Материалдар / Қос сөздер

Қос сөздер

Материал туралы қысқаша түсінік
категория керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2018
1369
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қос сөздер

Сөздердің қосарланып немесе қайталанып айтылуынан жасалған сөздер.

Қайталама қос сөздер Қосарлама қос сөздер

Бір түбірдің қайталануынан жасалған сөздер.

Екі түбірден қосарланып жасалған қос сөздер.


Мысалы: айғыз – айғыз, әлсін – әлсін, түрлі – түрлі, кір- кір және т. б.

Мысалы: сарт – сұрт, құлын – тай, киім – кешек,

жауын –шашын және т.б.

  • Қайталама қос сөз – сыңары бір түбірден жасалатын сөздер.

  • Қосарлама қос сөздер – сыңары әр түрлі түбірден жасалатын қос сөздер.

Қайталама қос сөздің 4 жасалу жолы бар. Олар:

        • Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.

Мысалы: үлкен – үлкен, қора – қора, қарқ – құрқ, ұсақ – ұсақ .

        • Қосымшалы түбірдің қайталуынан жасалады. Мысалы: бара – бара, айтып- айтып, орынды -орынсыз. көзбе – көз, он –ондап.

        • Түбірден бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.

Мысалы: кісі- місі, қағаз – мағаз, шай – пай, тас –мас, нан – пан, сатыр – сұтыр, қалт –құлт, тіс – міс, салдыр – гүлдір, мәре –сіре, қараң – құраң, салды- гүлдір.

        • Бір сыңары ықшамдалып жасалады.

Мысалы: теп – тегіс, ап –ащы, сұп – сұр және т.б.

Қосарлама қос сөздің 5 жасалу жолы бар. Олар:

  • Сыңары синонимдес болып келеді.

Мысалы: зере – құт, ашу – ыза, дос – жар, тәлім – тәрбие, ыдыс – аяқ, етек – жең, өнім – білім, төсек- орын.

  • Сыңарлары анонимдес болып келеді.

Мысалы: оңды – солды, әрі – бері, ірілі – ұсақты, үлкенді – кішілі, ес –түс, қауіп – қатер, ілгері – кейін және т.б.

  • Бір сыңары мағынасыз болып келеді.

Мысалы: арық – тұрық, көйлек – көншік, киім – кешек, жоқ – жітік.

  • Екі сыңары да мағынасыз болып келеді.

Мысалы: анда – санда, ығы – жығы, әңгі –тәңгі, ту –талақай, алба – жұлба, тым – тырақай.

  • Сыңары әр түрлі сөздер болып келеді.

Мысалы: ғылыми – көпшілік, саяси –әлеуметтік, этно – мәдени және т.б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ