Материалдар / Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы. Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы 8 класс
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы. Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы 8 класс

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы. Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қаңтар 2023
501
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бөлім

Гидросфера

Педагогтың аты-жөні

Қуаныш А.А

Күні

28.11.22

Сынып: 8 б

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Құрлық суларының түрлері мен қалыптасуы. Құрлық суларының шаруашылық маңыздылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.1 құрлықсуларыныңқалыптасу жолдарын анықтайды;

8.3.3.2 -құрлық суларының негізгі түрлерінің шаруашылық маңызын түсіндіреді.

Сабақтың мақсаты


Құрлық суларының негізгі түрлерінің жолдарын анықтай отырып, қалыптасқан шаруашылық маңызын анықтайды.

Су шығыны мен жылдық ағынды ажырата алады.

Бағалау критерииі

Құрлық суларының негізгі түрлерінің жолдарын анықтай отырып, қалыптасқан шаруашылық маңызын түсінеді.

Су шығыны мен жылдық ағынды ажыратабіледі.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Оқушылармен амандасып бүгінгі сабаққа назарларын аудару.

ІІ. «Wordwoll» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталау.

1.Климат түзуші факторлар:

А) тура, шашыранды, жиынтық;

Ә) географиялық ендік, жер бедері, ауа массалары, күн радиациясы;

Б) альбедо, қысым орталықтары, күн радиациясы.

2. Альбедо дегеніміз:

А) жер бетінің күн сәулесін кері шағылыстыруы;

Ә) физикалық қасиеттері түрліше ауа массаларының түйісу аймағындағы өтпелі зона;

Б) температуралық көрсеткіші, ылғалдану дәрежесіне қарай жинақталған біртектес ауа ағыны.

3. Температуралық көрсеткіші, ылғалдану дәрежесі, қалыптасу ауданына сәйкес жинақталған біртектес ауа ағыны –

А) күн радиациясы; Ә) ауа массалары;

Б) циклондар.

4. Қысым көрсеткіштері бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды не деп атаймыз?

А) изогиета; Ә) изотерма; Б) изобара.

5. Екі жарты шардың 40 - 600 ендіктерінде басым болатын желдер:

А) батыс желдері; Ә) муссондар; Б) пассаттар.

6. Климатология –

А) жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін зерттейтін географияның саласы;

Ә) атмосфераның құрамы мен құрылысын; жылу айналымынжылу режимін, т.б. зерттейтін саласы;

Б) Гидросфераның қасиетін, динамикасын және жердің географиялық қабығындағы басқа элементтермен өзара байланыстылығын зерттейтін ғылым.

7. Жер шарында неше климаттық белдеу бар және оны анықтаған кім?

А) 10, В.ВДокучаев; Ә) 17, А. Вегенер; Б)13, Б.П.Алисов.

8. Климатограмма арқылы нені анықтауға болады?

А) Бір қаланың жылдық жауан – шашын мөлшерін, орташа айлық температурасын;

Ә) бір мемлекеттің жылдық жауан – шашын мөлшерін, орташа айлық температурасын;

Б) бір материктің жылдық жауан – шашын мөлшерін, орташа айлық температурасын.

9. Адамдардың жаңа климаттық жағдайларға бейімделуі:

А) антропогендік фактор; Ә) ауа массалары;

Б) акклиматизация.

10. Қолайсыз атмосфералық құбылыстарға нелер жатады?

А) фронт, циклон, пассат, муссон, батыс желдері, бриз;

Ә) қуаңшылық, нөсер жаңбыр, қалың тұман, бұрқасын;

Б) жаңбыр, қар, шық, қырау, қылау.

ҚБ: Мұғалім бағалауы

Бағасы: 2 балл

Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қалыптастырушы бағалау: Мұғалім бағалауы












Интерактивті тақта


Ортасы

Жаңа сабақ. «Видеоролик». Қарап болған соң бүгінгі сабақпен қандай байланысы бар екені сұралады, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Сұрақ-жауап

1.Жердің көп бөлігін алып жатқан қабық?

2.Гидросфера жердің қандай қабығы?

3.Гидросфераның құрамы қандай бөліктерден тұрады?

4.Гидросфераның ең көп бөлігін қандай сулар алып жатыр?

5.Неше мұхит бар?

  • Олай болса, бүгін біз сабақта қандай мақсаттарды

қарастыра аламыз?

Мұғалім оқушылардың жауаптарын нақтылайды.

ҚБ, Мадақтау. Оқушының жауаптарына қарай мадақтап, ынталандырып отырамын.

Тірек сызба арқылы қысқаша түсінік беру

Құрлық сулар


Shape2 Shape1

Беткі су

Жерасты сулары



Shape5 Shape4 Shape3

Табиғи

Жасанды

Грунт, еспе және артезиан сулары



Shape7 Shape6

Өзен, батпақ, көл, мұздық

Бөген, тоған, канал





І - тапсырма: Топтық жұмыс

1-топ. Сызбанұсқада өзен бөліктерін белгілеңдер және шаруашылықтағы маңызын түсіндіріңдер. Сызба бойынша анықтамаларды, деректерді есте сақтаңдар.

Дескриптор: - Сызбанұсқа бойынша өзен бөліктерін анықтай алады;

-Өзендердің шаруашылықтағы маңызын түсіндіреді;

- Сызба бойынша анықтамаларды, деректерді есте сақтайды.

ҚБ: өзін-өзі бағалайды.

Бағасы: 5 балл

2-топ.«Өрмекші» әдісі арқылы жерасты суларының пайда болу себептерін анықтап, таралу аудандарын,шаруашылықтағы маңызын жазыңдар.


Дескриптор:

  • Жер асты суларының пайда болу себептерін анықтайды;

  • Жер асты суларының таралу аудандарын,шаруашылықтағы маңызын жазады.

ҚБ: өзін-өзі бағалайды.

Бағасы: 5 балл

3-топ.тапсырма: «Фишбоун» әдісі арқылы постер қорғау.

1.Қазақстан көлдерін корғау

2. Мұздықтар және шаруашылықтағы маңызы

3. Қөлдерден өндірілетін табиғат ресурстарының маңызы.



.

Дескриптор:

Қазақстан көлдерін картадан көрсетеді, оларды қорғаудың жолдарын айтады

Мұздықтарды картадан көрсетеді және олардың шаруашылықтағы маңызын түсінеді

Көлдерде өндірілетін ресурстардың маңызын және экономикалық артықшылығын біледі






ҚБ: өзін-өзі бағалау

Бағасы: 5 балл

4-топ.«Суреттерді жабыстыру» арқылы минералды сулар негізінде құрылған емдеу сауықтыру орындарын анықтаңдар. Қазақстан жерінде минералды бұлақтардың көп таралуының себебі неде деп ойлайсындар?

Дескриптор

  • Минералды сулар негізінде құрылған емдеу сауықтыру орындарын анықтайды;

  • Қазақстан жерінде минералды бұлақтардың көп таралуының себебін түсіндіреді.

ҚБ:өзін-өзі бағалау

Бағасы: 5 балл


1-тапсырма. «Бірге ойлаймыз, сөйлейміз»

кестені толтыру

Көлдің атауы

Көлемі

Ерекшелігі

Пайдасы





2 тапсырма: «Сіз қаншалықты білесіз?» әдісі жұптық жұмыс.

Еліміздің ірі көлдері мен мұздықтарының гидрологиялық ерекшеліктерін талдап, картадан көрсетеді.


Shape8


Дескриптор:

Қазақстандағы ірі көлдерді атай алады.

Қазақстандағы тау мұздықтарын атайды.

Көлдермен мұздықтардын байланысын сипаттайды

Көлдері мен мұздықтардың гидрологиялық ерекшеліктерін талдап, картадан көрсетеді.

ҚБ. Мұғалім бағалайды.

3-тапсырма: Жеке жұмыс. Ішкі суларға жататын географиялық нысандарды анықтап, астын сызыңдар

Өзен

Шығанақ

Көл

Мұзтаулар

Бөген

Тоған

Теңіз

Мұхит

Сарқырама

Батпақ

Мұздық

Жерасты суы

Канал

Бұлақ

Бұғаз

Дескриптор.

Ішкі суларға жататын географиялық нысандарды біледі,көрсетеді.

ҚБ. Мұғалім бағалауы

4-тапсырма. “Түсіну“

      Географиялық диктант

  1. Арал теңізінің тартылу себебі неде?

Себебі оған құятын …………………………………. мен …………………………………. суын егіншілікке орынсыз ысырап жасау әсерінен болған.

  1. Суы таза өзендер мен көлдер не себепті азаюда?

  Себебі қалдықтар мен егін шаруашылығында пайдаланатын……………………………………………………………… адамдардың ұқыпсыздығынан суға қосылып, суы таза …………………………………………. мен …………………………………… азаюда

  1. Қазақстан аумағында……………………………………… өзеніне………………………….., Сырдария өзеніне ……………………..,

Іле өзеніне…………………………….. бөгендері салынған

Дескриптор.

- Арал теңізіне құятын өзендерді жазады

- Суы таза өзендер мен көлдердің азаюының себебін анықтайды.

- Қазақстандағы Сырдария,Іле өзендеріне салынған бөгендерді біледі.

ҚБ. Мұғалім бағалауы

Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды





Слайдта көрсетілген ресурстарды талқылайды



Видеороликтан тақырыпқа сай берілген түсініктерді дамыту арқылы, мәтіндегі тапсырмаларды орындау барысында ой өрісін жетілдіру арқылы бәсекелеседі




Слайдта берілген сұрақ жауапты орындайды

Сұрақ жауап арқылы сұраққа жауап береді, логикалық ойлай білуі мен сыни көзқарасы таныта білу дағдылары қалыптасады




























































Бағалау парақшасын толтырады.






Ашық сұрап-жауаптар

Сабақтыңсоңы


Бекіту сұрақтары. «Тілек тамшылары» әдісі арқылы жүзеге асады.Сыныпта ілініп тұрған қолшатырдағы тамшыларға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін жазады.

Рефлексия

Кері байланыс. «Тикток» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Үйге тапсырма: §19 – тақырыпты оқу, сұрақтарға жауап беру. Кескін картаға ең ірі өзендерді белгілеңдер.


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!