліміздің орман байлығы 800 миллион гектарға жуық алқапты алып жатр. Бұл – дүние жүзінде өзіне теңдесі жоқ орманды өлке біздің еліміз деген сөз. Аса орманды елдер болып саналады Канада мен Америка Құрама Штаттарын, Қытай мен Швецияны, Финляндия мен Францияны артта қалдыра отырсақ та бұл байлықты жылма-жыл арттыра тусу жолында қажырлы еңбек етіп келеді. Тоғызыншы бесжылдықта ғана 12 млн га жас орман пайда болды. Елімізде жылына 400 миллион текше метр ағаш сүрегі дайындалатындығын айтсақ та бұл байлық қорының орасан зор маңызы айқындала түседі. Келешекте ағаш сүрегін тұтынудың арта түсері созсіз. Республикамызда да орман байлығы жөнінен көрнекті орын алады. Қазақстан орманға кедей өлке емес. Орманды териториясының көлемі жағынан Қазақстан Россия Федерациясынан кейін екінші орында тұр. Қазақстандағы орман қорының жалпы ауданы – 21,5 млн га. Кенді Алтай ормандарының ағаштары құрылысқа, химия және целюлоза өнеркәсібінде, мебель жасауға пайдаланады. Алтайдың майқарағай ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр, ал балқарағай орманы 300 мың га жерге орналасқан.. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығына жол беруге болмайтындығы белгілі. Өйткені орман – планета ландшафтының құрам бөлігінің бірі, ол-табиғи боиценоз, ол-басты байлықтың бірі, оман-жер атмосферасында оттегін өндіруші жасыл лаборатория, ол-климатты реттеуші фактордың бірі. Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі бұдан 60 жыл бұрынғыға қарағанда суды тәулігіне жеті есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жайт анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы өткен ғасырдың соңы мен үстіміздегі ғасырдың басында көп кесілген. Ал қазіргі кезде тау беткейі ормандары бұл төңіректе біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су мөлшері де көбейе түсті.

23.05.2018. Ормандарға рекреациялық қысымның әсері. Тропиктік ормандар мәселесі. Қазақстанның экологиялық мәселелері. Жаңбырлы тропикалық ормандар оттегінің басты көзі және оттегі тепе-теңдігін сақтауда үлкен роль атқарады. Сондықтан тропикалық ормандарды «планетаның жасыл өкпесі» деп те атайды. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда Жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Жыл сайын дүние жүзінде 15-20 млн гектар (Финляндия аумағындай) Спопикалы қ ормандар жойылуда. Соңғы 10 жыл ішінде ормандардың жойылу қарқыны 90%-ға өсіп, жылына 1,8%-ды құрайды. Ең көп шығынға ұшыр ап жатқан елдердің қатарына Бразилия , Мексика, Үндістан, Тайланд жатады. Егер тропикалық ормандар осындай қарқынмен жойыла берсе 30-40 жылдан соң Жер бетінде мұндай ормандар қалмайды. Тропикалық ормандар аумағының азаюы әсерінен атмосферадағы оттегінің мөлшері XX ғасырдың ортасымен салыстырғанда жыл сайын 10-12 млрд тоннаға азайып, ал көмір қышқыл газының мөлшері 10-12%-ға көбеюде, яғни, оттегі тепе- теңдігінің бұзылу қаупі бар.Ормандардың жойылуының басты себептері: орман алқаптарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өңделуі, ағаш отындарға сұраныстың артуы, ормандарды өнеркәсіп қажеттігі үшін қырқу және дамудың үлкен масштабты жобаларының іске асуы.Халықтың тропикалық аймақтарға көшуін мысалы, Бразилияда (Амазонияны колонизациялау жобасын іске асыру үшін) ауыл шаруашылығы үшін жаңа жерлерді игеру мақсатында кейде үкімет деңгейінде қолдайды. Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде экспортқа шығару үшін мал шаруашылығын дамыту саясаты тропикалық ормандарға үлкен зиянын тигізді. Дамушы елдердегі кедей халық санының өсуі энергетикалық кризиспен бірге ормандардың жойылуының тағы бір себебі болып табылады. Адамның шаруашылық әрекеті табиғаттың өзгеруіне әсер ететін ерекше фактор. Адам еңбек пен ақыл ойдың арқасында қоршаған ортаға бейімделумен қатар, оны өзгертеді. Сондықтан табиғатты өзгерту барысында адамзат оның кейінгі зардаптарын да ескеруі қажет. Табиғат кешендеріне кері әсер ететін озық ғылыми-техниканың тікелей қатысы жоқ. Ол өзгерістерге кінәлы прогресс емес, техникалық жобаларда адамның шаруашылық әрекетінің әсері есепке алынбаған. Жауын-шашын мөлшерін, топырақ ылғалдығын ескерместен топыраққа минералды тыңайткыштар енгізу, ол заттардың шайылып, өзендер мен бөгендердің ластануын туғызды. Мұның бәрі қаншама еңбек пен шикізатты зая кетірумен бірге, қоршаған ортаның жағдайын нашарлатады. Ірі бөгендер салуда аумақтың табиғат ерекшеліктерін ескермеу мезгілсіз батпақтануға, топырак, өсімдік жамылғысы мен сол жердің микроклиматының өзгеруіне әкеп соғады. Қазіргі кезде антропогендік ландшафтар басым. Ландшафтарды жақсарту үшін оларды өзгертетін шаралар жүргізеді. Соның бірі – мелиорация. Мелиорация жердің жағдайын жақсарту мен оны пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған шаралардың жиынтығы болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, көркейту және қорғау кешенді түрде қарастырылуы қажет. Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларын есепке ала отырып Қазақстанның экологиялық қауіпсіздігі проблемалары және қоршаған ортасының жағдайына ғаламдық, ұлттық және жергілікті деңгейде қаралуын қарастырады.Ғаламдық экологиялық проблемаларға климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биоәртүрліліктің азаюы, шөлейттену және жердің құлдырауы (деградация) жатады. Ұлттық экологиялық проблемалареа экологиялық апатты аймақтар; Каспий теңізі қайраңы ресурстарын белсенді игерумен байланысты проблемалар; тарихи ластану; трансшекаралық мәселелер; әскери ғарыштық және тәжірибелік кешендер полигондарының әсерін жатқызуға болады. Жергілікті экологиялық проблемаларға ауа бассейнінің ластануын, радиоактивті, тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтары, табиғи және техногендік төтенше жағдайларды жаткызуға болады. Адам әрекетінен Қазақстан жерінде тез шешуді қажет ететін проблемалар бар.

24.05.2018. Қазақстандағы радиациялық жағдай. Қазақстанның су ресурстары мәселесі. Биологиялық алуантүрлілік және оны сақтау. Қазақстанның су ресурстары Қазақстанның жер үсті суларының ресурсы сулылығы бойынша орташа көлемі 100,5 км3; соның ішінде не бары 56,5 км3-і ғана республика аумағында қалыптасқан, қалған көлемі Орта Азия мемлекеттерінен, Ресей Федерациясынан және Қытай Халық Республикасынан келетін өзен суларынан құралады. Өзен ағынының көлемі бойынша Қазақстан планетаның сумен неғұрлым аз қамтылған елдерінің қатарына жатады. Қажетті су тұтыну көлемі 54,5 км3-ді құрайды, мұның сулылығы бойынша орташа есеппен жылда шаруашылыққа пайдаланылу мүмкіндігі 46,0 км3-ден аспайды. Су тапшы жылдары су ресурстарының көлемі 58 км3-ге дейін, ал пайдаланылатын су тиісінше 26 км3-ге дейін төмендейді. Тұщы жер асты суларының қоры 15,1 км3-ді құрайды, оларды пайдалану деңгейі 11,3% немесе 1,7 км3. Қайтымды сулардың көлемі 4 км3, су көздеріне қайта құйылған су 2 км3-ден аспайды, қалған ағынды құрамы сейіледі немесе жерге сіңіп кетеді. Қайтымды сулар табиғи сулар мен қоршаған ортаны ластаудың негізгі көзі болып табылады. Соңғы кезде су ресурстарының сандық және сапалық сарқылуы жүріп жатыр. Адамзат өз қажеттілігіне негізінен гидросфера жалпы көлемінің 1% құрайтын тұщы суды пайдаланады. Бұл мәселені шешу үшін әлемдік мұхит, жер асты және мұздықтардың суын тұщыландыруды қарастыру керек. Бұлардың ішінде жер асты суларының біршама болашағы бар. үниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени – тарихи және археологиялық заказниктер. Ұлттық парктер – негiзгi мiндеттерi – табиғи комплекстердi қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың.га.), ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ – шөлдi далалар, батпақтанған Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған. Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық – Үстiрт, ол жерде Тұран ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және сайғақ қорғалады. Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территриялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық. Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б. Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және Атырау қаласында ұйымдастырылады.

25.05.2018. Ерекше қорғауға алынған территориялар. Тұрақты даму концепциясы. Экологиялық білім беру, тәрбие және мәдениет. Тұрақты даму табиғи қорларды олардың байлығы мен біртұтастығы толық сақталатындай етіп тиімді пайдалануға бағытталған. Ол адам дамуы мәселелеріне денсаулық, тамақтану, жұмысбастылық, пен тағы да басқа мәселелердің бірқатарын ескере отырып кешенді түрде қарау қажет деген ұғымды білдіреді.Тұрақты дамуды қамтамасыз етудің негізгі міндеттеріне мыналарды жатқызамыз: Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру; Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың тиімді жүйесін құру; Табиғи қорларды теңестірілген пайдалану негіздерін қалау. Экологиялық мәселелерге байланысты осы міндеттерді іске асыру, тұрақты даму мәселесін шешу жолдары болып табылады. Жер бетіндегі тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.Тұрақты даму мәселесін шешу үшін, ең қарапайым тәсілі әр адамның экологиялық сауатсыздығын жоюдан бастау керек. Адамның ең негізгі мақсаты – биосфераны қорғау және сақтап қалу.Қазіргі кезде экология ерекше маңызға ие .Жер бетінде халық санының өсуі, көптеген елдердің индустриялды дамуы, табиғат ресурстарын пайдалнуды еселеп арттырып, адамның табиғатқа әсерін өсіре түсуде. Кейбір елдерде қоршаған ортаның жағдайының нашарлауы соншалық, адамдар денсаулығына кері әсер ете бастады.Осының бәрі қоғамды қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл аударуға, табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға, сондай-ақ оның ресурстарын үнемі пайдалануға итермелейді. Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы ғана әсер етпеу керек, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды. Осыған байланысты алдыңғы кезекте, табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың обьективтік-экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды. Осылар қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып нақты істерге көшуге итермелеуі тиіс.Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық даму кезеңдерінде орын алып отырды. Өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың nабиғатқа кері әсерінің нәтижелері, ғаламдық сипатқа ие болды.Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе – теңдікті бұзбай, милиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді. Адамзат қоғамының үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана сезімі, оладың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.Жоғарыда айтылып өткендей, адамзат қоғамның алдында тұрған экологиялық мәселеллер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды.Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералық қызметі- биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамуды тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген lамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. 1987 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «Қоршаған орта үшін қауіпсіз жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды. Омында алғаш рет «Тұрақты даму» концепциясы ұсынылды. 1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Дүние жүзілік қоршаған орта мен даму коммисиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты конференциясы «Тұрақты даму» конференциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады.

26.05.2018. Экологиялық құқық. Су ресурстарының сарқылуының алдын алуға бағытталған кейбір іс-шаралар. Энергияның кейбір дәстүрлі емес көздерін пайдалану. Экологиялық құқық (орыс. Экологическое право) — экологиялық-заңдылық нормалардың (тәртіп ережелері) жиынтығы. Ол қоршаған ортаны корғау, экологиялық зияндардың зардаптарын алдын ала ескерту, адамды қоршаған табиғи ортаны сауықтыру және сапасын арттыру жолында адам мен табиғаттың өзара қоғамдық (экологиялық) қатынасын ретгейді. Қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттері аясындағы, адамдардың қазіргі және келешек ұрпақтарының мүдделері үшін табиғат байлығын қорғау және ұтымды пайдалану саласындағы қоғамдық (экология) қатынастарды реттейтін заңи нормаларының жиынтығы. Экологиялық Құқықтың негізгі көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы (1995), Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (1999), Қазақстан Республикасының Жер кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Су кодексі (2003), Қазақстан Республикасының Орман кодексі (2003), Қазақстан Республикасының “Жануарлар дүниесін қорғау, ұдайы өсіру және пайдалану туралы” (1993) , “Әуе кеңістігін пайдалану және Қазақстан Республикасы авиациясының қызметі туралы” (1995), “Қоршаған ортаны қорғау туралы” (1997), Қазақстан Республикасы Президентінің “Мұнай туралы” заң күші бар Жарлығы (1997), Ұлттық қауіпсіздік туралы Қазақстан Республикасының Заңы (1998), “Өсімдіктер карантині туралы” (1999) заңы, министрліктердің қаулылары мен өкімдері, нормативтік актілері болып табылады. Экологиялық Құқық нормалары құқықтың көптеген көздерінде, соның ішінде заңнаманың басқа салаларында да кездеседі. ЭЖК қолдану экономиканың қарқынды даму саласының бірі болды. Европалық одақтың (ЕО) жетекші мемлекеттерінде ЭЖК энергияны алу жылына 10-20 %өседі.Евростат деректеріне сай егер 2004 жылы ЕО-та электрэнергиясының 8,5 % ЖЭК арқылы алынса, онда 2014 жылы бұл көрсеткіш 16 %жетті.Европалық кеңес болжамы бойынша қайта жаңарту энергиясы бойынша 2040 жылға қайта жаңарту көздері әлемдегі энергия өндірісінің 50 % қамтамасыз ете алады. Европарламент шешіміне сай ЕО энергобалансында ЖЭК үлесі 2020 жылы 20 %, ал 2040 жылы 40 %құрау керек.Абсолют көсбасшы болып Швеция табылады.Ол түпкілікті жалпы тұтынуында өзінің энергетикалық тұтынуыны жартысына дейінін (52,6%) энергияның қайта жаңарту көздері арқылы қанағаттандырады. Одан кейін Латвия мен Финляндия (38,7%), Австрия (33,1%) және Дания (29,2%) орналасқан.

ЖЭК барлық түрлерінің даму дәрежесіне байланысты жетекші орынды Германия алады. 2004 жылы Германияда арнайы заң («EGG») қабылданды. Ол электрэнергетикасындағы ЖЭК үлесінің 35 %-ға, ал 2030 жылы 50 %-ғадейін өсуін қарастырады.2016 жылы бұл көрсеткіш 32%жетті. Фотоэлектрлік өнеркәсіптің Европалық ассоциация (EPIA) деректері бойынша жер бетіндегі гелиоқондырғылардың жалпы қуаты 200 ГВт шекара

белгісіннен асты. Италияда күн батареялары шамамен тұтынылатын 6 электрэнергияның

7 %, ал Германияда –6 %, Болгария,Чехия, Бельгия мен Испанияда –3%қамтамасыз етеді. 2012 жылы Европа одағында 17 ГВт жаңа фотоэлектрлік түрлендіргіштер орнатылды. Осы өсімнің жартысына жуығын (8 ГВт) Германия қамтамасыз етті. Салыстыру үшін: европалық жел энергетикасының жалпы қуаты осы аралықта 12ГВт, ал газдық электростанциялардікі –5 ГВтөсті. АҚШ-та қазіргі таңда ЖЭК үлесіне энергоөндірудің 6 % сай, ал 2030 жылға осы көрсеткіш 10 % дейін өсуі керек. Әлемнің екінші экономикасында ЖЭК дамуының жоғары қарқыны –Қытайда. ҚХР-ның 12-ші бес жылдық даму жоспарына сай Қытай республикасының энергетикалық балансында 2015 жылы ЖЭК үлесін 11,3 %дейін өсіру жоспарлануда. 2010 жылы бұл көрсеткіш 8,3 %

болды.Энергияның қайта жаңарту көздерін Бразилия мен Мексика белсенді дамытуды. Бұл мемлекеттерде электрэнергиясын өндіру саласындаға ЖЭК үлесі (ГЭС есепке алмағанда) қазірдің өзінде 4 % асады. ТМД-ға мүшемемлекеттер энергияның қайта жаңарту көздерінің айтарлықтай потенциалына ие. Осы мемлекттердің экономикасында

ЖЭК үлесін сипаттайтын салыстырмалы көрсеткіш аса жоғары деңгейде орын алған тіптен мұндай орынға кейбір өнеркәсіптік дамыған мемлекеттердің көрсеткіштері 2050ж

ылдарға жуық жете алуы мүмкін.

28.05018. Қазақстанның экологиялық апат аудандары. Экологиялық демография. Демография ұғымы. Табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, флора мен фаунаның тозуы орын алған және қолайсыз экологиялық ахуал салдарынан халықтың денсаулығына елеулі зиян келтірілген Арал және Семей өңірлері экологиялық апат аймақтары болып жарияланды. Экологиялық апат аймақтары елдің ішкі қауіпсіздігіне нақтылы қатер болып табылады. Қазіргі уақытта бұрынғы Семей полигонына шектес аудандарда (71,9 мың халқы бар 85 елді мекен) онкологиялық аурулардың және адамдар өлімінің, қан айналымы жүйесі ауруларының, жаңа туған сәбилер арасындағы кеселдердің және ерте қартаю көрінісінің жоғары деңгейі байқалуда.Демография (грекше демос — халық) — белгілі бір халықтың, ұлттың, ұлыстың, этникалық топтың санын, құрамы мен құрылымын, аумаққа бөлінуін, өсу не кему динамикасын қоғамдық-тарихи жағдайлармен байланыстырып зерттейтін әлеуметтік ғылым саласы. Соңғы жылдары демографияның жаңа бағыттары – экологиялық демография немнесе демографиялық процестердің адамның мекен ету ортасына байланысын зерттейтін бағыты қалыптасып келеді. Қазіргі адамзаттың саны 6 млрд. Адамға жақын. Табиғаәқ ғасырдағы адамзаттың санының жылдам артуын демографиялық жарылыс деп атайды. Сонғы 100 жылдағы өсімге Жердегі қазірөмір сүретін адамдардың ¾ -і сәйкес келеді№ Ғасырдың екіншіжпартысында әр он жыл сайын жылдық өсім шамамен 10 млнөға артып отырады. Адамзат тарихы мен эволюциясының ерекше факторанынаң басқа халық санының шектен тыс артуын эпидемиялар мен аштықтан болатын өлім санының кемуімен түсіндіруге болады. Әқ ғасырда аталған факторларға гигиеналық және медициналық жағдайлардың жақсаруына байланысты дамушы елдердегі бала өлімінің кемуі де қосылады. Әр түрлі елдер мен континенттердің халық санының өсіуне қосқан үлесі әр түрлі. Абсолюттік саны бойынша ең үлкен өсімді ірі азиялық елдер – Қытай, Үндістан, Индонезия берсе? Ал ең жоғары өсу жылдамдығы Африка мен Латын Америкасында байқалған. Ейбір Африка мемлекеттеінде салыстырмалы өсім жылына 4%-ға дейін жетіп отырды. Көптеген жоғары дамыған елдер мен аймақтарда (Батыс Еуропа, Солтүстік Америка) демографиялық жарылыс жағдайы ертерек – 21 ғасырда байқалған. Бул елдерге қазір халық санының тұрақтануына әкелетін демографиялық өтпелі даму кезеңі тән. Бай және кедей елдердің байлығының арасындағы айырмашылық кемімей отыр. Байлар одан әрі баюда, ал кедейлер –кеделенуде. Бұл өзекті экологиялық мәселелерді шешуді қиындатады.

29.05.2018. Литосфера және оны тиімді пайдаланумен қорғау. Топырақ ресурстарының маңызы. Жер ресурстары. Литосфера – (грекше – lіthos - тас + sphaіr – шар) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30-80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3 км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді. Жер бетінде Күннің энергиясы заттардың екі айналымын: су айналымы мен атмосфера циркуляциясында байқалатын үлкен, немесе геологиялық және заттардың топырақ, өсімдіктер, микроорганизмдер мен жануарлар арасындағы айналымы- кіші немесе биологиялық айналымды туғызады. Екі айналым да бір-бірімен тығыз байланысты.Топырақтың табиғи ландшафттар мен экожүйелердегі маңызы зор, оны жекеленген экожүйе деп қарастыруға болады.Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В.В.Докучаев ХХ ғасырдың басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін-өзі реттеуге қабілетті табиғи-тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихымен, тау жыныстарымен, климатымен, өсімдіктерімен, рельефімен және ландшафтымен тығыз байланысты болатынын атап көрсеткен.Тау жыныстарының топыраққа айналу процесінің аса бір маңызды және жалпы құбылысы құрлықтың бүкіл бетін жауып жатқан гумустық қабаттың түзілуі болды. Бұл қабат топырақтың ең бір белсенді бөлігі болып саналады. Топыраққа ең алғаш рет М.В.Ломоносов ғылыми анықтама берді, ол : топырақ түзілу процесі құнарлылық түзіле жүретін өсімдіктер мен тау жыныстарының арасындағы ұзақ өзара қарым-қатынас деп көрсетті.Топырақ ресурстары Жер бетіндегі тіршілікке қажетті ен маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен ролін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық сиымдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арсындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе-теңдікте сақтап тұра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық-түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағдайлар тек топырақ арқылы ғана жасалынады. Топырақтың табиғи дене ретіндегі негізгі функциясы атмосфералық жауын-шашынды жинақтау мен су балансын реттеу, өсімдіктерге қажетті қоректік элементтерді жинақтау, жер асты суларын түзумен тазалығын қамтамасыз ету, ластаушы заттарды тасымалдау.Топырақ - сыртқы орта жағдайлары: жылу,су, ауа, өсімдіктер мен жануарлар, микроорганизмдердің біріккен әсерінен қалыптасқан жердің беткі құнарлы қабаты. Топырақ түзгіш факторларға сол сияқты рельеф пен адамның іс-әрекеті де жатады. Тірі организмдер топырақтың негізгі қасиеті - құнарлылығының қалыптасуына жағдай жасайды.Топырақтың құнарлылығы дегеніміз – оның өсімдіктерді оларға қажетті қоректік элементтермен, сумен және ауамен қамтамасыз ету қабілеті. Ол топырақ түзілу процесі барысында және адамның топыраққа әсер етуі нәтижесінде қалыптасады. Ол бүкіл адам баласының тіршілігінің көзі болып табылатын аса маңызды байлық, ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің, ауылшаруашылық дақылдары өндірісінің негізі.Топырақ - барлық элементтердің аккумуляторы: ол оларды өзінде жинақтап, сумен шайылып кетуден сақтайды. Өзінің қалыптасқан зат алмасу процесі бар, тұрақты динамикалық жүйе болғандықтан топырақ табиғи факторлар (су тасқыны, эрозия, құрғақшылық, т.б.) әсеріне қарсы тұра алады. Бірақ топырақ көптеген антропогендік факторлардың (жер жырту, мал жаю, техниканы қолдану, т.с.с.) ұзақ уақытқа созылатын әсеріне сезімтал келеді. Топырақтың құнарлылығы адам іс-әрекетіне де байланысты.Топырақ - барлық материалдық игіліктердің көзі. Ол азық-түлік, малға жем, киім үшін талшық, құрылыс материалдарын береді. Топырақтың ең маңызды байлық екендігін айта келіп, К.Маркс, еңбек байлықтың әкесі болса, топырақ - анасы деген.Топырақ ешнәрсеге айырбасталмайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылым әлі күнге дейін табиғи топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Топырақ - биосфераның басқа элементтерімен үздіксіз алмасып отыратын, олармен тығыз байланысты және биосфераның кейбір элементтеріне (атмосфералық ауа, жер бетілік және жер астылық сулар) өзі де әсер ете алатын өте күрделі ашық система. Топырақ үнемі климат пен ауа райы компоненттері, флора мен фауна, әсіресе соңғы кезде түрлі антропогендік зиянды әсерлерге ұшырап отыр. Топырақта эрозиялық процестер көбейіп, өздігінен тазару қабілеті нашарлап, құнарлылығы кемуде.Топырақтың деградациялануының (латын тілінен аударғанда - "төмендеу", "артқа кету" ) негізгі факторлары : эрозия, минералдық тыңайтқыштар мен пестицидтерді шамадан тыс көп қолдану, т.с.с.Топырақтың қорғау мен бақылау объектісі ретінде қоршаған ортаның басқа объектілерімен салыстырғанда бірқатар өз ерекшеліктері бар. Ең алдымен топырақ атмосфералық ауа емн жер бетілік суларға қарағанда әлдеқайда қозғалыссыз орта, соған байланысты басқа орталарға тән аса қуатты табиғи өздігінен тазару қасиеті жоқ. Топыраққа түскен антропогендік ластаушылар онда жинақталып, көбейе береді.Топырақ - жер қыртысының беткі горизонты.Топырақ түзуші факторлар: климат, организмдер, топырақ түзетін жыныстар, жер бедері, елдің жасы, адамның шаруашылық іс-әрекеті.

30.05.2018. Жел және су эрозиялары. Топырақты эрозиядан қорғау. Жерді рекультивациялау. Құнарлы қабаттардың органикалық заттармен ластануы, соның ішінде мұнай және газ көмірсутектерінен алынған химиялық өнімдер өндірісінің қалдықтарымен, «санитарлы сан» комплексті көрсеткішімен бағаланады.Құнарлы қабат ағуызы мен органикалық азот көлемінің арақатынасы:Құнарлы қабат сипаттамасы Санитарлық сан Таза 0,98-1,0. Аз ластанған 0,85-0,98. Ластанған 0,70-0,80. Көп ластанған 0,70 кіші. Құнарлы қабаттағы зиянды заттардың болуын нормалау су қойма мен ауа үшін контактілі ортадағы зиянды заттардың болуы АБҚ-дан аспайтындай консентрацияда ұстап тұруды бастайды. Нормалаудың методикалық нұсқауларына байланысты өзіне зерттеудің үш негізгі бағытын кіргізеді. Бірінші бағыт-құнарлы қабаттағы заттардың максимальды мүмкін болатын концентрациясын анықтау. Екінші бағыт-берілген құнарлы қабатта өсірілетін өсімдіктердің органолептикалық қасиетін орнату. Үшінші бағыт-құнарлы қабатта жүріп жатқан өзін-өзі тазарту процестеріне заттардың әсерін зерттеу. Табылған шекті концентрациялардың ең кішісін мүмкін болатын концентрация ретінде алады. Зерттеулерді лабораториялық жағдайларда модельді жыныстар мен өсімдіктерге жүргізеді. Ал алынған нәижелер далалық экспериментпен немесе табиғи жағдайларда нақтыланады.Құнарлы қабаттарды ластаушы заттардың зияндығының дәрежесі бойынша 3 класқа бөлінеді:

1 . Қауіптілігі жоғары;

2 . Қауіптілігі орташа;

3 . Қауіптілігі өте төмен.

Қауіптілік класын «Табиғатты қорғау. Құнарлы қабаттар. Ластауды бақылау үшін химиялық заттарды класификациялау» МЕСТ 17.4.1.02-83 сәйкес анықтайды. Жер ресурстарын қорғау бойынша негізгі шараларға келесілер жатады: - бұрғылау жұмыстарына және сызықтық құрылымдарға жерді бөлу нормаларын сақтау; - грунт жолдарының органикалық тораптары;- қалпына келтіру шараларын жүзеге асыру; - топырақ жағдайын бақылауды ұйымдастыру; Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру. Қайта қалпына келтіру жоспарына келесілер кіру керек:Құбыр желілерін төсеу үшін траншеяларды қайтадан ашу. Көлік жолдары құрылысында трассалық резервуарлармен карьерлердің қайта қалпына келтірілуі қарастырылады.Қайта қалпына келтірудің техникалық кезеңіне кіретіндер:- ашылған грунтты алу және оны жинау, құламаларды 1:10 түзетуде грунтты игеру, карьер құрамаларымен түбін жобалау, ашылған грунттың кері жылжуы;- ұңғыма құрылысында бұрғы аймағын ластанудан, қалдықтардан тазарту, шламдарды, бұрғылау ертінділерін және бұралқы суларды пайдаға асыру бойынша жұмыстар, амбарларды көму, грунтты жоспарлау, топырақты кешенді реагенттермен өңдеу қарастырылады;- Желіні төсеудің барлық тереңдігіне пышақты желі төсегішпен қатты кесу тәсілімен желіні төсеуде, байланыс желілері құрылысында жерді қайта келтіру қаралмайды;- ВЛ трассасы бойынша электро беріліс желілері құрылында қалпына келтіру жұмыстары тіректерге бөлінген жер учаскесінде жүргізіледі. Биологиялық қалпына келтіру бұзылған жерлерді қалпына келтірудің технологиялық кезеңінен кейін жүзеге асырады.Топырақты эрозияға қарсы бекіту теріскен, сексеуіл, қара сүзгін егумен өсімдіктерді қалпына келтіруді қарастырады.Олардың топыраққа терең енетін тамыр жүйесі бар.Биологиялық қайта қалпына келтіру жүргізіледі:- ұңғыма алаңының периметірінен 100м қашықтағы белдеуде;- орталық манифольдтің қоршалған өлшеу қондырғыларының периметрі бойынша 50м қашықтықтағы белдеуде; Ұңғыма сағасымен өлшеу қондырғылары алаңының қоршаулары шегінде топырақты ұшудан сақтайтын 20см қабаты қиыршықтасты жабынмен жабылған.Ұңғыма, өлшеу қондырғылары, газ құбырлары, су құбырлары, 5және 35кв мұнай жинау желілері трассалары аймағын биологиялық қайта қалпына келтіру, қайта қалпына келтірілетін аймаққа құмбекіткіш өсімдіктерді егу жолдары қарастырылады. Өсімдіктерді отырғызудың терең 0,35-0,85м, ара қашықтықтары 1м, қатарлар арасы 6м болады. Жолдар, карьерлер бауырайларын биологиялық қайта қалпына келтіру үшін дәнді егу нормасы 32кг/гажергілікті күнсүйгіш көпжылдық шөптерді егу қарастырылған.Бөлінетін құмдарды бекіту бойынша эрозияға қарсы шаралар екі кезеңде қарлады:- Құм беттерін тұтқыр материалдармен бекіту;- Қайталама тұтқыр материалдармен өңдеп құм бекіткіш өсімдіктерді отырғызу.

31.05.2018. Қоршаған ортаны тұтыну және өндіріс қалдықтарымен ластануы. Табиғатты пайдалануда болжамдау және модельдеу. Табиғатты пайдалануды басқару. Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жатыр.Радиоактивті көріністерге: нуклидтер, иозотоптартар, радиоактиті заттар, иондаушы сәулелер, сыртқы және ішкі сәулелену түсінігіне анықтама. Изотоптар - Масса саны әртүрлі бола тұрса да, атомдық ядро заряды бірдей болып келетін, сондықтан да Менделеев кестесіңде бір ғана орынды иеленетін химиялық элементтер атомы. Бір ғана элементгің әртүрлі изотоптарына тән атомдар өздерінің ядросына кіретін нейтрондар саны жағынан, ядролық қасиеттері тұрғысынан бір-бірінен анық өзгешеленеді, алайда олар, электронды қабаттары құрылысының бірдей болуына байланысты, бір-біріне өте ұқсас химиялық қасиеттерді иемденеді. Химиялық элементтердің көпшілігі атомдық салмақтары әр түрлі изотоп қоспасынан тұрады. Бүгінгі танда 264 тұрақты изотоптар, 50 шамалы табиғи радиоактивті изотоптар және 1000-нан астам жасанды радиоактивті изотоптар белгілі Радиоактивті изотоптар әдісі. Ұңғыма оқпанынарадиоактивті заттарды енгізгеннен кейін ондағы ү-сәулелену карқынын өлшеуге негізделген радиоактивтік каротаж әдісі; таужыныстардың кеуектілік және жарықшақтық дәрежесін анықтауға, құбырсырттық және жерасты суларының айналымдарын қадағалауға да қолданылады. Синонимі - "таңбаланған шар әдісі".Радиоактивті заттар — құрамында радиоактивті изотоптар бар, жасанды немесе табиғи заттар. Тұрақтылығы аздау кейбір элементтер атомдары ядроларының неғұрлым тұрақты энергетикалық күйге өтуі нәтижесінде радиоактивті құлдырау, яғни атомдарда іштей қайта құрылу процесі жүреді. Радиоактивті заттар альфа, бета-бөлшектер мен гамма-сәулелер шығара алады, оның залалдау әрекеті адамдар мен жануарлардың сырттай сәулеленуі түрінде көрінеді. Радиоактивті сәулеленудің зиянды биологиялық әрекеті тірі клеткалардың иондануы ағзадағы химиялық өзгерістердің әр түрлі процестері арқылы көрінеді. Бұл клеткалар мен тканьдердің тіршілік әрекетінің бұзылуына, ал күшті әсер еткен кезде бүкіл ағзаның радиоактивті сәулеленуі мен ауруының дамуына — сеуле ауруына шалдығуына әкеп соғады. Көзге көрінбейтін өтімді сәулелерді шығаратын заттарды радиоактивті заттар деп атады. Ал осы заттардың қасиетін – радиоактивтілік деді. Соңғы он жылдықта жаңа радиоактивті элементтер ашылды – торий(1898), актиний(1899), тарон және радо(1900), радиоторий(1905), мезоторий(1907) және т.б. барлық элементтердің атомдық нөмері 83-тен көбі радиоактивті болып табылды. Щынайы радиоактивтіліктер кейбір жеңіл элементтерде де анықталынды, оның ішінде калий, рубидий, самария, лантан және рений изотоптары.Радиациялық сәулелену — иондаушы сәулелердің түрлі объектілерге әсері. Радиациялық сәулеленудің көздері: ядролық жарылыс, жарылыс кезінде немесе басқа жағдайларда пайда болатын және жергілікті жер (акватория) мен атмосфераны зақымдайтын радиоактивті заттар болыл келеді.

01.06.2018. Табиғатты пайдаланудың құқықтық негіздері. Экологиялық стандарттау және сертификаттау. Қоршаған ортаның сапасын нормалау. Соңғы уақытта экологиялық ақуалдар, қоршаған ортаны қорғау проблемалары өте маңызды мәселеге айналып отыр. Экологиялық проблемалар әлемдік қауымдастықтар үшін де негізгі орынды иеленуде, оның бір бөлігі Киот хаттамасын дайындауда келтірілген, яғни барлық қол қойған елдер өндірістік газдардың шығуын 8%-ға төмендетуді жоспарлауды көздеп отыр. Көптеген елдердің заңдарында атмосфераға электромагниттік сәулелердің, шулардың, газдардың шығу деңгейі қатаң шектеледі.Бұлардың барлығы стандарттау саласында байқалуда, әсіресе, олардың көп бөлігі экология мен табиғатты қорғауға арналған.Тек Еуропа елдерінде экология саласында 90-нан аса директивтер қабылданған. Бұл директивтердің бағыттарына:

1. Еуропалық Одақтың (ЕО) басты саясаты бойынша – өнеркәсіптерде ластануды бақылау құндылығын бағалау әдістері, табиғатқа тиетін өнеркәсіптік жобалардың әсерін бағалау;

2. Су бойынша – өзендерді, теңіздерді, көлдерді және басқа су ұңғымала-рын ластанудан қорғау, ауыз су сапасы және өндіріс қалдықтарын су ұңғымаларына тастау мәселелері, су флоралары мен фауналарын қорғау бойынша іс-шаралар;

3. Ауа мен өндірістік тәуекелділіктерде – кейбір заттардың қолданылуын шектеу, ауа бассейнінің тазалығын қорғау, ауадағы зиянды заттардың нормаларын анықтау;

4. Өндіріс қалдықтары бойынша қолданылған суларды тазалау, қоқыс-тарды жою, қауіпті заттарды тасымалдау және оларды сақтау;

5. Шу бойынша тұрмыстық құралдардың, транспорт құрылғыларының, өндірістік қондырғылардың шу деңгейін қалыпқа келтіру жатады.

ЕО-да бұйымның (қызметтің) экологиялық қауіпсіздігінің белгісі енгізілген. Ол тұтынушыны бұйымның экологиялық қауіпсіздігі туралы ақпараттандырады. Белгі қолдануға қауіпсіз, бірақ рұқсат етілген дозадағы қауіпті заттар болуы мүмкін дәрілерге, сусындарға және азық–түлік тағамдарына қойылмайды. Экологиялық стандарттауда маңызды орынды ИСО алады. 1993 жылы оның құрылымында «экологиялық басқару» техникалық комитеті құрылды.Оның жұмысының нәтижесінде қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардан тұратын ИСО 14000 сериялы халықаралық стандарттар қабылданды. Соңғы нұсқадағы негізге алынатын стандарттар ИСО 14001:2004 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Қолданылуы бойынша талаптар және нұсқаулар» және ИСО 14004:2004 стандарты «Қоршаған ортаны басқару жүйесі. Пайдалануды қамтамасыз ететін қағидалар, жүйелер және құрылғылар бойынша жалпы жетекшілік нұсқаулар». Экологиялық басқару жүйесі қоршаған орта жағдайының үзіліссіз жақсаруын қарастырады. Экологиялық басқару жүйесін енгізу бірнеше кезеңдерден тұрады: 1. Ұжымдар саясатын құру қоршаған орта жағдайының жалпы көрсеткіштеріне қатысты қызметтерінің қағидалары мен бағыттары туралы өтініш білдіру. Қағидалар қоршаған ортаны қорғау саласында ұжымдардың әрекеттері және анықталған тапсырмалары мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін анықталған шекті қарастыруы тиіс. Өтінішке қажетті қағидалар мен бағыттар, ұжымдық міндеттемелер, қызығушылық танытқан жақтарға байланысты жан-жақты жақсару, мониторинг, құжаттандыру мен бірлесушілік қырлары кіреді. Экологиялық бағыттағы саясат айқын (ашық) болуы тиіс. Қағидалар мен мақсаттар орнықтырылған өтініш фирманың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату және қоғамға таныстыру мақсатында ашық түрде басылымға шығарылады. Бұл кезең «Біз қай жаққа жеткіміз келеді?» деген сұрақпен бейнеленеді. Мұнда ұмтылуға қажет мақсаттар мен нәтижелер нақты көрсетілуі керек.

2. Белгіленген нәтижелер мен қойылған мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін нақтыланған іс-шаралар жоспары дайындалады. Бұл бағытта өндірістің жоғарғы экологиялық қауіпсіздікке қол жеткізуі үшін, бірлестіктің барлық қызметтерін регламенттейтін қажетті құжаттамалар қоры құрылады.

3. Бірлестік экологиялық басқару жүйесін функцияландырудың басына жақындай түсе, жүйе жұмысының реті мен барлық қызметтердің жұмысын реттеу бойынша және олардың жаңа шарттарда тиімді де тұрақты жұмыстарға қол жеткізуі үшін іс–шаралар жүргізу қажет.

4. Экологиялық басқару ісінің жағдайына, оның қабылданған бағдарла-маға сәйкестілігіне дүркін-дүркін бағалау жүргізіледі, ауытқулар болған жағдайда түзетулер енгізіледі.

5. Бірлестік жұмыстарының қазіргі күнгі талаптарға сәйкес келіп, жаңа заманға сай деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін басқару саясатын, мақсаттары мен шешетін мәселелерін ылғи талдап отыру керек.

02.06.2018. Жерүсті суларының сапасын гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша жіктеу. Табиғатты тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғаудағы халықаралық ұйымдар мен келісімдер. Қоршаған ортаның ластану жағдайлары және оның адам денсаулығына әсері. Судың сапасы, соның ішінде, ауыз судың сапасы халықтың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі. ДДСҰ-ның мәліметтері бойынша, судың сапасының төмен болуы салдарынан жылына шамамен 5 млн адам (негізінен балалар) өледі, әр түрлі дәрежеде сумен уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 млн-нан 1 млрд-қа дейін жетеді.Судың сапасы шаруашылық – ауызсуға, мәдени-тұрмыстық, балық шаруашылығы және техникалық мақсаттарға пайдалануға мүмкіндігін анықтайтын судың қасиеті мен құрамын көрсетеді.Ауыз су сапасына ең алғашқы стандарт 1937 жылы бекітілген. Қазіргі кезде республикада ауыз судың сапасын МемСТ 2874-82 белгілейді. Барлық судың құрамында еріген заттар болады. Ондағы ең көп кездесетін элементтерге Сa, Mg, Na, Cl, және K жатады.Судың тұздылығы онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен немесе судағы құрғақ заттардың қалдығымен (г/л) анықталады:

Тұщы су – 1 г/л-ге дейін;

Тұздылау – 1-3 г/л;

Тұздылығы шамалы – 3-10 г/л;

Тұзды немесе өте тұзды – 10-50 г/л.

Теңіз суында орташа шамамен 35 г/л тұз (3,5% немесе 35%о – промилле) болады. Судың құрамында органикалық заттар мен әр түрлі жүзгіндер, ауру тарататын патогенді микроағзалар да болады.Пайдалану мақсатына қарай су: ауыз су, техникалық мақсаттар үшін, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б. болып жіктеледі. Судың сапасын бағалау үшін шекті рұқсат етілетін концентрациялар(ШРК) қолданылады. Ал ауыз судың сапасын бағалауда химиялық көрсеткіштермен қатар, бактериологиялық және органолептикалық көрсеткіштер қолданылады. Судың бактериологиялық көрсеткіштерін анықтауда: біріншіден, судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 мм-не 100-ден аспауы керек; екіншіден, ішек таяқшасы (E. сoli) тобының бактерияларының саны арқылы жүргізіледі. Ол коли-индекс: судың бір литріндегі ішек таяқшасының шамасы (үштен аспауы тиіс) немесе колититрмен: бір ішек таяқшасы болатын судың миллиметрмен мөлшері (300 мл-ден кем болмауы керек) анықталады.Су сапасының мониторингі.Су мониторингі жүйесінің шегінде жер үсті су көздерінің сапасын бақылаудың төмендегі түрлерін келтіруге болады:· жер үсті суларының ластану деңгейін физикалық, химиялық, гидрологиялық және гидробиологиялық көрсеткіштері бойынша бақылау;· арнайы міндеттерді шешу үшін арналған бақылау.Осы бақылаулардың әрқайсысы келесі қызметтердің нәтижесінде жүзеге асады: су нысандарында немесе олардың бөліктерінде алдын-ала бақылау және зерттеу жүргізу; алдын-ала таңдалып алынған тіректердегі су нысандарына жүйелі түрде бақылау жүргізу, яғни, су сапасы туралы мәліметтерді жекелеген бөліктерден жүйелі алу және белгілі бір мезгіл немесе кеңістікте алынған мәліметтер; шаруашылық ұйымдарды, сонымен қатар, қызығушылығы бар мекемелерді жүйелі ақпараттармен және су көздеріндегі немесе суаттардағы су сапасы, гидрохимиялық режимнің өзгеріс болжамымен таныстырып, су ластануының тез өзгерісі туралы төтенше ақпараттармен қамтамасыз ету.Әрбір нақты жағдайда анықталатын судың сапасы арнайы заңдылықтар мен зерттеулерден тұрады:- өзін-өзі тазарту процессінің негізгі заңдылықтарын бекіту;-су түбінде жиналған ластаушы заттардың су сапасына тигізетін әсерін анықтау;-суаттардағы химиялық заттардың балансын құрастыру;- коллекторлы –дренажды сулар арқылы химиялық заттардың шығарылуын бағалау және т.б. Су сапасын бақылау құрал-жабдықты база және бақылау жүргізу үшін арнайы участокты таңдаудан басталады. Су сапасын бақылаудың мақсаты - алғашқылық мәліметтердің аса жоғары стандартын қамтамасыз ету. Бақылаудың жақсы сапасын қамтамасыз ету үшін суды жинау немесе су үлгісін алу бойынша жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру қажет.Жер үсті су сапасын бақылауды жүргізу және ұйымдастырудың негізгі ұстанымдары 17.1.5.05-85 Мемлекеттік стандартпен және ИСО 5667-1:1980; 5667-6:1990; 5667-4: 1987 стандарттарымен анықталады. Су ресурстарының сапасына кешенді баға стандарттық әдістемелік ұсыныстар негізінде беріледі.«Қазақстан республикасының жер үсті суларын қорғау ережелері» құжатының 2.2 тармағына сәйкес, елді мекендерінің шегінде орналасқан суаттардағы су сапасын бағалауда тұрмыстық-мәдени мақсатындағы суаттар үшін бекітілген шекті–рауалды концентрацияны қолдану керек. Су нысандарының сапасын бағалауда үнемі қолданылатын көрсеткіштер категориясына су ластануының гидрохимиялық, гидробиологиялық индексі жатады.

04.06.2018. Денсаулық үшін зиянды заттектер. Табиғи ресурстар және олардың жіктелуі. Табиғи орта.Табиғи жағдайлар. Аурулар туғызатын заттар мен факторлар.Ағзаларға қолайсыз әсер ететін және ауруларға әкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

1) концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен және басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сәулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест және т.б. жатады;

2) мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Оларға: рентген сәулелері, гамма-сәулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар және т.б. жатады;

3) тератогендер (грек тілінен аударғанда teras, teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге әкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына әкелетін заттар. Тератогендерге әсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу және т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға әкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер және басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар және т.б.) жатады. Адам қызметінің нәтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) және т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.Денсаулық үшін зиянды органикалық және бейорганикалық заттар.Көптеген органикалық заттар улы және жоғары дәрежеде тұрақты болып табылады. Олар көбінесе канцероген, мутаген, тератоген немесе басқа аурулардың пайда болуын күшейтеді. Органикалық қосылыстардың ішінде, әсіресе, галогенді көмірсулар мен полициклді ароматтық көмірсулар (ПАК) қауіпті.

05.06.2018 Табиғи жағдайлардың халықтық тіршілігіне жайлылығы. Топыраққа антропогендік факторлардың әсері және экологиялық зардаптары. Қазақстандағы пайдалы қазбалар. Қазақстан өзінің жер қойнауының байлығымен әйгілі. Бұл Жер қыртысының геологиялық құрылысы мен даму ерекшеліктеріне байланысты. Тау түзілу, магмалық жыныстардың енуі және метаморфизм (өзгеріске ұшыраған), яғни эндогендік процестердің әртүрлілігі, солармен байланысты тау жыныстарының құрылымында, минералдық және химиялық құрылысында болған қандай да бір өзгерістер түрлі пайдалы қазбаларды түзеді.Пайдалы қазбалар деп, қазіргі техниканың даму деңгейінде, табиғи түрінде немесе өңделгеннен кейін шаруашылықта пайдалануға болатын минералдар мен тау жыныстарын айтады. Әдетте, таулы аймақтарда (қатпарлы және қатпарлы-жақпарлы аудандарда) және шөгінді қабығынан айырылған платформаларда рудалы қазбалар кені көптеп кездеседі.Ал шөгінді түріндегі пайдалы қазбаларды (мұнай, газ, көмір, уран және т.б.) шөгінді қабығы бар платформаларда (жазықтарда) кездестіруге болады. 1919—1923 жылдардың өзінде Қарағанды тас көмір алабының өнеркәсіптік мүмкіндіктері анықталды. Содан бері Қазақстанда геологиялық пайдалы кендер ашылып, жоспарлы зерттеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді.Қазақстанда аса маңызды минералдық шикізат түрлерінің бәрі дерлік бар. Еліміздің жер койнауынан Менделеев кестесіндегі 105 элементтің, оның 70-інің мол қоры барланған және 60-тан астамы өндіріледі. 6 мыңға жуық пайдалы қазбалар кен орындары ашылған. Энергетика және минералдык ресурстар министрлігі мамандарының мәліметі бойынша (2007) республика дүние жүзінде уран, хром және марганец қоры жөнінен - екінші орында, мырыш, молибден, корғасын, мыс, вольфрам және алтын корынан - алғашкы бестікте, ал мұнай, темір және калайы қорынан - алғашкы он орынның біріне ие. Қазақстан Еуразия континентінде хром қорынан ең бай ел, ал марганец қорынан бүкіл ТМД-да басым ел. Алтын корынан Қазақстан дүние жүзі бойынша 5-орында, ал ТМД бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі 3-орында.ТМД көлеміндегі мыс пен қорғасын корының жартысынан астамы, мырыштың 70%-ынан астамы Қазақстанда шоғырланған.Пайдалы қазба орындары жанатын, кен және кен емес болып үш топқа бөлінеді.Жанатын пайдалы қазбаларға мұнай мен газ, көмір, уран және т.б. кен орындары жатады.

06.06.2018. Жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау. Қазақстандағы өсімдік ресурстарының экологиялық жағдайлары. Өсімдіктердің биосферадағы және адам өміріндегі маңызы. Қазақстан Республикасының мұнай және газ кенорындарын өндірудің бірыңғай ережесіне сәйкес, мұнай және газ кенорындарын (кен шоғырларын) өндіріске енгізеді, егер:

· мұнай кенорындарын барлау жұмыстары орындалған, қажет болған жағдайда кен шоғырларын игеру немесе кенорындарының көрсетілген бөлімдерін өнеркәсіптік - тәжрибелік игеру жүргізілген болса, ал газ кен орындары бойынша кен орынды өнеркәсіптік- тәжірибелік игеру;

· мұнай, газ, конденсат және олардың құрамындағы басқа да компоненттердің қорларына мемлекеттік сараптама жасалған болса;

· кеніш және жер телімдері болғанда;

· жер қойнауын пайдаланушылар мұнайды өндіруге лицензиялар алса және сәйкес басқа да жұмыстарға лицензиялар алынса;

· Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау министрлігінің және төтенше жағдайлар бойынша агенттігінің өндіруге қажетті жобалық құжаттарға сараптамалық қорытындысы бар болғанда;

· белгіленген тәртіппен өндірістік игеруге технологиялық жобалық құжаттар (технологиялық схема, өндіру жобасы), құрылысқа жобалық-сметалық құжаттар бекітілген болса.

· кенорнын өндіруге толық праволы мемлекеттік ұйым мен жер қойнауын пайдаланушы арсында келісім шарт болса.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңда жер қойнауы тікелей мемлекеттің меншігі екендігі туралы ереже, ондағы байлықтарды тиімді пайдалану және қорғау көрсетілген; бұл салада кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың міндеттері белгіленген.Заң жер қойнауын пайдаланумен байланысты маңызды мәселелерді реттеуді қарастырады, оларды пайдалануға беру тәртібін, оларды пайдаланушылардың негізгі құқықтары мен міндеттерін белгілейді.Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңның міндеттері республиканың мүддесін және табиғи ресурстарын қорғау мақсатында операцияларды жүргізуді реттеу мен жер қойнауын тиімді пайдалану және қорғау, жер қойнауын пайдаланушылардың мүддесін қорғау, шаруашылықтың барлық түрлерінің бірдей дамуына жағдай жасау, жер қойнауын пайдалануға байланысты салаларды заңдылықты күшейту болып табылады.Жер қойнауы және жер қойнауын пайдаланумен байланысты қатынастарды заңды түрде реттеу мына принциптерге негізделеді:

· жер қойнауын тиімді, комплексті және қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету;

· жер қойнауын және қоршаған табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ету;

· республиканың және аумақтың мүдделерін байланыстыруды қамтамасыз ету;

· минералды-шикізат базасының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету;

· жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізудің ашықтығын қамтамасыз ету;

· жер қойнауын пайдаланудың ақылылығы;

· инвестицияларды тарту үшін тиімді жағдайлар жасау;

· жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар өткізу.

Жер қойнауын қорғау саласындағы негізгі талаптар:

· жер қойнауын пайдалануда берілетін кенорынның жер қойнауының учаскелерінің пайдалы қазбалары қорының шамасы мен структурасын сенімді бағалау үшін озық геологиялық зерттеулердің толықтылығын қамтамасыз ету;

· жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жер қойнауының ресурстарын тиімді және комплексті пайдалануды қамтамасыз ету;

· пайдалы қазбаларды толық қазып алуды қамтамасыз ету;

· жер қойнауындағы қазып алынатын және қалдырылатын негізгі және олармен бірге жатқан пайдалы қазбаларды сенімді есепке алу;

· пайдалы қазбаларды барлауда және өндіруде, жер қойнауын қауіпті техногендік процестерден алдын ала қорғайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғау заңнамаларының талаптарына байланысты жер қойнауын пайдалану;

· жер қойнауын суланудан, өрттен және басқа да олардың сапасын төмендететін немесе кенорнының игеруін және өндіруін қиындататын апаттық факторлардан қорғау;

· жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізгенде, әсіресе мұнайды, газды немесе басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтауда, зиянды заттар мен қалдықтарды көмгенде, ақаба суын ағызу кезінде ластануды болдырмау;

· жер қойнауын пайдалану операцияларын тоқтатып қоюда, толық тоқтатуда кенорнын өндіру нысандарын консервациялауда және жоюда белгіленген тәртіпті сақтау;

· өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жинауда және орналастыруда жерасты сулары жатқан жерлерін және су жиналу алаңдарында олардың жиналуын болдырмау мақсатында экологиялық талаптарды қамтамасыз ету. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында: болжауды, жоспарлауды, жобалауды қосқанда қоршаған ортаны қорғау заңнамасымен көрсетілген экологиялық талаптар белгілі бір ретпен сақталуы тиіс.

07.06.2018. Өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану және қорғау. Қазақстандағы жануарлар ресурстарын экологиялық жағдайы. Жануарлар дүниесінің табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы. Өсiмдiктердiң аурулары мен зиянкестерiне қарсы күресу үшiн белгiленген ережелердi бұзу, ауыр зардаптарға әкеп соқса - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады [15,б.55].Барлық топтағы ормандарда ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, - жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп немесе онсыз алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.

Дәл сол әрекет:

а) бiрнеше рет;

б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;

в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, - бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау - екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не алты айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау - үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Орман даулары орманды беру, алу, пайдалану, қорғау кезінде орман қатынастары субъектілері арасында пайда болады. Бұл даулардың орманға және орман өнімдеріне мемлекеттік меншік құқығына қатысты болмауы керек. Орманға меншік даулары болуы мүмкін емес.Орман даулары соттарда қаралады. Орманға байланысты барлық мүліктік даулар да соттарда шешіледі.Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы даулар екі жақтың келісімімен белгіленген тәртіпте өз шешімін табады.Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық экологиялық жауаптылықтың бір саласына жатады. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың жалпы түрлері Орман кодексінің 75-бабында қаралған. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтың басқа да түрлері орман зандарында қаралуы мүмкін.Орман кодексінің 75-бабында көзделген, қылмыс деп табылған әрекеттер мен әрекетсіздіктер үшін кінәлы адамдардың жауаптылығы тәртіптік, экімшілік, азаматтық, қылмыстық заңдарда көрсетілген жағдайларда ғана жүзеге асырылады.Заңды ұйымдар мен жеке тұлғалар орман зандарын бұзу салдарынан өздері келтірген зиянды зандарда белгіленген мөлшерде және тәртіпте өтеуге міндетті. Өз бетімен иеленген орман қорының учаскелері олардын иелеріне заңсыз пайдалану кезінде шыққан шығындар өтелместен қайтарылады. Ал орман қорының учаскесін өз бетімен алып қоюы салдарынан оның иесіне келген зиянды өтеуі тиісті [16,б.28]. Өз бетінше тұрғызылған құрылыстарды бұзу, жерлерді ағаш өсіруге жарамды күйге келтіру және орман алқаптарын қалпына келтіру кінәлы адамдардың есебінен жүргізіледі.

0 8.06.2018. Жануарлар дүниесінің деградациясы және жануарларды қорғау. Қоршаған ортаны тұтыну және өндіріс қалдықтарының ластануы. Тұтыну және өндіріс қалдықтарымен ластануы. Өндіріс қалдықтары — бұл шикізаттың, материалдардың, химиялық қосылыстардың өндіру немесе жұмыс орындау барысында пайда болған және бастапқы қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан қалдықтары. Өндіріс пен тұтынудың қалдықтары қазіргі кезде халық шаруашылығында қолдануға болатын екінші қайтара пайдаланылатын материалдық ресурстар болып табылады. Жыл сайын республикамызда шамамен 700 млн тонна өнеркәсіптік қалдықтар пайда болады, олардың ішінде улысы — 250 млн т. Жинақталатын өнеркәсіптік қалдықтардың үлкен бөлігін (65%) техногендік минералдық түзілімдер (ТМТ) (ашылатын тау жыныстары, қорландыру қалдықтары, кен ішіндегі пайдасыз жыныстар және басқалары) құрайды. Елімізде өндіріс пен тұтынудың 22 млрд тоннадан аса қалдықтары жиналған, олардың 16 млрд тоннадан астамы -ТМТ. Бұл мәселелерді шешу үшін: ТМТ құрылымындағы пайдалы қазбалардың белсенді қорларын анықтау бойынша зерттеу кешенінің жұмысын құру және ұйымдастыру; қазіргі заманғы зертхана кешендерін пайдалана отырып, пайдалы қазбалардың белсенді қорларын анықтап, егжей-тегжейлі түгендеп тізімдеу және экологиялық-экономикалық бағалау өткізу; ресурстарды үнемдеуші технологияларды қолдана отырып, белсенді қорларды болашақта пайдаланудың техникалық-экономикалық дәйектемесін жасау қажет.Қатты тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ) мен ағынды сулар тұнбаларының пайда болуына қатысты мәселелерді бөліп қараған жөн. Республикада 14 млн куб м. аса қатты тұрмыстық қалдықтар жиналған, жыл сайын 2,1 млн куб м. астам жиналады. ҚТҚ-ның негізгі мөлшері құрамдас бөлшектерге бөлінбей, ашық жатқан қоқыс үйінділеріне шығарылып, жиналады, олардың 97%-і табиғатты қорғау және санитарлық заңдар талаптарына сәйкес келмейді. Республикамызда қатты тұрмыстық қалдықтардың 5%-і ғана кәдеге жаратылады немесе өртеледі. Жиналатын қалдықтардың тұрақты түрде өсетін көлемдері жаңа техногендік ландшафтарды құрайды. Олар атмосфераны, топырақты, жерүсті және жерасты суларын улы қоспалармен (сынап, күшән, сүрме және басқалары) ластай отырып, қоршаған ортаның құрамдас бөлшектеріне теріс әсерін тигізеді.Қазақстанда өндіріс қалдықтары жыл сайын 700 млн тоннаға дейін ұлғаяды. Өнеркәсіптің улы қатты қалдықтарының негізгі көлемдері тау-кен-металлургия саласының кәсіпорындарында жинақталған. Елімізде олар 5,2 млрд тоннадан асады, оның ішінде: шамамен 4 млрд тоннасы — тау-кен өндірісінің пайдалы жыныстары, 1,1 млрд тоннадан астамы қорландыру қалдықтары, 105 млн тонна металлургиялық қайта бөлудің қалдықтары. Металлургиялық кәсіпорындардың қалдықтарын жинақтаушылар шамамен 15 мың га көлемін алады, олардың ішінде: тау кендерінің пайдалы жыныстары — 8 мың га, қорландырушы фабрикалардың қалдықтары — шамамен 6 мың га және металлургиялық зауыттардың шөгінділері 500 мың га-дан астам. Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға шығындылары жылына шамамен 3 млн тонна, ал су нысандарына түсетін қоқыстар жылына шамамен 2,5 млн тонна құрайды. Қазіргі кезде өндіріс пен тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу және пайдалану қогамның дамығандыгының көрсеткіші ретінде бағаланады. Мысалы, республикада металдарды екінші қайтара өңдеу нашар дамыған. Тек металлургиялық және тау-кен кәсіпорындары өз қажеттіліктері үшін екінші қайтара қолданылатын металды пайдаланады (үн тартқыш қағырандар, құйма бұйымдар және басқалары). Екінші реттік металдардан халық тұтынатын тауарлар (ХТТ) өндірісі жоқ. Алайда тек 2008 жылы ғана Қазақстаннан 1,8 млн тонна шектерінде 585,4 млн АҚШ долл. сомасына қара металл сынықтары шығарылған. Дамыған елдерде, орташа есеппен, темірді қайта пайдалану дәрежесі -60%, мысты — 40%-тен астам, алюминийді — 33% шамасында. Жапонияда, жалпы, әртүрлі металдардың 98%-і екінші қайтара қолданылады. Қатты түрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеу, канализациялық тазарту құрылымдарының құрылысы мәселелері әлі шешілмеген, жергілікті маңызы бар көлдер мен өзендерде тазарту жұмыстары жүргізілмейді. Кәсіпорындардың қалдықтарды қайта өңдеуі жүйесіз түрде жүргізіледі. Қалдықтарды екінші рет пайдалануды екінші реттік нысандардан пайдалы қазбаларды кешенді шығарып алу бойынша аз қалдықты, ресурс үнемдейтін технологиялардың болмауы тежейді. ҚТҚ қайта өңдеу үшін құрал-жабдықтар шығаратын зауыт салу қажет. Тек Астана мен Алматыда қоқыстарды қайта өңдейтін зауыттар салынған, онда қалдықтардың 80%-ін қайта өңдеу, ал 20%-ін көму жоспарланған.

09.06.2018. Тұрмыс және өндіріс қалдықтарынан қорғау. Экологиялық дағдарыс, себептерімен салдары. Өндірісті экологияландыру және оның ұстанымдарымен технологиялары. Биосфера эволюциясы негізгі келесі этаптардан тұрады: — биотикалық айналыммен алғашқы биосфераның пайда болуы; — биогенез периоды — нағыз биологиялық заңдылықтар бойынша көпжасушалы ағзалар құрылымының күрделенуі; — ноогенез периоды — биосфераның ноосфераға айналуына септігін тигізетін адамзат қоғамының пайда болуы.Осылайша биосфераның дамуындағы сапалы жаңа кезең адамзат қоғамының дамуымен басталды. Антропогенездің алғашқы кезеңінде адамдардың қоршаған ортаға әсер етуі басқа ағзалардың әсерінен ерекшеленбейтін. Адамдар басқа ағзалардан тіршілік үшін қолданылатын қажетті заттарды қоршаған ортадан табиғи биотикалық айналым нәтижесінде толық қалпына келетін мөлшерде алатын және қайтаратын. Микроағзалардың органикалық заттарды ыдырату қасиеті, ал өсімдіктердің минералдық заттарды органикалыққа айналдыру қасиеті адамдардың шаруашылық қызметінің өнімдерін биологиялық айналымға кіруін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде адамдар биосферада үлкен мөлшерде шикізат өндіруде, ал қазіргі заманғы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы кейде басқа ағзалар қолданбайтын улы заттарды өндіреді немесе қолданады. Осының нәтижесінде биологиялық айналым жабық болмайды. Су, атмосфера, топырақ өндіріс қалдықтарымен ластанады, ормандар кесіліп, жабайы аңдар азайып, табиғи биогеоценоз бұзылады.Қазіргі кезде адамзат экологиялық дағдарыс проблемасының алдында тұр, яғни қоршаған орта да болып жатқан өзгерістер салдарынан адамның өмір сүруіне жарамайтындай халге келе жатыр. Күтіліп отырған дағдарыс өзінің пайда болуы жағынан антропогендік болып саналады, себебі, оны Жердің табиғатындағы адамның әсерінен болған өзгерістер алып келді.Басқаша айтқанда, экологиялық дағдарыс — бұл адамзат қоғамындағы өндірістік қатынастар мен өндірістік күштің дамуының биосфераның ресурстық-экологиялық мүмкіндіктеріне сәйкес келмеу ін сипаттайтын адамзат пен табиғаттың арасындағы өзара шиеленіскен қарым-қатынас. Адамдардың табиғатқа әсерінің негізгі жолдары табиғи байлықтар — су ресурстарын, топырақ, минералдық шикізатты шығындау, ортаны ластау, түрлерді және биогеоценозды жою болып отыр.Планетамыздың табиғи байлықтары қалпына келетін және қалпына келмейтін болып бөлінеді. Алғашқысына, мысалы, қоры шектеулі және дұрыс өндірмеу және қолданбаудың нәтижесі анық пайдалы қазбалар жатады. Қалпына келетін ресурстарды қолдану да барлық жағынан объективті түрде негізделген болуы керек, өйткені қалпына келетін табиғи ресурстарды жыртқыштықпен қолдану биосферада қалпына келмейтін өзгерістерге алып келеді. Мысалы, ормандарды кесу ең алдымен, планетамыздың су режимін бұзады. Өзендер азайып, оларға тұнба жиналады, ал ол өсімдіктердің жойылуына алып келеді, нәтижесінде балықтардың уылдырық шашатын орны жойылып, саны азаяды. Топырақ суларының қоры азайып, топырақта ылғалдың жетіспеушілігі пайда болады. Жауынның ағынды суы, еріген су топырақты шайып, оған кедергі жасайтын орман болмағандықтан жел топырақтың беткі қабатын ұшырып кетеді. Нәтижесінде топырақ эрозиясы пайда болады. Ағаштардың діңі, бұтақтары, тамыры өсімдіктердің қоректенуіне минералды элементтердің жинақталуына септігін тигізеді. Ормандардың жойылуы осы элементтердің топырақтан шайылып, олардың құнарлығының азаюына алып келеді. Ормандардың кесілуімен оларда тіршілік ететін құстар, жануарлар, жәндіктер де жойылады. Нэтижесінде ауыл шаруашылығы зиянкестері кедергісіз көбейе бастайды. Орман ауаны улы ластанудан тазалайды, ол радиоактивтік жауын-шашынға және оның таралуына кедергі жасайды, яғни ормандарды кесу басқа ағзалардың тіршілігі үшін қажетті ауаның өзін тазалайтын маңызды қасиетін жояды. Тау беткейлеріндегі ормандарды жою жар және селдік ағындарының пайда болуының себебі болып табылады. Адамдардың жерді дұрыс қолданбауы нәтижесінде, топырақ эрозиясы салдарынан өте үлкен көлемдегі территориялар қолданысқа жарамсыз болып қалды. Өнеркәсіптік қалдықтар, ауыл шаруашылығында қолданылатын пестицидтер, ядролық қаруды жасауда және сынауда түзілетін радиоактивтік заттар табиғи ортаны ластайды. Атмосфераға түсіп жатқан автокөлік газдары биосферадағы көмір қышқыл газының, қорғасын және басқа зиянды заттардың мөлшерін ұлғайтуда. Адамдар көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін жойып жіберген. Белгілі бір түрлері (600-ге жуық) қазіргі кезде толық жойылып кету қаупінде тұр. Түрлердің жойылып кетуі тікелей оларды жоюмен ғана байланысты емес. Табиғи және жасанды биоценоздың арасында территорияға деген күрес жүреді, бірақ адам еңбегі күшті және тұрақты фактор болып табылады, сондықтан жасанды биоценоздар тұрақтылығы әлсіз болып келгенімен, сонда да табиғи биоценозды ығыстырады. Адамның қызметі жер бетінің құрылымын өзгертеді, табиғи биоценоздардың орнын ауыл шаруашылығы қызметіне, елді мекендердің құрылысына, коммуникацияға, су қоймаларына арналған территориялар алып жатады. Биосфераға кері әсердің қатарына балық, сүтқоректілерді, омыртқасыз жануарларды аулауды қадағаламау, өнеркәсіп, транспорт, ауыл шаруашылығы, өндірістік қалдықтарды тастаудың нәтижесінде су, ауа, топырақтың химиялық құрамының өзгеруі жатады. Сарапшылардың пікірінше, Жерде қалыптасып жатқан экологиялық жағдай «экологиялық дағдарыс» түсінігіне кіретін биосфераның қауіпті өзгерісін білдіреді. Егер адамзат жоспарлы түрде биосфераның даму заңдылықтарына сәйкес келетін және оны ескеретін әрекет жасауды қарастырмаса, осындай нәтижеге келетініміз сөзсіз.

11.06.2018. Энергетикалық ресурстар және энергетика өндірістенрінің қоршаған ортаға тигізетін әсері. Жылу энергетикасының экологиялық проблемалары. Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары. Ядролық энергетика қазіргі уақытта ең перспективті деп қарастырылады. Адамзаттың XXI ғасырдағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуде және энергетикалық сұраныстарды қанағаттандыруда ядролық энергетика айтарлықтай үлес қосуға тиіс. Мұны салыстырмалы түрде ядролық отын қорының үлкен және ортаға аяулы түрде беретін әсерімен байланыстырады. АЭС-тің құрылысын салудағы бір артықшылығы — олардың орнын ресурс алынатын орынға тәуелсіз таңдауға болады, себебі отын мөлшері аз болғандықтан тасымалдау көп шығынға әкелмейді. Мөлшері жағынан 055 кг ядролық отыннан алған энергия 1000 т таскөмірді жаққандағы энергияны беретінін ескерсек те жеткілікті.АЭС-те энергия алудың негізіне жататын үдеріс, мысалы, атом ядросының ыдырау реакциясы жану реакциясынан әлдеқайда қауіптірек. Сондықтан, өндірістердің даму тарихында өнім мүмкіндігі аз бола отыра, энергия алу барынша қауіпті саналады.

Көптеген елдерде көп жылдық тәжірибе АЭС-ті қолдануда олардың қоршаған ортаға әсері көп болмайтынын көрсетеді. 1998 жылдары АЭС-ті қолдану мерзімі орташа 20 жыл деп есептеген. АЭС-тің сенімділігі, қауіпсіздігі жэне экономикалық тиімділігі тек қана оның жұмыс үдерісінің уақытына ғана емес, сол сияқты оның қоршаған ортаға әсерінің абсолютті минимумға жету мәліметтеріне сүйенеді. Қалыпты жұмыс істейтін АЭС-тің қоршаған ортаға радио активтік элементтер тасталымы өте аз болады. Қуаты сондай ЖЭС-пен салыстырғанда олардың мөлшері орта есеппен 2-4 есе аз.1989 жылдың маусымындағы мәлімет бойынша әлемдегі жұмыс істейтін және электр энергиясының 17%-ын беретін 400 энергоблок табиғи радиоактивтілік фондын тек 0,02%-ға ғана көтерген. Чернобыль апатына дейін сол кездегі Кеңес Одағында тек АЭС-те ғана өндірістік жарақат алу дәрежесі төмен болатын. 30 жыл аралығында болған апаттарда 17 адам ғана өлген, оның өзінде радиация себеп болған жоқ. Ал 1986 жылдан кейін ең басты экологиялық қауіпті АЭС-те болатын апат мүмкіндігімен байланыстыра бастады. Қазіргі АЭС-те бұл қауіп мүмкіншілігі аз, бірақ сонда да оны үзілді-кесілді болмайды деу қиын. Ең ірі апатқа Ресейдің Чернобыль АЭС-нің төртінші блогында болған апатты жатқызуға болады.Әр түрлі мәліметтер бойынша шығарылып тасталған бөліну өнімдерінің қосындысы реактор құрамындағы заттардың 3,5%-ынан (63 кг) 28%-ына (50 т) дейін құрады. Салыстыру үшін Хиросимаға тасталған бомба тек 740 г ғана радиоактивтік зат бергенін атап өтуге болады.Чернобыль АЭС апатының салдары 20 мемлекеттің территориясын қамтыған, радиусы 2 мың км жоғары территория радиореактивті ластануға ұшырады. Бұрынғы Кеңес Одағы шектеуінде 17 млн адам өмір сүретін 11 аймақ күйзеліске ұшырады.Чернобыль апатынан кейін көптеген мемлекеттерде жұртшылықтың талабы бойынша АЭС құрлысы бағдарламасы уақытша тоқтатылды немесе жабылды, бірақ атомдық энергетиканың дамуы әлі де 32 елде жалғасуда. Ядролық реакция барысында ядролық отынның тек 0,5-1,5%-ы ғана жанады, оның 1000 ГВт қуаты бар. Ядролық реактор 1 жыл жұмыс істегенде 60 т радиоактивтік қалдық бөледі, оның бір бөлігі өңделеді, ал негізгі бөлігі көмуді талап етеді. Көму технологиясы салыстырмалы түрде қиын және қымбат. Қазір ядролық энергетиканың қолайлылығы немесе қолайсыздығы туралы талас бәсеңдеді, көміртегінің қос тотығы мен басқа да органикалық отынның жану өнімдерінің атмосфераны ластауға жол беріп отыра беруге де болмайтынын әлем түсінді. Тіпті 1990 жылдары 10 жаңа АЭС электр торабына қосылды. АЭС құрылыстары тоқтаған жоқ: әлемде 1998 жылы 434 тіркелсе, 1999 жылдың соңында 436 энергоблок жұмыс істеді. Әлемде жұмыс істейтін энергоблоктардың жалпы электрлік қуаты шамамен 335 ГВт (ІГВти = 1000 МВт = 109Вт). Atom электр станциялары энергияға әлемдік қажеттіліктердің 7%-ын қанағаттандырады. Тек Батыс Еуропада атом электр станциялары орташа есеппен барлық электр энергиясының 50%-ын өндіреді. Егер қазір әлемдегі барлық жұмыс істейтін атом электр станцияларын жылу станцияларымён алмастырса, әлемдік экономикаға, бүкіл біздің планетамызға және эрбір жеке адамға орны толмас залал келер еді. Бұл қорытынды мына фактілерге негізделген: АЭС-тен энергия алу жылу электр станцияларында органикалық отын мөлшерін төмендетіп, соның нәтижесінде Жер атмосферасын 2300 млн т көмірдің қос тотығының, 80 млн т күкірт диоксиді мен 35 млн т азот оксидтерінің жылдық тасталымдарынан қорғайды. Одан басқа органикалық отындар (көмір, мүнай) атмосфераға қүрамындағы радиоактивтік заттарды шығарады, олардың арасында негізінен жартылай ыдырау периоды шамамен 1600 жыл дейін жететін радий изотопы болады. Бұндай қауіпті заттарды атмосферадан бөлу және одан халықты қауіпсіздендіру мүмкін болмас еді. Мынадай бір нақты мысал келтіруге болады. Швецияда Барсебек-1 атом станциясын жабу Швецияның бірінші рет соңғы 30 жылда электр энергиясын Даниядан алуына әкелді. Оның экологиялық салдары мынадай: Данияның көмір электр станцияларында Ресей мен Польшадан қосымша алынған 350 мың т көмір жағылды, ал ол көмірдің қос тотығының жылына 4 млн тоннаға өсуіне және Швецияның оңтүстік бөлігінде қышқыл жауын мөлшерінің біршама артуына әкелді. АЭС құрылысын ірі қалалардан 30-35 км қашықта салады. Құрылыс салынатын жер жақсы желденуі және тасқын кезінде су баспауы керек. АЭС маңында санитарлық-қорғау зонасы болуы, ал онда халықтың өмір сүруіне тыйым салынуы керек.

12.06.2018. Көмір өнеркәсібі. Химия өнеркәсібі. Мұнай және газ өндіру өнеркәсібі.

Көмір өнеркәсібі – еліміздегі пайдаланатын отынның 1/2 бөлігі - көмірдің үлесіне тиеді.

Елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу (байыту мен брикеттеу) шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. Химия өнеркәсібі — ауыр өнеркәсіптің жетекші салаларының бірі, еңбек заттарын (шикізаттар мен материалдарды) өңдеуге, негізінен химиялық әдістерді баса қолданатын өндіріс салаларының кешені. Химия және мұнай-химия өнеркәсібі. Іштей химия және мұнай-химия өнеркәсібі болып бөлінеді. 1. Химия өнеркәсібіне жататын салалар:

  • кен-химия (фосфорит, апатит, калий тұзын өндіру және байыту, күкірт, т.б.)

  • негізгі химия (анорганикалық қышқылдар, минералдық тұздар, сілтілер, жасанды тыңайтқыштар, хлор, аммиак өндірісі)

  • жасанды және синтетикалық талшықтар, синтетикалық шайырлар және пластмассалар, сыр-бояу өнеркәсібі (әк, литопон, сыр, эмаль, нитроэмаль, т.б. өндіру)

  • химиялық тездеткіштер (реактивтер) және ерекше таза заттар, синтетикалық бояғыштар, фотохимия, тұрмыстық химия, химия-фармацевтика

2. Мұнай-химия өнеркәсібіне жататын салалар:

Газ өнеркәсібі – табиғи газ кен орындарына барлау жүргізуді, мұнай, көмір мен тақтатастан жасанды газ өндіруді, өңдеуді, газды тасымалдау және оны өнеркәсіп пен коммуналдық-тұрмыстық шаруашылықта пайдалануды қамтитын отын өнеркәсібінің бір саласы. Газ өнеркәсібі әсіресе, АҚШ-та, Канадада, Мексикада ерте кезден дамыған. Англия, Франция, Бельгия, т.б. елдер 18 ғасырдың соңында тас көмірден жасанды газ өндіру ісін жолға қойды. Ресей мен Қазақстанда 20 ғасырдың алғашқы жартысына дейін табиғи газ өндірілген жоқ, тек мұнай кәсіпшіліктерінен аздаған газ алынып тұрды. Газ - калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат. Өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайткыштарын алуда қолданылады. Газ өндіру (1920 жылында) жекелеген сала ретінде Маңғыстау алабын игер- ген кезде пайда болды. Оның серпіліп, кең көлемде өндірілуі Қарашығанақ кен орнын игеруімен байланысты болды. Қазіргі кезде республикамызда 100-ге жуық газ қоры барланды. Бірақ оның 2/5 бөлігі Қарашығанақ кен орнының үлесінде. Келесі ірі кен орындарына - Қашаған, Теңіз, Жаңажол жатады. Газдың негізгі қоры көбінесе мұнай-газ кен орындарында мүнаймен бірге кездеседі. Оңтүстігімізде Шу-Сарысу газ алабы біртіндеп колға алынып, игеріле бастады

13.06.2018. Қазақстанның түсті және қара металлургиясы. Табиғи қорлар және оларды топтастыру. Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында табиғи қорларды пайдалану негіздері. Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану. Табиғи қорлар және өндіріс. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді. Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады: Отын-энергетикалық қорларҚазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады. Минералдық қорлар. Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.Климаттық қорларҚазақстанның географиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол. Өсіп-өну мерзімінің ұзақтығы, күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда, әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді (жүгері, күріш, мақта, бидай және т.б.) өсіруге мүмкіндік береді. Мол күн энергиясын гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар. Қазақстанда күн энергиясы түрғын үйлерді, жылыжайларды жылытуға жұмсалады. Республика жел энергиясына бай. Желді аудандарда (Шар, Жаңғызтөбе, Жоңғар қақпасы, Іле аңғары және т. б.) жел энергиясын механикалық және электр энергиясына айналдыруға болады.

14.06.2018. Қоршаған ортаны өнеркәсіп ластығынан қорғаудың негізгі бағыттары.

Газды тазалау. Ақаба суларды тазалау. Биологияллық жолмен ақаба суын тазалау үшін ластағыштарды ыдырататын, өздерінің қорректенуіне, өсуіне және көбеюіне пайдаланатын микроорганизмдер немесе оларды өз бойына сіңіретін өсімдіктер (биосүзбелер ретінде қалың өскен қамыс, қоға, т. б.) қолданылады. Биологиялық тазалауға қатысатын организмдерге әр түрлі бактериялар, балдырлар, саңырауқұлақтар, ең төмен сатыдағы жәндіктер, құрттар және басқалар жатады. Микроорганизмдердің қатысуымен екі процес - тотығу (аэробты) және тотықсыздану (анаэробты) жүреді. Аэробты процестерге активті лайда немесе биопленкада өсетін микроорганизмдер суда еріген оттекті пайдаланады. Олардың тіршілігіне оттектің тұрақты құйылуы мен 20 -30 °С шамасындағы температура қажет. Анаэробты тазалау процесі оттектің кіруінсіз өтеді, бұл жерде жүретін негізгі процесс - лайдың ащуы. Осы әдістер ақаба суларда көп мөлшерде органикалық заттектер болғанда және тұнбаларды залалсыздандыруға қолданылады.Ақаба судың биологиялық тазалануын табиғи жағдайда (суландырылатын жерде, биологиялық тоғандарда) және әртүрлі конструкциялық жасанды құрылыстарда - биосүзгіштерде, аэротенкалар мен окситенкаларда жүргізугё болады. Өндірістік ақаба сулардың биологиялык тазалауын негізінде жылдамдығы жоғары болғанына байланысты жасанды жағдайда жүргізеді.Аэротенк мәжбүрлі түрде аэрациялық қондырғымен жабдықталған, қалқалармен бірнеше бөлек бөліктерге бөлінген темірбетон резервуары. Аэротенкада тазалау процесі ауаланған ақаба су мен тірі организмдерден және қатты субстраттардан (балдырлардың өлі бөліктерінен және әртүрлі қатты қалдықтардан) құралған активті лай қоспасының жіберуіліне қарай жүреді. Құрғақ лайдың 1г 108 ден 1012 дейін бактерия даналары болады. Органиканың негізгі массасы бірнеше сағат ішіңде өңделінеді. Аэротенкадан активті лай мен өңделген ақаба су әрі қарай екінші тұндырғышқа өткізілінеді. Түбіне түскен активті лай насос станциясының резервуарына жіберіліп, ал тазаланған ақаба су не қосымша онан арғы тазалануға немесе дезинфекциялануға бағытталады. Биологиялық процесс нәтижесінде активті лайдың биомассасы жоғарылайды. Оның артық мөлшері тұнбаны өндейтін ғимаратқа жіберіледі де, негізгі бөлшегі циркуляциялық түрде аэротенкіге қайтарылады. Аэротенкадағы активті лайдың концентрациясы 2-4 г/л шамасында ұсталуға тиіс.Биосүзгілерде ақаба су кесекті материалдардан құрылған қабат арқылы сүзілінеді. Кесекті сүзгіш ретінде кеңінен ұсақталған тас, ірі құм, шлак, керамзит, пластмасса, металл торы және басқа материалдар қолданылады, олардың бетінде түзілетін биологиялык қабықша қабат активті лайда жүретін функцияны орындайды. Бұл беткі қабықша қабат ақаба судағы органикалық заттектерді адсорбциялайды да және өндейді де. Биосүзгіштің тотықтырғыштық қуатын жоғарылату мақсатында сүзбелеу процесінің бағытына қарама-қайшы қысымдағы ауа жіберіледі. Ақаба суды биологиялық процеспен тазалағанда массасы көп мөлшердегі тұнба шығады, оны утилдеу, не залалсыздандыру, немесе аулақтандыру қажет. Осы мақсатта активті лайды тығыздаудан, сусыздандырудан, термиялық және басқа да өңдеуден өткізеді. Залалсыздандырғаннан кейін тұнбаны органоминералдық тыңайтқыш немесе кейбір материалдарға қосымша компонент ретінде пайдалануға жатады. Активті лайды рекуперациялайтын технологиялар жасалған, олардың көмегімен белокты-витаминді өнімдерді, азық ашытқыларды және құрама азық өнеркәсіптеріне қажетті техникалық витаминдерді алуға болады. Қазіргі шақта өндірістік және коммуналды - үй-жай ақаба суларын тиімді түрде тазалау ең актуалды инженерлік-экологиялық проблемалардың бірі. Бұл мәселенің күрделенуі үй-жай және өндіріс ағындыларының жалпы бір канализация жүйесіне құйылуына, адам мен жануарлар нәжістерін жууға судың кеңінен қолданылуына, кір жуғыш порошоктардың, шампундердің және әртүрлі беттік активті заттардың қосылуына байланысты. Суды тазалауға биологиялық әдісті қолданғанның өзінде органикалық заттектердің 90% және анорганикалық қосылыстардың 10-40% -нен ғана құтылуға болады. Ақаба суды биологиялық әдіспен тазалағанда ауру тудыратын бактериялардың 91 - 98%-ті ғана жойылады, сондықтан тазаланған ақаба суларды су қоймаларына жіберудің алдында залалсыздандыру қажет. Ақаба суды заласыздандыру үшін кеңінен қолданылатын әдістің бірі газ тәріздес хлормен немесе хлорлы әк ертіндісімен хлорлау. Бұл процесте екі сатылы реакция жүреді:

СІ2 + Н2О = НСІ + НОСІ

НОСI = НСІ+О

Реакция нәтижесінде бос атом күйінде түзілген оттек бактерия клеткаларының протоплазмасына кіретін заттектерді тотықтырады, соның саладарынан бактериялар жойылады. Дизентерияның, обаның және іш сүзегінің бациллалары хлордың әсеріне өте сезімтал келеді.Ақаба суларды хлорлы әкпен дизенфекциялағавда жүретін реакциялар газ тәріздес хлормен дизенфекциялағандағы процестей.

2Ca(CIO)2 + 2H2O = Ca(OH)2 + 2НОСІ + СаСІ2

Хлорлау әдісін қолданғанда бактериялардың өніп-өсуінен басқа органикалық заттектердің қышқылдануы да токтатылады, каогуляция процесі жеделтетіледі және иіс азаяды.

15.06.2018. Ресурс және энергия сақтаушы өндірістерді жасау. Қатты қалдықтарды тазалау және зиянсыздандыру. Экологияның түпкі бастамалары, заңдары және табиғат дамуының тұрақтылығы. Экономикалық дамудың экстенвиті әдістерінің басымдылығы қоршаған ортаның нашарлауы мен халық шаруашылығые ресурспен қамтамасыз етудің шиеленіскен проблемасына алып келеді. Табиғат байлақтарын ұтымды түрде пайдалану, әсіресе табиғи ресурстардың тапшылығы үдеп отырған кезде ресурстардың сарқылуының абсолютті және салыстырмалы жағы пайда болып жатқанда, айналымдағы шикізат ресурстары массасының қолдағы барынан өнімнің санын көбірек алумен қорытындыланады. Сондықтан, өндірістік емес жұмыстарда және өндірістің өзінде өндірістік тұтынудың соңғы сатысында пайда болып, қалатын қайталама ресурстарды өндіріске әкелу керек. Бұл үшін ресурс үнемдеуші технология негізінде өндіріс өнімдеріне тиімді тұрғыдағы бағалау мен экономикалық талдау әдісінің жетілдірілуі қажет. Қоршаған ортаның ластануы мен табиғат ресурстарын орынсыз пайдаланудың салдарынан экономикалық бағалауды белгілеуге деген қажеттілік туындайды. Қоршаған табиғат ортасының ластануынан болған зиянды есептей отырып, қалдықсыз технологиялық процестердің қолданылу шегін кеңейтуді мақсатқа сай жүзеге асыруға алып келеді.Барлық технологиялық жағдайлардағы процестерді экологиялық үйлесімділік көзқарас тұрғысынан қарастырған дұрыс. Табиғит жүйесінің қалыпты қызметінің белгіленген шеңбер соңындағы арақатынасын және қоршаған ортаға әсер етуді бұзбайтын осындай өндіріс пен технологиялық процестерді экологиялық деп айтуға болады. Экологиялық емес процестер жоғары техногендік күшті туындатып, қоршаған ортаның жағдайына жағымсыз әсер етеді.Өндірісті толықтай қалдықсық жасау әзірге мүмкін емес. Сондықтан өндірістік процестің экологиялық жағымсыз барлық салдарын мүлдем болдырмау міндетіне алып та бармайды. Мұндай міндетті қою мәңгілік қозғағыш жасап шығарумен барабар нәрсе. Шетел әдебиеттерінде «таза өндіріс» термині қолданылады. Ол қоршаған орта мен адам үшін қауіп-қатерді ең аз деңгейге түсіріп, қоршаған ортаны ластауды болдырмайтын технология стратегиясы ретінде түсіндіріледі. Өндіріс процесінде пайда болатын барлық шығарынды мен қалдықтардың уыттылық дәрежесін және олардың санын азайту, уытты шикізат материалдарын қолдануды болдырмау, энергия мен шикізатты үнемді пайдалану-бұл процестердің үйлесімділігіне сәйкес келеді.Одан кейін өндірістің дамуы мен оған байланысты қоршаған ортаның проблемасын шешу принципті түрде «қалдықсыз технология» атауына ие болған жаңа тәсілді қате етуде. Қоршаған ортаны қорғау проблемасының мүмкін еместігін тиімді шешуге оның жаңалығы себепші болуда. Сонымен қатар, экспоненциалдық көлемінің өсуі жағдайында қалдықтарды көму мен зиянсыздандыру, сақтау, қайта өңдеу, тек қана пайдаға асыру әдісімен табиғат ресурстарын орынды да ұтымды пайдалану керек. Өнімдер өндірісінде қалдықсыз тәсілді қолдану идеясын алғаш рет кеңес академик-ғалымдары Н.Н. Семенов, Б.Н. Ласкорин, И.В. Петров-Соколовтар ұсынған. Женевада (1979ж) болған ажлпы Еуропалық кеңесте арнаулы Декларация қабылданды. Сондай ақ онда аз қалдықты және қалдықсыз технологиялар мен қалдықтарды пайдалану мақсаты қоршаған ортаны қорғау болатындығы, табиғат ресурстарын орынды пайдалану, яғни табиғатты ұтымды пайдаланудың қажеттілігі атап өтілген.Қалдықсыз өндіріс кезінде бастапқыда барлық шикізат соңғы қорытындыда осы немесе өзге өнімге айналады. Қалдықсыз технология- бұл өнімді өндірудің сондай тәсілі энергия мен шикізат кезеңінде кешенді және әбден орынды түрде пайдаланылады. Яғни шикізат ресурстары-өндіріс-тұтыну-қайталама шикізат ресурстары яғни кез келген қоршаған ортаға болатын әсерлер оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды.Қалдықсыз өндіріс орны табиғи экологиялық жүйемен үйлесімі бойынша ұйымдастырылған іс жүзіндегі тұйықталған жүйе. «Қалдықсыз өндірістің» маңызды ережесі-шикізаттың барлық компоненттерін ұтымды және кешенді түрде пайдалану. Сонымен, өндірістің қоршаған ортаға сөзсіз болатын ықпал етуі оның қалыпты жұмыс істеуін бұзбайды, яғни оған зиян келтірмейді. Қоршаған ортаға соншама түсетін салмақ жол берілген экологиялық мөлшерден аспайтынын тиісінше ескеру қажет. Қалдықсыз өндірісті құру ұзақ мерзімге созылатын процесс. Сонымен қатар, өзара байланысты бірқатар технологиялық, экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да күрделі міндеттердің шешімін талап етеді. Қазір аз ақлдықты өндіріс кең таралып, іске асырылуда.

16.06 .2018. Экологиялық заңдар. Табиғаттың және қоғамның тұрақтылық дамуының келешегі. Қазақстанның тұрақты дамуы және қоршаған ортаны қорғау.

Экологиялық факторлардың көптілігіне қарамай олардың ағзаларға әсер ету сипаты мен тірі ағзалардың жауабы ретінде беретін реакциялары бойынша жалпы заңдылықтар болады.Ағзаның тіршілігі үшін анағұрлым қолайлы болатын экологиялық факторлардың интенсивтілігі оптимум деп аталады. Көптеген түрлердің гүлденуі, көбейюі үшін оптималды температура керек.Түрлердің мекен ету ортасының факторларының қандай да бір ауытқу диапазонына бейімделу қабілетін экологиялық валенттілік деп атайды.1840ж Ю. Либих ағзалардың төзімділігі оның экологиялық қажеттіліктерінің тізбегіндегі ең әлсіз звеносымен анықталынатының дәлелдеді. Оны Либихтің минимум заңы немесе ережесі деп аталады. Бұл заңды былай тұжырымдауға болады: экологиялық факторлар жиынтығында төзімділік шегіне ең жақын фактор күшті әсер етеді.Экологиялық фактордың тек жетіспеуі (минимум) ғана емес, оның артық мөлшері (максимум) шектеуші әсер етеді.минимум мен қатар максимумның да шектеші әсері туралы түсінікті 1913ж В. Шелфорд дамытты. Оны Шелфордтың толеранттылық заңы деп атап, былай тұжырымдайды:Экологиялық фактордың минимумы ғана емес, оның максимумы да шектеуші фактор бола алады, ал олардың арасындағы ауытқу диапазоны толеранттылық шамасын яғни ағзаның белгілі бір факторға төзімділігін анықтайды. Реди принципі бойынша, тіріден тірі пайда болады, тірі мен өлі арасында байланыс жоқ, бірақта өзара әсерлесу бар.

















IV. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ


Мен, Үсен Меруерт 07.05.2018–16.06.2018ж.ж. аралығында ЖШС «Сыр-Арал сараптама» мекемесінде оқу тәжірибесінен өттім. Тәжірибе барысында жетекшім Усерова Жанар апай бізбен бірлесе мамандыққа өндірістік экскурсия жасады. Мекемедегі ұжымымен, бөлімдерімен, құжаттармен таныстырып өтті. Бізге мамандығымызға қатысты тапсырмалар берді. Кіріс-шығыс құжаттарымен таныстырып, қолданылуын үйретті. Мамандық бойынша біліктілікпен дағдыларды меңгеру, нысанның шаруашылық финанстық қызметімен таныстырды. Кәсіпорындардың экологиялық паспортын даярлауды үйретті және де акт, бұйрық жазуды үйрете отырып, болашағымызға үлкен сенім артты. Біз жетекшіміз Жанар апаймен көптеген мекемелерге экскурсия жасап, араладық. Басқа Онда біз көптеген приборлармен танысып, жұмыс жасадық. Құрылғылардан шығатын шаң-тозаң, зиянды заттарды анықтадық және сол ақпаратты пайдалана отырып есеп құрастырдық. Мысалыға алар болсақ, кірпіш дайындайтын заводқа барып, кірпіштердің қалай дайындалатынын көрдік және оның түтінінен шығатын зиянды заттарды «Ганк-24» құрылғысы арқылы анықтадық. Әр мекемелерге барып, бірнеше приборларды пайдаланып сынақтар жүргіздік. Осылайша өз мамандығыма байланысты көптеген ақпараттар алып, тәжірибе жинақтадым. Маған берілген тапсырмаларды дер кезінде ұқыпты орындай білдім. Тәжірбие барысында көп нәрсені үйрендім. Бөлім қызметкерлермен араласып берілген тапсырмаларды дер кезінде және ескертусіз уақытымен орындауға тырыстым.

Апайлар көп нәрсені үйретті. Осы уақытқа дейінгі теория жүзінде үйренген нәрселерді тәжірибе кезінде қолдана білдім. Болашақта мекемеден алған тәжірибиеммен, оқу орнындағы алып жатқан білімімді ұштастырып білікті де, білімді маман иесі болатыныма кәміл сенемін.





V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Экология негіздері» Ж.Жатқанбаева

  2. «Экология және тұрақты даму»

  3. «Экология» оқулығы.М.Курсабаев

  4. Бродский А.К. «Жалпы экологияның қысқаша курсы»

  5. Экология.Саданов А.Қ,Әбжәлелов А.Б, Асқарова Ұ.Б.

  6. С.М.Махмұтов «Зоология» Алматы 2006 жыл

  7. Оспанова Г.С. Бозшатева Г.Т.»Экология».Алматы-2002жыл

  8. Сағатаев.К.С.»Өсімдіктер физиологиясы» Алматы,1996жыл

  9. Дүйсенбеков З.Д, т.б «Топырақтану және геоботаника енгіздері», Астана, 2011.,

  10. Мотузова Г.В, Безуглова О.С. «Топырақтың экологиялық мониторингі» Алматы 2013ж.

  11. Г.Д. Бронштейн «Современные средства загрязнения атмосферы» Л.Гидрометеоиздат. 1989г

  12. В.П. Васильев. Теоретические основы физико-химических методов анализа- М., Изд-во «Высшая школа»1979 г

  13. «Қоршаған орта мониторингі» Э.Бөрібай., Алматы 2013., «Экономика» баспасы

  14. И.И. Мазур.О.И.Молдаванов «Курс инженерной экологий» М., Высшая школа 1999г

  15. «Топырақтану және геоботаника негіздері» Дүйсенбеков З.Д. Тайжанов Ш.Т. Шоушеков Т.Қ. Астана, 2011ж.

  16. Бейсенова Ә.Б. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Алматы, 2004.

  17. Сағымбаев Ғ.Қ. Экология негіздері. Алматы, 1995.

  18. Оспанов Г, Бозшатаева А. Экология. Алматы, 2000.

  19. Серманова М.Г. «Экологиялық білім беру бағдарламасы» Алматы қазақ мектебі № 8, 1993 ж.

  20. Қосанов М.Г. «Экология және адам». Қазақстан мектебі № 3, 1993 ж.

16

АБК Ф 707-12-17 Тәжірибе есебі


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!