Материалдар / Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихы пәнінен жаңартылған білім мазмұны бойынша 9 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Мамыр 2019
5072
101 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақты жоспарлауда орта мерзімді жоспарға жүгініңіз. Сабақ жоспарын ұсынылған үлгінің негізінде əзірлеуге болады.


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 9.1 Құқық түсінігі

Мектеп: Қарағнады қаласы «№65 ЖББ ОМ» КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Ешенхан Бахыт

Күні: Сынып:9 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Құқық дегеніміз не және ол қоғамдық қатынастарға қалай әсер етеді?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сəйкес)

9.1.1.1 Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен ролін түсіндіру

Сабақтың мақсаты



Барлығы: Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен ролін түсіндіру

Көпшілігі: Құқықтық мәдениет пен қоғамдық пікірді салыстырмалы талдау

Кейбіреуі: Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымына мысал келтіріп, өз идеясын ұсыну

Бағалау критерийі



  • Әлеуметтік нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен ролін анықтайды;

  • Құқықтық мәдениет пен қоғамдық пікірді салыстырмалы талдау жасай алады;

  • Құқық, әлеуметтік норма ұғымдарының мағынасын анықтайды, әр ұғымның қолдану аясына бір мысалдан береді.

Тілдік мақсаттар



Құқықтық нормалар жүйесінде құқықтың ұғымы мен ролін түсіндіреді (оқылым және айтылым дағдылары).

Венн диаграммасын толтырады (жазылым дағдылары)

Пәнге тән лексика мен терминология:

Құқық- право

Мораль- мораль

әлеуметтік норма- социальная норма

құқықтық норма – правовая норма

заң-закон

құқықтық мәдениет – правовая культура

қоғамдық пікір- общественное мнение

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Құқық дегеніміз не?

Мен...деп ойлаймын

Құқықтық норманың моральдық нормалардан айырмашылығы/ұқсастығы қандай?

Құқықтық мәдениетті қалыптастыру маңызды, себебі...

Құндылықтарға баулу



  • Құрмет

  • Азаматтық жауапкершілік

  • Құқықтық сауаттылық

Пəнаралық байланыс



Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы

Бұл пәндерден мемлекет ұғымы мен мемлекет типтерін еске түсіреді

Алдыңғы білім



Оқушылар бұған дейін тарих курсынан алған білімдеріне және күнделікті өмірдегі іс тәжірибелері мен медиа жаңалықтарының әр түрлі көздерінен берілетін адам құқығы жайлы ақпараттарға сүйенеді.

САБАҚ БАРЫСЫ

Уақыты

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Ресурстар


2 минут




3 минут







3 минут


Сабақтың басы (8 минут)

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу.

«Миға шабуыл» стартегиясы. Мақсаты: Мұғалім оқушылар арасында «Мен бұл пәннен нені күтемін?» сұрағына жауап алу. Талқылау ұйымдастыру

Шағын дәріс: мұғалім пәнмен таныстырып, қысқаша шолу жасайды. Пәннің негізгі мақсатымен, ерекшеліктерімен таныстырады.

«Әлеуметтік норма» ұғымына түсініктеме береді. Тақтада тақырыпқа сай ұғымдар мен терминдерді көрсетеді.

Мораль және құқықтық нормаларға қатысты мысалдар келтіре отырып, оқушылармен талқылау жұмысын жүргізу.

Жұптық жұмыс. «Серпілген сауал» стратегиясы. Сұрақтар бойынша бір-біріне жауап беру

  • Құқық деген не?

  • Құқық қалай пайда болды?

  • Қоғамды қалай реттеуге болады?

  • Мемлекетке не үшін құқық қажет?

  • Мораль немесе құқық па?

  • Қайсысын бірінші орынға қоясың?


Слайд

https://www.youtube.com/watch?v=2CIeja0x7UA Право в системе социальных норм



5 минут








3 минут








2 минут


5 минут





















3 минут



5 минут







3 минут



1 минут

Сабақтың ортасы ( 27 минут)

Сыныптық талқылау. Топпен жұмыс.

«Тыңдайтын үшбұрыштар» стратегиясы. Мақсаты: Оқушылар топта үшеуден отырады. Әр оқушы сөйлеуші, сұрақ қоюшы және жазып алушы рөлін атқарады. Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді немесе пікірін білдіреді. Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды. Жазып алушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Талқылатантын сұрақтар:

  • Елімізде құқық бұзушылықтардың орын алу себептері азаматтардың заңдарды білмеуінен бе, әлде құқықтық мәдениеттің төмен болуынан ба?

  • Қоғамдық қатынастарды реттеудегі әлеуметтік нормалардың (мораль мен құқықтың) қайсысы маңыздырақ деп ойлайсыз?


Кері байланыс: «Ашық микрофон» әдісі. Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру.

Топтық жұмыс: «Кейс-стади» әдісі, мақсаты: берілген жағдаяттарды талдап, өз көзқарастарын дәлелдеу.

2019 жыл 9 наурызында түнгі сағат 24.00-де азамат Ж. Өз үйінің подьезінде дауыстап өлең айтты. Көршісінің ән айтуды тоқтат деген талабына көңіл аудармай, одан әрі өлең айтуын жалғастырады. Көршісі учаскелік инспекторға қоңырау шалды. Ж. Құқық бұзушылық жасады ма?

Учаскелік инспекторға қаңырау шалған көршінің әрекеті дұрыс па? Осы жағдайды қалай шешер едіндер?


16 жасар А. Мен С. Мектепте өткен би кешінде өздерін дөрекі ұстады, яғни қыздарға балағат сөздер айтты, кешті ұйымдастырушының микрофоның жұлып алып, қатты айғайлай бастады. Ішкі істер органдарынан қалалық бөлімге жеткізілген А. Мен С. Ға қатысты іс құжаттар толтырылды және олардың ісі кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын қалалық комиссия қарауына жіберілді.

Дұрыс шешім қабылданды ма? Бұл шешіммен келісесіздер ме? А. Мен С. Қандай жауапкершілікке тартылады?


Өзара бағалау: «Бас бармақ» әдісі. Мақсаты: оқушылар бірін – бірі өзара бағалайды.


Жеке жұмыс. «Венн» диаграммасы. Мақсаты: мораль мен құқықтың айырмашылығы мен ұқсастықтарын анықтау.

Дескриптор:

Мораль ұғымының 3-4 айырмашылығын көрсетеді;

Құқық ұғымының 3-4 айырмашылығын жазады;

3-4 ортақ белгілерді анықтайды.


Өзара бағалау: «Бағдаршам» әдісі. Мақсаты: Қиындықтарды ерте анықтауға, оқушыларға алдын – ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.

Кері байланыс: мұғалімнің кері байланысы.


Оқулық: Адам. Қоғам. Құқық. (9-сынып), 110-бет












Оқулық: Құқықтану, (10-сынып), 95-бет







Оқулық: Адам. Қоғам. Құқық. (9-сынып), 111-112-бет







Оқулық: Адам. Қоғам. Құқық. (9-сынып), 110-114-бет




5 минут

Сабақтың соңы (5 минут)

Рефлексия. «Таңбалар» стратегиясы. Төрт бағаннан тұратын кестені толтыру ұсынылады.

«+» плюс

«-» минус

«!» қызықты

«?» сұрақ

Түсінікті ақпарат

Түсініксіз ақпарат

Қызықты ақпарат

Сұрақ


Үй тапсырмасы: Эссе: «Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан бүгінгі күнге дейін»

Бағалау критерийлері: (Эссе жазу талаптарын басшылыққа алынып жасалды)

Эссе көлемі 200 – 250сөз

Балл

Сыни ой/Анализ/

Тіл сауаттылығы

9-10

«5»

сыни пікіріне өте жақсы нақты дәлелдер (аргументтер) келтіреді;


ойдың логикалық бірізділігін сақтау үшін сөз оралымдарын (шылау, қыстырма сөздер) өте жақсы таңдайды;

7-8

«4»

тақырыпты жақсы түсінгенін көрсетеді, тақырыптан ауытқымайды;

бай сөздік қорындәлдікпен, икемділікпен тиімді қолданады;


5-6

«3»

өз талдауының, сараптауының түйінін қанағаттанарлық деңгейде қорытындылап, шешім ұсынады.

Грамматикалық сауаттылық:

10 қатеге дейін



Оқулық: Адам. Қоғам. Құқық. (9-сынып), 110-114-бет














Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?



Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау



Оқушылардың қажеттілігін ескере отырып, оқу мақсатына қол жеткізу үшін және оқушылардың қарқыны жоғары болғандықтан бес түрлі тапсырма беруді жоспарладым.


Сыныптың қарқыны жылдам, әрі қолдауды аз қажет ететін оқушылар болғандықтан «Кейс-стади» тапсырмасына 5 минут уақыт беруді жоспарладым.


Саралаудың диалог және қолдау тәсілін ескере отырып оқушыларды диалогке тарту үшін «Серпілген сауал» және «Талқыланатын сұрақтар» тапсырмаларын жоспарға енгіздім.


Оқушыларды қолдау үшін әр тапсырманы орындағаннан кейін кері байланыс беруді жоспарладым.


Топқа бөлуді жоспарлау барысында саралаудың жіктеу тәсілін басшылыққа алып, оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін назарда ұстадым.

ҚБ: «Ашық микрофон» әдісі

Мақсаты: Оқушыны жылдам әрі тұжырымды ойлауға дағдыландыру


ҚБ: Серпілген сауал


Қ.Б: «Бағдаршам» әдісі

Мақсаты: Қиындықтарды ерте анықтауға, оқушыларға алдын – ала көмек сұрауға мүмкіндік береді.


Қ.Б: «Бас бармақ» әдісі

Мақсаты: Оқушылар бірін – бірі өзара бағалайды.


Венн диаграммасы


Мұғалімнің кері байланысы


Рефлексия. «Таңбалар» стратегиясы


Білімді жинақтау мақсатында берілген эссе: «Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан бүгінгі күнге дейін»


Топқа бөліп отырғызған кезде оқушылардың тақтаға қарап дұрыс отыруын назарда ұстау;


Оқу бөлмесінің жарық, таза болуын назарда ұстау;


Қауіпсіздік техникасының сақталуын назарда ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма жəне неліктен?





Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нəрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нəрсеге назар аудару қажет?








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!