Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз

Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Қарулы күштері және негіздері
Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінде қызмет ету – оның әр азаматының міндеті. Бұл – бейбіт еңбекті қорғаушы ретінде әскери қызметшілерге білдірген халықтың сенімі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
05 Қазан 2021
251
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!

Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Министерство образования и науки Республики Казахстан
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту
бойынша әдістемелік ұсынымдама
Әдістемелік ұсынымдама
Методические рекомендации по изучению предмета
«Начальная военная и технологическая подготовка»
Методические рекомендации
Астана
2017
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен
баспаға ұсынылды (2017 жылғы 20 маусымның № 7 хаттамасы)
Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии
образования им. И. Алтынсарина (протокол №7 от 20 июня 2017 года)
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнін оқыту бойынша
әдістемелік ұсынымдама. Әдістемелік ұсынымдама. – Астана: Ы. Алтынсарин
атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 122 б.
Методические рекомендации по изучению предмета «Начальная военная и
технологическая подготовка». Методическая рекомендация. – Астана: НАО
имени И. Алтынсарина, 2017. – 121 с.
Осы әдістемелік ұсынымдама білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы
әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша оқу бағдарламалары
негізінде әзірленді. Ұсындамада 10-11-сыныптарға арналған «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламаларының ерекшеліктері,
оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері көрсетілген. Білім мазмұнын
жаңарту аясында пәнді оқытуда оқу сабақтарын жоспарлау және өткізу
бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілген.
Әдістемелік ұсынымдама мектеп басшыларына, әдіскерлер мен пән
мұғалімдеріне арналған.
Данные методические рекомендации разработаны на основе учебной
программы по предмету «Начальная военная и технологическая подготовка» в
рамках обновления содержания образования. В рекомендации показаны
особенности учебной программы предмета «Начальная военная и
технологическая подготовка» для 10-11 классов, формы и методы организации
обучения. Даны методические рекомендации по планированию и проведению
учебных занятий при изучении предмета в рамках обновления содержания
образования.
Методические рекомендации предназначены для руководителей школ,
методистов и учителям-предметникам.
© Ы. Алтынсарин атындағы
Ұлттық білім академиясы, 2017.
© Национальная академия образования
им. И. Алтынсарина, 2017.
2
Кіріспе
Алғашқы әскери дайындық меншік нысанына, типі мен түріне
қарамастан, барлық типтегі жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы оқу
орындарында (колледждерде), кәсіптік-техникалық мектептерде әскерге
шақырылуға дейінгі және әскерге шақырылу жасындағы білім алушы
жастардың меңгеруге міндетті оқытылатын пәні болып табылады [1].
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні – білім
алушыларды отаншылдық рухпен Отанды қорғауға дайын болуына тәрбиелеуге
баса назар аударады. Бұл бағдарлама білім алушыларды әскери қызметтің
дағдыларын меңгеруімен қоса әскери іс негіздері мен төтенше жағдайларда
адамның өмір қауіпсіздік әрекетінен білім беруіне бағытталған.

әдістемелік ұсынымдама төрт бөлімнен тұрады:
1- бөлім - Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері.
2- бөлім - «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнін
оқытуды ұйымдастырудың нысандары, әдістері, құралдары.
3- бөлім - Оқу процесінде «Алғашқы әскери және технологиялық
дайындық» кабинетінің, әскери алаңның ресурстарын пайдалану.
4- бөлім - Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» оқу пәнін оқыту процесін ұйымдастырудың
ерекшеліктері.
Әдістемелік ұсынымдамада оқу орындарында, далалық оқу жиындарында
алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабақтарын ұйымдастыру
мәселелері, оқу-материал базасын жабдықтауға қойылатын талаптар,
оқытылатын тақырыптар тізімімен кестелер берілген, сондай-ақ оқыту әдістері,
әр бөлімге тесттік тапсырмалар және т.б. қарастырылған.
Ұсынымдамада берілген сабақ өткізу түрлері мен оларды өткізу әдістері
ұсынымдамалық сипатта болып табылады. Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушысы жергілікті жердің
ерекшеліктерін, оқу-материал базасының болуы мен жағдайларын, жеке
тәжірибесін, білім алушылардың дайындық деңгейлерін ескере отырып, Орта
білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік
жалпыға міндетті стандарты және оқу бағдарламаларында анықталған мақсатміндеттерді сапалы орындауды қамтамасыз ететін басқа да әдіс-тәсілдерді
қолдануына болады [2].
3
1 Білім мазмұнын жаңарту аясында «Алғашқы әскери және
технологиялық дайындық» пәні оқу бағдарламасының ерекшеліктері
Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық
мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің/сабақтың мазмұны мен білім, білік,
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.
Оқу бағдарламасы оқыту үдерісін оқушылардың пән салалары бойынша
білім мен біліктілікті саналы түрде игерту үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін
қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы
дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін
біліктерді меңгеруге бағыттайды.
Білім мазмұнын жаңарту аясында орта білім деңгейінде «Алғашқы әскери
және технологиялық дайындық» пәні 10-11-сыныптарда оқытылады. Пәннің
базалық мазмұны алғашқы әскери және технологиялық дайындық
материалдары мен әскери робототехника негіздері бойынша оқытуды қамтиды.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні бойынша 10-11сыныптарға арналған оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі
міндеттері заманауи мектепте білім беру үдерісін ұйымдастырудың
инновациялық
тәсілдемелерімен
үйлесімді
сабақтасады.
Оқытудағы
тәсілдемелер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын
құруда негізгі бағдарлары болып табылады. Құндылықтық-бағдарлық, ісәрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік тәсілдемелер білім берудің
классикалық негізі ретінде оқыту мақсаттарының жүйесі мен білім беру үдерісі
нәтижелерінің басымдылығын арттыру үшін қолданылады, бұл оқу
бағдарламасының жаңа құрылымында көрініс тапты.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәні –
білім

Пән мақсаты – білім алушы Қазақстан Республикасының
Конституциясының негізгі ережелерін, мемлекетті қорғау негіздерін, Қазақстан
Республикасының Қарулы Күштерінің арналуын және түрлері мен
ерекшеліктерін
түсіндіру,
әскери
қызметтің
маңызын,
Қазақстан
Республикасының әр азаматының қасиетті парызы және міндетін оқыту.
Пәннің міндеттері:
1) әскери анттың, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің
жарғыларының негізгі талаптарын оқыту;
2) әскери бөлімдердің қарулануы мен әскери техникасы, жеке құрамның
өмірі мен орналасуымен таныстыру;
3) қажетті әскери білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру;
4) робототехника, IT-технология,
технологиялық дайындық және
төтенше жағдайда адамның өмір қауіпсіздігі негіздері алғашқы практикалық
дағдыларын меңгеру;
4
5) есептегі әскери мамандыққа және офицер кәсібін тандауға әскерикәсіптік бағдар беру;
6) жастарға қазақстандық патриотизм мен Отанына деген адалдық сезімін
қалыптастыру.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» пәнің
білім
алушылар оқығанда:
- әр азамат өз Отаның қауіпсіздігіне және оны қорғау қажеттілігі мен
манызың түсінуге;
- алынған пәндік білім, білік және дағдыларды Қазақстан Республикасы
Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары
қызмет
еткенде қолдануға;
- білім алушыларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде қызмет
ету туралы толық логикалық бір-бірімен байланысты ұғымдар туралы үйлесімді
жүйені қалыптастыру;
- жеке адамгершілік қасиеттерін дамытуға және үздіксіз өзін-өзі дамыту
қажеттілігін түсінуге;
- сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау, мәселелерді шешу және
коммуникативтік дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.
Осы бағдарлама білім алушыларға төтенше жағдайларда адам өмірінің
қауіпсіздігі және әскери iстің негiздерін оқыта отырып, әскери қызметтiң
дағдыларын меңгеруге мүмкіндік береді.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағына жалпы бiлiм
беру оқу орындарында 98 сағат берілген, 10-сыныпта 64 сағат, оның ішінде 30
сағат дала-оқу жиынына. 11- сыныпқа 34 сағат берілген.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқу пәнінің 10- сыныпқа
арналған бағдарламаның базалық мазмұны 8 бөлімнен тұрады.
«Кіріспе сабағы» келесі тақырыптан тұрады (1 сағ.):
Білім алушыға алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәніне
оқыту мақсат-міндеттері мен мазмұны (1сағ.). «Қазақстан Республикасының
қорғаныс және Қарулы Күштер туралы», «Әскери қызмет және әскери
қызметшілердің мәртебесі туралы», «Ұлттық қауіпсіздік туралы», «Азаматтық
қорғану», «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын, «Алғашқы
әскери дайындық пәнін жүргізу және ұйымдастыру» және оның оқуматериалдық базасын қалыптастыру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 606
бұйрығы. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік
құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу,
Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандар қабылдау
және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862
бұйрығы. Алғашқы әскери және технологиялық дайындық сабағында білім
алушылардың құқықтары мен міндеттерін қамтиды.
1. "Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – мемлекеттік
қауіпсіздіктің кепілі" келесі тақырыптардан тұрады:
5
Мемлекет қорғанысының Конституциялық негіздері. (1 сағ.)
Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ҚР Конституциясының негізгі
ережелері [3]. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамы және
олардың атқаратын қызметтері.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. (1 сағ.).
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери рәміздері. Әскери
бөлімінің жауынгерлік туы. Әскери анттың əскери қызметкерлерге қоятын
талабы. Қазақстан Республикасы азаматтарының әскери қызметі қасиетті
борышының маңызы.
Экстермизм және терроризм ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер (1 сағ).
Экстремизмнің түрлері: саяси, діни, экономикалық және экологиялық.
Экстремизм, терроризм, олардың сипаттамалық белгілері. Қазіргі әлемдегі
террористік қатердің өсу себептері [4].
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен
әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары» келесі тақырыптардан
тұрады:
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен
әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғылары (1 сағ.).
Жалпыəскери жарғылардың əскери ұжымның тұрмыс-тіршілігіндегі
маңызы. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен
әскери құрылымдарының жалпыәскери жарғыларының жалпы ережелері,
олардың мәні әскери ұжымның өмірі мен қызметі. Әскери кызметшілердің
жалпы міндеттері. Әскери атақтары мен айырым белгілері.
Әскери қызметкерлер жəне олардың өзара қарым-қатынастары (1 сағ.)
Бастықтары және бағынатындар, аға және кіші, олардың құқықтары мен
міндеттері. Әскери əдептілік ережесі жəне əскери қызметкерлердің тәртібі.
Бұйрық, оны беру жəне орындау тəртібі. Бастықтарға жəне шені жоғарыларға
мәлімдеме жасау.
Әскери тәртіп, оның мәні мен маңызы (1 сағ.). Әскери тәртіп,
көтермелеулермен тәртіптік жазалар. Әскери тәртіпті сақтау бойынша əскери
қызметшілердің міндеттері. Сарбаздарға қолданылатын марапаттаулар.
Сарбазға берілетін тәртіптік жаза.
Рота бойынша тәуліктік кезекшінің міндеттері (1 сағ.)
3. «Тактикалық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады:
Мотоатқыштар бөлімін ұйымдастыру және ұрыстық мүмкіндіктері (1 сағ.)
Бөлімшені ұйымдастыру. Штаттық қарулану және ұрыстық техника.
Бөлімшенің ұрыстық мүмкіндіктері. Бөлімшені басқару.
4. «Атыс дайындығы» келесі тақырыптардан тұрады:
Калашников автоматы және қол пулеметі (1 сағ.) Қару және патрондарды
қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары. Калашников автоматы және қол
пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және
жұмыс істеу механизмі.
6
Автоматты жартылай бөлшектеу және жинақтау (1сағ.). Калашников
автоматының атқаратын қызметі, бөлшектері мен механизмдерінің,
патронының құрылысы.
Калашников автоматын атуға дайындау (1 сағ.) Автоматтың керек
жарақтары. Автоматтың атудан кейінгі тазалау және майлау тәртібі. Автоматты
сақтау. Автоматтың оқтарын тексеру және атысқа дайындау. Ату кезінде болуы
мүмкін ақаулар және оларды түзету тәсілдері. Ату кезінде кідірістерін жою
амалдары.
Жарықшақты қол гранаталары (1 сағ.). Жарықшақты қол гранаталарының
(РГД-5, РГН, Ф-1, РГО) атқаратын қызметі және ұрыстық қасиеті. Гранаталар
мен тұтандырғыштың құрылысы. Гранатаны лақтыруға дайындау.
5. «Саптық дайындық» келесі тақырыптардан тұрады:
Сап түрлері жəне олардың элементтері. Саптық тұрыс. (1 сағ.). Алдын-ала
және орындауға берілетін пәрмендер. Сапқа тұрғанға дейінгі және саптағы
сарбаздың міндеттері. «Сапқа тұр!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Бас киімдеріңді
(киімді) ШЕШ!», «Бас киімдеріңді (бас киімді) КИ!» пәрмендерін орындау
«Саптал!», «Түзел!», «Тік тұр!», «Еркін тұр!», «Жинақтал!», «Доғар!»
«Баскиімді – шеш!», «Баскиімді – ки!» пəрмендерін орындау.
Бір орында орындалатын бұрылулар. Бір қатарлы саптан екі қатарлы
сапқа және қайтадан бір қатарлы сапқа тұру.
Саптық және жорықтық адым (1 сағ.). Саптық және жорықтық адыммен
қозғалу.
6. «Әскери топография» келесі тақырыптардан тұрады:
Жергілікті жерде картасыз бағдарлау (1 сағ.). Бағдарлау туралы түсінік.
Көкжиек тұстарын компас бойынша, аспан денелері жəне жергілікті жер бедері
бойынша анықтау. Өзінің орналасқан жері туралы мəлімдеме беру.
Магнитті азимутты анықтау (1 сағ.). Азимут және оны анықтау.
Қазіргі заманғы бағдарлану құралдары. Жергілікті жерді бағдарлау үшін
қазіргі заманғы жеке жабдықтар. Спутниктік навигациялық жүйелер туралы
жалпы мәліметтер: GPS (Global Positional System), ГЛОНАСС, Galileo.
7. «Әскери роботты техникалардың негіздері» келесі тақырыптардан
тұрады: Әскери роботты техникалардың негіздері. (2 сағ.). Роботтар туралы
жалпы мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалану.
Роботтарды басқару алгоритмі (2 сағ.). Роботтың қозғалу траекториясын
жоспарлау. Роботтар тобын ұжымдық басқару үлгісі және алгоритмдері.
Роботтарға арналған тапсырмалар. (2 сағ.). Роботтардың атқара алатын
қызметтері (функционалдық). Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу:
жергілікті жерлерде бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету
тәртібі.
8. «Өмір қауіпсіздігі негіздері және ақпараттық технологиялар» келесі
тақырыптарды қамтиды: Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысы (1
сағ.). Шаруашылық объектісінің азаматтық қорғанысын (оқу орындары)
ұйымдастырудың құрылымы және оның міндеттері. Азаматтық қорғанысының
əскери емес құрылымдар қызметі жəне жабдықталуы.
7
Ядролық қару және оның сипаттамасы. (1 сағ.). Ядролық қару жəне оның
сипаттамасы. Ядролық жарылыс түрлері. Ядролық жарылыстың зақымдау
факторлары жəне олардан қорғану əдістері. Нейтронды оқ-дəрілердің зақымдау
ерекшеліктері.
Химиялық қару. (1 сағ.). Химиялық қару жəне оны қолдану белгілері.
Улы заттар, оның зақымдау қасиеттері жəне одан қорғану əдістерінің қысқаша
сипаттамасы. Химиялық зақымдау ошағы, зақымдаудың алғашқы жəне екінші
аумақтары.
Биологиялық (бактериологиялық) қару (1 сағ.). Биологиялық
(бактериологиялық) қару жəне оның зақымдау əсері мен қолдану белгілері.
Бактериялық құралдар, олардың зақымдау əсері мен одан қорғану құралдарына
қысқаша сипаттама беру. Бактериологиялық зақымдау ошағы жəне оның
сипаттамасы. Бактериологиялық зақымдау ошағында жүргізілетін іс-шаралар.
Карантин жəне обсервация.
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары (1 сағ.).
Жалпыəскери газтұмылдырық, оның атқаратын қызметі жəне құрылысы.
Сауыт-қорғанысты (маска) таңдау, жарамдылығын тексеру, газтұмылдырықты
жинау жəне қалтаға салу. Газтұмылдырықты алып жүру мен қолдану ережелері,
зақымдалған адамға кигізу əдістері. Жарамсыз газтұмылдырықты пайдалану.
Тыныс алу мүшелерін қорғаудың қарапайым құралдары.
Жеке қорғану құралдарымен жаттығу (1 сағ.). Теріні қорғайтын
қарапайым құралдар, герметизациялау жəне арнайы майды сіңдіру арқылы
оның қосымша қорғану қасиеттерін арттыру жолдары. Арнайы киім үлгісінің
атқаратын қызметімен таныстыру (Л-1 жеңіл қорғау киімі, сүзгілік қорғау
қасиеті бар киім, жалпы əскери қорғану киімі) жəне оларды қолдану тəртібі.
Ұжымдық қорғану құралдары. (1 сағ.). Жасырынатын орын жəне
радиацияға қарсы таса, олардың қорғау қасиеттері, жалпы құрылысы жəне
бөлменің ішін жабдықтау. Жасырынатын орындардың қарапайым түрі.
Эвакуациялау жəне халықты шоғырландыру (1 сағ.). Азаматтық қорғаныс
дабылы және ол бойынша әрекет ету тәртібі. Эвакуациялау және орналастыру
тәсілдері мен тәртібі. Эвакуацияланаушылардың міндеттері, олардың керекжарақтары, қажетті жеке мүліктері, құжаттары мен азық-түліктері. Эвакуация
бекетіндегі тəртіп, жүру бағыты жəне орналасатын орынға келу ережелер
тәртібі.
Террорлық қауіп-қатер кезіндегі адамдардың қауіпсіздігі (1 сағ.).
Террорлық актілер бойынша қауіп-қатер төнген және террор болған кездегі
азаматтардың атқаратын әрекеттері. Түрлі деңгейдегі қауіп-қатер төнген кезде
әрекет ету тәртібі. Лаңкестік қауіпінің алдын алуда ақпараттық технологияның
тиімділігі.
Табиғи апат аймақтарындағы адамдардың әрекеттері (1 сағ.). Табиғи
апаттар, зілзалалар, олардың сипаттамалары және келтіруі мүмкін салдары.
Табиғи апаттар және зілзалалар кезіндегі адамдардың әрекет ету тәртібі.
Адамдардың табиғи апат салдарын жоюға, сондай-ақ құтқару жұмыстарын
жүргізуге қатысулары.
8
Жарақат алу, қан ағу және күйік шалу кезінде көрсетілетін алғашқы
медициналық көмек (1 сағ.). Жарақат және олардың асқыну себептері туралы
түсінік. Қансырау түрлері және олардың сипаттары. Күйік шалу себептері және
олардың ауырлық деңгейлері. Естен танудың себебі. Жарақат алу және
қансыраған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Асептика және
антисептика туралы түсінік.
Түрлі қайғылы оқиғалар кезіндегі көрсетілетін алғашқы медициналық
көмек (1 сағ.). Сүйектің сынуы және оларды анықтау туралы түсінік. Соғып
алу, шығып кету, буынның созылуы және оларды анықтау белгілері. Шина
салудың негізгі ережелері. Түрлі қайғылы оқиға орын алған кезде алғашқы
медициналық көмек көрсету тәсілдері.
Үсік шалу, күнге күю және жылудың әсері, олардың алдын алу және
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек. Электр тоғы соққан кезде
көрсетілетін алғашқы медициналық көмек және көмек көрсеткен кезде сақтау
керек қауіпсіздік шаралары.
10-сынып бағдарламасының мазмұнына «Әскери роботты техника
негіздері» бөлімі енгізілген, ол «Әскери роботты техника негіздері»,
«Роботтарды басқару алгоритмі» және «Роботтарға арналған міндеттер.
Роботтардың қызмет ету мүмкіндіктері» атты бөлімшелерге бөлінген және
келесі тақырыптарды қамтиды:
1) Әскери роботты техникалардың негіздері – Роботтар туралы жалпы
мәліметтер. Роботтарды әскери істе пайдалану.
2) Роботтарды басқару алгоритмі – Роботтың қозғалу траекториясын

3) Роботтарға арналған тапсырмалар – Роботтардың атқара алатын
қызметтері. Жекелеген тактикалық міндеттерді шешу: жергілікті жерлерде
бағдарлау, роботтардың қиын жағдайларда қызмет ету (1-сур.).
«Әскери роботты техникалардың негіздері»
бөлімі
Әскери роботты
техникалардың
негіздері – Роботтар
туралы жалпы
мәліметтер.
Роботтарды әскери
істе пайдалану.
Роботтарды басқару
алгоритмі – Роботтың
қозғалу
траекториясын
жоспарлау. Роботтар
тобын ұжымдық
басқару үлгісі және
алгоритмдері.
9
Роботтарға арналған
тапсырмалар –
Роботтардың атқара
алатын қызметтері.
Жекелеген тактикалық
міндеттерді шешу:
жергілікті жерлерде
бағдарлау,
роботтардың қиын
жағдайларда қызмет
ету.
1-сурет. «Әскери роботты техникалардың негіздері»
Пәннің базалық мазмұнда IT-технологияны пайдалану қарастырылған.
Сонымен қатар бөлім атаулары өзгертілген – (Қарулы Күштер Қазақстан
Республикасы егемендігінің күзетінде) – «Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштері – мемлекеттің әскери қауіпсіздігінің кепілі» [4].
«Тактикалық дайындық», «Саптық дайындық», «Өмір қауіпсіздігінің
және ақпараттық технология негіздері» тараулары біріктірілген. Алғашқы
әскери дайындықтың барлық бөлімдері бойынша тесттік тапсырмалар берілген.
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»
оқу пәнінің 10-сыныпқа арналған базалық мазмұны
«Алғашқы əскери жəне технологиялық дайындық»
пəнінің базалық мазмұны
10-сынып
2017
Кіріспе
1
Қазақстан Республикасының Қарулы күштері – мемлекеттік қауіпсіздіктің
кепілі
3
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да əскерлері мен əскери
құралымдарының жалпыəскери жарғылары
3
Тактикалық дайындық
1
Атыс дайындығы
4
Саптық дайындық
2
Əскери топография
2
Өмір қауіпсіздігінің негіздері жəне ақпараттық технология
12
Əскери роботты техникалардың негіздері
6
Оқу жылы бойынша сағаттар саны
34
2-сурет. Оқу пәнінің базалық мазмұны. 10-сынып
Далалық-оқу жиыны. 10-сынып. Далалық-оқу (лагерлік) жиындарға оқу
материалдары мен тақырыптық жоспарлау (ер балалар үшін)
«Тактикалық дайындық» бөлімі келесі тақырыптарды қамтиды:
10
1) Әскери бөлімнің (бөлімшелердің) қару-жарақтары мен әскери
техникасы. Әскери бөлімнің қару-жарақтары мен әскери техникасының
арналуы және тактикалық-техникалық мінездемелерімен танысу. Қарулар мен
әскери техниканы іс-жүзінде қолданысын көрсету.
2) Сарбаздың ұрыстағы іс-әрекеті. Сарбаздың ұрыстағы жаяу тәртіптегі
іс-әрекеті. Ядролық жарылыс кезіндегі іс-әрекеті. Газтұмылдырық пен
жалпыәскерлік қорғаныс құрылымын қолдану тәртібі (Л-1 қорғаныс киімі).
3) Қорғаныстағы сарбаз. Ату позициясында (атыс жүргізетін орын)
орналасу. Оқпана қазу және оны жасыру. Жау ядролық қару қолданғанда,
химиялық және бактериологиялық зақымдау қаруын қолданғаны туралы дабыл
қағылған кездегі іс-әрекеттері. Жаудың танкілері мен жаяу әскерлерінің әртүрлі
бағыттарындағы шабуылына төтеп беру. Ауа нысандарына атыс жүргізу.
4) Шабуылдағы сарбаз. Шабуылға дайындалу кезіндегі әрекеттер.
Шабуылдау кезінде сарбаздың лекте қозғалуы және бөлімшенің ұрыс жүргізуі
кезінде өз орнын табу. Жолдағы кедергілерден өту, шабуылдау. Жауды ордан
қарумен ату, граната лақтыру және қоян-қолтық ұрыста жою тәсілдері.
Шабуылдау нысанын басып алу. Шабуылдау кезінде радиоактивті (улы)
заттармен зақымдалған жерлерде әрекет ету.
5) Бақылаушы сарбаз. Бақылау жасауға арналған орынды таңдау, оның
жабдықталуы мен жасырылуы. Нысананы айқындау және бақылау нәтижесін
баяндау. Жергілікті жердің үлгісін құру және әскери нысандарды үлгіде
белгілеу.
6) Шолудағы сарбаз. Шолушы болып тағайындалған сарбаздың
әрекеттері. Шолушының қимыл-әрекеттері және жергілікті жерді, заттарды
шолу. Бақылау нәтижелері туралы мәлімдеме жасау.
«Атыс дайындығы» келесі тақырыптарды қамтиды:
1) Автоматтан (пневматикалық винтовкадан) ату. Тәжірибеде автоматтан
(пневматикалық винтовкадан) ату.
2) Қол гранаталарын лақтыру. Танкіге қарсы және жарықшақты қол
гранаталарын лақтыру.
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен
әскери құралымдарының жалпыәскери жарғылары» бөлімінде қарастырылатын
тақырыптар:
1) Әскери бөлімдегі (бөлімшелердегі) әскери қызметшілердің орналасуы,
өмірі мен тұрмыстық жағдайы. Әскери бөлімнің (бөлімшелердің) тарихы.
Әскери қызметшілердің орналасуы. Ақпараттық-тәрбие бөлмесі. Қару
сақтайтын бөлме. Оқу қалашықтары, спорттық база, әскери асхана.
2) Бекеттегі сақшының міндеті мен іс-әреттері. Қаруды оқтау тәртібі.
Бекеттегі сақшының қаруын ұстау қалпы. Бекетті қабылдау және тапсыру
кезіндегі, бекетте өрт шыққанда және бекет маңында немесе көрші бекетте
тәртіп бұзылған кездегі сақшының әрекеттері.
3) Бекетке шабуыл жасағанда сақшының іс-әреттері. Бекетке шабуыл
жасағанда сақшының іс-әреттері. Қару қолдану тәртібі.
«Саптық дайындық» бөлімінде қарастырылатын тақырыптар:
11
1) Саптық тәсілдер және қарумен орындалатын қимыл-әрекеттер.
«Автоматты кеудеге!», «Белдікке!», «Қаруды қой!», «Қаруға!», «Қаруды!»
тәсілдерін орындау.
2) Бөлімшенің сабы. Бөлімшені жазылма және жорықтық сапқа тұрғызу.
Бөлімшені жазылма саптан жорықтыққа сапқа тұрғызу және қайтадан жазылма
сапқа тұрғызу. Бөлімшенің ажырауы және қосылуы.
3) Сапты басқару белгілері. Сапты басқару белгілері: «Назар сал!»,
«Командирлерді жина!», «Бас!», «Тоқта!», «Қашықтықты ұлғайт!»,
«Қашықтықты қысқарт!», «Лекке!», «Барлығың артқа бұрыл!», «Барлығың оңға
(солға)!» және т.б. Машина маңындағы және машинадағы әскери
қызметшілердің іс-әрекеттері.
«Әскери топография» бөлімінде қарастырылатын тақырыптар:
1) Жергілікті жерде картасыз бағдарлау. Азимут бойынша қозғалу.
Жергілікті жерде картасыз бағдарлау.
Оқу-дала (лагерьлік) жиын
10-сынып
2017
Тактикалық дайындық
14
Атыс дайындығы
6
Қарулы Күштердің, басқа әскерлердің және Қазақстан
Республикасының әскери құралымдарының жалпыәскери
жарғылары
4
Саптық дайындық
4
Әскери топография
2
Сағаттар саны
30
3-сурет. Далалық-оқу жиыны. 10-сынып.
11-сыныптағы «Технологиялық дайындық» бөлімінің мазмұны «Авто
көлігін басқару және жол қауіпсіздігі негіздері» бөлімінде қарастырылған.
Аталған бөлімнің тақырыптары сыныптарға бөлініп, суретте ұсынылып отыр
(4-сур.).
«Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» оқу пәнінің 11сыныпқа арналған базалық мазмұны

пәнінің базалық мазмұны
11-сынып
2013
2017
Қарулы күштер –
Қазақстан
Республикасының
тәуелсіздігін қорғауда
2
Саптық дайындық
3
Өмір қауіпсіздігінің
негіздері
25
Технологиялық дайындық
34
Қорытынды тексеру
сабақтары
4
Дөңгелекті машиналардың негіздері
мен жүргізу ережесі
Көлік құралдарын басқару негіздері
және жүргізу қауіпсіздігі
Күрделі жол жағдайында көлiк
құралын басқару
8
Оқу жылы бойынша
сағаттар саны
34
Оқу жылы бойынша сағаттар саны
8
18
34
4-сурет. Оқу пәнінің базалық мазмұны. 11-сынып
11-сыныптағы «Технологиялық дайындық» бөлімі келесі бөлімшелерге
бөлінеді: «Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері және ережелері», «Көлік
құралдарын басқару негіздері және жол қауіпсіздігі», «Күрделі жол жағдайында
автотраспорт көлігін басқару».
11-сыныпта өткізілетін «Дөңгелекті машиналардың негіздері және
оларды жүргізу ережелері» бөлімше келесі тақырыптарды қамтиды:
1) Дөңгелекті машиналарды жүргізу негіздері және ережелері. Жол
қозғалысына қатысушыларының міндеттері. Жол қозғалыс ережелерінде
қамтылған негізгі ұғымдар мен терминдер. Жүргізушілердің, жаяу
жүргіншілердің және жолаушылардың міндеттері. Жүргізушінің өзімен бірге
болуы тиіс құжаттары.
2) Бағдаршам және жол қозғалысын реттеушінің сигналдары. Арнайы
сигналдарды пайдалану. Авариялық дабыл және авариялық аялдау белгiсiн
қолдану. Маневр жасау. Көлік құралдарының жолдың жүріс бөлігінде
орналасуы.
3) Қозғалыс жылдамдығы. Қарсы қозғалыс, басып озу. Аялдама және
автотұрақ. Қиылыстардан өту бағыттары. Маршруттық көлік құралдарының
аялдамасы және жаяу жүргіншілерге арналған жолдар.
4) Әртүрлі жағдайлардағы қозғалыс. Темір жол өткелдері арқылы өту.
Автомагистраль арқылы қозғалыс. Тұрғын аудандардағы қозғалыс.
Маршруттық көлік құралдарының басымдықтары. Дыбыстық сигналдарды
және сыртқы жарық түсiру құралдарын пайдалану.
13
5) Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау. Механикалық көлік
құралдарын сүйреу. Көлік жүргізуді үйрету. Жолаушыларды тасымалдау.
Жүкті тасымалдау. Велосипедтер, мопедтер, көлік-арбаларының қозғалысы
және жолмен мал айдауға қойылатын қосымша талаптар. Тірек-қимыл
аппараты бұзылған адамдардың қозғалысын қамтамасыз ету.
6) Жол белгілері. Ескерту белгілері. Басымдық белгілері. Тыйым салатын
белгілер.
7) Жол белгілері. Міндетті белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш белгілері.
Қызмет көрсету белгілері (таңбалары). Қосымша ақпарат беру (кесте белгі)
белгілері.
8) Жол таңбасы және оның сипаттамалары. Таңбалардың жіктелуі.
Көлденең және тік таңбалану талаптарына сәйкес орындалатын
жүргізушілердің іс-әрекеттері. Жұмыс істеу үшін көлік құралдарының
рұқсатнамасының негізгі ережелері.
11-сыныптағы «Технологиялық дайындық» бөлімінің мазмұны
«Дөңгелекті машиналар жүргізу негіздері және ережелері» бөлімшеде берілген.
Аталған бөлімшенің тақырыптары сызба-суретте ұсынылып отыр (5-сур.).
14
Дөңгелекті машиналарды жүргізудің негіздері мен
ережесі. Жол қозғалысына қатысушыларының
міндеттері. Жол қозғалыс ережелерінде қамтылған
негізгі ұғымдар дер.Бағдаршамның
және
Бағдаршамның
және
реттеушінің
сигналдары. Арнаулы сигналдарды қолдану.
Қолдану авариялық сигнал беру мен
авариялық аялдау белгісін. Маневр жасау.
жылдамдығы. Басып озу, алда
кездескен жол айрығы. Аялдама және тұрақ.
Қиылыстардан өту.
Қозғалыс
«Технол
огиялық
дайынд
ық»
11
сыныпта
Дөңгелек
ті машина
ларды
жүргізу
ережесі
және
негіздері
Қозғалысы әр түрлі жағдайларда. Теміржол
жолдары арқылы қозғалыс. Автомагистральдарда
жүру. Тұрғын аймақтардағы қозғалыс
Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау; механикалық
көлік құралдарын сүйрету. Оқу-жаттығу қозғалысы.
Жолаушыларды тасымалдау. Жүктерді тасымалдау.
Жол белгілері. Ескерту белгілері. Басымдық
белгілері. Тыйым салатын белгілер
Жол белгілері – нұсқамалық белгілер. Ақпараттық-нұсқағыш
белгілер. Сервис белгілері. Қосымша ақпарат белгілері
(табличкалар)
Жол таңбалары және олардың сипаттамалары; Жіктеу белгілері.
Жүргізушілердің іс-әрекеті талаптарына сәйкес көлденең және
тік таңбалау. Негізгі ережелер бойынша көлік құралдарын
пайдалануға рұқсат беру
5-сурет. Дөңгелекті машиналарды жүргізу ережесі және негіздері
15
11-сыныптағы «Дөңгелекті машиналарды жүргізу ережесі және негіздері»
бөлімшесі келесі тақырыптарды қамтиды:
1) Қауіпсіздік шаралары сабақ барысында. Жүргізішінің жұмыс орнын
дайындау. Автомобильдің басқару тетіктерімен танысу. Жұмыс істемейтін
қозғалтқыштың басқару элементтерін әзірлеу. Ситуациялық есепті шығару.
2) Қозғалтқышты қосу. Автомобильді орнынан қозғалту, тура жолда
қозғалыс, тежеу және тоқтату. Ситуациялық есепті шығару.
3) Қисық траекторияда қозғалыс, маневр. Берілісті ауыстырумен жүргізу.
Ситуациялық есепті шығару.
4) Гаражға кіру. Ситуациялық есепті шығару.
5)
Тар кеңістікте бұрылыс. Автомобильді көлік тұрағына қою.
Ситуациялық есепті шығару.
6) Эстакадаға кіру. Өрлеу үстінде тұрған автомобильді жүргізу.
Ситуациялық есепті шығару.
11-сыныптағы «Технологиялық дайындық» бөлімінің «Автокөлік
құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі» бөлімшесі келесі
тақырыптарды қамтиды. Аталған бөлімшенің тақырыптары сызба-суретте
ұсынылып отыр (6-сур.).
Қауіпсіздік шаралары сабақ барысында.
Жүргізішінің жұмыс орнын дайындау.
Автомобильдің басқару органдарымен
танысу.
«Технологиялық
дайындық»
11 сыныпта
Автокөлік
құралдарын
басқару негіздері
және жол
қауіпсіздігі
Қозғалтқышты қосу.
Автомобильді орнынан
қозғалту, тура жолда қозғалыс,
тежеу және тоқтату.
Қисық траекторияда қозғалыс,
маневр. Берілісті ауыстырумен
жүргізу.
Ситуациялық
есепті шығару.
Гаражға кіру.
Тар кеңістікте бұрылыс.
Автомобильді көлік тұрағына
қою.
Эстакадаға кіру. Өрлеу үстінде тұрған
автомобильді жүргізу.
6-сурет. Автокөлік құралдарын басқару негіздері және жол қауіпсіздігі
16
11-сыныпта «Күрделi жол жағдайында автокөлiк құралдарын басқару»
бөлімше келесі тақырыптарды қамтиды:
1) Қозғалысты бастау және бордюр тасының жанына (тротуар жанына)
тоқтату. Ситуациялық есепті шығару.
2) Дистанцияны сақтау арқылы қатардағы қозғалыс. Ситуациялық есепті
шығару.
3) Бір қатардан екінші қатарға өту қозғалысы. Ситуациялық есепті
шығару.
4) Реттелмеген жол қиылысынан өту. Ситуациялық есепті шығару.
5) Реттелген жол қиылысынан өту. Ситуациялық есепті шығару.
6) Басып озу. Ситуациялық есепті шығару.
11-сыныптағы «Технологиялық дайындық» бөлімінің мазмұны «Күрделi
жол жағдайында автокөлiк құралды басқару» бөлімшеде берілген. Аталған
бөлімшенің тақырыптары сызба-суретте ұсынылып отыр (7-сур.).
Қозғалысты бастау және
бордюр тасының жанына
(тротуар жанына) тоқтату.
Дистанцияны сақтау
арқылы қатардағы
қозғалыс. Ситуациялық
есепті шығару.
«Технологиялық
дайындық»
11-ші сыныптағы
күрделi жол
жағдайында
автокөлiк
құралдарын
басқару
Бір қатардан екінші қатарға
өту қозғалысы.
Ситуациялық есепті
шығару.
Реттелмеген жол
қиылысынан өту.
Ситуациялық есепті
шығару.
Реттелген жол қиылысынан
өту. Ситуациялық есепті
шығару.
Басып озу. Ситуациялық
есепті шығару.
7-сурет. Күрделi жол жағдайында автокөлiк құралдарын басқару
17
Әр сабақты өткізу үшiн оқу орынның директорымен бекiткен сабақ
жоспары құралады. Сабақ жоспарында тақырып, оқу және тәрбиелiк
мақсаттары, қарастырылатын сұрақтар, оқу сағаттарының бөлінуі, жалпы бiлiм
беру пәндерінің оқушылармен байланысы, материалдық камтамасыз ету және
сабақ барысы көрсетіледі. Қажет болған жағдайда қарастырылатын сұрақтарға
байланысты оқу материалының қысқаша мазмұны келтіріледі.
Оқу орнында АӘжТД пәні ер балалар мен қыз балаларға бiрге
жүргiзiледi. Әскери-спорттық сабақтар сыныптан тыс уақытта жоспраланып
өткізіледі, айына бір реттен кем емес әскери-оқу және әскер-патриоттық
кинофильмдер көрсетілімі ұйымдастырылады, сонымен қатар үйірмелердің
сабақтары өткізіледі.
Жоғары дәрежеде ұйымдастырылған сабақты өткізуге қамтамасыз етуде
және оқушылардың практикалық дағдыларын жалпы әскери жарғылардың
талаптарын орындауда әр сынып взво

Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)