Материалдар / ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС ӘРЕКЕТІН РЕТТЕУШІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС ӘРЕКЕТІН РЕТТЕУШІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР

Материал туралы қысқаша түсінік
Қосымша білім беру педагогтарының құжаттары мен норматиті бағыттары. Ережелер, бұйрықтар.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
496
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Тақырыбы:

ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГТАРЫНЫҢ ІС ӘРЕКЕТІН РЕТТЕУШІ ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАТИВТІК ЖӘНЕ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТТАР


Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытына сай білім бағдарламалары мектептен тыс ұйымдарда да жүзеге асырылуда.

2001 жылы 22–ші маусымда Үкімет қаулысымен мектептен тыс мекемелерге қосымша білім беру мекемесі мәртебесі берілді.

Қаулы шешімімен Республикадағы мектептен тыс мекемелер Қосымша білім беру ұйымдары болып қайта құрылды.


Қосымша білім беру ұйымдары оқушыларға практикалық және шығармашылық қызметтің әр алуан түлерін ұсынады. Онда мақсатқа жетудің әртүрлі қарқыны мен деңгейі болуы мүмкін. Балалардың еңбегі бірдей жастағы және әр жастағы бірлестіктерде қызығушылықтары бойынша өткізіледі.

Іс-әрекеттер бір тақырыптық бағытта не кешенді бағдарлама бойынша өткізілуі мүмкін. Бірлестіктердің саны, іс-әрекеттердің уақыты нормативті актілермен айқындалады.


Іс-шаралардың әртүрлі формалары алдын-ала ойластырылады:

-топтық,

-жеке,

-бірлестіктің барлық құрамымен.

Неғұрлым көбірек тараған форма :

- үйірме,

- клуб,

- студия,

- бірлестік,

- шеберхана,

- лабораториялар жатады.


Қосымша білім беру ұйымы педагогының тұлғалық дамуы, «Білім туралы» заңда қосымша білім беру ұйымдарының қызметшілері педагог ретінде қарастырылған.

Педагогикалық мамандықтар тізімінде балаларға қосымша білім беру ұйымы үшін арнайы кадрлар даярлаудың мемлекеттік стандарты жоқ. Бұған қарап бұл жүйеде арнаулы білімі және кейбір педагогикалық қабілеті бар кез-келген адам істей береді деген ойдың болуы әбден мүмкін. Бірақ бұл жерде балаларға қосымша білім беру мамандары мен басқа типтегі педагогтардың жұмысы мазмұны мен мәнінің айырмасын түсіне білудің маңызы зор.


Қосымша білім беру педагогы өз қызметінің ерекшелігінен басқа жалпы педагогика мәселелерінен хабардар болып, қосымша білім берудің нақты практикалық мақсаттарын түсіне білуге тиіс, себебі ол көп қырлы, икемді, уақыт жағынан өзгергіш, жағдайға тәуелді. Ол үшін кәсіби шеберлікке үйренуі, педагогикалық міндеттердің сан алуан мәселелерін тиімді шеше алатын қабілетке ие болуы тиіс


Қосымша білім берудің жаңа түрлерін ұйымдастырудың қазіргі үлгілері бар. Оларды екі категорияға жіктеуге болады:

1) білімдік салаларды қамтуы бойынша (бір профильді және көп профильді);

2) әлеуетінің айырмашылығы бойынша (бір бағыттағы орталықтардан үйірмелерге дейін).

Белгілі бір ұйымды құру кезінде жергілікті жердің білімдік, әлеуметтік- мәдени қажеттілігіне қарай білімдік ұйымның түрі айқындалады. Сол сияқты тарихи қалыптасқан жағдай есепке алынады. Өзінің ұйымдық мәртебесін тіркеу және аттестациялау кезінде ақтайды және қорғайды.


Соңғы он жыл ішіндегі қосымша білім беру ұйымдарының түрлерін былайша жіктеуге болады:

1) Оқушылар сарайлары, жас натуралистер стансасы, балалар мен жасөспірімдер спорт клубтары, көркем шығармашылық үйірмелер, балалардың мәдениет сарайлары;

2) Қосымша білім беру орталықтары, гуманитарлық білім, техникалық білім бағытындағы орталықтар, балалардың эстетикалық тәрбиесімен шұғылданатын профильді орталықтар;


3) Жас теңізшілер, авиаторлар, космонавтар, шекарашылар, өрт сөндірушілер, жүргізушілер үйірмелері;

4) Экологиялық, туризм және экскурсия бағытындағы орталықтар;

5) Ғылым мен техниканың әралуан салалы мектептері, өнер мен спорттың әр алуан түрлері бойынша мамандандырылған орталықтар;

6) Сол сияқты балалар студиясы, сауықтыру-білім беру лагерлері, балалар паркі, мұражайлар.


Қосымша білім беру ұйымын басқару бірнеше деңгейде іске асырылады:

1) қабылдауды республикалық деңгейде шешу, білім беруге қажетті бюджеттік шығындар үлесін анықтау, білім беруді дамыту бағдарламаларын бекіту, нормативті актілерді бекіту;

2) қосымша білім беру ұйымдары тікелей білім беру органдары арқылы басқарылу;

3) қосымша білім беру ұйымдарын басқарудың бір ерекшелігі - педагогикалық нормаларды қалыптастыру орталығының қызметін іске асыратын жағдайлар тудырады.


Қосымша білім беру ұйымдарының қызметі:

1) білімділік;

2) ақпараттық;

3) бағыттылық;

4) коммуникативтілік;

5) әлеуметтік бейімделу қызметі;

6) компенсаторлық-коррекциялық;

7) рекреациялық.


1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТА ЗАҢЫ

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ТУРАЛЫ ЗАҢЫ

2-тарау. Білім беру жүйесін басқару

9) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: -арнайы және мамандандырылған білім берудің;

-балаларға арналған қосымша білім берудің;

-балалар, жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің.

3-тарау. Білім беру жүйесі

23-бап. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары

1. Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары білім алушылардың, тәрбиеленушілер, мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.

2. ҚББ-дің білім беретін оқу бағдарламалары мазмұнына және бағытына қатысты:

1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру;

2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік біліктілікті дамытуға бағытталған, мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру оқу бағдарламалары болып бөлiнедi.

3. Мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.


5-тарау. Білім беру қызметін ұйымдастыру

37-бап. Қосымша білім беру

1. Балаларға қосымша білім беру олардың түрлерін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын білім беру ұйымдарында және мектептен тыс ұйымдарда жүзеге асырылады.

Қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламалары бойынша білім беру қызметтерін білім алушыларға бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары көрсетеді және шарттық негізде ұсынады.

2. Ересектерге (он сегiз жасқа толған адамдарға) бiлiм беру қоғамда болып жатқан әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге сәйкес бiлiм мен дағдылардың қосымша көлемiн алу үшiн олардың өмiр бойы бiлiм алу қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға бағытталған.

Ересектерге бiлiм берудi бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ қосымша бiлiм беретін оқу бағдарламаларын iске асыратын құрылымдық бөлiмшелерi бар заңды тұлғалар жүзеге асырады.


3. Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында, ғылыми ұйымдарда, біліктілікті арттыру институттарында, өндірісте және ғылыми, педагог, инженерлік-техникалық және медицина қызметкерлерінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуі кезінде жүзеге асырылады.

4. Бiлiм беру ұйымдары басшы кадрларының, педагог және ғылыми қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру бес жылда кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.

5. Медициналық және фармацевтік кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау медициналық білім және ғылым ұйымдарында жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасының азаматтары тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" халықаралық стипендиясын алуға арналған конкурсқа қатысуға құқылы.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!