Материалдар / «Құдіретті жырдың құндағы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құдіретті жырдың құндағы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған поэзия кеші
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2017
629
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


А.С.Макаренко атындағы орта мектебі






Shape1





Тақырыбы: «Құдіретті жырдың құндағы»


(М.Мақатаевтің өмірі мен шығармашылығына арналған поэзия кеші)



Өткізген: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Есимсеитова Алмагуль Жаппасовна














Ашутасты ауылы








Тақырыбы: «Құдіретті жырдың құндағы» поэзия кеші

Мақсаты: а) М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы және ақынның өз өлеңдерін жатқа айту және өлеңдеріне жазылған әндерді айта білу, сондай- ақ оқушылардың жазған өз өлеңдерін ортаға салу арқылы ақын жайлы білімдерін кеңейту

ә) оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, ойлау және есте сақтау қабілетін дамыту, мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру, өзіндік көзқарасын қалыптастыра білу.

б) адамгершілікке, отбасын құрметтей білуге тәрбиелеу, поэзияға деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі мен әдебиеті, география, әдеп, тарих, ән- саз

Өту әдісі: мәнерлеп оқу, көрініс, әдеби- музыкалық монтаж, электронды оқыту

Көрнекілік: М.Мақатаевтың , Л.Әзімжанқызының портреті,

Б. Нұржекеұлының портреттері, топтастыру қағаздары, отбасының суреті

Техникалық құралдар: музыка орталығы, компьютер, интербелсенді тақта

Пайдаланылған әдебиеттер: «Казахстанская правда», «Қазақ әдебиеті», «Егемен Қазақстан» газеттері материалдары, М.Мақатаев «Күнделік», М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда», «Қазақ әдебиеті» журналы

Барысы:

1-ж:

Қуат алып Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табылсам бір кісіге,

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін, құлқынды жемеу үшін,

Мен- дағы өлеңжазбаймын ермек үшін.

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін,-

деп, Абайды үлгі тұтып, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, өзі қазақ поэзиясындағы Абай салған соны соқпақ жолды жалғастырған М.Мақатаевқа арналған «Құдіретті жырдың құндағы» атты поэзия кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

2-ж:

Поэзия!

Менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесің бе?

Неге іздедім?

Алаурытқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таңдардан сені іздедім

Сені іздедім кездескен адамдардан,

Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан,

Шырақтардан, оттардан, жалаулардан

Сені іздедім жоғалған замандардан

Сені іздедім

Іздеймін тағат бар ма?

Сені маған егіз қып жаратқан ба?-деген жолдардың иесі Мұқағали аға Әбділда Тәжібаевтың сөзімен айтқанда: «Қазақ поэзиясының асыл қазынасын өз жырымен молықтырған заманымыздың ғажайып ақындарының бірі.»

1-ж:

Өзіне дейінгі өлең өру мен жыр сомдаудағы ұлттық мектептеріміз бен ұлы дәстүрімізді жалғап қана қоймай, оны жан- жақты дамытқан, тереңдеткен, қазақтың қара өлеңін заңғарға көтерген, 20-ғ саңлаулы саңлақтарының бірі Мұқағали Мақатаев бүгін біздің мектебіміздің қонағы.

2-ж:

Бүгінгі «Құдіретті жырдың құндағы» атты ұлылар мінбері мерекелік іс- шарамыздың қонақтарын ортаға шақырайық.(музыка ойнайды)

М.Мақатаев- қазақ халқының біртуар азаматы, ақиық ақыны

Лашын Әзімжанқызы- аяулы ақынымыздың жан жары, өмір серігі

Нұрғиса Тілендиев- сазгер, әнші, дирижер

Бексұлтан Нұржекеұлы- жазушы

Және бір топ М.Мақатаевтың өлеңдерін сүйіп оқитын және оның жолын қуып келе жатқан өлеңқұмар, өнерпаз оқушылар ортамызда

1-ж:

Енді отырған қонақтарға сұрақтарыңыз болса қоя отырайық

1-сұрақ:

Мұқағали аға, сіз қашан және қай жерде дүниеге келдіңіз?

1-жауап:

Мен 1931 жылы ақпанда Алматы облысы Райымбек ауданы, Қарасаз кеңшарында дүниеге келдім. Әкем Сүлеймен -шаруа адамы. Бастауыш білімді Қарасаздан алдым да, орта мектепті аудан орталығы Нарынқолдағы интернатта оқып бітірдім.

2-сұрақ:

Неше жасыңыздан бастап өлең жаза бастадыңыз?

2-жауап:

14-15 жасымнан бастап өлең жаза бастадым. Мектебіміздегі «Білім үшін», «Алға» газеттерінде менің өлеңдерім бұрқырап шыға бастады. 1948 жылы сол мектепті аяқтаған соң оқуға мүмкіндігім болмай, ауылдағы мектепке мұғалім боп орналастым.

3- сұрақ:

Мен сұрағымды Лашын апайға қойсам деймін. Лашын апай, Мұқағали ағамен қалай кездесіп, таныстыңыздар?

3-жауап:

Мұқағали ағаларың біздің ауылға ауылдық кеңеске хатшы болып келіпті. Оны мен білмеймін. Мектепте сабақ беретінмін. 1948 жылдың қазан айы. Ол кезде 7 қазан мерекесі керемет тойланатын. Содан сол мектепте бірге істейтін Күләнда деген құрбым «барайық» деп үгіттеді. Қоярда қоймай, ертіп апарды. Кешке мереке болатын үйге келсек, жиналған жастар көп. Төрде кере қарыс, әдемі жігіт отыр. Жұрттың бәрі оған қарап қошемет көрсетуіне қарағанда, өлең айтқан сияқты. Содан жақын қарым- қатынас басталып, одан кейін екеуміз тойымызды жасадық.

4-сұрақ:

Сіз Мұқағали ағаның қандай қасиеттерін ерекше жақсы көруші едіңіз?

4-жауап:

Ақынның жары болу оңай емес. Ол жарына, отбасына адал болды. Қардай аппақ, сәбидей таза жан еді. Ешқашан өтірік айтпайтын. Жағымпаз, екіжүзді адамдарды жек көретін. Сол оның түбіне жетті ме деп те ойлаймын.

5-сұрақ:

Мұқағали ағаның жақсы көретін нәрсесі не?

5- жауап:

Шахмат. Әбдіке, Сыдық деген туыстарымен ұзақ таңға ойнаудан жалықпайтын.

Өлең «Менің анкетам»

Оқитындар: Балтамұрат Қ, Жұманова Д

6- сұрақ:

-Мұқағали аға, сіз туған жеріңізден астана Алматы қаласына көшудегі себебіңіз не?

6- жауап:

Ойым Алматы қаласына келсем, өлеңдерімді жарыққа шығады ғой деген.

Астанаға келген маған жаққан жоқ. Қызым- Майгүлімнен айырылып қалдым. Балаларым қаладан оқып, білім алсын деп едім, осым асылық болды ғой.

Магнитофоннан:

-Қызым, қызым, Майгүлім!

-Әке,әке, мен сені сағынып жүрмін ғой.

-Жоқ,жоқ, кетпеші қызым, өкпелемеші маған, сағынып жүргеніңді білем. Тек маған түсің дей көрмеші!

-Қызыма арналған бірнеше өлеңдерім бар. Соның біреуін оқып берсем деп едім:

«Майгүліме»

Түсіме енді ап- арық қызым бүгін,

Қызым бүгін... Жұлынған қызыл гүлім.

Бақшамдағы балбырап пісіп тұрған

Үзіп кетпеші, апыр- ай, жүзімді кім?

Түсімде қызым мені шақырады,

Өзеннің ар жағында отыр, әні...

Ғафу, балам, ғафу ет, бара алмаймын,

Мен деген- жер бетінің ақымағы.

Мен деген- жер бетінің ақымағы,

Алдымда асқар асу жатыр әлі.

Сабыр, балам, қай жаққа қашар дейсің,

Сені жапқан қара жер топырағы.

Дей көрме әзір маған жаныма кел,

Тағдырдың дегеніне бағына бер.

Түбінде бір жол бізді табыстырар,

Қайтейін, сағына бер, сағына бер.

1-ж:

Ендігі кезекті ақынның өлеңдерін орындау мақсатында өнерпаз оқушыларға берсек.

  1. «Барлығы да сендердікі» оқитын Таңатқанов Табиғат

  2. «Мен- таулықпын» оқитын Ахметов Мирас

Мұқағали ағаның өлеңіне жазылған әнге кезек берейік.

  1. Ән «Құттықтаймын, мама, туған күніңмен» орындайтындар 5-сынып оқушылары:Иркабаева Дания, Әмірғали Кербез, Олжабай Айдана, Шаяхметова Жанерке, Бейсенова Нұргүл

  2. «Үш бақытым» оқитын Қасымова Ақбөпе

  3. Ән «Саржайлау» орындайтындар 7-сынып оқушылары

6. «Күз секілді» оқитын Ыбыраев Нағашыбай

7. Ән «Күрең күз» Асқарбекова Айнұр

7- сұрақ:

Мұқағали аға, сіздің жас сәби туралы өлеңдеріңіз нағыз әкелік махабатты дәріптеп, «Әкенің жақындығы балаға жездедей- ақ» дегнн мақалды терістеп тұрғандай

7-жауап.

Оның рас. «Бесік басында» өлеңімде

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Ояту былай тұрсын рұқсат жоқ,

Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге,- деген өлеңімді кей ата- аналардың балаларын балабақшаға апару үшін тәтті ұйқысынан оятып апаратынына қарсы болғандығымды жазып едім.

Лашын апайдың жауабы:

Мұқаң «Таңғы ұйқының тәттісін- ай» поэмасын жазбақшы болып еді, аяқталмай қалды...

2-Ж:

Ән: «Сәби болғым келеді» орындайтын Елубаев Мұханбетжан

Өлең: «Қара өлең» оқитын Қойшыбаева Сымбат

Ән. «Наурыз айы болғанда» Асқарбекова Айнұр , бишілер

8- сұрақ:

Мен өзімнің сұрағымды ақынның аяулы анасы Нағиман Бапанқызына берсем деймін. Сіз балаңыздың осындай дәрежеге жететінін білдіңіз бе?

8- жауап:

Мен де, сүйікті жары да оның қазақ халқының баласы боларын білгеніміз жоқ. Көпшілік те кезінде білмеген шығар. Енді қарап отырсам, тыңдап отырсам, Мұқағалиымды аспанғакөтеріп жатқан елі бар екенін, оның өлеңдерін, өлеңіне жазылған әндерін орындайтын өнерпаз балалардың бар екеніне көз жеткізіп, қуанып отырмын.Бұған да тәуба деймін.

9-сұрақ:

Нұрғиса аға, «Есіңе мені алғайсың» әнін жазуға қандай оқиға әсер еткенін айтып бере аласыз ба?

9- жауап:

Мұқағали дүниеден өткенде мен қатты күйзелдім. Жүрегім әлсіреп, 2 айға жуық ауруханада жаттым. Содан жазылып, жұмысқа киетін бешпентімді киіп жатып, қалтасынан хат тауып алдым. Мұқағалидың жазуы екен: «Аға, мен ғой! Дертім қозып барады. Не боларымды білмеймін. Мынаған назар аударып көрерсіз»,- депті. Сол өлеңі «Есіңе мені алғайсың» еді. Жаным күйзеле отырып, інім қайтыс болған 2 айдан соң ән шығардым.

Өлең: «Вспомни обо мне»

Когда буйствует весна,

Когда грохочущие тучи

Прозает молния

Вспомни обо мне.

Когда плывут легкие облака,

Мечтай обо мне, мечтай!

Когда останешься наедине с собой,

Вспомни обо мне.

Когда наступит октябрь,

Когда в садах одетых в багрянец,

Кураи тоскливо запоют,

Когда опадет листва,

Вспомни обо мне.

Когда белый снег накроет землю,

Когда деревья принарядятся,

Когда наступит серого февраля

Бледный рассвет,

Вспомни обо мне,

Вспомни обо мне!

Ән: «Есіңе мені алғайсың» орындайтындар: Абдрахманова Аяжан, Әмірғали Кербез.

1-ж:

Енді оқушылардың М.Мақатаев туралы жазған эсселеріне кезек берсек.

2-ж:

Мейірбан әке, халқының сүйікті ұлдарының бірі Мұқағали ақыры қызына асыққандай бұл дүниеден ерте өтті. 45 жыл . Нағыз ер жасында қыршын кеткені барлық жаннның қабырғасын қайыстырды.Дей тұрғанмен оның екінші өмірі басталғанын біз бәріміз біліп отырмыз.Оны ақын көзі тірісінде сезген, сезген де былай жазған.

Батар күн, келер түн,

Атар таң, шығар күн,

Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын,

Осы мен осылай мәңгіге тұрармын.

Осы мен сірә да өлмейтін шығармын

Өмірім сірә да әріден басталған.

Әріден басталып, мәңгіге тасталған.

Осы мен өлмейтін, өлмейтін шығармын

Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын!

Таспадан Индира Расылханның орындауында «Өмір сүрейік алмасып» әнін тыңдау(осы кезде бар бала орындарынан тұрады, топтастыруды құрады)

2-ж:

Мұқағали аға өзінің күнделігін 1973 жылдан бастап орыс тілінде жазған екен.Сол күнделігінде:

«Ей, шарманщики? Не вам судить меня. Настоящие судьи впереди еще. Пройдут года, придут новые поколения, и они поставят каждого нас свое место. Испокон веков так было, так и есть, так и будет О себе я вот что скажу: Я ровесник поколения 21-века, а может быть, родственник еще дальных поколений...

...Ойлаңдар, достар»

Өнерде жарыс болмайды!

Өресі жетпей,

Күндестік қылған оңбайды.

Өнерің жетіп,

Өсе алмай қалсаң, сол қайғы...

Күнде таласқан

Өнерің өнер болмайды!!! 1974 жыл 16 желтоқсан Осы керемет сөз әрқайсыңыздың ойында жүреді деген сеніммен М.Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған поэзиялық кешімізді аяқтаймыз..










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!