Қызылорда
облысы, Жаңақорған ауданы
С.Қожанов атындағы №55 жалпы орта
мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Тұрабаева Зоя Жалғасбайқызы
Қош бол, бастауыш 4
сынып
Бастауышпен қоштасу кешіне
арналған сценарий
Адам баласының есінде ерекше сақталып, үлкен
өмірге дайындайтын білім ордасы – мектеп. Қызығы мен шыжығы мол
күндер осы мектеп қабырғасында өтеді. Және білім нәрімен
сусындатып, алғаш қолға қалам
ұстатып,
үлкен өмірге дайындаған ұстаз мәңгілік есте қалады. Қажет болса,
махаббат атаулысының өзі осы кезеңде орын алады. Назарларыңызға 4
сыныппен қоштасу кешіне арналған "Қош бол, бастауыш" атты мерекелік
кештің сценариін ұсынамыз.
Музыка ойнап тұрады. (Күй немесе әдемі оқушыларға
тән әннің әуені).
Арай
ата-ана:
Бүгін міне жақсы күн
жарқыраған,
Көңілдер қуаныштан
сарқыраған.
Қоштасатын күн келді
бастауышпен,
Қиындау болып тұр-ау бүгін
маған.
Кеше ғана алдыма келген
еді,
Именіп ұлы ұяға енген
еді.
4 жыл бойы сусындап
біліммен,
Ұшатын қанат қағып келді
кезі.
Кеше ғана тұлымдары
желбіреп,
жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз
ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай
болса 4 сыныбының «Қош бол,
бастауыш» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош
келдіңіздер.
Бұл салтанат қуаныш
баршамызға,
Мұндай күй болған сірә
қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп
шақырайық,
4 сыныпты ортамызға.
(Оқушылар ортаға шығады)
Аян ағайға сөз
беру.
Мұғалім:
Мен үшін бәрің бірдей
қарақтарым,
Орындалсын арман тілек
талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби
болып,
Ұғындым, әрбіріңді
парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай
айды,
Уақыт сырғып артқа
қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге
болдым,
Өткіздік талай қызық, талай
жайды.
Ірге тасын қаладым, білім
бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін
менің.
Ортада тұрған осы
шәкірттердің,
Көрейік тамашалап
өнерлерін.
1-Данияр
Армысыздар, ардақты ұстаздар,
қадірлі қонақтар, оқушылар. Бүгін біз бастауышпен қоштасып, үлкен
өмірге аттанғалы отырмыз.
Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6
жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп,мектеп табалдырығын
жасқана аттаған едік.
2 –
С.Ақерке
Енді міне сауатымызды
ашып, білім негізін қалаған
бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы
тұрмыз.
3-Нұрзада
Иә, міне сағымдай өте шыққан
4жыл ішінде біздің ұстаз анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат
етіп шығарды.
4
-Гүлім
Ендеше бастауыш сыныбымыз
туралы неге айтпасқа ?
5
–Ерқанат. Көз салып қараңызшы
боймызға,
Армысыздар, мұғалімдер әз
жандар, Ортақ боп бүгінгі өскен
ойымызға.
Білім іздеп, инемен құдық
қазғандар. Қош келіпсіз, ұстаздар
ата-аналар
Бастауышпен қоштасу
тойымызға.
.6-Заһид.
Әр үйдің ерке өскен тентегі
едік,
Ақылға келе алмадық ерте
көніп.
Бойымыз бірте- бірте
үйренісіп.
Мектептің ережесін үйрендік
кеп.
7
-Әлия
Бастауышта шырқалмаған жыр бар
ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар
ма?
Бастауышта алған
білім,
жырларым,
Азық болар , мәңгі талай
жылдарға.
8-Рауан
Бастауышым- бал бұлағым
,
Алдым сеннен балдың
дәмін.
Әріп танып, білім
алып
Рахметімді
жаудырамын.
9
–Ә.Ақерке
Бастауышым-
балбұлағым
Лаулап жанған шам
шырағым.
Өзің берген
біліміңмен,
Самғап ұшар тау
қыраның.
10-Талант
Көз салып қараңызшы
бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен
ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар,
ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу
тойымызға.
11-Нұрай
Бала шаққа болашақты
жырлатып,
Шәкірттерге ой түзетін
сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған
көңілге
Армысыздар ұстаздарым,
қымбатты.
12-Аружан
Армысыздар, әжелер мен
аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата
алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы
деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай
бабалар.
-
-Медет
Армысың сен, алтын ұя
мектебім,
Саған айтар жыр алғысым көп
менің.
Жүректерге жаққан білім
шырағым,
Мектебіме арналады бұл әнім.
«Мектебім»әнін қарсы
алыңыздар. Нұрзада
14-Мерей.Иә, достар, алтын ұя мектептен
атамыз да, әжеміз де, әкеміз де, анамыз да тәлім мен білім алған.
Енді біз де дәл сол кісілердей тәлім алудамыз.Мектебімізге қандай
жыр арнасаң да жарасады. Ендеше, сыныптастарымыздың мектепке
арналған жырларын тыңдайық.
16-Нұрасыл
Мектеп маңы толыпты
жарасымға,
Ізгілік те, мейірім бәрі
осында.
Қанат қағып кешегі
балапандар,
Ақыл, білім жетіліп
санасында.
17- Данияр.
Мектеп үйім, ұстаздарым,
ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр
алам.
Саяң ыстық сен мәуелі
бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа
тараған.
Мектебім – білім берер алтын
ұям,
Ер жетіп сенде
сөзім,
артты санам.
Байлыған 4 жыл бойы
ата-анамдай,
Әрқашан қасиетті атың
маған.
Арада өтсе дағы дүркіреп
жыл,
Әр күні балалықтай бір жүрек
бұл.
Өзіңе борыштармын өмір
бойы,
Есейген шәкірттердің серті деп
біл.
18-Жігер
Мектеп деген білім кені, жыр
кені,
Мектеп деген ғылымның ең
үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші
адамға,
Мектеп деген даналардың
мекені.
19- Аружан
Шара апамдай бұралып,
Биді билеп береміз.
Би дегенің
кермет,
Биді жақсы көреміз
Би «Ұстазым». Вальс
20-Ердос.
Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға – деп Абай атамыз айтқандай,
алғаш қолымызға қалам ұстатып,
оңымызбен, солымызды
танытқан,
бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан,
мектептегі анамыз ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға
арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар
едің?
21-Рауан.Ұстаз – дана.Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға,
жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі»
- деп Ыбырай атамыз бекер
айтпаған. Олай
болса,
келесі жырларымызды ұстаздарымызға
арнаймыз.
Ән «Ұстазым».
С.Ақерке
23-Ерқанат.
Жасқана кіріп жарық сыныпқа
біз.
Әр бетін Әліппенің күле
ашқанбыз.
Мұғалім сабақ өтіп жатқан
кезде,
Қайталап атымызды
сұрасқанбыз.
24-Самұрат
Маған ұстаз
үйретті,
Әліппесін
өмірдің.
Жан жүйемді
билетті,
Күйі шалқып
көңілдің.
Қиялымды
кездірді,
Таптым ойдың
тұрағын,
Маған ұстаз
сездірді,
Алдағы өмір
шырағын.
25-С.Азамат
Ұқсаттыңыз сіз бізді
балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді
анамызға.
Жақын тарттық, біртіндеп бауыр
бастық,
Жүрегіңді ұнаттық
арамызда.
Ән «Ұстаз-ана».
Гүлім
26-Нұрзада
Қоссаңдар бірді екіге үш
болады,
Деуші едік біліммен күш
толады.
Алғыр
бол, әдепті
бол, сабырлы
бол,
Ақылмен іс істесең, оң
болады.
Беруші ең бізге айтып өлең,
тақпақ,
Таласып алушы едік біздер
жаттап.
Өзіңіз баға қойған
күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем
сақтап.
27-Ақгүл
Білім алған
өзіңнен,
Дәрігер, ұшқыш, бар
ғалым.
Саған ыстық
сезіммен,
Қарайды жұрт
мұғалім.
Хор: «Ұстазым менің
ұстазым»
28-Әлия
Әліппемен аштым өмір
есігін,
Тербетемін білім бөбек
бесігін.
Өмір деген өрлі өзенге
шомылып, Жаттап өстім ұстазымның
есімін.
29-Т.Азамат
Есімде ұстаздың алғаш қарсы
алғаны
Айқара есік ашып
тастағаны.
Бір мереке, думан болып осы
маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап
барғаны,
Енді міне, сағымдай өте
шықты,
4 жыл уақыт аз ба екен кім
біліпті.
Ұстаз ана жасады мына
бізден,
Ел танитын азамат, бір-бір
мықты.
30-Дарын
Өзіңде өсіп
көктедім,
Бақытқа міне
жеткенім.
Балалығымның
куәсі
Сүйікті-бастауыш
мектебім.
31-Гүлім
Алғашқы ұстазым анамызбен тең
келді,
Бар асылын бізге жиып, мол
берді.
Қанатымен су себелеп асыл
жан,
Баласындай шын жүректен хан
көрді.
32-С.Ақерке
Тек үйреттің әділдік,
адалдықты,
Жирендік, ажыраттық
жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің
салған
Бар деп ұққын, әрқашан балаң
мықты.
33-Мерей
Қоңыр үнді даусың әсем
таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр
қандай.,
Мейірлене қарап қойып
біздерге
Күн астынан сабақ беріп
тұрғандай.
Ұстазына өздерінің шығарған
өлеңдерін арнау.
Самұрат, Әлия, Ерқанат,
Талант.
Оқушылар пән мұғалімдеріне
арналған тілектерін айтады.
1.Медет
Бір қырдан ұл-қыздар асып
отыр,
Көңілдері қуаныштан тасып
отыр.
Көппен бірге қуанып
төрімізде
Мектептің бас ұстазы- басшы
отыр.
Мырзалиева Айнұр апайға мың
алғыс.
2.Т.Азамат
Бастауышты халықта
дәріптеген,
Білім көзі -деген сөз анық
деген.
Бастауыштың завучы Аян
ағай,
Шәкірттер жүрегіне білім жолын
салып берген.
Аян ағайға мың
алғыс.
3.Ә.Ақерке
Ұстаздардың арқасында
шаттандым,
Сөзін ту ғып, болашаққа
аттандым.
Бастауышта ұстаздарым көп
менің
Нығмет ағай жүре тұғын мақтан
қып.
Нығмет ағайға мың
алғыс.
4.Жігер
Орыс тілі әркезде керек
ертең,
Гуля,Дәмегүл апайлардың көңілі
өте көркем.
Ашық –жарқын жүреді қашан
көрсең,
Барлық жандар осындай болса
екен.
Гуля,Дәмегүл апайларға мың
алғыс
5.Ердос
Білім сыйлап балаға еңбек
еткен,
Үш тілді шәкірттерге
дәріптеген.
Шәкіртінің естісе
жетістігін
Қалдыгүл апай, Пернебек
ағайдың
Қуаныштан көңілі көкке
жеткен.
6.Заһид.
Күн нұрындай сәуле құйған
көңілге,
Елтану, Абайтану пәні
арқылы
Баулыдың шәкіртіңді бұл
өмірге
Жадыра,Гүлзира апай еңбегіңіз
жана берсін,
Әрбір күн бақыт-нұрын ала
келсін.
7.Ақгүл
Музыка атты
пәніміз
Айтылар онда
әніміз
Ораз ағай
үйретсе
Шырқатамыз
бәріміз.
8.Дарын
Салауатты өмірді орнатам
деп,
Денені шынықтырып
жалықпаған.
Абзал,Берік ағайлармен
мақтанамын
Доп теуіп балалармен
қалықтаған.
9.Самұрат
Сабақ беріп шын ынта
пейілімен
Өзін-өзі тануға баулыған бар
зейінімен.
Алғысымыз шексіз
сізге
Гүлайна,Гүлзина
апай
Қазақтың даласындай кең
пейілінен.
10.Нұрасыл
Нұр жүзіңнен жылы шуақ
төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза
көңілден.
Тағлым беріп жас
ұрпаққа
Барлық ұстаздарға мың
алғыс.
34-С.Ақерке.Біздің жамандығымзды жасырып,
жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі
болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміз көк болып жүргеніде сол кісілердің
арқасы.
Әкешім тілеуімді тілеп
жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық
күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер
үшін
Ақылды балаларың оны
білген.
Ән «Менің әкем жақсы
адам».Самұрат
35-Мерей.Әр ана өз баласын мейірімді
болса екен, жақсы оқып елге қалаулы азамат болса екен
дейді.Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет
арқалап барсаңда, борышыңды өтей алмайсың деген». Алайда, ардақты
анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не
жетсін.
Ән «Аналар
тілегі» .
Әлия
36-Аружан
Дүниеге әкелген олда сенің
анашың,
Ақ сүт беріп өсірген олда
сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген олда
сенің анашың,
Мәпелеген анасын аман болсын
анашың.
Осындай ана туралы жыр
жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін
береміз.
Ән «Әке-ана». Гүлім
анасымен
Гүлім.
Өтті сенде қызық
шағым,
Бастауышым,бал
бұлағым.
Қоштасар күн жетті
міне
Қимастықпен қол
бұлғаймын.
Хормен:
Ұмытпаймын
жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Қош бол, балғын балалық,
Қош бол, сүйікті
бастауышым!
Қош қымбатты
ұстазым,
Ән «Бастауыш мектеппен
қоштасу». С.Ақерке