Материалдар / Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу, жай сөйлемдері құрмалас сөйлемге айналдырып, құрмалас сөйлем екенін ажыратады. Кестені пайдаланып, сөйлемнің құрмалас екенін дәлелдей біледі. Мәтінмен жұмыс істеу барысында тыныс белгілерін, байланысын табады. Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып, оларды салыстырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2018
2013
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

11

Күні: .11.2018ж.


Сынып 4 «В»

Мұғалім:

Сабақтың тақырыбы

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушы: Сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу, жай сөйлемдері құрмалас сөйлемге айналдырып, құрмалас сөйлем екенін ажырату.

Оқушылардың басым бөлігі: Кестені пайдаланып, сөйлемнің құрмалас екенін дәлелдей білу.

Кейбір оқушылар: Мәтінмен жұмыс істеу барысында тыныс белгілерін, байланысын табу. Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдыру, оларды салыстыру.

Бағалау критерийлері

Сөйлемнің тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жазу, жай сөйлемдері құрмалас сөйлемге айналдырып, құрмалас сөйлем екенін ажыратады.

Кестені пайдаланып, сөйлемнің құрмалас екенін дәлелдей біледі.

Мәтінмен жұмыс істеу барысында тыныс белгілерін, байланысын табады. Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып, оларды салыстырады.

Тілдік мақсаттар


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

-Жай сөйлемнің құрмалас сөйлемнен айырмашылығы неде?


Құндылықтарды дарыту

Сауатты, көркем жазуға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс


АКТ қолдану дағдылары

Мобильді телефон

Бастапқы білім

Жай сөйлем

Сабаққа жоспарланған уақыт

Сабақтағы жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин



1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік,жарық мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

3.Үй тапсырмасы 36-жаттығу. «жалғасын тап» ойыны. Құрмалас сөйлемнің бірінші жай сөйлемі берілген. Оқушылар келесі бөлігін тауып жазады, оқиды.

3.Жұмыс дәптеерлерін жинау, № 2 жұмыс дәптерлерімен ауыстыру, тарату.







Оқулық









жұмыс дәптерлері


Сабақтың ортасы

25мин














































Жаңа сабақ тақырыбен таныстырамын.

«Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері»

Оқулықпен жұмыс.

37-жаттығу. ЖЖ. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып көшіріп жаз.

Біздің сыныптың шәкірттері тәртіпті, білімді болса, ұстаз қуанады. Туған жерге туыңды тік. Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас. Мен өз елімді сүйемін. Бірлік болмай, тірлік болмас.

Кері байланыс:

*Сөйлемдердің қайсысы жай сөйлем, қайсысы құрмалас сөйлем екенін айт.

*Жазған кезде құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына қандай тыныс белгісін қойдың?

38-жаттығу. ҰЖ Сөйлемдерді құрмалас сөйлемдерге айналдырып, тиісті себетке орналастыр.

«Сиқырлы себеттер» ойыны

1.Қыс түсті. Өзен суы қатты.

-Қыс түсті де, өзеннің суы қатты.

2.Қарлыға аялдамаға келді. Меруерт күтіп тұр екен.

- Қарлыға аялдамаға келсе, Меруерт күтіп тұр екен.

3.Күн батты. Аспанда жұлдыздар шықты.

- Күн батты да, аспанда жұлдыздар шықты.

ҚОРЫТЫНДЫ: Екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлемдерді құрмалас сөйлем дейміз.

39-жаттығу. ӨЖ. Тақтамен жұмыс

Дескриптор:

1.Сөйлемдерді көшіріп жазады.

2.Сөйлем түріне ажыратады.

3.Кестені пайдаланып, ойыңды дәлелде.

Shape1

Бұл-құрмалас сөйлем,өйткені







Shape2 Shape3



Shape5 Shape4

Оның құрамынжағы жай сөйлемдер мағыналық жағынан байланысып, үтірмен ажыратылған.

Ол екі немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған



















40-жаттығу. ТЖ. «Бірін бірі оқыту » әдісі

Дескриптор:

1.Сөйлемдерді оқиды.

2.Дәлелдеу үлгісін пайдаланып, құрмалас сөйлем екенін дәлелдейді. (70-бет)

1-топ: Аспанды бұлт қаптады да, кеш ерте түсті.

2-топ:Бекен жалт қараса, келіп тұрған Кемел екен.

3-топ:Шолпан орысша сөйлеп еді, Таня қазақша жауап берді.

4-топ:Көп сөз- көмір де, аз сөз - алтын.



***Сергіту сәті***

Күн күркіреп, себелеп,

Жаңбыр жауып , басылды.

Көкжиекке керемет

Кемпірқосақ асылды.





41-жаттығу.ЖЖ. «Болжау» әдісін пайдаланып, «Саралау» тапсырмасын орындату.

Дескриптор:

1.Құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдердің арасына тиісті тыныс белгілерін қояды және оқиды.

2.Әрбір жай сөйлемнің баяндауышын табады.

3.Құрмалас сөйлемдерді жай сөйлемдерге айналдырып айтады, оларды салыстырады.

4.Ертегіні одан әрі жалғастырып айтады.



42-жаттығу. ТЖ. Мақалдардың жалғасын тап.

АКТ пайдалана отырып, мақалдардың жалғасын табады.

1.Жердің сәні-егін, Ердің сәні –білім.

2.Ел боламын десең, бесігіңді түзе.

3.Ағаш көркі жапырақ, Адам көркі шүберек.

4.Ынтымақ – оқ өтпес сауыт, Татулық тамаша сауық.


Оқулық



























Кесте

К-1.5







үлес материалдары







Суреттер







Тақта

оқулық















Кесте





Сызба











жұмыс дәптерлері





үлес материалдары

Сабақтың соңы

7 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек»әдісі арқылы өтілген сабаққа кері байланыс жүргізу.

Үйге тапсырма: 43-жаттығу. 71-бет.





Сабақ бойынша рефлексия






Саралау: Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?






Бағалау: Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?






-Қандай екі нәрсе табысты болды?



-Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?



-Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиындықтары туралы нені білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?


1.



2.



1.



2.



1.



2.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!