Материалдар / "Қош келдің Жаңа жыл"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің Жаңа жыл"

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
556
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Балбөбек» бірінші сәбилер тобына арналған «Қош келдің Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық ертеңгілік сценариі.



Мақсаты: Мерекелік көңіл-күй қалыптастыру. Көрермендер алдында өнер көрсетуге деген қызығушылықтарын арттыру.

Міндеттері: Балаларды тақпақ айтуға, әуен ырғағымен қозғалуға, әндерді орындауға, топтық билер мен ойындарды ойнай білуге үйрету. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Мерекеге қуана білуге, бір-біріне деген достық сезімдерін, қоршаған ортаға қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Кейіпкерлер: Ақшақар, Қоян, Түлкі.

Жүргізуші: -Балалар қараңдаршы, айнала қандай әдемі. Шыршамыз қандай үлкен, ойыншықтары қандай көп, жарқырап тұр.

Сендер де әдемі болып киініп алыпсыңдар. Өйткені бүгін Жаңа жыл мерекесі!

-Қане, балалар, қонақтармен амандасайық!

Жүргізуші: -Келді міне, Жаңа жыл аппақ болып, Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып. Ауламыздың тұсына қонып жатыр, Аяз болып, мұз болып, қатқақ болып!

Жаңа жыл құтты болсын, балалар!

-Осы Жаңа жыл мерекесіне арнап ән айтайық. Ән: «Келді міне жаңа жыл» (хор)

-Ой, балалар, қараңдаршы шыршаның түбінде бір зат жатыр.

-Мынау не балалар? (телефон шырылдайды: Ақшақар хабарласады)

Жүргізуші Ақшақармен телефонмен сөйлеседі.

Жүргізуші: -Алло, Сәлеметсіз бе, бұл кім екен? Ақшақарсыз ба? Бұл №7 «Алпамыс» балабақшасы. Жақсы, жарайды, біз сізге қонаққа барамыз!

Жүргізуші: -Балалар, бізге Ақшақар хабарласты. Бізді қысқы орманға шақырып жатыр. Қане ендеше орнымыздан тұрайық. Ал кеттік балалар, міне орманға да жеттік. (музыка қар дауысы)

Орманда үйшік тұр.

Жүргізуші: -Балалар, мынау кімнің үйшігі екен? Қане, қоңырау соғып көрейік (қоңырау соғылады) әуенмен Ақшақар шығады.

Ақшақар: Армысыңдар балалар. Мен Ақшақар боламын.

Құтты болсын Жаңа жыл,

Құтты болсын мереке!

Тілеймін мен балалар,

Денсаулық, бірлік, мереке!

Жаңа жылың құтты болсын!

-Қош келдіңіздер менің қысқы орманыма.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Ақшақар! Сізге балалар асыға жетті. Біздің қарша қыздарымызбен би билеңізші.

Би: «Қарша қыздар»

Жүргізуші: Ақшақарға тақпақ айтып берейік.

М. Айзере

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып.

Келді алыс сапардан,

Аяз ата оралып.

А. Айым

Жаңадан тақпақ,

Аламыз жаттап.

Жаңа жыл келді!

Жаңа жыл жақсы-ақ!

Б. Зере

Жаңа жыл, жаңа жыл!

Тамаша тойымыз!

Алақай, алақай!

Өседі бойымыз!

О. Айзере

Қуантып елді,

Жаңа жыл келді.

Өсетін болдық,

Бір жасқа енді!

Дыбыс естіледі: түлкі келеді.

Түлкі: Мен түлкімін, түлкімін,

Текке өтпейді бір күнім.

Бұлаң-бұлаң құйрығым, Текке өтпейді бір күнім.

Ақшақар: Сәлеметсің бе, түлкі! Мұнда қайдан келдің?

Түлкі: Қайдан-қайдан?! Бқл жерде балалар жаңа жыл мерекесін тойлап жатыр деп естідім. Сосын осы балалармен ойнауға келдім.

Ақшақар: Балалар түлкімен ойын ойнайық, я.

Ойын: «Аққала жасау»

Түлкі: Ал балалар, сендермен ойнап көңілім бір көтеріліп қалды, сау болыңдар, мен енді кетейін. (Түлкі шығып кетеді)

Жылаған дауыс шығады (Қоян)

Ақшақар: Балалар бұл жылаған кім екен? (қоян шыршаның артынан сығалайды) Ақшақар қоянды шақырады, шыршаның артынан қоян шығады.

Ақшақар: Балалар бұл қоян ғой. Қоян сен неге жылайсың? Кім сені ренжітті?

Қоян: Сендерге мерекеге келе жатқанмын, түлкіні көріп, шошып, қорқып кеттім. Далада тұрып әбден тоңып кеттім, ойнайтын достарым да жоқ.

Ақшақар: Балалар қоянға жаным ашып тұр, оны бізбен бірге ойнауға шақырайық,я.

Қоян: Алақай! Шынымен де менімен бірге ойнайсыңдар ма?

Жүргізуші: Қане кішкентай қояндар, шығыңдар.

Қоянмен бірге!

Орманда қоян болыпты,

Суықтан жаурап, тоңыпты.

Алайын деп жылынып,

Секіріп, секіріп алыпты.

Орманда қоян болыпты,

Суықтан қолы тоңыпты.

Алайын деп жылынып,

Алақанын соғыпты.

Қоян: Балалар, сендер қармен ойнағанды жақсы көресіңдер ма? Мен сендерге қар жинап әкелдім. Балаларға көрсетіп шығады. Мен себеттегі қарларды шашамын, ал сендер сол қар түйіршіктерін жинап беріңдер.

Ал, қане қар түйіршіктерін жинап ойнайық.

Ойын: «Қар жинау»

Жүргізуші: Қане балалар, енді орнымызға отырайық, көңіліміз көтеріліп қалды, бойымыз жылынды. Енді жаңа жылға арналған әнімізді орындайық.

Ән: «Шырша жыры»

Ақшақар: Мынаны қараңдар, мында бір қар түйіршігі қалып қойпты.

Қоян: Тұра тұрыңыз, Ақшақар, мен көрейін. Қандай ауыр еді өзі, ішінде бір зат бар сйяқты (қар кесегі ішінен балаларға арналған сыйлықтар шығады)

Ақшақар: Балалар, бұл сендерге арналған сыйлық. Бұл қорап ішінде тәтті кәмпиттер бар.

Жүргізуші: Балалар, Ақшақар мен қоянға сыйлықтары үшін рахмет айтайық. Ал, тәттілерді топқа барып, қолымызды жуып жейміз, жарай ма?

Ақшақар: Ал, балалар, сендерді тағы да бір рет Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Сендермен өте көңілді болды. Рахмет сендерге!

(Ақшақар үйіне, қоян шыршаның түбіне тығылады)

Жүргізуші: Ал, балалар қысқы орманнан тобымызға қайтайық(музыка қар дыбысы)

Әуенмен шығу (қар дыбысы)













































7 «Алпамыс» бөбекжай балабақшасы









«Балбөбек» бірінші сәбилер тобы.

«Қош келдің Жаңа жыл!» жаңа жылдық ертеңгілік









Дайындаған:

Тәрбиеші: Тасқараева А.Т.















Сәтпаев қаласы 2017-2018жыл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!