Материалдар / "Қош келдің Алтын күз"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің Алтын күз"

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша қызметкерлеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2021
269
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің Алтын күз ”

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі де күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше “Қош келдің Алтын күз” атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз.

(Музыка әуенімен балалар ортаға шығады)

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар!

  • Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Күз мезгілі.

  • Күз мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Балалар: Күн суық болады.

  • Қане, балалар өздеріңнің мерекеге дайындаған өлең шұмақтарымызды айтайық.

Нұрғиса: Ой, балалар, балалар,
Қоңырқай күз болыпты,
Құрап жапырақ солыпты,
Ой, балалар, балалар,
Ойналықта күлелік.
Енді оқуға кірелік.

Марғұлан: Жайдары күз, жарқын күз,
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам,
Дариядай шалқып жүр.

Жарқын: Мейірлі күз, мырза күз,
Сыйлығыңа ырзамыз.
Аппақ арай таңында
Шомыламыз нұрға біз.

Айым: Көк аспаның мөлдіреп,
Алтын күзің елжіреп,
Асыр салып жүре бер,
Сары көйлегің желбіреп.

Жүргізуші: Балалар күз мезгілі де келіп жетті. Сендер күз туралы ән білесіңдер ме? Жақсы қане бәріміз “Күз тамаша” әнін орындайық.

Ән: “Күз тамаша”

Жүргізуші: Тамаша. Күз мезгілінде қандай өзгерістерді байқадық балалар?

Балалар: Күн суытып, жел соғып, жаңбыр жауып, жапырақтар сарғайып жерге түседі.

  • Ал енді қыздарымыздың тамаша “Қолшатыр” биіне кезек берейік.

Би: “Қолшатыр” (қыздар)

Жүргізуші: Балалар мен бір сыбдыр естіп тұрған сияқтымын, кім екенін білгілерің келе ме?

(Музыка әуенімен, залға аула сыпырушы кіреді)

Аула сыпырушы: Күз келіп жапырақтардың бәрі жерге түсіп жұмыс көбейді.Сыпырам қайта түседі,сыпырам қайта түседі. Ооо салеметсіздер ме? Мында не болып жатыр? Мен аула сыпырушымын.Сендер менің жұмысым не екенін білесіңдер ме. Аула сыпырамын. Қазір жылдың қай мезгілі? Жапырақтардың түсі қандай? Неге олар менің жұмысымды көбейтіп жерге түседі екен?Сендер ақылды екенсіңдер. Бірге ойын ойнайық.

Ойын: “Балабақша ауласын тазалау”

Жүргізуші: Аула сыпырушы бізге келгеніңіз қандай жақсы болды. Біздің балалар мерекеге арналған өлең шұмақтарын айтып берсін.

Бахар: Алма пісіп, алмұрт түсіп,
Күзде бақтар жайнайды.
Құстар қайтып, қош айтысып.
Қимас үнмен сайрайды.

Жансая: Көктемде егін егетін,
Күзде жиып беретін
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

Айару: Ел егінді жинайды,
Қырманға дән сыймайды.
Біздің дала бай дала,
Алтын астық айнала.

Айбар: Астық – дала сәулетті,
Астық – Отан дәулетті,
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала.

Ернұр: Күз мезгілі тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Аяқ асты сап-сары,
Төселгендей алаша.

Жүргізуші: Балалар біздің бүгінгі қонақтарымызға арнап, “Autumn Leaves” әнін орындап берейік.

Ән: “Autumn Leaves”

Жүргізуші: Балалар мерекені қызықты өткізу үшін ойын ойнайық.

Ойын: “Қолшатыр”

Жүргізуші: Бұл мерекеге жігіттерімізде құры қол келмепті өздерінің дайындаған билері бар екен.

Би: “Диірмен” (жігіттер)

Жүргізуші: Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен, таңдандырып халғын күз.

Ән: Осень, осень.

Жүргізуші: Балаларымыз көңілді
Шақырамыз ортаға
Мерекеге сән беріп
Би билейік мән беріп

Би: Ха-ва-на.

Құрметті қонақтар, бүгінгі Алтын күз мерекесіне арналған ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі астықты болсын демекпіз.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!