Құқық негіздері пәнінен олимпиада

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құқық негіздері пәнінен олимпиада

Материал туралы қысқаша түсінік
Құқық негіздері пәнінен олимпиадаға қатысқаны үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қылмыстық құқықтың түсінігі, міндеттері және қылмыс пен қылмыс құрамы

Қылмыстық құқық — қылмыстылықты және қоғамдық қатынастар жүйесіне қауіпті іс-әрекет үшін қолданылатын жазаны айқындайтын заң нормаларының жиынтығынан тұратын құқық саласы.

Сондай-ақ құқықтың тиісті саласын зерделейтін ғылым мен оқу пәні де қылмыстық құқық болып табылады. ҚР Қылмыстық құқығының негізгі қағидаттары: заңдылық, ізгілік, жеке бастың жауаптылығы, жазадан құтылмайтыны, әділеттілік, айыптылық қағидаты. Қылмыстық құқық - қылмыстық құқық қоғамдағы конституциялық, азаматтық, еңбек, әкімшіліктік, қаржы салаларымен реттелетін қатынастарды қорғайды. 

Қылмыстық құқық жүйесі екі бөлімнен тұрады: жалпы бөлім және ерекше бөлім. Жалпы бөлім жалпы қағидаттарды, қылмыстық жауаптылықтың негіздемесін, негізгі ережелер мен ұғымдарды, сондай-ақ жаза тағайындау, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату тәртібін тиянақтайтын нормалардан құралады. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімі объектінің белгілері бойынша жіктелген қылмыстардың тізбесінен тұрады. ҚР Қылмыстық кодексінде ерекше бөлім ішкі бөлімдерге, ал ішкі бөлімдер тарауларға бөлінген.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады .
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасаған үшін жазалар мен өзге де қылмыстық ықпал ету шаралары белгіленеді.

Қылмыс санаттары деп- оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз.Қылмыстар- сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр санаттарға бөлінген.
Қылмыстық кодекстің 10-бабына сәйкес жасалғаны үшін осы кодексте көзделген ең ауыр жаза ( бас бостандығынан айырудан):


– қасақана жасалған әрекет- екі, абайсызда жасалған әрекет бес жылдан аспайтын болса- онша ауыр емес деп саналады;


– қасақана жасалған әрекет- бес, абайсызда жасалған әрекет те бес жылдан аспайтын болса- орташа ауыр;


– қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса-ауыр;
– қасақана жасалған әрекет он екі жылдан аспайтын болса немесе өлім жазасы көзделсе- аса ауыр қылмыс деп танылады.



Қылмыстың құрамдары – бұл қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралатын белгілерінің жиынтығы. Ондай белгілер төрт топқа бөлінеді:


1. Қылмыстық объектісі;
2. қылмыстың объективтік жағы;
3. қылмыстың субъектісі;
4. қылмыстың субъективтік жағы;


1. Қылмыстың объектісі – қылмыскердің қиянат жасайтын және де қылмыстық заңдармен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Олар мыналар болыуы мүмкін: саяси және экономикалық құрылымдар, меншік, адам және оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тәртіп, сот төрелігі, әскери қызмет.
2. Қылмыстың объективтік жағы – ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі:


– қылмыскердің қоғамға қауіпті әрекеті немесе әрекетсіздігі;
– әрекет пен әрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нәтиже;
– әрекат пен әрекетсіздік және қоғамға қауіпті нәтиже арасындағы себепті байланыс.


3. Қылмыстың субъектісі – ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру,зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т.б)
Қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылада.
Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
5. Қылмыстың субъективтік жағы- бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-әрекет немесе әрекетсіздігіне және солардан туатын қауіпті нәтижеге психикалық қатынасы. Қалмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мәнінб мазмұнын білдіреді.
Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнының заңдылық белгілері:
Кінә, қылмыстықниет,мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген , яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді , оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді.
Кінә – бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті ісөәрекетіне және оның қоғамға зиянды зардабына деген
Көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.12.2020
2096
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі