Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту 3ә сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту 3ә сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту 3ә сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тексерілді

Оқу-ісінің меңгерушісі Дүйсембиева А.

Пәні: математика

Мектеп: «№188 мектеп-гимназия» КММ

Мерзімі:23.01

Мұғалімнің аты-жөні:Ертаева Д.М

Сынып:3 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Тақырыбы:

Құрылымы күрделі теңдеулер. Бекіту



Оқыту мақсаттары

3.2.2.2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу;құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2; k+124:4=465 теңдеулерді шешу


Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:


Мынадай құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді біледі:

х∙ (25:5)=60;

(24∙3):х=6;

х: (17∙2)=2;

k+124 : 4 = 465


Бірқатар оқушылар:


-теңдеуді жеңілдету жолдарын түсіндіруді, құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалдарын біледі.


Кейбір оқушылар:

Сол және оң жағы күрделендірілген теңдеулерді шешеді


Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіруді, сол жақ бөлігін жеңілдету, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

-көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер, құрылымы күрделі теңдеулер.


Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл:

Талқылау:

Теңдеу күрделі болса не істеу керек?

«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?

Күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?

Құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалын көрсет.


Жазу:


Теңдеудің шешімін жаз және оны тексер.


Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту мен бөлуге берілген қарапайым теңдеулер.


Жоспар


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Қоры




0-3 мин





Ынталандыру.

Музыка туралы әңгіме.

Педагог әртүрлі жанрлардан үзінділер қояды да, балалардан бұл шығармалар туралы білетіндерін сұрайды.

Музыка жанры деген не?

Жанр дегеніміз –нақты бір музыкаға қатысты ерекше үлгі. Оның орындалуының, арналуының, пішіні мен мазмұн сипаттамасының нақты шарты бар.

Мысалы, бесік жырының нақты мақсаты – баланы тыныштандыру, сондықтан оған «тербетіліс» екпіні мен ырғақ мәнері тән; маршқа – нақты адымдарға үйлестірілген мызыканың барлық мәнері тән.

Музыка жанрлары қандай болады?

Жанрларды топтастырудың ең қарапайым жолы –орындау амалымен жүреді.

Бұл үлкен екі топ: аспапты (марш, вальс, этюд, соната, фуга, симфония) вокалды жанрлар (ария, жыр, романс, кантата, опера, мюзикл). Жанрлардың басқа типологиясы орындау мәнерімен байланысты.

Ол А.Сохорға тиесілі. Ғалым музыка жанрлары: салт жырлары және діни (псальма, месса, реквием) болатынын айтады. Оларға жалпыланған образдар, хормен айту, хормен басталу үстемдігі мен көптеген тыңдарманның біркелкі көңіл күйі тән;

жаппай-тұрмыстық жанрлар (әндер мен марштардың, билердің түрлері: полька, вальс, регтайм, баллада, әнұран) –қарапайым түрімен және әдеткі екпінімен ерекшеленеді; концерттік жанрларға (оротория, соната, квартет, симфония) – концерттік залда орындалу, автордың өзіндік пікірі мен лирикалық дыбыс тән; театр жанры (мюзикл, опера, балет) – әрекетті, сюжет пен декорацияны талап етеді.

Сонымен қатар жанрдың өзі өзге жанрларға бөлінуі мүмкін.

Сонымен, опера-seria («маңызды» опера) және опера-buffa(күлдіргі) жанр түрлері.

Сондай-ақ операның жаңа жанрлар туғызатын тағы да бірнеше түрлері бар (лирикалық опера, эпикалық опера, оперетта және т.б.)

Бірақ балалар мектепте негізінен үш танымал түрін өтеді: ән, би, марш.




4-6 мин



Белсендіру.

Музыка өнерінің үлкен мерекесіне бағдарлама құрады. №1 тапсырманы орындауды ұсынады. Өрнекті шығарып, концертте қанша ән, би мен марш қойылатынын біл.

Балалар өрнекті бірнеше жолмен шешеді. Оларды амалдар компоненттерінің атауларын пайдалана отырып оқып береді.

Содан кейін құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалдарын тағы да бір рет қайталаңдар.

Құрылымы күрделі теңдеуді шешу алгоритмі

1.Амалдарды орындалу ретімен қой.

2. Соңғы амалды қорша.

3. Соңғы амалдың компоненттерін ерекшеле.

4. Белгісіз компонентті анықта.

5. Оны ереже бойынша тап.

6. Теңдеуді ықшамда.

7. Теңдеудің түбірін тап.

8.Теңдеуді тексер

Оқулық, дәптер.



7-11 мин



Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Педагог балаларға сабақта теңдеуді шешуді және қалдықпен бөлуді қалай меңгергендерін анықтауды ұсынады.

Жұмыстың жоспарын сабақ барысында талқылайды.

- Сендердің не үйренгендеріңді білу үшін не істеу қажет?

- Өздеріңнің жіберген кемшіліктерің мен қателеріңді анықтағаннан кейін, ары қарай жұмысты қалай жүргізуге болады?









12-29 мин



Өздік жұмыс

2, 3теңдеулер мен есептерді шешуге берілген. Өзін-өзі тексерумен орындалады. Дайындығы жоғары оқушылар шығармашылық деңгейдің тапсырмасын орындайды.

Қиындықтарды түзету

Педагог дұрыс орындағанын тексереді.

Кімде қиындықтар туындады?

Қай жерде қате жібердіңдер?

Жіберілген қатенің себебі не?

Өздік жұмысты қиындықсыз жасаған оқушылар, өз іс-әрекеттеріңнің мақсатын ұйымдастырыңдар.

(Қосымша тапсырмаларды орындау).

Есепті қиындықпен шығарған балалардың ары қарайғы жұмыс барысындағы мақсаттары қандай?

(Қателерді түзету).

Қатені түзеу амалдарын қолданамыз.

Әркім өзінің есебін айтады.

Дәптер, оқулық





30-35 мин



Өткенмен жұмыс.

Педагог баланың деңгейіне қарай жеке тапсырма береді.

7 тапсырма есепті теңдеудің көмегімен шығару дағдыларын қайталауға арналған. Шешкенге дейін х үшін не алу керектігін нақтылауға болады (х үшін табу керек ізделінді санды алады).

8 тапсырма. Кәмила сауалнама жүргізді. Оған 100 оқушы қатысты. Диаграмманы оқы. Өз сыныбыңда осыған ұқсас зерттеу жүргіз. Алынған мәліметтерді диаграммаға жаз.

Бұндай жұмыстарды жүргізу үшін алдын ала дайындық қажет. Түрлі түсті стикерлер дайындаңдар.

Балалар өздерінің сикерлерін сәйкес келетін жазудың астына бекітеді. Әрбір топ тақтаға бір «санағыштарын» жібере отырып, есептеуді өз беттерімен жүргізе алады. Өзгелер бұл кезде диаграммаға арнап шкала жасайды. Бағаналарды қандай түспен бояу керек екенін шешеді.

Диаграммалардың презентациясы топтар бойынша жүргізіледі. Топтарға осыған ұқсас, әдебиет пен кескіндеменің артықшылықтарын зерделей отырып, тапсырма беру арқылы жұмысты түрлендіруге болады.

Өздік жұмыс.

Педагог бағалау критерийлері бойынша дәптерде орындайтын есептер ұсынады.

Теңдеулерді шеш. Тексер.

х: (15∙2)=3 с∙(5∙2)=540

Мен:

  • күрделі құрылымды теңдеуді жеңілдетуді;

  • теңдеудің түбірін табуды;

  • кестеден тыс жағдайда көбейту мен бөлу амалдарын ауызша орындауды;

  • тексеруді орындай аламын.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум текшесі.

Оқулық, дәптер.


35-40 мин



Рефлексия.

Балалардың жеке қиыншылығын ескере отырып, үйге берілетін тапсырманы анықтайды.

Сабақтың басында біз алдымызға қандай мақсаттар қойдық?

Осы мақсаттарыңызға жете алдыңыздар ма?

Қиындықтуындадыма?

Солқиындықтардыжеңеалдыңыз ба?

Бүгінгісабақнесіменқызықтыболды?

Өз жұмысын жетістік жолағымен бағалауды ұсынады.

Жетістіктер жолағы.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.01.2019
7109
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі