Жамбыл облысы, Талас ауданы
әкімдігі білім бөлімінің «мектеп
лицейі»
директордың құқықтық тәрбие
ісі жөніндегі орынбасары
Жарқынбек Үсенғалиұлы
Оразымбетов
«Құқықтық тәрбие отбасынан
басталады»
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің»
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны
ілесің» деген сөзді атамыз бекер айтпаған.Әр адам мемлекеттік
заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәрбиесін үнемі назарда ұстап
отыру тиіс.
«Адам жолында екі түрлі,
бір-біріне қарама қарсы ағыстар бар. Біріншісі қаталдыққа жетелесе,
екіншісі – мейірімге талпынады»- деген Леккидің сөзінде үлкен мән
бар. В. Г. Белинский «Тәрбие- ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры
шешіледі» десе, Д.И. Менделеев « Тәрбиесіз білім – есуастың
қолындағы қылыштай» деген болатын.
Қазір ортамызда «қиын»
балалар, жасөспірімдер, ата-анасы көңіл бөлмейтіндер, түрлі
тағдырға душар болғандар көп. Біздің мақсатымыз – балаларды
жан-жақты тәрбиелеу. Қазіргі қоғамдағы басты мәселелердің бірі
ретінде ата-ананың бала тәрбиесіне деген уақыт тапшылығы. Баланы
тәрбиелеу атадан келе жатқан дәстүр екенін қазіргі қоғам ұмыту шақ
қалды. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығы бар
емес пе!
Бала – біздің болашағымыз,
балаға жақсы тәрбие беру, дамуына мүмкіндік беру, оларға қуаныш
сыйлау және толық құқылы еркін тұлға етіп жетілдіру – біздің
міндетіміз.
Ұрпақ тәрбиесіндегі басты
мақсат – жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Құқықтық тәрбие беру
баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялық
пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл
міндеттерін атқарады. Заңдарға терең құрмет сезімін қалыптастыру,
оларды сөзсіз сақтау және орындау – ұзақ уақыт тәрбие жұмысын
жүргізудің жемісі.
Құқықтық тәрбие негізі
отбасынан басталады. Балалардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында
жатыр. Адамның құқықтық мәдениеті күрделі.
Құқықтық тәрбие – тура жолмен
жүруге үйрететін әдептілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай
жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Бала өзінің айналасындағы
адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі
оның көбінесе құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп
соғады.
ХХІ ғасырдың лайықты азаматы
етіп қалыптастыру педагогтар мен ата – аналардан сындарлы
жауапкершілікті талап етеді. Еліміздің өркендеуіне сай, заман
талабына жауап беретін рухани адамгершілік қасиеттері қалыптасқан,
қоғамдық өмірге икемделген, біліммен өмір заңдылықтарын түсінген,
қоғам мен мемлекет және отбасы алдындағы жауапкершілігін сезінетін,
салауатты өмір салтын саналы түрде таңдаған өркениетті елдің
азаматын тәрбиелеу.
Ал, ұстаздың алдында отырған
баланы тәрбиелеу екі жақты міндет (парыз десемде қателеспейтін
шығармын). Бала тәрбиесі өте күрделі процесс. Қазіргі заман ағымына
сай етіп баланы тәрбиелеу заман талабы.
Қазіргі жаһандық
информациялардан баланы шектеп алып қалу мүмкін емес те шығар. Ал,
сол информацияларды баланың тәрбиесіне қатысты ете отырып тәрбиелеу
ата-ананың міндеті десек те болады. Себебі, балаға тиым салынған
сайын бұл дүние баланы қызықтыра түсетіндігін
білеміз!
Бала бойына құқықтық сана мен
құқықтық тәрбие беру әрбір ата-ананың өзінен басталуы қажет.
Себебі, ата-ана бала үшін ең ірі тұлға! Тұлға ретінде ата-ананың
жасаған қателігі мен кемшіліктері бала бойына да қонады. Осы ретте
мектептегі ата-аналардың сауаттылығын қалыптастыру үшін мектеп
өміріне ата-аналарды аралыстыру қажет. Бұл да оңай процесс емес.
Бірақ орындауға болатын және орындауға тұратын процесс. Мектеп
өміріне ата-аналарды араластырудың қалыптасқан жүйесі бар. Бұл
жүйені талай жылғы педагокикалық зерттеулердің нәтижесі деп білуге
болады. Бұл жүйеден ауытқып қажеті жоқ та шығар, бірақ еніп жатқан
жаңашылдықтарды да қолданып отыру маңызды
іс.
Мектебіңіздің ата-аналар
сіздің жұмысыңыздың айнасы іспеттес. Себебі, бала өзінің
ата-анасына қарап бой түзейді. Ата-ана арқылы сол мектептің
бейнесін айқындауға болады. Сол себепті де ата-аналардың құқықтық
сауаттылығын қалыптастыру, оларды мектеп өміріне араластыру өте
маңызды істердің бірі. Құқықтық сауаттылық жұмыстарын ата-аналардың
алдында тұрып заңның әр тармақтарын оқып беру ешқашан оң нәтиже
бермейді. Қарапайым тілде түсіндірілген ақпарат «сіңімді» болары
анық.
Қарапайым мектеп ережелері,
ата-ана мен оқушыға қойылар талаптарды анықтап алу және сол
ережелердің сақталуын екі жақты талап ету арқылы біз
мектептеміздегі жақсы атмосфераны қалыптастыра
аламыз.
Еліміздің қазіргі таңдағы
ұстанған саясаты да, болашаққа қойған мақсаттары да саналы, дені
сау ұрпаққа негізделіп отырғандығы барлығымызға мәлім. Ал, қазіргі
таңда ата-ана атанып отырған отбасылардың көпшілігі сол болашақты
қалыптастырушылар. Мемлекеттің алға қойған мақсаты айқын, сол
мақсатқа жету жолында еліміздің әрбір азаматының тұлға ретінде
қалыптасуы өте маңызды. Адамның тұлға ретінде қалыптасуының негізгі
факторы – жан-жақты білім екендігі мәлім. Жан-жақты білімі
қалыптасқан тұлғаны тәрбиелеу мектеп пен ата-аналардың ортақ
міндеті. Сол білімді ұрпақты тәрбиелеу үшін де ата-ананың
«ақ-қараны» ажырата білуі маңызды.
Кемелденген келешекке нық
қадам басу үшін саналы да, тәрбиесі жоғары ұрпақ тәрбиелеу бұл
қазіргі қоғамның басты міндеті.