Материалдар / Құрастыру "Жасыл шөп"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрастыру "Жасыл шөп"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі мекеме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Маусым 2018
4125
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.

Тәрбиешінің аты-жөні:

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: Құрастыру

Тақырыбы: «Жасыл шөп».

Мақсаты:

Білімділік: балаларды қағазбен жұмыс жасауға үйрету;

Дамытушылық: саусақ қимыл қозғалыстарын дамыту;

Тәрбиелік: шөпті жұлуға болмайтынын түсіндіру.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.

Көрнекіліктер: жасыл түсті жолақ қағаздар, үлестірмелі материалдар.

Әрекеттердің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Ұйымдастырушылық-қозғаушылық

Тәрбиеші балаларға ақ түсті және жасыл түсті жолақ қағаз таратып береді. Үлгіні талдау жасайды, түсіндіреді.

Балалар үлгі бойынша әңгімелейді, суретте не көріп тұрғандарын айтады.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Жасыл жолақ қағазды қолымен үзіп көрсетеді, жолақтар көп болған кезде оны ақ қағаздың төменгі бөлігіне қатарластырып, ретімен орналастырады. Кейбір жерлеріне дайын гүлдердің суреттерін қоюға болады. Әртүрлі ұсақ суреттер таратылады: балапан, көбелек, торғай, басқа да құстар. Оны балалар өздерінің таңдауы бойынша шөптің арасына немесе қағаздың жоғарғы бөлігіне орналастыруларына болады.

«Көбелектер ұшты» қимылды ойыны.

Балалар ойнап болған соң, олардың жасаған жұмыстарын қайта қарап, шөпті қалай жасағанын атап өтеді. Шөпті қошақан, лақ немесе ботақанға береміз деп ойынмен жалғастырады.

(Ұсақ ойыншықтар ұсынылады.)



Жасыл жолақ қағаздарды балалар біртіндеп саусақтарымен жыртып, оны ақ қағаз бетне орналастырады. Балалар іс-әрекеттерінде педогогтің тапсырмасын орындайды.

Ойын ойнайды және өздері қалаған төлдеріне шөп береді.

Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар жұмыстары талдау жасалынып, қортындыланады.Қағаздың бетін толық пайдалануға бағыт береді.

Балалар өздері жасаған жұмыстарын көрсетіп, оның сапасын тәрбиеші қадағалайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жолақ қағаздан жасыл шөп жасауды үйренеді;

Игереді: өздері жасаған еңбек нәтижесін тәжірибеде пайдалануды, төлдерге шөп беруді;

Меңгереді: жасыл шөпті қиюды және оны жазықтыққа дұрыс орналастыра білуге дағдыландыру.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!