Материалдар / Қос ішекті домбыра
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қос ішекті домбыра

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз ара тәжірибе алмасу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Наурыз 2021
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: 01 .03.2021ж

Жамбыл обл, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы

29 орта мектебі

Тәрбиеші: Джакыпбекова Альмира Альбиевна

Пәні: Сөйлеуді дамыту

ҰОҚ тақырыбы: Қос ішекті домбыра

ҰОҚ-дегі оқыту мақсаттары:


0.1.1.1 Сөздер мен фразаларды дұрыс дыбыстау

0.1.4.2 Берілген тақырып аясында диалогке қатысу

0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып

Күтілетін нәтижелер

Барлық тәрбиеленушілер: Сөздер мен дыбыстарды дұрыс айтады.

Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба белгілерді қолданып

жеткізеді.

Көпшілік тәрбиеленушілер: Әңгіме мазмұнын түсінеді, тәрбиелік мәнін

ұғынады. Сұрақтарға нақты жауап береді.

Кейбір тәрбиеленушілер: Берілген тақырып аясында диалогке қатысады.

Тілдік мақсаттар

Тәрбиеленушілер: Сөздердің мағыналарын түсінеді.

Диалог құрастырады, сөздік қорын кеңейтеді.

Көптілділік: аспап – инструмент – tool

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Ағаш өнері, ұлттық аспап. Шанақ.

Пікір алмасу сұрақтары:

Домбыра туралы не білесіңдер?

Домбыраның бөліктерін атаңдар.

Өткен ұОҚ-нен алған білім

Қонақжайлылық туралы біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт


Жоспарланған іс-әрекет

ресурстар

І. Дұрыс, әсерлі көңіл күй орнату. 0–1 мин







II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам.











































ҰОҚ ортасы

ІІІ. Тақырып бойынша

жұмыс.


(Ұ) Шаттық шеңбері

Қандай аспап?

Алдымен сен күй тыңда,

Тартқан күйді дәл тыңда.

Қайсы аспапта ойнады,

Таба қойшы қалпында.

Педагог балаларға домбырада ойналған кез келген

музыкалық шығарманы тыңдауға ұсынады.

Балалармен әңгіме жүргізеді:

Музыкалық шығарма ұнады ма?

Шығарма қандай аспапта орындалды?

Мұндай шығарманы кім шығарады деп ойлайсың?

Балалар, домбыра туралы не білесіңдер?

Үйлеріңде домбыра тартатын адам бар ма?

Домбырамен ән айтатын қандай әншіні білесіңдер?

(М. Беспаев, Т.Серік т.б.)

Педагог қорытындылау мақсатында балаларға домбыра

ежелгі қазақ аспабы екенін, ол қазақтың қайғысын да,

қуанышын да бөлісіп келгенін айтады. Құрманғазы,

Тәттімбет сияқты сазгерлердің өлмес күйлері замандар

бойы жасай береді.

«Сарыарқа» күйін тыңдау.

Тыңдап болғаннан кейін «қандай?» сұрағына жауап

беретін сөздермен күйді сипаттау.

- Тағы қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?

Әліппе-дәптермен жұмыс:

1-тапсырма. Қазақтың ұлттық аспаптарын белгіле.

Сергіту сәті. «Домбыра туралы баллада» әнімен

қимыл-қозғалыс жасайды.

Педагог: Бұрынғы ата-бабамыз бұл аспаптарды

өздері қолдан жасаған. Домбыраның өзін ағаштан,

ішегін ешкінің ішегінен жасаған. Дауылпаздың

бетін малдың терісімен қаптаған. Тұяқты жылқының

тұяғынан алған. Шаңқобызды темірден иіп жасаған.

Қобыздың тиегін ешкінің мүйізінен жасаған, оның

жоғарғы бөлігі ағаштан ойылып жасалған, төменгі

бөлігі терімен қапталған. Жетігенге асықтарды

пайдаланған.

Көптілділік: аспап – инструмент – tool

Әліппе-дәптермен жұмыс:

2-тапсырма. Тақпақты жаттап алайық.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Қазақ нағыз қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра. (Қадыр Мырза Әли)

3-тапсырма. Сөйлемді толықтыр.

Күйді тартатын адам ... (күйші)

Би билейтін адам ... (биші)

Өлеңге музыка жазатын адам ... (композитор)

Оркестрді басқаратын адам ... (дирижер)

Ән айтатын адам ... (әнші)

Домбыра жасайтын адам ... (шебер, ұста)

4-тапсырма. Жұбыңмен жұмбақ айтыс.

Шаттық шеңбері



















Домбыра аспабы

«Сарыарқа»

күйінің жазбасы

Үнтаспада

«Домбыра туралы

баллада»

IV. ҰОҚ-нің қорытындысы

Педагог қорытынды жасайды, балаларды

марапаттайды.

(Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап

қорыту.

Балалардан домбыраны түсті қарындашпен бояуын

сұраңыз:

Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен;

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары

қарындашпен;

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын –

жасыл қарындашпен.

Әліппе-дәптер,

түрлі түсті

қарындаштар





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!