Материалдар / Қосымша білім беру ұйымында деңгейлік-саралап оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, және шығармашылықты дамыту.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қосымша білім беру ұйымында деңгейлік-саралап оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, және шығармашылықты дамыту.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың орындайтын тапсырмалар олардың оқудағы жетістіктері мен кемшіліктерін анықтауға мүмкіндік беретіндігі және жеке тұлғаны қалыптастыруға болатындығы туралы айтылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2022
324
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қосымша білім беру ұйымында деңгейлік-саралап оқыту арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру, және шығармашылықты дамыту.

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім  беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді  міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі — оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген.

Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация- нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея».

Майлс «Инновация — арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз», — дейді. Тиімді де орынды пайдаланған оқыту технологиясының бірі, деңгейлеп- саралап оқыту – сапалық білім негізі бола алады.

Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Бұл әдіс-тәсіл оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Оқытудың жаңа технологияларын күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере, мақсат-мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы ерекше орын алады.Сондай педагогикалық оқыту технологиясының бірі – оқушының да, мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытатын профессор Ж. Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту» технологиясын алып отырмын.

Ж.Қараевтың технологиясы сабаққа қолдану арқылы оқушыларды өздігінен ізденіп, өз бетінше білім алуға дағдыландырады, оқушыларды «қабілетті», «қабілетсіз» деп жіктерге бөлуді жояды. Саралаудың негізгі ұстанымы оқыту мазмұнын тарылту емес, ол мұғалім тарапынан оқушыларға таразыланған көмек болуы тиіс. Негізінен тәжірибеде саралап оқытудың екі түрі кеңінен қарастырылады: деңгейлік және бағдарлық.

Деңгейлік-саралау – оқушылардың оқу материалын түрлі деңгейде меңгеруі. Бұл технология, біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлау, елестету мен еске сақтау қабілеттерін, ынтасын, белсенділігін, білім сапасын дамытуға көмектеседі. Деңгейлік саралау технологиясы оқушының да мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған. Балалардың даму деңгейінің біріңғай болмауына және қабілеттеріндегі айырмашылықтар мен басқа да себептерге байланысты оқу үздіктері мен үлгермеушілердің пайда болатыны белгілі. Осыған орай, деңгейлеп саралап оқыту технологиясы әр оқушының қабілетіне, мүмкіндігіне, деңгейіне қарай оқытуды көздейді. Сабақ барысында міндетті 3 деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасалады. Тапсырмаларға төмендегідей талаптар қойылады.

  • жаттап алуға лайықталған болу керек;

  • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауға мүмкіндік берілуі;

  • тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек.

Деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсаты- баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асырамын.

  • Оқушылардың өздігінен білімін толықтыра, жетілдіре отырып, жаңа білім алуы.

  • Оқушылардың бір-бірімен білім алмасуына дағдылануы.

  • Берілген білімді пысықтау.

  • Оқушының білімін тексеру, бақылау.

  • Шығармашылық қабілетін арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады. Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз - балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы - оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады.

Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекеше мән берілген. Оқу іс-әрекетінің негізгі түрі оқушылардың өздігінен орындайтын жұмысы болып табылады.

Деңгейлеп оқыту технологиясы оқушының да, ұстазды да белсенді шығармашылық қызметін дамытуға арналған.

1-деңгейдегі тапсырма мемлекеттік стандарттық деңгей, бұны орындауға барлығы міндетті.

2-3 деңгей тапсырмалар бірте-бірте күрделенеді және бұл тапсырманы орындауға оқушылар құқылы.

4-деңгей тапсырмалар шығармашылықпен жұмыс істей алатын оқушылар орындайды. Әрине, барлық оқушы 4-деңгейді түгел орындап шығады деу артық.

1-2 деңгейді түгел жуық орындайды да, белсенді оқитындар алға кетеді.

Өз тәжірибемнен мысалдар келтірсем;Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, «Оқушылар сарайы» КМҚК қосымша білім беру ұйымында мектепке дейінгі білім берудің STEM орталығында даярлық тобында сауат ашудан сабақ жүргіземін. Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмаларды пайдалану тиімді. Деңгейлік тапсырмалар оқушыны сөйлете білудің шарттарына байланысты болады. Тапсырма түрлері оқушының ой желісін жетілдіріп, тілді сезіну қабілеттерін арттырады, тілдік грамматикалық тұлғаларды қолдануға көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалар негізінде оқушалырдың сөйлеу тілін дамыту жұмысын жүргізу үшін сөйлеу тілі қабылдау қабілетімен, байқағыштық қасиетпен, зейінмен тығыз байланысты болатынын ескеру қажет.

Деңгейлік тапсырмалардың төмендегідей түрлері қарастырылады:

Диалог құруға арналған тапсырмалар.

Ләзат мектептен келді ме?

Қыс айлары қандай? Не істеу керек?

Желтоқсан айы қай жыл мезгіліне жатады?

Ойын барысында мұғалім оқушылардың бір-бірімен сөйлесу қабілетін өрбітіп, тапсырманы күрделендіре береді.

Ойын «Диалог — әңгіме»

Бір оқушы ойдан шығарып, бір әңгімені бастайды. Келесі оқушылар оны жалғастырады.

Динара: Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр

Гаухар: Көктемде күндер ұзақ болады

Мақсат: Көктемде түндер қысқа болады

Гулмира: Жылы жаңбыр жауады

Раушан: Құстар ұшып келе бастайды.

 Әңгіме құруға арналған тапсырмалар:

а) ақ қар, биік тау, көп бала, қызық ойын, сырғанақ, ауыл маңы т.б.

ә) мына сұрақтарды басшылыққа ала отырып, әңгіме құрыңдар.

Сен кімсің? Отбасында неше адам бар? Ата-анаңның аттары кім?

Әжең үлкен бе? Атаң үлкен бе?

Қайда тұрасыңдар?

Сен қай қалада тұрасың?

Сіздің ағаңыз бен апкеңіз кім?

Олар не істейді?

Деңгейлік тапсырмаларды құру жеңіл шаруа емес. Бағдарламаға сай тапсырмалар түрін сараптап, зерттеп, оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру талаптарыны басшылыққа ала отырып, ғылыми-әдістемелік түрде оқушы деңгейіне сай құрылуы тиіс. Деңгейлік тапсырмалар оқушы сұранысын қамтамасыз ететіндей, ықшам, әсерлі, жүйелі, түсінікті сипатта болуы қажет.

Қорыта келгенде деңгейлік тапсырмалар орындау негізінде оқытудың тиімділігі:

  • оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады ;

  • оқушының жеке қабілеті айқындалады;

  • іштей бір-бірінен қалмауға тырысады;

  • тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады;

  • оқушылары толық бағаланады;

  • әр бала өз деңгейіне ,қабілетіне қарай бағаланады.

Демек, жаңа технологиялық әдіс -тәсілдерді пайдалану білім сапасын арттыруға тиімді әдіс. Оқыту үрдісінде оқушылардың білім қорын молайтуға,белсенділігін арттыруға,шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге көмегі бар.







Қолданылған әдебиеттер:

  1. Бақзыбекова.Н. « Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру».-А: Қазақ тілі, №4, 2007.16б.

  2. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007Кобдикова Ж.У. «Оқыту процесін технологияндыру». А:2000 ж.61б.

  3. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2008.

  4. Қараев. Ж.А., Кобдикова Ж.У. «Актуальные проблемы модернизации педагогической системы на основе технологического подхода». А: 2005.34 б.

  5. Қабдықайыров Қ. Инновациялық технологияларды диагностикалау. – А., 2004Республикалық ғылыми әдістемелік журнал, Қазақ тілі: әдістеме №5 2007(13)

  6. Республикалық ғылыми әдістемелік журнал, Қазақ тілі: әдістеме № 2 2008 (16)

  7. . Раджерс Э. Инновация туралы түсінік. — //Қазақстан мектебі, №4, 2006.





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!