Мақсаты: 1.Білімнің сара
жолы мектептен басталатынын,білімнің кең дүниеде өмірге
есік
ашатынын сезіндіру. Білімге
деген құштарлығын арттыру,оқуға, білімді болуға
шақыру.
2.Мектептегі білім ордасын,
ұстаздарын құрметтеп, еңбекті бағалай білуге
тәрбиелеу.
3.Оқушылардың төрт жылда
қандай жетістіктерге жеткенін көрсетіп өнер-
білімдерін бағалау.
Көрнекілік: Нақыл
сөздер:
1. «Қош
бол, бастауышым-балбұлағым!».
2. «Білім кілті -
бастауышта»,
3.
«Бастауышым-бастамам».
4. «Әлі есімде мектепке
алғаш барғаным»,
5. «Жас
бала - бейне талшыбық» М.Жұмабаев
6. «Өнер –білім бәрі де
оқуменен табылған».
7. «Өнерлі бала
-сүйкімді».
8. «Ұстазыңды атаңдай
сыйла».
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалім: -Құрметті
ұстаздар, ата-аналар! Кеше ғана көздері жаутаңдап, мектеп
табалдырығын
алғаш аттаған кішкентай
бүлдіршіндеріміз бүгін, міне, бойлары да, ойлары да өсіп,
ойларына
ой, саналарына сана қосып,
өздеріне жауапкершілік пайда болып, еліміздің саналы азаматтары
боп, бастауышпен қоштасқалы
отыр.
Армысыздар, әлеумет, кеш
қонағы,
Бүгін бізде мереке аса
мәнді.
Қуанып, зер салайық, ей
халайық,
Балғындарды қошеметпен
қарсы алайық.
(Әуен ойналып, оқушыларды
ортаға қарсы алайық)
Осы 4
жылдың ішінде мына алдарыңызда тұрған әрбір бала мектеп қағидаларын
үйреніп білді.
Қадамдары құтты болсын! Талаптарына нұр жаусын!
1-жүгізуші:
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім
іздеп, инемен құдық қазғандар.
Құшақ
жая қарсы аламыз сіздерді,
Би,билеп, ән де бүгін шырқалар.
2-жүргізуші: Қадірменді
қонақтар!
1-жүгізуші: Қымбатты
ұстаздар!
2-жүргізуші: Аяулы
ата-аналар!
Біз
бүгін ең алғаш қалам ұстатып, әліппемізді ұсынған сүйікті
ұстазымызға рақмет айту
салтанатына жиналып отырмыз. Жанымызға білімнің жарық
сәулесін сыйлаған, мектеп-анаға
алғысымызды айтамыз.
1-жүгізуші: Сонымен, «Қош
бол, бастауышым-балбұлағым!» атты ертеңгілігімізді
бастауға
рұқсат етіңіздер.
Әнұран
айтылады.
1-көрініс. «Жалқаубек»
музыкасы ойнап тұрады. Білімбек пен Жалқаубек
бір-бірімен
амандасады.
-Сәлеметсің бе,
Жалқаубек!
-Привет,Білімбек.
Білімбек: -Жалқаубек, біз
бүгін бастауыш сыныппен қоштасқалы жатырмыз. Сен қайда
жүрсің?
Сен де бір ақылыңды неге
қоспайсың?
Жалқаубек: А, қашан?
Шынымен айтып тұрмысың?Мен бастауышпен қоштасқым
келмейді.Бір
мұғалімнің айтқанына әрең
шыдап отырамын.Жоғары сыныпта 6 сабақтан 6 мұғалім береді
дейді. Ол кісілердің
айтқанына көне алмай кетемін бе деп қорқамын.
Білімбек:Бастауыш сыныпта
бір мұғалімнің айтқанына әрең шыдап жүрсең, жоғары
сыныпта
6жағыңнан 6 мұғалім білім
беріп, тәртіпке шақырғанда, әрең отырмақ түгіл, еріксіз қалай
тәртіпті болып кеткеніңді
білмей қаларсың.
Жалқаубек:Мұның жақсы ақыл
екен, тырысып көрейін.
Білімбек: Әй,Жалқаубек, қой көп сөзді онан да бастауышта өз
баласындай аялаған ұстазымызбен
жақсылап қоштасып,
ренжітпей, жоғары сыныпта өз тәртібімізді, білімімізді
көрсетейік.
Келістің ғой,
Жалқаубек?!
Жалқаубек: Келістім.Екеуіміз одан да бірігіп бір ән салсақ
қайтеді?
Білімбек:Өте жақсы.
Айтсақ, айтайық..
Ән орындалады.
2-жүргізуші: Өсті міне,
бойымыз,
Өсті
міне, ойымыз.
Қуанышқа
ортақпыз.
Құтты
болсын тойымыз.
Хормен: Мектеп-кеме, білім-теңіз,
Барар
жерге тез жетеміз.
Адаспаймыз ұлы жолда
Ұстаз
берген білім қолда.
1-жүгізуші: Енді
өлең-шумақтарына кезек берейік.
1-оқушы:
Бірінші сыныпты оқытқан,
Есімі
бізге қымбатты.
Ұмытпаймыз Айман
апайдың,
Тал бойын әсем,
сымбатты.
2-оқушы: 2005жылы 1
қыркүйек күні,
Мен аңқыған жұпар
гүлімен.
Келіп ем, қарсы алды
мектебім,
Сүйікті қоңырау үнімен.
3-оқушы: Ұстазым-ұлағатым
сая бағым,
Шәкіртті өз балаңдай
аяладың.
Қолыма
әліппенің кілтін берген.
Адалдық,
ақ жолыңды бағаладым.
4-оқушы:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара
есік ашып тасталғаны.
Бір
мереке думан боп осы маңда.
Жетелеп
бір сыныпқа ап барғаны.
Енді
міне, сағымдай боп өте шықты,
4 жыл
уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз-ана жасады мына бізден.
Ел
таңғалар азамат бір-бір мықты.
5-оқушы:
Жүзің жылы, құшағың кең,
Сенен түлеп ұшамын мен.
Өзің берген біліміңмен
Биіктерге шығамын мен.
6-оқушы: Байсалды
мінезіңнен бір қалыпты,
Менің де көкейімде із
қалыпты.
Ұстаттың қағаз, қалам
қолыма өзің,
Ерінбей үйреттің де әр
әріпті.
7-оқушы: Беруші ең бізге
айтып өлең, тақпақ,
Таласып алушы едік біздер
жаттап.
Өзіңіз баға қойған
күнделікті,
Жоғалтпай өмір бойы жүрем
сақтап.
1-жүгізуші: Ұстаздық еткен
жалықпас,
Үйретуден балаға-деп, Абай атамыз айтқандай, ұстазымыз жыл
бойы білім нәрімен
сусындатты, хат танытты,еңбек ете білуге үйретті, білімге
жетеледі, әдептілікке
үйретті.
Сондықтан да алғашқы ұстазымызға мың алғыс айтып басымызды
иеміз.
(Ата салты бойынша бас ию
үлгісін көрсету.)
«Мұғалім-ол біздің» әні орындалады.
1-жүгізуші: Мектеп,
мектеп, бақытқа толды үйің,
Ұша білсек, болмас-ау қону
қиын.
Бастауыштың соңғы әнін
шырқап бүгін,
Бастауыштың билейміз соңғы биін.
2-жүргізуші: Бүгін біз
сауатымызды ашқан, білім негізін қалаған бастауыш
сыныбымызбен
алғаш қолымызға қалам
ұстап, оңымыз бен солымызды танытқан ұстазымызбен
қоштасқалы отырмыз.Әрине, бастауыш мұғалімімізбен қоштасу
қиын,әрі ыстық..
8-оқушы: Бәрі есімде
мектепке алғаш барған күн,
Күлімдеп бір нұр жүзіміз
жанған күн.
Сыңғыр қағып қуанышпен
қоңырау,
Шақырған алға бізді арман
мың.
9-оқушы: Әсем бөлме,
терезелер жап-жарық,
Қойған дерсің шырағданнан
шам жағып.
Қара тақта, аппақ парта
қаз-қатар,
Отырдық біз, сипап бәрін
таңғалып.
10-оқушы: Күнде осылай өтіп жатты сан сабақ.
Таразыға түсті талай қанша
бақ.
Білімді аңсап шөліркеген
санаға,
Құйылды екен сонда қанша
бал шарап.
11-оқушы: Өмірге жол бір
өзіңнен бастадым,
Әліпбиді алғаш сенен
жаттадым.
Ұстаз ана естен кетпес
мәңгілік,
Мейіріммен жауырымнан
қаққаның.
12-оқушы: Ұқсаттыңыз сіз
бізді балаңызға,
Ұқсатып ек біз сізді
анамызға.
Жақын тарттың, біртіндеп
бауыр бастық,
Жүргеніңді ұнаттық
арамызда.
13-оқушы: Жүрегімде ұстаз
берген сабағы,
Өн
бойыма тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын,
ақылын,
Мәңгі,мәңгі есімізде
қалады.
14-оқушы: Атағым Алатаудай
болса биік,
Тұрса да төбем өсіп, көкке
тиіп.
Алдыңда әрқашанда тағзым
етіп,
Тұрамын «Ұстазым» деп
басымды иіп.
1-жүгізуші: «Ұстаз!» Осы
бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, қасиетті ұғым
жатыр.
Ұстаз алдынан өтпейтін
ешкім жоқ. «Жақсы мұғалім –мектептің жүрегі»-деген Ы.Алтынсарин
атамыз.Жүрексіз өмір
болмаса, мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі,
небір данышпан адамдар,
қарапайым еңбеккерлер, тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі
бір адамға қарыздар.
Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп оны
азамат атандырудың өзі бір
үлкен күш, сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.
2-жүргізуші: Ұстаздарды«Ұлы адам» деп ұғынамын, білемін,
Дәл солардай болсам деумен
соғушы еді жүрегім,
Бүгін, міне, мен мектепте
оқушымын салмақты.
Талпынамын, ізденемін
атануға ардақты.
Байқалса бір жақсылықтай
бойымнан жылт еткен,
Дарыған ол-ұстазымнан, еске
аламын құрметпен.
Ә.Еспаевтың «Ұстазым» әні орындалады.
15-оқушы: Жадыраған жаздай жылы жаны бар,
Жақсылықтың шырағы боп
жағылар.
Қадірлі
ұстаз гүлмен бірге жолдаған,
Шәкіртіңнің жүрек сөзін
қабыл ал.
16-оқушы: Әліппемен аштым
мектеп есігін,
Тербетемін білім бөбек
бесігін.
Өмір
деген өрлі өзенге шомылып,
Жаттап өстім ұстазымның
есімін.
Есімде
ерен ұстазым.
Басымнан сипап өткенің,
Аянбай бізге ,
қыс-жазы.
Молынан мейір төккенің.
17-оқушы: Жанымды менің
жайнатып,
Баураған
өзің мұғалім.
Өзіңмен
бірге таң атып,
Өзіңмен
күліп шығар күн.
Шәкіртің
өткен іздерден,
Үмітің
гүлдер, мұғалім
Білеміз ертең бізден
де,
Өмірдің талап сұрауын.
Сонда ардақты мұғалім,
Уәдемде берік тұрамын!
18-оқушы: Күлімдеген, күнім
деген,
Қамқор болған ұстазым.
Жаны жайсаң, жайдары
жан
Ұғындырған сөз мәнін.
Бәрін берген, білім
берген,
Жас ұрпаққа талмастан.
19-оқушы: Жалықпай үйреттің де балаларды,
Өмірге
тарту еттің даналарды.
Ізгілікке жол ашып көрсетумен,
Қара
шашың қыраулап ағарады.
20-оқушы: Шәкірттердің тыңдап жауап, сұрағың,
Жас
санаға төгіп білім шуағын.
Хат
танытып, жол сілтеген өмірге,
Барша
жанға құрметті жан-мұғалім.
2-жүргізуші:Бізді
болашаққа не бастайды?
Хормен: Ұстаздың
көрсеткен жолы,
Ата-ананың ақылы-
Болашаққа деген сенім.
1-жүгізуші: О, менің
ардақтаған, асыл анам,
Ақылмен, ақ сүтімен
асыраған.
Айналдым қасиетіңнен
әрқашанда,
Жыр арнап міне, бүгін отыр
балаң.
2-жүргізуші:Теңейміз
аналарды аппақ таңға,
Теңейміз арулады
шапағатқа.
Ана деп ән саламыз, жар
саламыз,
Бас иіп «ана» деген асыл
затқа.
1-жүгізуші: Өмірдің қызығы
ойын-күлкі,
Өнер десе жан салып,
Жалғастырайық ән салып-дей,
отыра ортаға--------------------------------шақырамыз.
«
Анашым қартаймашы» әні
21-оқушы: Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,
Шәкірттерін сүйген таза
көңілден.
Тағлым беріп жас ұрпаққа
қашанда,
Өз соқпағын тапқан мына
өмірден.
22-оқушы: Бастауышым –балбұлағым,
Алдым сенен балдың
дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырамын.
23-оқушы: Көрмеген артық күліп, артық жүріп,
Аида
Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.
Қоштасамыз алғашқы
ұстазбенен,
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып
тұрып.
24-оқушы: Төрт жылда міне
тез-ақ өткерді.
Білім жолда өтті талай
өткелді.
Әліппені, ана тілін
үйреткен,
Ұстазбенен қоштасатын сәт келді.
2-жүргізуші: Білім берген
бар ынта-жігерменен,
Үйреткен бізді ағылшын
тілін зейінімен.
Ұстазымыз бар салмақты Бақытгүл апай,
Кең
пейілді қазақтың сұлу қызыңдай.
Теміртасова Ляззат пен Назарбекова Дананың орындауында
«Түрік» биі
1-жүгізуші: Гүльям апай
неткен мықты, төзімдісіз,
Қол
бастаған батырдың дәл өзіңізсіз.
Шаршасаңыз да сездірмей күлімдейсіз,
Шәкіртім
білім алсын, білсін дейсіз .
Бақұстар мен Айжанның орындауында «Бала тілегі»
әні
2-жүргізуші:
Қыздар мен ұлдардың орындауында орыс биі.
1-жүгізуші:Достар қазір
біз сендермен «Мен және менің достарым» атты ойын ойнаймыз.
Қазір
біз сендерге бірнеше сұрақ
қоямыз, ал сендер қолдарыңды шапалақтап, сұрақтың жауабына
орай, «Мен және менің
достарым» немесе «Мен емес және менің достарым емес»
деп
жауап бересіңдер.
1-сұрақ: Бүгін бізге
арнайы,
Ән мен жырды әкелді
2-сұрақ: Әрқашанда
мектепке келеміз біз көңілді.
3-сұрақ: Анау,бала! Қолын
қара,
Кір қожалақ қап-қара!
4-сұрақ: Сабаққа бір сағат
кешігіп келеді.
5-сұрақ: Көліктерде
үлкендерге,
Ұсынады орынды.
6-сұрақ: Ойнап жүріп
доппен,
Түсті
жолға домалап.
2-жүргізуші: Мектеп өмірінен
көрініс:
Мұғалім: Самат, маған
столды орнынан қозғалтуға көмектесіп жіберші.
Самат: Тағы да мен,әне
Айдос кетіп барады ғой.Әй, Айдос столды орнына қозғалтуға
көмектесші
( Айдос көмектеседі.)
Мұғалім: Самат, гүлге су
құя салшы!
Самат: Тағы да мен бе?
Нұрсәуле, сен құйшы.(Нұрсәуле құяды)
Мұғалім: Самат! Айбекке үй
тапсырмасын апарып бере қойшы, бір жағынан денсаулығын біліп
келесің.
Самат: Тағы да мен бе? Әмір
сен апарып берші.
Мұғалім:Әзірге
осы,Самат.
Самат:Міне, көрдіңіздер ғой, халайық..Саматсыз еш шаруа
бітпейді.
1-жүгізуші:Армысың,
жанашарым, туған халқым,
Бармысың, айтысқа бел буған
халқым.
Көркейтіп айтысын да,
өлеңін де
Айтайық сәнімізбен айтыс
жырын.-дей келе Айжан мен Арнагүлдің орындауында
айтыс өнерін
тамашалаңыздар.
2-жүргізуші:Тағы бір
мектеп өмірінен көрініс: «Көп сөзді бала мен мұғалім
диалогы»
Мұғалім: Сабақта көп
сөйлейсің бе?
Бала: Жоқ, о не
дегеніңіз.
Мұғалім: Көшіресің
бе?
Бала: Жо –жоқ!
Мұғалім:Балалармен
төбелесесің бе?
Бала:
Ешқашанда.
Мұғалім:осы сенің жаман
қылықтарың бар ма, өзі?
Бала:Әрине бар, көп өтірік
айтамын.
1-жүгізуші: Өтті сенде
қызық шағым,
Бастауышым-балбұлағым.
Қоштасар күн жетті
міне,
Қимастықпен қол
бұлғаймын.
2-жүргізуші:Әріп танытып,
білім берген алғашқы ұстазымызды ортаға шақырамыз.
Мұғалім:
Мен үшін
бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман-тілек, талаптарың.
Самғаңдар биіктерге қайырылмасын,
Енді
ғана қатайған қанаттарың.
Иә,иә
қатайды қанаттарың,
Тағы бір өтсем бе екен
санап бәрің
Мен келгенде отыз
едіңдер
Отызыңды отыз түрлі
мінезбен парақтарым.
Бірге: Азаматы болсын деп
саналы елдің,
Кілтін бердің білімнің, сан
өнердің.
Қимай-қимай біздерді аяулы
ұстаз,
Ақ жол тілеп, қол бұлғап
қала бердің.
Хор: Балдырғандар
вальсі
1-жүгізуші:Құттықтау сөз
бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісіне беріледі.
2-жүргізуші: Келесі сөз
кезегі ата-аналар атынан құттықтау
сөз.
1-жүгізуші:
Бітіруші
түлектер,
Жүктелер
бар аманат.
Айтылар
ізгі тілектер.
Болмасын
еш жаманат.
2-жүргізуші :
Бастауышта оқыдық,
Ойға
білім тоқыдық.
Бұлар
бізден жалындар,
Ертеңгі
ірі ғалымдар.
Алдыңда
ұзақ жолың бар,
Оқумен
өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай,
Аман-есен болыңдар,-деп «Бастауышым-балбұлағым» атты
қоштасу ертеңгілігіміз-
ді аяқтаймыз.
Келгендеріңізге көп-көп рахмет.Қош сау болыңыздар!