Материалдар / ҚР темір жолдарындағы сигналдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚР темір жолдарындағы сигналдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағдаршамдар тұрақты сигналдарга жатады.Теміржол бағдаршамдары пойыздардың қозғалысын, маневрлік құрамдарды реттеуге, сондай-ақ сұрыптау слайдынан тарату жылдамдығын реттеуге арналған. Сондай-ақ, бағдаршамдар немесе қосымша жарық индикаторлары жүргізушіге маршрут туралы хабарлауы немесе оқуды басқа жолмен нақтылауы мүмкін Теміржолда негізінен сегіз, қосымша үш, ал жалпы он бір бағдаршам қолданылады. Атқаратын қызметіне қарай бағдаршамдар былай бөлінеді
Авторы:
17 Маусым 2024
235
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

М.ТЫНЫШПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КӨЛІК ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР АКАДЕМИЯСЫ ШЫМКЕНТ КӨЛІК КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН

Колледж әдіскері

Утесинова Г.А.

«____» ________ 2024 ж.

 

 

 

«Тартымды жылжымалы құрам және электрмен жабдықтау» бірлестігі

 

САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕЛУІ

 

Модуль:  «КМ 05 Локомотивті басқару және қызмет көрсету»

Пәні:ОН5.2 Локомотивтерді сапарға дайындау тәртібін орындау,принциптік сызбаларын оқу.

Мамандық: 07160500 - Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету

 

Ашық сабақ

 

Тақырыбы: ҚР темір жолдарындағы сигналдар ережелері мәнінің нұсқаулығы

 

 

 

 

 

 

Оқытушы:Садық Н.Ж.

Курс: 1            

Топ: Л-23-11

 

 

 

Шымкент 2024 ж.


Қалыптастырушы пән: «КМ 05.2 Локомотивті қабылдау және тапсыру»

Күні: 21.02.2024 ж.

Тобы: Л-23-11, 1 курс

Сабақтың тақырыбы: «ҚР темір жолдарындағы сигналдар ережелері мәнінің нұсқаулығы»

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту және өндіріспен байланыстыру

Сабақтың түрі: Түсіндірмелі – иллюстрациялық сабақ

Сабақтың технологиясы мен әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау технологиясы, сөжұмбақтар, INSERT кестесімен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі және жабдықтау: Оқулық,плакаттар, тепловоз, электровоз құрал жабдықтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: локомотивтердің жүріс бөлімінің құрылыстық ерекшеліктерін анықтау, шаблондармен өлшеу және тексеруін жүргізу, қолдануды жалғастыру үшін бұл тораптардың қолдануға жарамдылығына қорытынды беру, әрекеттерін іске асырудың тиімді тәсілдері мен құралдарын таңдау, -тартымды жылжымалы құрамды жұмысқа дайындау жөндеу депосы туралы мағлұмат айту.

Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру, ақыл-ойын дамуына ықпал жасау, өз бетінше ізденуге, шешім қаблдауға дағдыландыру

Тәрбиелік: реттілікке, шапшаңдылыққа, эмоционалдық қабілеттерін қалыптастыра отырып еркін сөйлеуге өз ойын нақтылауға және мамандыққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Пән аралық байланыс: Электрлі және тепловоз тартылысының негіздері; Темір жолдың жалпы курсы, Еңбекті қорғау және т.б.

Әдебиеттер: негізгі Л.А. Шадир , И.И. Челноков Вагоны М. Транспорт; 1989 ж.127 бет.

қосымша Герасимов В.С., Скиба И.Ф., Кернинг Б.М. Технология вагоностроения и ремонта вагонов М. Транспорт; 1988 ж. 381 бет. Тепловоздар ТЭМ1 және ТЭМ2, Е. Ф. Сдобникова; 1978 ж. 20,146,195,197,204 беттер.


Сабақтың барысы

I. Сабақты ұйымдастыру: (5 мин)


  1. Студенттермен сәлемдесу. Түгелдеу.

  2. Оқулықтарын, аудитория тазалығын тексеру.

  3. Студенттер зейінін сабаққа аудару.


II. Үй тапсырмасын сұрау (25 мин)

Өткен тақырыптарға шолу:

А) Сұрақтарға жауап беру.

В) Тест сұрақтарымен жұмыс


Тест сұрақтары:

1. Кран машинист усл.394,395 локомотивке не үшін қажет?

  1. Локомотивтің дөңгелегіне құм себу үшін.

  2. Локомотивке ауа айдау үшін.

  3. Жылжымалы құрамның тежегішін қосу үшін.

2. Кран машинист усл.254 не локомтивке үшін қажет?

1. Поезды орнынан қозғау үшін.

2. Локомотивтің тежегішін қосу үшін.

3. Электр қуатын өндіру үшін.

3. Локомотивке КЛУБ қондырғысы не үшін қажет?

1. Жылдамдықты, тежегішті, қауіпсіздікті, машинист белсенділігін қадағалау үшін.

2. Локомотивтің жылдамдығын үдету үшін.

3. Локомтивке ауа беру үшін.

4. Локомотивте компресор КТ-6 не үшін қажает?

1. Жоғарғы кернеулі бір фазалы айнымалы тоқты қабылдау үшін.

2. Локомтивке, жылжымалы құрамға ауа беру үшін.

3. Локомотивтің суын салқындату үшін.

5. Тепловозда бас генератор не үшін қажет?

1. Тепловозда машинист кабинасын жылыту үшін.

2. Тепловоздың топливасын айдау үшін.

3. Дизелді от алдыру үшін, және тартым күшінің қозғағышына жоғарғы ток беру үшін.

6. Тепловозда бас внтелятор не үшін қажет

1. Бас генератордың қосымша полюсіне тоқ беру үшін.

2. Тепловоз дизелін от алдыру үшін.

3. Су мен майды суыту үшін.

7. Локомотивке бас резеруар не үшін қажет?

1. Топлива сақтайтын резервуар.

2. Сығымданған ауа сақтағыш.

3. Су сақтайтын резервуар.

8. ТЭМ2 тепловозының дөңгелек жұбы саны қанша?

1. 8.

2. 4.

3. 6.

9. Кампозициялык колодка қай жылжымалы құрамның тежегіші?

1. Локомотивтікі.

2. Вагондікі.

3. Автомобилдікі.

10. Тас тиеуге арналған вагон қандай?

1. Хопердозатор.

2. Жабық вагон.

3. Реферижератор.

Сөзжұмбақ шешу


К

А

Б

И

Н

А


К

О

Л

О

Д

К

А

2

Т

Э

10

М

К






Т

Е

П

Л

О

В

О

З


А

Р

Б

А

Ш

А


Р

Е

С

О

Р




К

Т

С

М






Л

О

К

О

М

О

Т

И

В

Г

Е

Н

Е

Р

А

Т

О

Р



  1. Локомотив бригадасы локомотивті басқаратын жер

  2. Тежегіштің дөңгелек жұбына айналуын кері әсер беретін зат

  3. Америка сүнгуір қайығының дизельін орнатқан тепловоз сериясы

  4. Дизельмен жүретін локомотив

  5. Локомотивтің механикалық бөлігі

  6. Арбашаға түскен салмақты өзіне қабылдайтын құрылғы

  7. Жылжымалы құрамның буксасының қызғанын анықтайтын қондырғы

  8. Жылжымалы құрамның басындағы тартым күшінің иесі

  9. Өзінен қозғалыста электр тоғын шығаратын қондырғы



ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру: (25 мин)

Жоспар:

  1. ҚР темір жолдарындағы сигналдар

  2. Бағдаршам

3.Бағдаршам түрлері

4.Кіру бағдаршамы










Теориядан қысқаша мәлімет

Бағдаршамдар тұрақты сигналдарга жатады.Теміржол бағдаршамдары пойыздардың қозғалысын, маневрлік құрамдарды реттеуге, сондай-ақ сұрыптау слайдынан тарату жылдамдығын реттеуге арналған. Сондай-ақ, бағдаршамдар немесе қосымша жарық индикаторлары жүргізушіге маршрут туралы хабарлауы немесе оқуды басқа жолмен нақтылауы мүмкін Теміржолда негізінен сегіз, қосымша үш, ал жалпы он бір бағдаршам қолданылады. Атқаратын қызметіне қарай бағдаршамдар былай бөлінеді:

Бағдаршамдар мақсаты бойынша былай бөлінеді:

      1) кіру – поезға аралықтан станцияға кіру үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

      2) шығу – поезға станциядан аралыққа аттану үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

      3) дөңестік – вагондарды дөңестен тарату үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

      4) бөгегіш – темір жол өтпелерінде, ірі жасанды құрылыстарда және опырылатын жерлерде қозғалыс үшін қауіп туған жағдайда, сондай-ақ станциялық жолдарда вагондарды қарау және жөндеу үшін құрамдарды қоршау кезінде тоқтатуды талап етуге арналған;

      5) локомотивтік – поезға аралық бойынша бір блок - учаскеден екінші блок - учаскеге өтуге рұқсат беруге немесе тыйым салуға, сондай-ақ поезд жақындап келе жатқан жол бағдаршамының көрсеткіші туралы ескертуге арналған;

      6) маневрлік – маневрлерді жүргізу үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

      7) маршруттық – поезға станцияның бір ауданынан екінші ауданына жүріп өту үшін рұқсат беруге немесе тыйым салуға арналған;

      8) қайталағыш – шығу, маршруттық бағдаршамның рұқсат ететін көрсеткіші және дөңестік бағдаршамның көрсеткіші туралы хабарлау үшін, жергілікті жағдайлар бойынша негізгі бағдаршамның көрсетуі қамтамасыз етілмеген жағдайда;

      9) ескерту – (кіру, шығу, бөгегіш және бүркемелеу) негізгі бағдаршамның көрсеткіші туралы ескертуге арналған;

      10) бүркемелеу – теміржол жолдарының бір деңгейде басқа темір жолдарымен, трамвай жолдарымен және троллейбус желілерімен қиылысу орындарын, ажыратылатын көпірлерді, жолсерікпен өтілетін учаскелерді қоршауға арналған;

      Бір бағдаршам бірнеше міндетті (кіру және шығу, шығу және маневрлік, шығу және маршруттық және бөгегіш) қоса атқаруы мүмкін.

       Бағдаршамдар мынадай болып бөлінеді: осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес линзалық және прожекторлық, осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес олар діңгектік, аласа болып бөлінеді және мінбелер мен консольдарға орнатылады.

      Бағдаршамдарда мынадай сигналдық оттар қолданылады: бірқалыпты жанатын, бірқалыпты жанбайтын, жыпылықтамайтын және жыпылықтайтын (периодты түрде жанатын және өшетін).

      Автобұғаттаумен жабдықталған учаскелердегі өту бағдаршамының бірқалыпты жанбайтын сигналдық оттары жылжымалы құрам блок - учаскеге кірген кезде жанады да, жылжымалы құрам бұл блок - учаскеден шыққаннан кейін сөнеді.

      Автобұғаттаудың өту бағдаршамдары цифрлармен, қалғандары әріптермен немесе әріп және цифрлармен белгіленеді.

Бағдаршамдармен (орнатылған жеріне және олардың мақсаттарына байланыссыз) берілетін сигналдардың негізгі мәндері мынадай:

      бір жасыл от – "Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі",

      бір сары жыпықтайтын от – "Белгіленген жылдамдықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам ашық және ол кеміген жылдамдықпен жүруді талап етеді";

      бір сары от – "Тоқтауға дайындықпен жүруге рұқсат етіледі, келесі бағдаршам жабық";

      екі сары от, оның жоғарғысы жыпықтайды – "Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады; келесі бағдаршам ашық";

      екі сары от – "Бағдаршам арқылы кеміген жылдамдықпен және келесі бағдаршамда тоқтау дайындығымен жүріп өтуге рұқсат етіледі; поезд бағыттамалы бұрма бойынша ауытқи отырып қозғалады";

      бір қызыл от – "Тоқта! Сигналға жүріп өтуге тыйым салынады".

           Кіру бағдаршамдары

     Кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

      1) бір жасыл от – "Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық осы нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      2) бір сары жыпықтайтын от - "Поезға белгіленген жылдамдықпен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық және оның кеміген жылдамдықпен жүруін талап етеді" осы нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес;

      3) бір сары от - "Поезға тоқтауға дайындығымен басты жол бойынша станцияға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) жабық" осы нұсқаулықтың 4-қосымшасына сәйкес;

      4) екі сары от, оның жоғарғысы жыпылыққтайды - "Поезға бүйірлік жолмен кеміген жылдамдықпен станцияға қарай жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам (маршруттық немесе шығу) ашық" осы нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес;

      5) екі сары от - "Поезға кеміген жылдамдықпен және тоқтау дайындығымен бүйірлік жолға жүруге рұқсат етіледі; келесі бағдаршам жабық" осы нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес;

      6) бір қызыл от - "Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады" осы нұсқаулықтың 7-қосымшасына сәйкес;

      Екі жолды (көп жолды) аралықтың дұрыс емес жолынан поездарды станцияға қабылдау үшін кіру бағдаршамдарымен мынадай сигналдар беріледі:

      екі сары от - "Поезға кеміген жылдамдықпен және келесі шығу (маршруттық) бағдаршамында немесе шектік бағаншада тоқтау дайындығымен станцияға жүруге рұқсат етіледі;

      бір қызыл от - "Тоқта! Сигналға жүруге тыйым салынады".



ІV. Жаңа материалды бекіту кезеңі. (25 мин)

Студенттерге өзіндік тапсырмаларын деңгейлік тұрғыда орындату.

«Ой шақыру» әдісі (сұрақтарға жауап беру)

І – Деңгей:

1.Бағдаршамдар сигналдың қай түріне жатады?

2.Бағдаршамдар қаншаға бөлінедң?

3.Кіру бағдаршамы дегеніміз не?

ІІ – Деңгей:

1.Сигнал дегеніміз не?

2.Сигналдар қаншаға бөлінеді?

3.Қол сигналдарға не жатады?

ІІІ – Деңгей:

1..Бағдаршамның түрлерін айтыңыз?

  1. Кіру бағдаршамының қызметі?

Қосымша сұрақтарға жауап


V. Үй тапсырмасы туралы ақпараттандыру кезеңі: (5 мин)

  1. ҚР темір жолындағы сигналдар лекция жинағын оқу

  2. Бағдаршамдардың мақсатына қарай жіктелуі

  3. Бағдаршам тақырыбына реферат

  4. VI. Сабақты қорытындылау және рефлексия (5 минут)


Студенттермен кері байланыс

Таратпа қағаздары арқылы


Студенттерді критерий бойынша бағалап, журналға баға қою

Студенттің

аты-жөні

Тәртібі, форманы киюі

Үй тапсырмасына дайындығы

Берілген тапсырманы орындауы

Сұрақтарға жауап беруі

Қорытынды

10 %

30 %

40 %

20 %

100 %


































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!