Материалдар / Қосымша білім беру педагогінің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы

Қосымша білім беру педагогінің сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы

Материал туралы қысқаша түсінік
Үйірме жұмысында балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, еңбекке баулумен қатар, өз қолымен шығармашылықпен жасай білуге көңіл бөлінеді. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізері сөзсіз. Алдағы уақытта ұлттық салт-дәстүрге байланысты кіші-үлкен топтарға қамшы өру, табиғи мал сүйектерінен көркем кәдесыйлар, былғарыдан әр түрлі бұйымдар жасау, ағаш өнімдерін өңдеу, сәндеу, автокөлік транпортының шығу тарихымен, автокөлік транспорты техникасы саласында білім алу және шеберлік дағдыларын игеру, автокөлік, жарыс машиналары, эксперименттік автокөлік үлгілерінің көшірме модельдерін құрастырып шығару, оларды сынақтан өткiзу және жаттығу мақсатында жүргізу, жарыстарға қатысу – мұның барлығы автокөлік үлгісін жасайтын үйірмеге қатысушы оқушылар айналысатын iс-шаралар болып табылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Сәуір 2018
689
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қосымша білім беру педагогініңсыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруы

Өтепқали Нәсіпқали Зинелғабиденұлы

Атырау облысы, Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығының жоғары санатты, қосымша білім беру педагогі

Жұмыс: 8 712 34 2 15 30Ұялы: 8 702 344 53 99Үй: 8 712 34 2 10 18Email.ru: otepkali70@mail.ru

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының «Қазақстан жаңа жаһандық ахуалда:өсім, реформалар, даму» тақырыбындағы стратегиялық бағдарына сәйкес және Елбасының «Қазақстан Республикасында Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін 2015 - 2018 жылдары дамыту»тапсырмасы, «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013- ші жылғы 14 маусымдағы 228 бұйрығы Қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамытуға арналған оқу бағдарламалары негізінде бүгінгі күні жұмыс жасап жатырған, Индер аудандық білім беру бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығы, негізінен балаларға арналған қосымша білім беру ұйымының жарғысын басшылыққа алады. Бүгінгі таңда елімізде орын алып отырған білім беру жүйесінің жаңаруы, осы саладағы кәсіби мамандардың назарын аударып, толғандырып жүрген өзекті мәселенің бірі болып отыр. Реформаның басы-қасында болып жатқан күнделікті өзгерістердің ізін суытпай хабардар болып отыру, алдағы жұмыстың бағытын айқындауға көмектесетіні анық.Үйірме жұмысында балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, еңбекке баулумен қатар, өз қолымен шығармашылықпен жасай білуге көңіл бөлінеді. Жастарымыздың өнерлі болуы қоғамдық өмірімізге үлкен әсерін тигізері сөзсіз. Алдағы уақытта ұлттық салт-дәстүрге байланысты кіші-үлкен топтарға қамшы өру, табиғи мал сүйектерінен көркем кәдесыйлар, былғарыдан әр түрлі бұйымдар жасау, ағаш өнімдерін өңдеу, сәндеу, автокөлік транпортының шығу тарихымен, автокөлік транспорты техникасы саласында білім алу және шеберлік дағдыларын игеру, автокөлік, жарыс машиналары, эксперименттік автокөлік үлгілерінің көшірме модельдерін құрастырып шығару, оларды сынақтан өткiзу және жаттығу мақсатында жүргізу, жарыстарға қатысу – мұның барлығы автокөлік үлгісін жасайтын үйірмеге қатысушы оқушылар айналысатын iс-шаралар болып табылады. Оқу бағдарламасында оқушылардың дербестiк, әлеуметтiк белсендiлiк, шығармашылық қабiлеттiлiк қасиеттерi дамиды, тәжірибелік дағдыларды игеруге көмектеседi, шығармашылықпен жұмыс жасауға үйренеді, жол– көлік оқиғаларының алдын – алу және жолда жүру ережелерімен, жүргiзушi мамандығымен танысуға мүмкiндiк жасайды. Кеше. Бүгін. Ертең. Ұстаздың жан-дүниесі мен табиғатында осы бір ұғымдар қаншалықты айырмашылық тудыра алады. Еш уақытта өзгермейтін бір ұғымдар бар. Ол ұстаздың өз шәкірттеріне деген ұстаздық жүректен туатын сүйіспеншілігі, олардың ісіне баға берудегі әділеттілігі, оқушысының бойындағы біліміне деген құрметі. Шынайы шәкірт бойында да еш уақытта өзгермейтін бір қасиет бар. Ол өзінің ұстазына деген адалдығы. Білім берудің технологиясы жаңғырығуы, оқытудың әдіс-тәсілдері жетілдірілуі мүмкін. Бірақ кешеге де, бүгінге де, болашаққа да тән ортақ нәрсе сол - ұстаздың осы бір ұстаздық болмыстың аясынан табыла беретіндігі. Бүгінгінің де, болашақтың да ұстазының жан-дүниесінде осы бір болмыс жата беретіндігі ақиқат.

Сіз маған жақсылық туралы көп айтып едіңіз, Ұстазым. Егер есейген шәкірт өзіңе осылай десе, мұғалім мұның ұстаздық ғұмырының дәл қай жылы, қай сағатында айтылғандығын жадына ала-алмауы мүмкін. Бірақ мағына басқада - ұстаздың сыныпта тұрып айтқан жақсылыққа толы мазмұннан тұратын жалғыз ауыз сөзі шәкірт санасында сақталып, көкірегінде қалып қойғандығымен құнды. Ал ұстаз алдынан ұстаздық ғұмырында нақ осындай қаншама шәкірттер өтетіндігін ескерсек, ұстаз еңбегінің өлшеусіз ұғымға толы екендігін көруге болар еді. Ізгілік мазмұны шәкірт санасында неге қайта-қайта жаңғырықты, мұның себебі сынып сыртындағы бейтарап жанға қарағанда шәкірт алдындағы ұстаз аузынан шыққан бір ауыз сөздің анағұрлым қуатты, анағұрлым сенімді, анағұрлым болашаққа жол сілтеуші болып естілетіндігінде. Себебі ұстаз - өз кәсібінің, өз мамандығының шебері болып қала берері сөзсіз. Сондықтан әр оқушының мінез - құлқын, көз қарасын, талғамы мен әдет дағдыларын зерделеп, әр баланың өз шамасына сай дамуын қамтамасыз ететін іс-шараларға бейімдеу арқылы сабағымызды бастаймыз. Сабақтың тақырыбы : Жеңіл автокөліктердің қаңқасын (кузовын) құрастыру. Сабақтың білімділік мақсаты: Білімді қалыптастыру (оқушыларға жеңіл автокөліктердің жалпы құрылысы және сызбасымен таныстырып қана қоймай, ақпарат көздерінен тың мәліметтер беру) Сабақтың дамытушылық мақсаты: Танымдық қызығушылығын дамыту (жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу, қабілеттілік пен белсенділік) Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Еңбек тәрбиесі (еңбекке баулу, мамандыққа бағдарлау, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білетін, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу) Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сұрақ-жауап, түсіндіру, ой-қозғау, өзбетінше жұмыс, әңгімелеу, топтастыру, сұрақ-жауап. Пәнаралық байланыс: Физика, сызу, сурет, технология Құрал-жабдықтар, көрнекілік материалдар: Ноутбук, оқулықтар, плакаттар, макеттер, стенд Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.1. Оқушыларды тізім бойынша тексеру, киім үлгісін қадағалау 1.2 Оқушылардың шығармашылық сабаққа деген құлшынысын тексеру. II. Жаңа тақырып материалдары бойынша нұсқау, бағыт-бағдар жасау. Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, жасап жатырған жұмыстарына көмек беру 2.1 Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Автокөлік транспортының шығу тарихымен, автокөлік транспорты техникасы саласында білім алу және шеберлік дағдыларын игеру, автокөлік, жарыс машиналары, эксперименттік автокөлік үлгілерінің көшірме модельдерін құрастырып шығару, оларды сынақтан өткiзу және жаттығу мақсатында жүргізу, жарыстарға қатысу, осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр. Олар: компьютрлік техниканы, интернетті, компьютрлік желі, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімділігін күшейту және білім сапасын көтеру. Ақпараттық технология негіздері тұлғаның «Шебер» үйірмесінде автокөлік транспортын жан-жақты білуі, игеруі кәсіби білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: Интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа видео, аудио қондырғылары мен ноутбуктарды, компьютерді қолдану арқылы оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, шығармашылық жұмыстарды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді. Мәселен, автокөлік транспорты құрлысы күтіп-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру тарауын түсіндіргенде, компьютерлік бағдарламада тақырыптардың теориялық материалдары, өз беттерімен жұмыс істеуге арналған жаттығулар, тақырып бойынша орындалатын зертханалық жұмыс тапсырмалары, оқушылардың білім сапасын тексеруге арналған тест-тапсырмалары беріледі. Жас ұрпақтың жаңаша ойлануына, олардың біртұтас дүниетанымының қалыптасуына әлемдік сапа деңгейіндегі білім-білік негіздерін меңгеруіне ықпал ететін жаңаша білім мазмұнын құру, жалпы білім беру жүйесіндегі өзекті мәселенің бірі. Қандай да бір автокөлік моделін дайындауға кіріспес бұрын біз оның сызбасымен, суретімен танысып, зерттейміз. Келесі жұмыс құрастыратын жеңіл автокөлік моделінің технологиялық картасын таныстыру. Автокөліктің моделінің сызбасын қағазға түсіреміз, өлшейміз, пысықтаймыз. Оқушылар алдымен қима үлгілерді ( шаблон ) қолдана отырып, қарапайым қолдан келетін (автокөліктер, ұшақтар, зымырандар суда жүретін көліктері т.б) үлгілер жасайды. Өз жұмыстарын саралап , салыстырмалы түрде бағалауды үйренеді. Оқушы белгілі бір дәрежеде, жасалынатын нысанды ойлап табудың тиімді жолдарын үйренеді. Жұмыс барысында оқушылардың графикалық білім алуы да қарастырылған. Оқушылар алғашқы жұмыстарын қима ( шаблон ) үлгімен істесе, одан әрі сызбалармен танысып, үлгілерді сызба бойынша жасайды. Осындай жетістіктерге қол жеткізу мақсатында үйірме жұмысы барысында әртүрлі әдістемелік тәсілдерді қолданамын: 1. Баяндау үрдісі ( әңгімелесу, түсіндіру ) 2. Көрнекіліктермен жұмыс ( кітап, журналдар, сызбалар, суреттер, жобалар) 3. Жобалау әдісі (жаңа үлгілер жобасын сызу, техникалық суреттерін салу) 4. Сарамандық жұмыс ( жобалар, сызбалар, үлгілер бойынша жұмыстану ) 5. Проблемалық ізденіс (оқушылар қабілетінің дамуына, ізденуіне, жаңа үлгілер жобасын жасауына жағдай жасау) III. Қорытынды нұсқау : 3.1 Сабақты қорытындылау. 3.2 Сабақ барысындағы кемшіліктерді талдау. 3.3 Үйге тапсырма беру. Үйге тапсырма: Сабақта өткен автокөлік механизмдері мен жүйелеріне байланысты автокөлік үлгілерін жаңадан дайындау, өткен сабақ туралы оны бұдан да жоғары дәрежеде өткізу, жаңалық енгізу автокөлік шығу тарихы, қолданылуы туралы пікір жазып келу. Сабақты қорытындылау: Сабақтың жетістіктері мен кемшіліктеріне қысқаша шолу, сабақта жақсы білім дәрежесін көрсеткен оқушыларды бағалау, ерекше деген білім дәрежесін көрсеткен оқушылардың білімге деген құштарлығын ынталандыру.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ