Материалдар / Қозғалыс белсенділігі сыртқы ортадан адам ағзасына ықпалдастық және зиянды жерлерге оның төзімділігін арттырудың маңызды факторы .

Қозғалыс белсенділігі сыртқы ортадан адам ағзасына ықпалдастық және зиянды жерлерге оның төзімділігін арттырудың маңызды факторы .

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыс белсенділігі сыртқы ортадан адам ағзасына ықпалдастық және зиянды жерлерге оның төзімділігін арттырудың маңызды факторы .
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






Қозғалыс белсенділігі сыртқы ортадан адам ағзасына ықпалдастық және зиянды жерлерге оның төзімділігін арттырудың маңызды факторы .

















Дене тәрбиесі секциялық отырысы Испаев Р Т











Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген қасиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам - өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ықпалы зор. Басқа ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.

Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.

Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар

Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда. Мысалы, Арал теңізінің тартылуы, ядролық сынақтардың жүргізілуі және т. б. атауға болады.

Адам денсаулығына өмір сүру салтын дұрыс ұстануы да әсер етеді. Темекі тарту, ішімдікті пайдалану, дұрыс тамақтанбау және т.б. жағдайлардан адам денсаулығы бұзылады. Кейде еңбек етудің қолайсыздығы, тұрмыстық жағдайлардың нашарлауы денсаулыққа кері әсер етеді. Салауатты өмір сүру салтын дұрыс ұйымдастыра білмеу, медициналык жәрдемнің дұрыс көрсетілмеуі де әсерін тигізеді.

Денсаулыққа жағымды әсер ететін факторлар бірнеше топка бөлінеді.

1. Бұлшықет қимылдарының белсенділігі. Адамның барлык тіршілік әрекеті түрлі кимыл-козғалыстар жиынтығынан тұрады. «Қозғалыс - тіршілік тірегі» деген ұғымда зор мән бар. Қозғалыс белсенділігі жұмыс істеу қабілетін арттырады, түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі.

Тынысалу мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек бұлшықеттерін шынықтырады, зат алмасудың қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Әсіресе спорт пен дене шынықтыру жаттығулары қозғалыс белсенділігін арттырады.

2. Еңбек пен демалысты дұрыс ұйымдастыру. Бұлардың денсаулық үшін маңызы зор. Адам өмірінде еңбек басты орын алады. Еңбек ету арқылы адам өзіне қажетті жағдайларды жасап алады. Шектен тыс еңбек ету ағзаның қажуына әкеп соқтырады. Сондықтан да еңбек ету мен демалысты дұрыс үйлестіре білу қажет. Бұл адам ағзасындағы барлық мүшелердің жұмысын жақсартады. Адамның ұзақ өмір сүруіне де септігін тигізеді.

3. Дұрыс тамақтана білу. Дұрыс тамақтанудың нөтижесінде асқорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Адамның дұрыс өсіп дамуына, зат алмасу үдерістерінің қалыпты жүруіне жағдай жасайды жөне т. б. Адамның ұзақ өмір сүруінде дұрыс тамақтана білудің рөлі зор. Көбіне көкөніс, жеміс-жидектерді пайдалану, тамақтану ережелерін мұқият сақтау. Майлы етті тағамдарды шектеп пайдалануды естен шығармау қажет. Дұрыс тамақтану адамның дене салмағының біркалыпта болуына жағдай жасайды. Артық салмақ аурудың пайда болуына әсер етеді. «Артык салмақ - аурудың белгісі» деген ұғым соны аңғартады. Адам денсаулығына халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері де жағымды әсер етеді. Мысалы, ораза ұстау - адам ағзасын қажетсіз заттардан тазартады. Намаз оку - тазалықты сақтап, буын қозғалыстарының белсенділігін арттырады. Әрбір адам өз денсаулығына қамқорлық жасап, үнемі көңіл бөліп отыруы тиіс. Ұзақ өмір сүрудің негізгі шарты - денсаулықты сақтау мен нығайту екенін естен шығармауымыз керек.

Адам денсаулығының басты үш көрсеткіші бар. Олар: біріншіден - адам ағзасының орта жағдайларына бейімделуінің жоғары дәрежеде болуы. Ол ағзадағы барлық мүшелер жүйесінің бірімен-бірінің үйлесімді жұмыс аткаруы аркылы байқалады. Екіншіден - адамның психикалық көңіл күйінің калыпты дамуы арқылы айқындалады, ойлау, есте сактау, зейін, дарындылық және т. б. қабілеттіліктерді қоғамның қажетіне жұмсай білу. Үшіншіден - жеке тұлғаның қоғамдағы өз орнын білуімен, жауапкершілігін сезінумен айқындалады. Бұл адамдардың бірімен-бірінің қарым-қатынасы аркылы білінеді.

Дүниежүзілік денсаулық ұйымының шешімімен 7 сәуір «Бүкіләлемдік денсаулық сақтау күні» деп белгіленген. Біздің елімізде де адамдардың денсаулығын сақтауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы қаулысымен «Салауатты өмір салтын қалыптастырудың Ұлттық орталығы» ұйымдастырылды











Балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру.

Қозғалыс белсенділігін арттыру кезіндегі қимылды ойындардың маңыздылығы.



«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?»
Абай Құнанбаев


Балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әр баланың психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып жұмыс жасаймын. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі.

Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін–өзі басқару қабілеті жетіліп қалыптасады. Ортаңғы топтағы сабақтың өн бойы ойын әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.

    В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген.

    Ойын барысында балалар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.

    Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез – құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында баланың ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.

    Ортаңғы топ балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру оқу іс-әрекет барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің ойын элементтерін көп пайдаланамын. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.

Мағжан Жұмабаев: «Ойын – баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла». Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс–әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Ұлттық ойындар – қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі – түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті. Ұлттық ойындар – ата-бабаларымыздан келе жатқан біздің байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Міне, қимылды ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.


Қимылды ойындар ойнату арқылы баланы тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдылыққа үйрету іске асырылады. Ең бастысы ата-бабадан қалған өнер мен өнеге, үлгілерінің лайықтыларын баланың сана сезіміне құйып көзіне көрсете отырып, ойын арқылы бойына сіңіріп, оларды әдептілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, туысқандық пен бауырмалдыққа, баулып адамдық қасиеттерді қалыптастырды. қимылды ойындар балалардың жан сұлулығын, тән сұлулығын жан-жақты жетілдіруге, белсенді болуға бағытталған. Ойынды ойнау барысында балалардың жас ерекшілігі ескеріледі.. Ойын – баланың, ұйымшылдығының дамуында басты рөл атқарады. Балаларға ұлттық ойындар арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп айтқан: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады».

Мысалы: сюжеттік, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың көптеген түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар.. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістік, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын  қалыптастырады.

Қимыл ойындардың айрықша бағалылығы балалардың жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері жетіледі. Қимыл ойындардың бәрі балалардың қимылының жеңіл де әсем және батыл да сенімді болуына бағытталған.

Қимыл-қозғалыс арттыру мақсатында ертеңгілік жаттығулардың әсері балалар үшін аса үлкен мүмкіндік береді.Ертеңгілік жаттығулар бала бойының өсуіне, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына бағытталған.

Дене шынықтыру кезінднгі тақырыпқа байланысты ойнатылатын ойындар,сонымен қатар серуен кезіндегі қимылды дамытатын жаттығу түрлерініңбаланың дене бітімінің дамуына берері мол.

екенін ескерген жөн. Қимылды ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Сонымен қатар қимылды ойындарды (ұлттық ойындарды) оқу іс-әрекеті барысында, үнемі ойнатамын.

Қорытындылай келе, балалардың қозғалыс белсенділігін арттыру жолында жасалған белсенді іс – әрекетін, оларды дамытудағы ойындар, жаттығулар, қимыл қозғалыс ойындары, ұлттық ойындар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып, бала бойына құзырлылықтарының қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу болып табылады. Балаларды бір – бірімен, үлкендермен жақсы қарым – қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін-еркін демалуға тәрбиелейміз.. Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді де аямаймыз. Бүгінгі белсенді бала – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.




















Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!