Тасқұдық бастауыш
мектебі
Тәрбиелік
шара
Өткізген:
Г.Қисманова
2016-2017 оқу
жылы
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден
сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, Наурыз
мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Оқушыларды
ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың
салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға
тәрбиелеу.
Тәрбиелік шараның жүру
барысы:
Жүргізуші: Құрметті оқушылар,
ата-аналар, ұстаздар! Бүгінгі Тасқұдық ауылында болғалы жатырған
«Қош келдің, Наурыз!» атты тәрбиелік шарамызға қош келдіңіздер!
Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер
шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған
бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын басып айту қиын.
Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың
ауызы аққа тиіп, жер шарында шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы
күнді «Ұлыстың Ұлы күні» деп атаған.
Наурыз қайта оралды аты
аңыз,
Сұрамаймыз біз ақы, біз алғыс
та.
Үй, дастарқан, даламыз,
сахнамыз
Ұлы мейрам наурызға
шақырамыз.
Көктем жетті көл-көсір шуақ
құрып,
Қыста ұзап барады жылап
тұрып.
Шатырында үйлердің наурызда
жүр,
Мұз көрпесін ақпанның
лақтырып.
Жүргізуші:
Алқа жұртым
той-думан,
Ортамызды
ашайық.
Ән мен күйді төгіп
біз
Інжу-маржан
шашайық.
Қыздарымыздың
орындауындағы «Қазақ
биін» қабыл
алыңыздар.
Жүргізуші:
Армысыңдар
ағайын!
Наурыз тойын
бастайық.
Досқа құшақ
ашайық,
Өлең-жырға басайық.-деп,
ендігі кезекті шағын топ тәрбиеленушілерінің наурыз туралы
жыр-шумақтарына кезек берейік.
Есет:
О й, халайық, халайық,
Әсем әнге
салайық.
Наурыз тойын
көңілді
Бірге қарсы
алайық.
Кәусар:
Наурыз – тойы
береке,
Наурыз – тойы
мереке.
Наурыз – тойы,
жыр-аңыз,
Қызық-думан
құрамыз.
Айсұлу:
Күттіріп келген жыл
басы
Бізбен бірге
жырлашы.
Дастарқанға
елімнің
Береке-ырыс
сыйлашы.
Дана:
Наурыз тойым
тамаша,
Наурыз тойым
жаңаша.
Табиғатта
тамаша,
Тамылжып тұр
тамаша.
Азиза:
Жыл басы-Наурыз
мереке,
А қ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойым
береке
Тіршілік, жерім
оянды.
Ерасыл:
Әнім де, саған биім
де,
Құт-қонақ өзің
үйімде.
Қуаныш сыйлар
еліме,
Күлімде наурыз,
күлімде.
Айсезім:
Қыс өтіп, қар
кетті,
Жырлайық, жаз
жетті.
Мейрамы
ежелден
Құтты болсын
Наурыз!
Бекболат:
Әндетейік,
жырлайық,
Ортамызды
ашайық.
Ырыс тілеп бұл
жылға,
Жырдан шашу
шашайық.
Хор: «Қазақы
дастарқаным»
Көрініс: «Қожанасыр мен
ашқарақ»
Тасқұдық ауылында болып жатқан
Наурыз тойында біреу ішіп-жегенімен қоймай қалтасына
құрт-ірімшіктерді сала береді. Қасында отырған Қожанасыр әлгінің
қалтасына ыстық шай құйып жібереді.
Ашқарақ адамның тез ашуланатын
әдеті емес пе:
-Бұл не деген бейбастық?!-деп
Қожаға дүрсе қоя береді.
Сонда Қожа байсалды
пішінмен:
-Қалтаң құрт пен ірімшікті көп
жеді, шөлдеп қалмасын деп құйғаным
ғой-депті.
Нұрболат:
Салт-дәстүрмен
жарыса,
Қайта құрып
жаңаша.
Жарыса өнер
көрсетп
Той тойлайық
тамаша.
Мадина:
Наурыз тойын
жырлайық,
Онымен де
тұрмаймыз.
Шыңдалып жеткен бұл
күнге,
Ел дәстүрін
сыйлаймыз.
Бекарыс:
Армысыңдар,
халайық,
Әр кез аман
болайық.
Наурыз тойын
қуанып,
Жылда қарсы
алайық.
Жүргізуші:
Жиналдық наурыз тойға бәріміз
де,
Үлкен-кіші, жасымыз, кәріміз
де.
Ән мен
күйді,
Жыр мен биді шалқытсын-дей
отырып, ұлдарымызды «Қазақ» биімен ортаға шақырайық.
(Ұлдар)
Амангүл:
Наурызым-ғажап
туысың,
Ұлыстың Ұлы
күнісің.
Жылыттың жердің
жүрегін,
Жүрегі елдің
жылысын.
Жаннұр:
Жаса Наурыз, жаса
көктем,
Жаса достық, күн,
тіршілік.
Болсын ұмыт, мұңдар
өткен,
Мейірімділік күлсін
шығып.
Аружан:
Наурыз-достық,
наурыз-күн,
Барша халық
бірлігі.
Тағы келді ұлыс
күн,
Жалғасып ғалам
тірлігі.
Жүргізуші:
Төрімде наурыз
күлімде,
Қуаныш әкеліп
үйіме.
Құт-қонақ келді
үйіме,
Әнім де, саған, биім де-дей
отырып, келесі кезекті «Дастарқан» әніне
берейік.
Х ор
Айшат:
Жаңарып
сананың,
Ұмытады мұны
кім?
Ата-салтын
бабаның
Алып келді ұлыс
күн.
Арсен:
Күн мен түн
теңелді,
Жер шуаққа
кенелді.
Қуанышта ел
енді,
Наурыз келді
салтымның,
Көгерсін деп
халқымның,
Көшеге тал
егеді,
Наурыз тойы
береке,
Наурыз тойы
жыр-аңыз.
Қазақтың ұлттық ойыны «Асық
ойынынан» көрініс
Асық ойыны қазақ халқының
дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де түнде де ойналады. Күндізгісі
– мергендікке, түнгісі-ептілікке баулиды. Иіргенде түскен асық
қалпына қарай асық алшы, тәйке, бүк, ішік деп
аталады.
Күрес
Қазақ күресінің тарихы
ұлтымыздың өмір тарихымен тығыз байланысты. Балуандарымыздың күш
сынасуы, ат жарысы, ақындар айтысы сияқты қазақ өнерінің ажырамас
бір бөлігі. Қазақтардың жыл он екі ай далада өмір кешіп, үнемі
қозғалыста болуы осы күрестің арқасында.
Амангүл:
Ақпан кетті араз боп
наурызбен,
Наурыз жүр жоғалған бағын
іздеп.
Көктем жетті көрісіп жанын
үзген,
Қыс аттанды қоштасып тағы
бізбен.
Наурызды тәңір бізге нәсіп
еткен,
Мейірім танысын деп тасып
өткен.
Наурыз сән-салтанат, ұлттық
рух,
Бақытты наурызы бар халқым
неткен.
Жүргізуші:
Айдында жүзген
аққудай,
Қыздарымыздың биін-ай-дей келе
шағын топ тәрбиеленушілерінің орындауындағы
«Көбелек» биіне кезек
берейік.
Нұрислам:
Мал төлдеп, қой
қоздап,
Сүт бұлағын
ағызған.
Жаңа жылдың
сипаты
Молшылыққа аңыз
боп.
Басталыпты
наурыздан.
Ақ қар кетіп, қыс
өтіп,
Шырайлы шуақ жаз
жетіп,
Шаруаның ұлы
күнімен,
Күн мейрамы
ежелден,
Құтты болсын
тойларың.
Оқушылар айтысынан
көрініс
Айсұлтан:
Той дәмі мол,
тойыңыз,
К үн ұзарар жылынып.
Өсер біздің
бойымыз,
Төлдеді де
малымыз.
Расул:
Жаңғырар дәстүр
салтымның,
Көзелсін бұлақ
жалғасы.
Қастерлі менің
халқымның
Мереке наурыз, жыл
басы!
Ал, халайық
тұрмайық,
Әндетейік,
жырлайық.
Ортамызды
ашайық,
Думандатып би
билеп,
Ән мен күйді
төгілдіріп,
Інжу-маржан
шашайық.
Жиналған жұрт таң
қалып,
Өнерден күмбез
жасайық.
Жүргізуші:
Жиналдық наурыз тойға бәріміз
де,
Үлкен-кіші, жасымыз-кәріміз
де,
Ән мен
күйді,
Жыр мен биді шалқытсын-дей
отырып, келесі би өнеріне, яғни «Қара жорға» биіне кезек
берейік.
Би: «Қара
жорға»
Жүргізуші: Мұсылман ұғымы бойынша 21
наурыз күні түнгі үште аспаннан Қыдыр ата түседі екен. Бабаларымыз
осы күнді кірпік ілмей, Қыдыр атаны қарсы
алған.
Қыдыр баба
атамыз,
Айтылсын елге
батаңыз.
Батаменен ел
көгерер,
Қол жаяйық
бәріміз.
Хор:
«Наурыз-Думан»
Бата:
Ұлыс оң
болсын,
Ақ мол
болсын!
Қайда барсаң жол
болсын!
Ұлыс бақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін.
Бәле-жала жерге
енсін,
Ұлыс күні қазан
толса,
Ол жылы ақ мол
болар,
Ұлы кісіден бата
алса,
Сонда олжалы жыр
болар!
Жүргізуші:
Сәулесіндей көрінеді таңғы
үміттің,
Басын қостың салт-дәстүр сан
ғұрыптың,
Жаса Наурыз, жарқыра көкте
күндей,
Мерекесі достықтың
мәңгіліктің-дей отырып, «Қош келдің,
Наурыз» атты тәрбиелік шарамызды
аяқтаймыз.