Материалдар / «Қош келдің, ырысы мол алтын күз!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қош келдің, ырысы мол алтын күз!»

Материал туралы қысқаша түсінік
ертеңгілік ,күз жыл мезгілі туралы білімдерін тиянақтау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Маусым 2018
519
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Күншуақ» балабақшасы











«Қош келдің, ырысы мол алтын күз!»

«Өнер» ересек тобы
















Тәрбиеші: А.Б. Амантаева









Астана-2017

«Қош келдің , ырысы мол алтын күз!»

«Қарбыз» биі

Нұржігіт: Тырна көкте тыраулап,

Қош,қош айтты, «кеттім»- деп,

Шөптің басын қыраулап,

Күз де келіп «жеттім» деп.

Берен: Шоғы толған гүдей жайнап,

Жарқырады жарқын күз,

Сайраңдадық күліп-ойнап,

Келді міне алтын күз!

Әлия: Бұлттар төгіп, жерге шөгіп,

Дымқыл тұман басады.

Шөп сарғайып,өңі тайып,

Дала сұры қашады.

Нұржігіт: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар,ата-аналар!

Әлия: Армысыздар ырзықты,алтын күзін асыға күткен қауым!

«Өнер» ересек тобының «Қош келдің, ырысы мол

алтын күз!» атты ертеңгілігіне қош келіпсіздер!

-Нұржігіт, күз мезгілінің айларын білесің бе?

/жауабы/

-Достар,төрт мезгілге арнап ұлы ақынымыз өлеңдер жазған

екен,ол қай ақын?

/балалардың жауабы/

Жантөре: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан.

Білмеймін тойғаны ма, тоңғаны ма,

Жылқы ойнап, бие қашқан, тай жарысқан.

Әділ: Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай,

Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,

Жапырағынан айрылған ағаш, қурай.

Ән «Күздіңгүні қандайды» хор

Нұржігіт: -Әлия Әмұханбетқызы біз тек қана ән, өлең айтып қана қоймаймыз,сонымен қатар жұмбақтар да білеміз,келің достарым ортаға!

Б.Гүлназ:Бізге хан келеді

Күздіңгүні мереке.

Үйімізге енеді

Күз бен бірге береке.

Сұлу: Мол дастархан жайылып,

Тойлайды жұрт жабылып.

Ақсақал бата береді:

«Тыныш болсын маңай!» деп,

Бұл мереке дегені

Аталады қалай деп?/сабантой/

Ернұр: Диқандар мен малшылар

Маңдайды жауып тамшылар,

Молынан табыс татқанда,

Қарайласар қарттарға;

Әрбірі жинап мол өнім,

Қуана шырқап өлеңін,

Жұртқа кепсер таратар,

Ерлікке ісі пара-пар

Қамқорлықтан танбайтын

Ата салтын жалғайтын

Қандай мезгіл?/күз мезгілі/

Нұрсая:Басылып күн аптабы,

Ауаның дымқыл тартқаны,

Семіріп баққан малдары,

Ыңқылдап әрең жайылған

Алтын күз кіреді

Ойын: «Кім шапшаң?»

Шұғыла: Тамсандырып таңдайды,

Жеміс-жидек піседі,

Жапырақтар сарғайып,

Жер бетіне түседі.

Оқушылар сағынып

Оралады мектепке,

Құстар жатыр ән салып,

Жылы жаққа кетпекке.

Даяна:Аяулы күз,алтын күз.

Жайдары күз жарқын күз,

Мансұр:Алма,өрікті қамбаларға,

Толтырады әкеп алтын күз.

Шәкірт болып парталарға

Отырады әкеп алтын күз.

Бұлт болып та Алатауға

Байланыпты алтын күз.

Дастарханға таба нанға

Айналыпты алтын күз.

Ән «Күзгі әуен» қыздар тобы

Алтын күз кетеді

Нұржігіт: -достар,сендер құмырсқа деген жәндікті білесіңдер ме?

Түсі қандай? Ол қандай жәндік? Оның үйін қалай атаймыз?

Әлия: -бәрекелді,дұрыс айтасыңдар,қазір «Құмырсқа мен шегіртке» атты

көріністі тамашалайық.

Көрініс «Шегіртке мен құмырсқа»

/Альбина-қызанақ,С.Рамазан-пияз,Б.Әли-Картоп,Райымбек-сәбіз болып киінуге әкету керек./

Сергіту сәті «Күз»

«Көкөністер» өлең шумақтары. /қол шатыр таратылады/

Бақытжан:

Асханадан шықпаймын,

Атым пияз бұқпаймын.

Көзден жасты шығарып,

Тұмаудан да сақтаймын.

Райымбек:

Өсіретін бойыңды,

Дамытатын ойыңды,

Қоянға да азықпыз,

Сәбіздерміз жазықсыз.

Б.Әли:

Картоп — біздің атымыз,

Жер астында жатырмыз.

Бір тамырдан тараған.

Ағайынбыз бәріміз.

Альбина:

Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып,

Тұрған ол мен қызанақ,

Күнге қарап ұялып.

Ән: «Жау, жау жаңбыр» хор

/балалар сыртқа қолшатырменшығып кетеді,масақ ұстап дайындалады, нанды бұрышқа ,терезе жаққа қою керек/

Әлия: -Нұржігіт,көрермендерге сұрақ қойсақ қалай қарайсың?

-жақсы қараймын.

Әлия: -биыл жаз мезгілінде жақсы қыдырдыңыздар ма?

Нұржігіт: -Әлия Әлмұханбетқызы, биыл жаз бойы жаңбыр болды,қыдыратын күн суық болды, уақыт болған жоқ.

Нұржігіт: -қонақтар,балабақшаның маңайында қандай талдар өседі?

/теректер, аққайың, шырша, шетен,қарағай/

Ата-аналармен ойын: «Жүзімдер»

Би «Алтын күз» /масақпен шығады/

Күз ханшайымы кіреді /Камила/

Мен Алтын күз

Еліме шуақ шашатын.

Мен алтын күз

Молшылықпен асатын,

Еліміздің несібесі ортаймай,

Биіктерге асқақтасын тасысын!

Нанымыз көп болсын!

Хош,сау болыңыздар!

























Тақырыбы: «Қош келдің , ырысы мол алтын күз!»

Өнер ересек тобы, 11.00

1.«Қарбыз» биі

2.Өлең шумақтары/орындықтарды жарты шеңберге қою керек,Айнагүл апайға/

3.Ән «Күздіңгүні қандайды» хор

4.Жұмбақтар/ұлдарлың бас киімдерін шешу, Айнагүл апайға/

5.Алтын күз кіреді трэк

6.Ойын: «Кім шапшаң?» трэк, /авторларды, құмырсқалар мен шегірткелерді киіндіру:

құмырсқалар: Еркежан,Жантөре,Досымжан;

шегірткелер: Сұлу мен Жібек

авторлар: Аманғали Ернұр,Көркем,Карима/

7.Өлең шумақтары

8.Ән «Күзгі әуен» қыздар тобы

9.Алтын күз кетеді

10.Көрініс «Шегіртке мен құмырсқа» трэк

/ Бақытжан-пияз,Б.Әли-Картоп,Райымбек-сәбіз,Альбина-қызанақ киінуге әкету керек/

11.Сиқырлы әуен, ойын «Күз» трэк Гүлжазира апайға

12.«Көкөністер» өлең шумақтары /қол шатыр таратылады/

13.Ән: «Жау, жау жаңбыр» хор

/балалар сыртқа қолшатырмен шығып кетеді,масақ ұстап дайындалады, ұлдарға сары накидтер кигізу керек,Нұржігіт жүргізушіге қара шалбар кигізу керек/

14.Ата-аналарға сұрақтар.

15.Слаид/Айнагүл апайға: орындықтарды екі жаққа қою,биге дайындау/

/талдар қойылады,жүзімдер ойынына,машиналармен жүзімдерді дайындау/

16.Ата-аналармен ойын «Жүзімдер»

/Камиланың көйлегін кигізу/

17.Би «Алтын күз» /масақпен шығады/

/бидің соңында Айнагүл апай Камилаға нанды береді,Камила жарты шеңбердің ортасынан шығады/

18.Күз ханшайымы Камила сөйлейді



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!