Оқушылардың құзыреттілігін дамытуда құм
терапияның психотерапия ойындарының әсері
Оқушылардың құзыреттілігін дамытуда құм
терапияның (психотерапия) ойындарының әсері
Құм терапиясы принципін аналитикалық
терапияның негізін салушы Карл Густав Юнг ұсынған. Мүмкін ұлы Юнгке
адамның құммен әлектенуі жағда йы осы идеяны ұсынуға себепші болған
шығар. Себебі көптеген психологтар жекелеген құм түйіршіктерінде
жеке тұлғаның нышандық айқындамасын, ал құм массажында – жаһандағы
Өмірді көреді.
Құм миллион жыл бұрын пайда болған. Ол
бүкіл әлем бойы жайылған. Құм – өте ұсақ ақ түсті, сары,
қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм -бала үшін магнит сияқты
өзіне тартымды зат.
Бала құмнан қандай да бір не нәрсені жасау
үшін әрекеттенеді. Мысалы сарай, қоршау т.б. жасай бастайды. Ал
оған ойыншықтар, кішігірім фигураларды қосса, онда бала түрлі
ертегілерді драмалау, ойын процесіне кіреседі.
Кей жағдайда балалардың сөздерді
байланыстырып сөйлеуі және сөздік қорларының аз
екендігі байқалады. Балалармен жұмыс жасау барасында олардың
тез және жиі шаршайтындықтары, сабаққа деген қызығушылақтарының
төмендеуі көрініс беруде.
Жоғарыдағы кемшіліктерді жоюда «Құм
терапиясының» маңызы зор. Алдымен шағынқұмзар жасау үшін ағаш қорап
ені мен ұзындығы 70 немесе 80 см биіктігі 20 см болу керек.
Құмзардың түбі мен жиегі көгілдір түске боялады, ол аспан мен суды
модулдеуге мүмкіндік береді. Адам қолымен және табиғатпен жасалған
шынайы және мифтік, тартымды және тартымсыз пішіндер
қолданылады. Шынайы заттарды пайдалану табиғатпен байланысты
сезінуге қолданылады, ал қолдан жасалған заттар шындықты қабылдауға
көмектеседі. Құм терапиясы 3 жастан бастап әр жастағы адамдармен
өткізіледі. Кейбір адамдар бұл әдісті психоанализге әкеледі деп
ойлайды, бірақ біздің тәжірибе терапияның еркін әдісі екенің
көрсетеді.
Құм терапиясы
балалардың өзара түсіністікпен қарым- қатынас жасауына көмектеседі.
Құм агрессиялық қуатты шешеді. Мысалы, мектеп жасындағы балаларға
құм жасау ұсынылды. Бұл әдісті балалардың оқу- әрекеттерінде дербес
ойындарда және шығармашылық жұмыстарды орындатуда қолдануға болады.
Балалар құммен сурет салғанда, құм баланың әрекетіне әсер етіп,
қызығушылық тудырады, қиялын өрбітуге жетелейді. Құмға бірнеше
сурет салу арқылы өзіңнің ұялшақтығыңды немесе тынышсыздығыңды алып
тастауға болады . Құм ойындарын, жаттығуларын пайдалану балалардың
эмоциясын, шығармашылығын дамытады.
Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол деседі. Балалардың ұсақ қол
моторикасын дамытып, балалардың психикасын реттейді. Саусаққа тиген
құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан клеткаларды оятады, жүйкесін
тыныштандырады. Баланың жеке қызығушылығымен іс-әрекетіне оң
мотивацияны қалыптастыруға және күшейтуге мүмкіндік береді. Ертегі
ойындарының кейіпкерлерімен бірге әртүрлі жағдаяттарды ойнау
. Құм ойындары — баланың табиғи әрекеті формаларының бір түрі.
Құмнан суреттер салып, әртүрлі оқиғаларды ойлап тауып, біз бала
үшін әлдеқайда қызықты түрде оған өзіміздің біліміміз бен өмірлік
тәжірибемізді, қоршаған әлемнің заңдылықтары мен оқиғаларын жеткізе
аламыз. Құммен ойын — мектеп жасындағы балалардың
эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік
дамуы үшін тамаша құрал болып табылады.
Құм терапиясының
негізгі мақсаты: Балалардың
қиялын, көрнекі – бейнелік ойлауын, сөздік – логикалық ойлауын,
көрнекі іс-әрекеттік ойлауын, қолдарының ұсақ
моторикасын дамыту, зейін қабілеттерін қалыптастыру ,
шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Баланың ішкі
сезім бағыттарының өздігімен жүзеге асуы. Өзіне деген сенімін
арттырып, өз құндылығын түсінуге әсерін тигізеді.
Құм терапиясының
маңызы: Бала өзін
жайлы, қорғалған күйде сезініп, шығармашылық белсенділік танытатын
табиғи стимулдық орта қалыптастырады және танымдық, психикалық
процестерді дамытады ол түйсік (форманы, түсті, тұтас түйсік),
есті, зейінді, қиялды, кеңістік түсінікті, тактильді-кинестетикалық
сезімділік пен қолдардың ұсақ моторикасын дамиды. Сөзбен
айтып жеткізе алмайтын, оймен қобалжуларды сыртқа шығаруға
көмектеседі. Іште туындаған қиын жағдайларды, шығармашылық
потенциалдарын босатады.
Құм терапиясын
қолданудың әдіс — тәсілдері: Әңгімелесу, түрлі-
түсті құммен сурет салу, танымдық ойындар, коммуникативтік ойындар,
пікірталастар.
Қажетті материалдар
мен жабдықтар: Су өткізбейтін ағаш
қорап, түрлі-түсті құм, таза өзен құмы, шағын фигуралар,биіктігі 8
см аспайтын ойыншықтар. Мысалы: адам кейіпкерлері, көліктер,
өсімдіктер, табиғи заттар, ертегі кейіпкерлері, лақтырым
материалдар, жануарлар (үй, жабайы, тарихқа дейінгі, теңіз және
т.б.), пластикалық немесе ағаш әріптер мен сандар, әртүрлі
геометриялық фигуралар. Құм терапиясы арқылы баланың шығармашылық,
танымдық, интеллектуалдық, қарым –қатынас құзіреттіліктері
дамиды:
Сонымен бірге адамның ағзасына әсерін
тигізеді. Мысалы жүректін жаксы қызмет атқаруына да көмек
етеді.
Құм терапиясының
ойын түрлері
Мақсаты: Балалардың қиялын,
ойлау қабілетін, шығармашылығын, қолдарының ұсақ моторикасын
дамыту.
- қолдарын құмға салу,
-саусақтарының арасымен құмды
уқалау,
-қолдарын құмға жасыру,
-құмды себелеп құю,
- құммен сурет салу,
-құмға сурет салады және соңында
көңіл-күйлерін салады.
«Көңіл-күйді бейнеле»
ойыны
Шарты: Құмға сурет салады және
соңында көңіл-күйлерін салады.
«Алмаларды орналастыр»
ойыны.
Мақсаты: ойлау қабілетті
дамыту.
Құмның бетіне қағаздардан қиылған алмалар
қойылады. Осы аламаларды ыдыстарға орналастыру керек. Оқушының әр
қиылы қадағаланады.
Талдау: Сен алманы қандай
ыдысқа орналастырдың?
«Сақина» ойыны
Барлығымыз сақина жасауды білеміз бе? Онда
сақинаны әдемі етіп мына құмның бетіне бейнелеп көрейікші. ( Құмға
сақинаның суретін салады.)
- Балалар біз не жасап үйрендік? (Сақина
жасадық.)
Қорыта айтқанда құм терапия ойындары
баланы тәрбиелеуде, дамытуда маңызды рөл атқарады. Құм ойындарын,
жаттығуларын пайдалану балалардың эмоциясын, шығармашылығын,
зейіндерін, қабілеттерін дұрыс қалыптастыруға маңызды рөл
атқарады.