Материалдар / ҚР «Тіл туралы» Заңы Кәзіргі әлемдегі қазақ тілі. Менің мамандығым
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ҚР «Тіл туралы» Заңы Кәзіргі әлемдегі қазақ тілі. Менің мамандығым

Материал туралы қысқаша түсінік
- Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыра отырып, туған жерін, елін, отанын сүюге, қорғауға баулу; - адамгершілікке тәрбиелеу, білім алушыға патриоттық рухта тәрбие беру; - Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәлімет алу;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2022
448
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

4.1. Тақырып №1

ҚР «Тіл туралы» Заңы Кәзіргі әлемдегі қазақ тілі. Менің мамандығым

4.2. Мақсаты:

- Қазақстан Республикасының рәміздерімен таныстыра отырып, туған жерін, елін, отанын сүюге, қорғауға баулу;

  • адамгершілікке тәрбиелеу, білім алушыға патриоттық рухта тәрбие беру;

  • Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәлімет алу;

  • 4.3. Дәрістің тезисі:

Туған елім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы,

Өссе тілім, менде бірге өсемін,

Өшше тілім, мен де бірге өшемін! – деп , ақын Әбілдә Тәжібаев ағамыз жырлағандай тіл қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы, ырыс – берекенің алды, ұлттың әрі жаны, әрі ары. Тіл жай сөз емес, өмірдің талай сынынан өткен, өскелең талаптарға сәйкес өрістей түскен толыққанды ақиқат десек, жаңыла қоймаспыз.
Тілсіз қоғамның қандай түрі болса да өмір сүре алмақшы емес, ол тілдің өзі қоғам бар жерде ғана пайда болып, өмір сүреді. Демек, қоғамнан тыс, бөлек тіл жоқ. Тіл – қоғамның жемісі.

Туған тілдің абыройын асқақтату - әрбір адамзаттың абзал борышы. Біздің барша ұлттық келбетіміз бен болмысымызды, салт -санамыз бен дініміз осы ұлттық мәдениет пен тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің елдің елдігі жас ұрпағын парасатты да білімді, іскер де қабілетті, отансүйгіш те ұлтжанды тұлға етіп қалыптастыруда мемлекетік тілдің атқаратын қызметі орасан зор. Егеменді ел болып, ес жиып, етек жия бастаған бұл күндері осындай ойға қонбайтын, солақай сорақыларды көбен көріп, қолмен ұстай отырып қазақ тілі мәселесі жөнінде толғанбай тұра алмаймыз.
Тіл – таусылмайтын байлық. Қанша тіл білсең, өзгеден сонша кез биіксің. Дегенмен, алдымен туған еліңнің мемлекеттік тілін білуге міндеттісің.

Қазақ тілі - өте бай тіл. Ол шаруашылықтың бар саласын өркендете түсуге себепші күш, халқымыздың мәдени дәрежесін көтере беруші пәрменді құрал, жұртшылықты жаппай отаншылдық рухта тәрбиелеудің құралы, қуатты қаруы.

Амал не, осындай әдемі туған тіліміз бола тұра өзге тілде сөйлейтіндер де көп болды. Тіпті туған тілден безетін сорақыларды да көргеніміз бар. Төл тілде сөйлеуден безу ақ сүт беріп, асыраған анаңды ұмытумен бердей. Осы кезде Паустовскийдің: “Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік,” – деп, ашына айтқаны ойға келеді.

Ана тілін ұмытқан адам өз халықының өткенінен де болашағынан да қол үзеді.
Ана тілі – ар өлшемі. Олай болса, тілді шұбарлау – арды шұбарлау, көңіл тұнығын лайлау.
Ұлттың мәдениеттің гүлденуі мен адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты қауымдастығы ретінде ұлттың өзінің болашағы ана тілдің дамуына, оның қоғамдық қызметінің кеңеюімен тығыз байланысты. Сондықтан туған тілге деген сүйіспеншілік бала кезеңнен басталуы тиіс. Айналаңды танып білу, туған тіліңді білуден басталады.

    Тіл – халықтың, ұлттың, қоғамның байлығы, ал адам белгілі бір ұлттың,  халықтың, қоғамның мүшесі. Сондықтан да тіл адамнан тыс және адамның  ішінде, яғни  санасында өмір сүреді – ол біздің психикамыздың негізі болып  табылады. Ғалым И.А.Бодуэн де Куртэненің түсіндіруі бойынша, «тіл сол тілді тұтынатын қоғамдағы жекелеген индивидтердің психикасында, жан дүниесінде, миында өмір сүреді». Мәселен, белгілі бір халықтың ерте кездегі әдет-ғұрпы, тұрмысы жайындағы этнографиялық ұғымдарының атаулары сөздіктер мен тарихи шығармаларда сақталып, олар жайында мағлұмат береді. Сондықтан қоғамда қарым-қатынас жасау құралы болып табылатын тіл арқылы ұлттық менталитеттің, ұлттық мәдениеттің және рухани құндылықтар көрініс табады.

Халықтық эпостарда, аңыз-жырларда, өткен ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларында және басқа да дереккөздерде сақталған этноатаулар сияқты басқа да бірқатар тілдік бірліктерде ұлттық мәдениеттен ақпарат беретін нышан болады. Мұндай нышан тілдік бірліктің бірінде имплицитті түрде (жасырын, байқалмайтын); екіншісінде эксплицитті түрде (анық, айқын) көрініп, танылып тұруы мүмкін. Басқаша айтқанда, тілдегі кейбір тұлғалардың сыртқы нысанының өзі ұлттық бітімді байқатып тұрады, ал кейбір жекелеген сөздердің, тіркестің, фразаның нақты бір ұлтқа, мәдениетке тән белгісі қолданысқа түскенде ғана айқындалады.
   
Тілді сол тіл қызмет ететін қоғаммен, тіл иесі – адаммен және тілді қолданушы халықтың сан ғасырлық  тарихымен, этностық  танымы,  рухани және ұлттық болмысымен байланыстыра қарау нәтижесінде тіл мен мәдениет, тіл мен халық, тіл мен таным арасындағы тығыз байланыс, айқындала түседі. Тілдің қазақ халқы үшін мәнінің тереңдігін, мәңгілік екенін «тіл – адам жанының тілмәші. Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ. Ұлттың ұлт болуы үшін бірінші шарт – тіл болуы. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмыс мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы біресе желсіз түндей тынық, біресе құйындай екпінді тарихы, сары дала үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын, сабырлы мінезі – бәрі көрініп тұрады. Осы күнгі Түрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды, терең тіл жоқ» – деп Мағжан Жұмабаев та дәл жеткізген.

Әр халықтың танымдық ерекшелігі оның тілінде көрініс табады. Сонымен қатар, әрбір ұлттың мінез-құлқы ғасырлар бойы өзінің өмір сүру салтына, географиялық ортасына, әлеуметтік-саяси жағдайына байланысты болып келгендіктен сол ұлттың тілінде, сөздік қорында оның мәдениетіне тән ерекшеліктер сақталаған. Тілдің белгілі бір уақыт пен кеңістік аясында үнемі жаңарып, толығып отыруына байланысты тіл иесінің де рухани дүниесін танытып, оның мәдениетінен де көрініс береді.

4.4. Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, суреттер, ноутбук, аудио диск, үлестірмелі карточкалар, т.б.

4.5. Әдебиеттер:

1.Б.Ж.Доскеева " "Қазақ тілі" ( мед.оқу орын.арн.) Алматы 2012

2.Б.Ж.Доскеева " Кәсіби медициналық қазақ тілі " Алматы , 2012 .

3."Қазақ тілі " ( Денс.сақ.қызм.арн.) құраст.: Ә.Иманбекова , Г.Иманбекова , Г.Имантаева , Ә.Әмірова . Алматы , 2008

4.6. Бақылау сұрақтары:

1. Еліміз тәуелсіздікті қашан алды?

2. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы не білесіздер?

3. Мемлекеттік рәміздер туралы жарлық қашан шықты?

4. Елтаңбадағы қос пырақ ненің белгісі?

5. Елтаңбаның авторлары кімдер?




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!