Материалдар / "Қош келдің төрлет-Наурызым"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қош келдің төрлет-Наурызым"

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақтың ұлттық мерекесі Наурызға байланысты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Шілде 2018
903
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қош келдің,төрлет, Наурызым

12 «Нұр бөбек» тобы:

Тәрбиеші: Наурузбаева Н.С.

МКҚК №11 «Арай» балабақшасы

Күні:19.03.2018ж.

Көкшетау 2018ж.

Мақсаты:

Балаларға Наурыз мерекесі туралы мәлімет беру, білімдерін жетілдіру, түсініктерін

молайту. Наурыз мерекесінің ерекшелігі жайында айтып түсіндіру.

Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Өз ұлтына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, салт дәстүр көрсету, ұлттық ойын

Көрнекі - құралдар: Наурыз мерекесіне арналған мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы:

Шаттық шеңбері

 Кел, балалар ойнайық,

 Наурыз тойын тойлайық.

Баянды боп мереке,

Қыр гүліндей жайнайық.

Балалар сәлеметсіңдер ме? Бұл ерекше мерекелердің бірі - Наурыз мерекесі болып табылады. Наурыз – ертеден келе жатқан мұсылман елдерінің ұлттық мейрамы. Наурыз сөзі иран тілінен аударғанда, ноу – «жаңа», руз – «күн» дегенді білдіреді. Яғни бұл сөз жаңа күн, жаңа жыл деген мағынада біздің елде қолданылады.

Наурыз айының 22-інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір-бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.

Әртүрлі тәтті тағамдардың басы қосылып, наурыз көже жасалады. Наурыз көжеден дәм татады. Оны үлкен-кішілердің барлығы таласа - тармаса ішеді.

 Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады.  Оған ас тұзы, айран, бидай, ет, күріш, су, кеспе салынады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілектерді айтады. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауап көбейсін» деген тілектер айтады.

Балалар қазақтың салт дәстүрлерінің бірі ол Бесікке салу.

Мен сендерге сол бесікке салу дәстүрін көрсетіп жіберейін. Дүниеге сәби келгеннен кейін оған ат қойып бесікке салады. Баланы бесікке салмас бұрын бесікті адыраспанмен немесе шырпымен бесіктің ішін аластап алады. Содан соң бесіктің астынан тыштыма жасайды. Тыштыма дегеніміз балалар бесіктің астынан ұсақ кәмпит пен печенье алып тышты ма, тышты ма деп сұрайды, сол кезде бір бала келіп тышты деген кезде кәмпитпен печенье сол балаға береді. Содан кейін жастығының астына тарақ, қайшы, айна қояды. Бесіктің барлық ырымдарын жасап болған соң баланы бесікке жатқызып бөлейді. Бесіктің үстіне жеті түрлі киім жабады. Үлкен аталарының, әжелерінің, т.б.

Қазір ортаға Айсана шығып наурыз жайлы тақпағын айтып береді.

Наурыз келдi елiме,
Наурыз келдi жерiме.
Байлық, бақыт тiлеймiн,
Бүкiл қазақ елiне.

- Жақсы отыра ғой Айсана. Балалар бәріміз бір қолпаштап қояйықшы.

Арсен

Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.

Шолпан

Жылдың басы Наурыз,
Жердің басы
Наурыз.
Мерекеге арналсын
Бүгінгі жыр- әніміз.

Томирис
Жеті түрлі дән салып,
Дәм татқызған наурыз.
Жақсылық тілеп халыққа,
Молшылық әкелсін наурыз.

Балалар енді мен сендерге казір қазақтың салт дәстүрлерінің бірі бесікке салу рәсімін көрсетіп кетейін.Дәстүр бойынша Наурызда айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.

Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. "Көкпар", "Бәйге", "Қыз қуу", "Жамбы ату", "Күрес", "Арқан тарту" ойындары аса бір қуанышпен өткізіледі. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталатын.  Адамдар осы мерекеде үй-үйді аралайды. Наурызда туған балаларға Наурыз, Наурызбек, Наурызбай, Мейрам, Мейрамгүл деген ат қойылады. Ұлыстың Ұлы күні кейбір адамдар тұсаукесер, сүндет той, үйлену тойы, шілдехана сияқты дәстүрлер орындалады. Біз бүгін осы мерекеде арқан тарту ойынын ойнаймыз.

Ойын. «Арқан тарту»

Ойынның шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Ортаға арқанның екі жағына тұрып бір, екі, үш деп санаған кезде арқанды екі жақ өздеріне қарай тартып алу керек. Арқанның ортасында байланған қызыл жіп қай жақта болса сол жақ жеңіске жетеді.


Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.

Балалар мен сендерге Бата берейін.

Наурыз құтты болсын!

Жер түкті болсын!

Көкорай шалғын көп шығып,

Сиыр сүтті болсын!

Ақ мол болсын!

Қайда барса жол болсын!

Ойдағы қалауы орындалып,

Халық жүрегі қуанышқа толсын! Әумин!

Сабақты қорытындылау:

Балалар осымен біздің «Қош келдің, төрлет, Наурызым» атты сабағымыз аяқталды. Наурыз мерекесі құтты болсын. Әр отбасына тек қуаныш, бақыт әкелсін !!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!