Материалдар / Құрылыс Адилан
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Құрылыс Адилан

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтарды қайталау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2020
189
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ
Бас мүфти
Ержан қажы Малғажыұлының
бастамасымен

ДІН МЕН ДӘСТҮР
Тал бесіктен жер бесікке дейін

ІІ кітап

Алматы, 2017

ӘОЖ 28
КБЖ 86.38

Д 91

Қазақстан Республикасы
Дін істері комитетінің дінтану сараптамасының
оң қорытындысы берілген
Баспаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Ғұламалар кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Тарих ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев
атындағы ЕҰУ-нің профессоры
Ж.О.Артықбаев
Тарих ғылымдарының докторы, профессор
Әбдеш Төлеубай
Редакция алқасы:
Е.М.Маямеров, С.С.Ораз, Н.Т.Өтпенов, Ғ.Ж.Мәжиев, М.Х.Алсабеков,
Ш.Т.Керім, Е.А.Оңғаров, З.Ж.Оразбаев, А.Ш.Сманов,
С.С.Сейітбеков, Б.Б.Мансұров, С.Қ.Шоқанов, А.Ш.Әділбаев,
М.И.Пәттеев, С.З.Ибадуллаев, М.Б.Исахан, Е.Б.Әміре.
Баспаға дайындағандар:
С.З.Ибадуллаев, Е.А.Оңғаров.

Д 91 «Дін мен дәстүр» ІІ кітап (тал бесіктен жер бесікке дейін).
Астана, 2017 – 176 бет
ISBN 978-601-7926-15-1
ІІ кітап. - 176 б.
Дін мен дәстүр – егіз ұғым. Осы кітапта қазақы әдетғұрыптардың басым бөлігінің имани ұстанымнан алынғандығы,
дәстүр мен діннің біте қайнасып бөлінбес дүниеге айналғандығы
туралы баяндалады. Кітап исламтанушы, дінтанушы, теолог мамандармен қатар жалпы ізгі ниетті оқырман қауымға арналады.
ӘОЖ 28
КБЖ 86.38
ISBN 978-601-7926-15-1
© Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, 2017

Алғысөз
Қадірлі оқырман!
2013 жылы «Дін мен дәстүр» кітабын шығарып,
тұсауын кескен кезде, бір топ жазушы, ғалым,
дін мен дәстүріміздің жанашыр азаматтары: «Бұл
бастамаларыңыз өте орынды. Енді осы кітаптың
екіншісін шығарсаңыздар оңды іс болар еді», – деп
тілек білдірген. Сонда зиялы қауым өкілдерінің бұл
өтінішін орындауға уәде еткенбіз. Міне, Құдай қолдап,
қолыңызға «Дін мен дәстүрдің» екінші кітабы тиді.
Аллаға шүкір, қазақ халқы әлмисақтан мұсылман.
Өзінің ғасырдан ғасырға жалғасқан Хақты тану
дағдысы бар. Халқымыз осы қасиетінен айырылмай,
діні мен дәстүрін үйлестіріп, Құдайға құлшылығын жасап, дархан мінезінен танбай келеді. Жақсылыққа жаны
жақын жұрттың қашан да өмірі сәулелі болмақ.
Иә, біздің салт-дәстүріміз тәрбие мен тағылымға,
ізгілік пен адамгершілік құндылықтарға тұнып тұр.
Халқымыздың күнделікті тұрмысында әдетке айналып кеткен әдеп-ғұрыптардың астарына үңілсек,
шариғаттың бір талабы тұрғанын байқаймыз. Сәби
дүние есігін ашқанда құлағына азан шақырып ат қою,
ақиқа құрбандығын шалып, келінге қалжа жегізу, баланы қырқынан шығару, шілдехана-бесік той жасау, тұсау
кесу, сүндет той, атқа мінгізу, тоқымқағар, тілашар,
т.б. жоралғылар – Исламда бар рәсімдер немесе асыл
дініміз құптаған игі амалдар.
Жоралы жұртымызда сәби туылғанда осынау
қуанышты хабарды ағайын-тумаға жеткізушілердің
сүйінші сұрайтын дәстүрі бар. Ал қасиетті кітабымыз
Құран Кәрімде дүниеге келген нәресте үшін сүйінші
сұрау көрініс тапқан. Алла Тағала Зәкәрия (ғ.с.)
пайғамбарды сәбимен сүйіншілегені туралы былай
3

Дін мен дәстүр

дейді: «Ол михрабта намаз оқып тұрған сәтте оған
періштелер: «Расында, Алла сені Жақиямен (Яхиямен)
қуандырады», – деп дауыстады» («Әли-Имран» сүресі,
39-аят). «Ей, Зәкәрия! Расында, сені Жақия атты бір
ұлмен қуантамыз (сүйіншілейміз). Біз бұрын мұндай
атты ешкімге қоймаған едік» («Мәриям» сүресі, 7-аят).
Алты тараудан тұратын кітапта балалық шақ,
бала тәрбиесі, жігіттік шақ, отбасы салттары, діни
ғұрыптар, дінге қатысты салттар, дүниеден өтуге
қатысты салттар туралы баяндалады. Біз бұл кітаппен
қазақ қоғамына жаңалық ашып жатқан жоқпыз. Бар
болғаны, кезінде бабаларымыз қалыптастырып кеткен, кейіннен көмескі тарта бастаған салт-дәстүрімізді
жаңғыртып, дінмен үйлесім тапқан әдет-ғұрпымызды
жамағатқа кеңінен насихаттау. Мақсатымыз – ұлттық
табиғатымызбен сабақтас шариғаттағы мәзһабымыз бен
танымдық мектебімізді тұғырлап, асыл дүниелерімізді,
жауһарларымызды жарыққа шығару, үзілгенімізді
жалғап, жоғалтқанымызды түгендеу, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіру.
Дін мұраттарын қалың бұқараға ұғынықты етіп
жеткізу үшін де алдымен қазақтың тілі мен тарихын,
мәдениеті мен әдебиетін жетік білу қажет. Имамдар
мен уағызшыларымызға осындай талап қойылады.
Сонымен қатар, ұлттық таным мен әдет-ғұрыптардың
мұсылманшылықпен сабақтастығын саралап көрсететін
сүбелі еңбектер де жазылуы керек. Қолыңыздағы кітап
сондай игі бастаманың жалғасы деп атар едім.
Бұл туынды дінін ұстанып, дәстүрін ардақтаған
жұртымыз үшін пайдалы еңбек болады деген үміттемін.
Алла қаласа, дін мен дүние ісінде жастарға жол сілтеуші
құнды кітапқа айналады деген ниеттемін. Сонымен
қатар, дін төңірегіндегі сұрақтарға «Дін мен дәстүр»
4

Дін мен дәстүр

(тал бесіктен жер бесікке дейін) жауап бере алады деп
санаймын.
Алла Тағала елімізге бақ-береке нәсіп етіп,
жұртымызға жақсылығын жаудырғай! Әумин!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти

5

Кіріспе

ِ ‫بِس ِم‬
‫الل الر ْح َم ِن الر ِح ِيم‬
ْ
َّ
َّ ّٰ‫ه‬

ِ ِ‫لل‬
ِ
ِ
ِ
‫ين َو َع َلى ِآل ِه‬
َ ‫السالَ ُم َع َلي أَ ْش َرف ا ْل ُم ْر َسل‬
َ ‫ا ْل َح ْم ُد هّٰ َر ِّب ا ْل َعا َلم‬
َّ ‫الصالَ ُة َو‬
َّ ‫ َو‬،‫ين‬
ِ
ِ
‫ين‬
َ ‫َوأَ ْص َحابِه أَ ْج َمع‬
Аса мейірімді, Мейірбан Алланың
атымен бастаймын.
Барлық мадақ әлемдердің Иесі Аллаға тән.
Салауат пен сәлем елшілердің төресіне,
оның әулеті мен сахабаларына болсын.

Ұлтты діннен бөліп қарауға болмайды. Кейбіреулер
қазақ тіліне еніп, төлтумасына айналған ұғымдар мен
сөздерді мұның түбі арабтікі, сондықтан түпкі негізіне
қайтарып, сол күйінде жазу қажет. Соған басымдық
беру керек деп жатады. Бір қарағанда, мұның өзі бір
жағынан білімпаздық болып көрінгенмен, әсілінде, Исламды қазақтан алшақтатын тәсіл.
Бұрын қазақтың тілі мен дәстүрін әсіресе, одан мүлде
бейхабар, мәдениеті басқаша қалыптасқан жандарға
үйрету керектігі өзекті болса, қазірде қазаққа бірден-бір
жанашыр деген дін ғалымдары мен қызметкерлерінің
өзін қазақтың дәстүрі мен тіліне үйрету қажеттігі туындап отыр. Оның екі себебі бар: біріншіден – олардың
көпшілігі дінді жеткілікті деңгейде игергенімен, өзінің
салт-дәстүрі мен мәдениетінен, тілінен бейхабар болып
жататын жағдайы бар; екіншіден – қазақтың мәдениеті
мен дәстүрін, тарихын, мемлекеттігін жоққа шығарып
жүргендердің негізі өзге елдің мәдениетімен уланғандар
болса, қазірде ондай адамдар дін оқығандардың арасында да бой көрсетіп қалуда. Себебі, олардың дені дінді
6

Дін мен дәстүр

шет елде үйреніп, өмірлік көзқарастары мен ғылыми
пікірлері сол жақта қалыптасқандықтан, көп жағдайда
өз ұлтының ұлттық болмысы мен мәдениетінен, мол
тілдік мұрасы мен әдет-ғұрыптарынан бейхабар қалып
жататыны бар. Ал, осы олқылықтың орнын «есесіне,
мен дінді жақсы білемін» деген максималистік ой
басады. Ал, негізінде, өзінің ұлтына, еліне деген
менсінбеушілік, өткеніне өштікпен қарап, болашағына
сенбеудің арты жақсылыққа апармайды.
Тәуелсіздік таңы атқан соң өткенімізді еске түсіріп,
жоғымызды түгендеп, етек-жеңімізді жинап, енді ел боламыз ба деп жатқанда, ұлтты алға бастайды деп үміт
артқан, имандылықты ту еткен жас буынның кейбірінің
кешегі қазақылығын мансұқтап, өзге елден үйренген
кейбір діни дәстүрлерді таңсық көріп, талғамсыз ала
беруі жанға батады, қабырғаны қайыстырады.
Қазірде көзі қарақты саналы діндарлар мәселенің
бұлай дамуының қатерлі екендігін ұғынды. Қазақтың
ешқашан да араб болмайтындығын білді. «Пәлен
жерде алтын бар, барсаң бөдене де жоқ» демекші, ең
асыл құндылық – иман, дінді жалау етіп, халықтың
мәдениетін мансұқтау ұлттың тамырына балта шабумен тең.
Ұлтымыздың басқа ұлттардан өзіндік ерекшелігі
бар екендігін, туыстан да, елден де асып, ешқайда
бармайтындығын сезінді. Әрі мұның шариғатқа, дін
талаптарына қайшы емес, жымдасып жататындығына
көз жеткізді. Осы тұрғыда бұрынғы ғасырларда ғұмыр
кешкен қазақтан шыққан діни сауатты кісілер мен
қайраткерлердің даналығына бас иіп, солар салған
таптаурын сүрлеудің ізін тапты. Сөйтсе, әрбір істің
мәніне толық қанық болған ата-бабаларымыз ұлттық
құндылықтарымызды Ислам мұраттарымен астарлас7

Дін мен дәстүр

тырып, қиюын келістіріпті. Соның арқасында қазақ
қазақ болып сақталып келеді екен.
Қазақтың салт-санасын хал-қадерінше зерттеп, зерделеген ғалым Жағда Бабалықұлы бір сөзінде «Саясат
жерге көмген тарихты ғылым қайта ашып алады» дейді.
Расында да, талай зұлматты замандарда ұмытылуға шақ
қалған рухани құндылықтарымыз қазір де өз ретімен
жаңғырып жатыр.
Енді осы діни-имани танымымызбен тарамданған
ұлттық құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа аманаттап тапсыру – бәріміздің міндетіміз. Құрметті Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бір сөзінде былай деген еді: «Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде
оларға жастайынан имандылық пен салауаттылық
қасиеттерді сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухы
дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын
азамат өсіре аламыз».
Ендеше, қолыңыздағы «Дін мен дәстүр» атты
кітаптың екінші бөлімі осы ізгі міндеттің үдесінен
шығуды көздейді. Жаратқан Иеміз жар болсын!

8

І Тарау

Балалық шақ

9

Азан шақырып ат қою
Халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан
сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен
салт-жоралғысы бар. Мәселен, азан шақырып, ат қояр
кезде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен
азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің атаанасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады. Жақынжұрағат жиналып, ат қоятын адам сәбиді қолына алып,
«Аллаһу әкбар» деп азан шақырып, сәбидің оң құлағына
есімін үш рет қайталап айтады. Бұл баланың есінде сол
есім қалсын, құлағына сіңсін деген ниетпен жасалады. Сондықтан азан шақырып, ат қою қазақ халқының
мұсылмандық жоралғысының қалыпты қағидаларының
бірі болған. Әкесі өзі азан шақыра алмайтын болса,
имам-молдаларды шақырып, баланың басын құбылаға
қаратып, оң құлағына азанын айтып, ата-анасы таңдап
қойған есімді «мұның аты пәленше ..., сенің атың
пәленше ...» деп, үш мәрте айқайлап айтатын болған.
Рәсім аяқталған соң дұға оқылып, қатысқан
туысқандары нәрестеге, оның ата-анасы мен
туысқандарына ақ тілектерін айтып, үлкендер батасын берген. Міне, осы салт бойынша, ат қою рәсіміне
жиналғандардың ішінен біреуі қазанның құлағын
даңғырлата қағып, балаға қойылған атты үш рет
қайталап, жұртқа жария ететін болған. Ат қою рәсімі
аяқталған соң, ат қоюшы ата-ананың қалауымен
сәбидің бетін ашып, көпшілікке көрсетеді. Бұл аты
қойылған баланың елімен алғашқы жүздесуі деп есептелген. Міне, осындай әрбір іс-амалын, асылын дінімен
астастыра білген халқымыздың тілінде «азан шақырып
қойған аты» деген тіркес кең тараған.
10

Балалық шақ

Ал Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың
құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Яғни,
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) құп көріп жасаған ізгі істерінің бірі. Шариғат
бойынша нәрестенің оң құлағына азан, сол құлағына
қамат айтылады. Имам Әбу Дәуіт пен имам Термези
келтірген хадисте:

ِ ‫ِيه قال « رأَيت رسول‬
ِ ِ
ِ ‫الل ب ِن أَبِى ر ِاف ٍع عن أَب‬
‫اللُ َع َلي ِه‬
‫صلى‬- ‫الل‬
ْ َ
ْ ّٰ‫َع ْن ُع َب ْيد ه‬
َ
ْ ّٰ‫َ َ َ ْ ُ َ ُ َ هّٰ َ َّ ه‬
ِ
ِ
ِ
ِ
ِ
» ‫ِالصالَ ِة‬
َ ‫ ح‬- ‫ أَ َّذ َن فى أُ ُذن ا ْل َح َس ِن ْب ِن َعل ٍ ّى‬-‫َو َس َّل َم‬
َّ ‫ ب‬- ‫ين َو َل َد ْت ُه َفاط َم ُة‬

«Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) қызы Фатима Әлиұлы Хасанды босанған
кезінде оның құлағына намазға азан айтқандай азан
айтқан»1. Сондай-ақ тағы бір хадисте:

ِ ‫«من و ِل َد َله َفأَ َّذ َن ِفي أُ ُذ ِن ِه ا ْليم َنى وأَ َقام ِفي أُذ ِن ِه اليسرى لم تضره أُم‬
ِ ‫الصبي‬
»‫ان‬
ُ ُ ْ َ
َ َ ُْ
َ ْ ّ ُّ ُ َّ ُ َ ْ َ َ ْ ُ ْ ُ

«Кімнің баласы туылғанда, оның оң құлағына азан
айтып, сол құлағына қамат айтса, ол нәрестеге «умму
сибян» (сәбиді ауру ететін жел немесе жынның кесірі)
әсер етпейтін болады»2 – деп айтылған.
Ислам шариғатында жаңа туылған баланың
құлағына азан шақырудың тағы бір мән-мағынасы –
оның бойына иман сөзін жастайынан сіңіру. Өйткені
азан мәтінінде адам баласының Алла Тағалаға деген
сенімі мен мұсылмандығын айғақтайтын куәлік сөздер
қамтылған. Яғни «Әшһәду ән лә иләһә илла алла уә
әшһәду әннә Мухаммадан абдуһу уа расулуһу» калима
шаһадат сөзі мен «Лә иләһә илла алла» калима таухид
сөздері келтірілген. Бұл сөздер мұсылманның шыр етіп
Әбу Дәуіт Сүлейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани. Сүнән
Әби Дәуіт. – Дәр әл-китаб әл-арабия-Бейрут. IV том, 488-бет.
2
Ахмад ибн Али ибн әл-Муснад Әбу Яғла әл-Мусили әтТәмими. Мүснәд Әби Яғла. Баспаға әзірлеген Хусейн Сәлим
Әсәд. – Димашқ, 1984. ХІІ том, 150-бет. № 6780 хадис.
1

11

Дін мен дәстүр

дүние есігін ашқандағы еститін алғашқы да сөзі әрі
дүниеден өтер сәтінде оған айтылатын соңғы да сөзі
болып табылады. Нәрестенің құлағына айтылған азан
сөздері оның жүрегіне жетіп, иманды ұрпақ болып
өседі.
Мұнымен қоса азан айтудың тағы бір сыры – азан
сөздерінен шайтанның ат-тонын ала қашатынында.
Өйткені ол нәрестені туылғанша бақылайды. Әрбір
пенденің жанында қосақ-шайтаны (қарин) болады. Ал
шайтан малғұн азанның дауысын естіген кезде құты
қашып, жөнеліп кетеді.
«Азан шақырып, ат қою» жоралғысын сәби
туылғаннан кейін жетінші күні жасаған жөн. Қандай
да бір себеппен сәби кезінде құлағына азан айтылмаған
кісінің құлағына өсе келе азан шақырудың да зияны жоқ. Бірақ оның мәні мен маңызы туылған кезде
шақырылғандай болмайды.
Ат қою мәдениеті (мұсылманша
есімдер мен тыйымдар)
Сәбиге есім қоюға қатысты әр ұлттың өзіне тән
мәдениеті, дәстүрі қалыптасқан. Сол секілді қазақ
халқының да есім беруде ұстанатын өзіндік қағидалары
болған. Баһадүр батырларға ұқсасын деген ниетпен ер
жүрек батырлардың есімдерін берсе, кейде болашақта
елге елеулі азамат атансын, өскенде дана, ғалым болсын
деп, кемеңгер ғалымдардың аттарын қоятын. Дегенмен
ат таңдауда мынадай талаптарды ескерген жөн:
1. Туылған сәбиге қашан ат қойылады?
Шариғат жолы бойынша нәресте дүние есігін
ашқаннан кейін жақсы есім қою – ата-ананың бала
алдындағы міндеті. Көпшілік ата-ана нәресте дүниеге
келмей тұрып, «ұл болса, пәленше», «қыз болса,
пәленше қоямыз» деп есімін таңдап жатады, негізінде,
12

Балалық шақ

ең дұрыс пікір бойынша және Пайғамбарымыздың
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне
сай нәрестенің аты туылғаннан кейін бірнеше күн өткен
соң қойылады.
Сахаба Әнас ибн Мәліктен (р.а.) жеткен хадисте «..нәрестеге туылғаннан үш күн өткен соң ат
қойылады» делінсе, Сумраның келтірген дерек көзінде
«...жетінші күні қойылады» деп айтылған.
Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сахабаларының балаларына
есімдерін туылған күні қойғандығы жайында да риуаяттар бар. Мысалы, Әбу Мұсадан (р.а.) жеткен риуаятта
ол өзінің ұлы туылғанда оны Пайғамбарымызға (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып барады,
сонда Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) оның атын Ибраһим деп қойып, таңдайын
құрмамен сүртеді. Мұнымен қоса, Әбу Усәйд (р.а.)
деген сахабаның ұлы туылып, оны Пайғамбарымызға
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) алып
барғанда оның атын Мунзир деп қойған.
Имам Мүслімнің «Сахих хадистер» жинағында
Әнестен (р.а.) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бүгін менің
ұлым туылды. Мен оны атамның атымен Ибраһим деп
атадым», – деген.
Дегенмен бұрынғы өткен пайғамбарлардың
ішінде Зәкәрия (ғ.с.) пайғамбардың ұлы туылмастан
бұрын алдын-ала сүйіншіленген болатын. Ұзақ уақыт
перзентсіздік зарын тартқан Зәкәрия пайғамбарға (ғ.с.)
ерекше сүйіншілеу болатын бұл. Құран Кәрімде бұл
жайында былай делінген:

‫﴿يا َز َكرِ َّيا إ َِّنا نُب ِ ّشر َك ب ُِغلاَ ٍم ْاس ُم ُه َي ْحيى َلم َن ْج َع ْل َل ُه‬
ّٰ‫َق َال ه‬
َ :‫اللُ َت َعا َلى‬
ْ َ
ُ َ
﴾‫ِم ْن َقب ُل َس ِمي ًا‬
ْ
ّ
13

Дін мен дәстүр

«Уа, Зәкәрия! Біз сені Жақия (Яхия) деген ұлмен
қуантамыз! Біз бұрын оған ешкімді аттас қылмап
едік!» («Мариям» сүресі, 7-аят).
2. Нәрестеге ат қоюға кім құқылы әрі лайықты?
Балаға ат қоюға ең бірінші кезекте құқылы – атаанасы. Егер олар ортақ бір шешімге келе алмаса,
әкенің құқығы жоғары тұрады. Сондықтан әкесі қаласа
сәбидің атын өзі қояды немесе жұбайына ұсынады.
Қаласа, екеуі өзара жеребе тастау арқылы бұл мәселені
шеше алады.
Баланың атын қоюға оның әкесі лайық екендігіне
кез келген адамның аты оның әкесінің атымен (мысалы, Төлегенұлы Айбар деген сияқты) қосарланып
айтылатындығы дәлел болады. Бұл жайында Құран
Кәрімде Алла Тағала былай дейді:

ِ ّٰ‫ط ِعند ه‬
﴾‫الل‬
ّٰ‫َق َال ه‬
َ ْ ُ ‫وه ْم آِل َب ِائهِ ْم ُه َو أَ ْق َس‬
ْ :‫اللُ َت َعا َلى‬
ُ ‫﴿اد ُع‬

«Оларды (яғни, асыранды балаларды) әкелерінің
аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең
әділі – сол» («Ахзаб» сүресі, 5-аят).
Мұндағы аятта асыранды балаларға қатысты
айтылғанмен, жалпы мағынада балалардың аттары өзінің әкесінің атымен қосылып айтылуы ең әділ
ұстаным екендігін білдіріп тұр.
Сондай-ақ, ақыретте де барша адам баласы өзінің
әкесінің атымен шақырылады екен. Бұған қатысты Әбу
Дәрдадан (р.а.) жеткізілген хадисте Алланың елшісі
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

ِ ّٰ‫ول ه‬
‫ «إ َِّن ُكم ُت ْد َع ْو َن‬:‫اللُ َع َلي ِه َو َس َّلم‬
‫الل َص َّلى‬
ُ ‫الد ْر َد ِاء َق َال َق َال َر ُس‬
َّ ‫َع ْن أَبِي‬
ْ
َ
ْ ّٰ‫ه‬
ِ ‫القيام ِة ِبأَسم ِائ ُكم وأَسم‬
ِ
‫ َر َو ُاه أَ ُبو َد ُاو َد ِفي‬.»‫اء َآب ِائ ُكم َف َح ِّسنُو ْا أَ ْس َم َاء ُكم‬
َ ْ َ ْ َ ْ َ َ ‫َي ْو َم‬
ْ
ْ
.‫الس َن ِن ِبإ ِْس َن ٍاد َجي ٍِد‬
ُّ
ّ
14

Балалық шақ

«Сендер Қиямет күні өздеріңнің есімдеріңмен және
әкелеріңнің есімдерімен шақырыласыңдар, сондықтан
да есімдеріңді жақсартыңдар», – деген3. Сондықтан
баланың атын таңдап қоюға ең бірінші оның әкесі
лайықты.
Дей тұрғанмен, әке-шешесі баланың атын қоюға
басқаларға рұқсат бере алады. Мысалы, атасына,
әжесіне немесе әулеттегі құрметті ақсақалға, яки болмаса танымал тұлғаға т.б. Әрдайым үлкендерді құрметтеп
тұратын қазақы салт-дәстүр бойынша баланың атын
көбіне ата-әжелер қойып жатады. Осы тұрғыдан
алғанда, бұл – дұрыс дәстүр. Сондай-ақ, жоғарыда
айтып өткеніміздей, баланың атын аса қадірлі, тақуа,
ізгі жандарға, ғалымдарға қойдырған жөн. Көптеген
сахабаның балаларының аттарын Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қойған.
Мысалы, «Ұлыңның атын Абдуррахман деп қой», «Абдулла деп ата» деген секілді хадистер көп.
3. Есім таңдауда атына сай болу үшін жағымды,
ұнамды (көркем) есімдер таңдау, жағымсыз
есімдерді қоймау
а) Жағымды есімдер
Баланың есімі оның өмірлік жолдасы болғандықтан,
ат қойғанда, көркем, мән-мағынасы жоғары, жақсы
есімдерді таңдап қою керек. Ардақты Пайғамбарымыз
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) есімдердің
ішінде әдемі һәм мағыналы есімдерді жақсы көретін.
Әбу Уаһб әл-Жашмиден жеткен хадисте Алланың
елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген:
Әбу Дәуіт Сулейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани. Сүнән Әби
Дәуіт. – Дәр әл-китаб әл-арабия, Бейрут. IV том, 442-бет. №
4950 хадис.

3

15

Дін мен дәстүр

ِ ‫«تسموا ِبأَسم‬
ِ ّٰ‫ول ه‬
ِ
‫اء‬
ُ ‫َع ْن أَبِي َو ْه ٍب ا ْل َج ْش ِم ِي َق َال َر ُس‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
ُّ َ َ :‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم‬
َ ْ
ّ
ِ
ِ ‫األَ ْنبِي‬
ِ
ِ
‫ث‬
‫اء َوأَ َح ُّب األَسماء ِإلى الل عبد الل وعبد‬
ٌ ِ‫الر ْح َم ِن َوأَ ْص َد ُق َها َحار‬
َ
َّ ُ ْ َ َ ّٰ‫ْ َ َ هّٰ َ ْ ُ ه‬
َ
.»ٌ‫ب َو ُمرة‬
ٌ ‫ام َوأ ْق َب ُح َها َح ْر‬
ٌ ‫َو َه َّم‬
َّ

«(Балаларыңа)
Пайғамбарлардың
есімдерін
қойыңдар, әрі есімдердің Аллаға ең сүйіктісі – Абдулла («Алланың құлы»), Абдуррахман («Рахманның
құлы»), ең шынайысы – Харис («Диқан»), Һәммәм
(«Қайратты»), ал ең жағымсызы – Харб («Соғыс»)
және Мурра («Ащы, ауыр, қайғылы»)»4.
Жоғарыдағы хадисте айтылғандай, Абдулла және
Абдуррахман – Жаратқанның құзырында ең сүйкімді
есімдер. Осы тұста айта кететін бір жайт, Алла
Тағаланың 99 көркем есімі бар. Оның қай-қайсы да
ең жақсы есімдердің қатарына жатады. Алайда бұл
есімдерді қояр кезде арабша «абдун» деген қосымшасын
тіркеп қою керек. Мысалы, Раззақ – Абдурраззақ, Саттар – Абдуссаттар т.б. Міне, осы көркем есімді білген
дана бабаларымыз балаларының аттарын қазақшалап,
Әбдіразақ, Әбдісәттар деп қоятын болған.
Мұнымен қоса қазақи дәстүріміздегі есім қою
әдетінің де өзіндік үлкен тәрбиелік мәні бар. Мәселен,
тарихта өткен би-шешендеріміз бен дана бабаларымызға
ұқсасын деп, Наурызбай, Төлеби, Абай, Шоқан, Ахмет және қазіргі күніміздегі Нұрсұлтан сынды есімдер
жақсы дәстүрдің нышаны деп айтуға болады.
ә) Жағымсыз есімдер
Бала есімінің өсе келе өз ортасына, тума-туыстары мен ата-анасына да әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан
қай халық болмасын мағыналы, жақсы есімдерді
Мұхаммад ибн Исмайл Әбу Абдулла әл-Бұхари әл-Жуғфи.
әл-Әдәбу әл-Муфрад. Баспаға әзірлеген Мухаммад Фуад
Абдулбақи. – Бейрут, 1989, І том, 284-бет. № 814 хадис.

4

16

Балалық шақ

таңдап отырған. Ал баланың жағымсыз есімінің жаман жағынан әсер ететіндігі айтпаса да түсінікті.
Міне, Ислам шариғаты бұған аса мән берген. Алланың
елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
жаман есімді ұнатпайтын. Ол (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) жаман, жағымсыз есімді кесірдің
басы деп есептейтін. Тіпті, жағымсыз атаулы жерлерге қонбайтын. Имам Мәлік «әл-Муатта» атты хадистер
кітабында мынадай хадис келтірген.

ِ ّٰ‫ول ه‬
ِ ِ
ِ
ِ
‫«م ْن َي ْح ِل ُب‬
َ ‫ط ِأ أَ َّن َر ُس‬
َّ ‫الم َو‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ :‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم َق َال لل ُق َّحة‬
ُ ‫َوفي‬
ِ ّٰ‫ول ه‬
ِ
ِِ
،»‫«ما ْاس ُم َك؟‬
ُ ‫ام َر ُج ٌل َف َق َال َر ُس‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ :‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم‬
َ ‫ َف َق‬،»‫َهذه؟‬
ِ ‫ فقال له رسول‬، ‫ مرة‬:‫فقال له الرجل‬
ِ :‫الل ع َلي ِه وس َّلم‬
‫ ثُم‬،»‫«ا ْج ِل ْس‬
‫الل صلى‬
َ َ َ ْ َ ُ ّٰ‫َ َ َ َ ُ َّ ُ ُ ُ َّ ٌ َ َ َ َ ُ َ ُ ُ هّٰ َ َّ ه‬
َّ
ِ ‫ فقام رجل آخر فقال له رسول‬،»‫ «من يح ِلب ه ِذ ِه؟‬:‫َق َال‬
‫اللُ َع َلي ِه‬
‫الل صلى‬
َ ُ ْ َ ْ َ
ْ ّٰ‫َ َ َ َ ُ ٌ َ ُ َ َ َ َ ُ َ ُ ُ هّٰ َ َّ ه‬
ِ ‫ حرب فقال له رسول‬:‫ فقال‬،»‫ «ما اسم َك؟‬:‫وس َّلم‬
:‫اللُ َع َلي ِه َو َس َّلم‬
‫الل صلى‬
ُ ْ َ َ َ َ
َ
ْ ّٰ‫َ َ َ َ ْ ٌ َ َ َ َ ُ َ ُ ُ هّٰ َ َّ ه‬
ِ
ِِ
ِ
ِ
‫ام َر ُج ٌل َف َق َال‬
ّٰ‫ ثُ َّم َق َال َص َّلى ه‬،»‫«ا ْج ِل ْس‬
ُ ‫«م ْن َي ْحل‬
َ ‫ َف َق‬،»‫ب َهذه؟‬
َ :‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم‬
ِ
‫النبِي َص َّلى‬
‫ فق َال له‬، ‫يش‬
ّٰ‫َل ُه َص َّلى ه‬
ُ ‫ َي ِع‬:‫ َف َق َال‬،»‫«ما ْاس ُم َك؟‬
َ :‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم‬
ُّ َّ ُ َ َ َ
ِ :‫الل ع َلي ِه وس َّلم‬
.»‫«ا ْح ِل ْب‬
َ َ َ ْ َ ُ ّٰ‫ه‬

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын) бір түйені әкелдіріп сахабалардан:
«Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Сонда бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «Атың кім?» – деп сұрайды. Ол кісі:
«Мурра» (Ащы), – деп жауап береді. Пайғамбар (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр»,
– дейді. Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?»
– дейді. Тағы да бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) одан да:
«Атың кім?» – деп сұрайды. Әлгі кісі: «Харб» (Соғыс),
– деп жауап береді. Пайғамбар (оған Алланың сала17

Дін мен дәстүр

уаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр», – дейді. Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?» – дейді. Бір
кісі орнынан тұрады. Сонда Пайғамбар (оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын) одан да: «Атың кім?» –
деп сұрайды. Ол: «Яғиш» (Өмір сүреді), – деп жауап
береді. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын): «Сен сау», – деп бұйырады (имам Мәлік
«Әл-Муатта» кітабынан). Тағы бір хадисте Сағид ибн
Мусәйиб әкесінен, әкесі атасынан мынадай риуаят
жеткізген:

ِ ِ
ِ ‫ِب عن أَب‬
‫اللُ َع َلي ِه‬
‫ أَتيت ِإلى النبِي صلى‬:‫ِيه عن ج ِد ِه قال‬
ْ َ ِ ‫الم َس ّي‬
ُ ‫َع ْن َسعيد ْب ِن‬
ْ ّٰ‫َ ْ َ ّ َ َ َ ْ ُ َ َّ ِّ َ َّ ه‬
،‫ أَ ْن َت َس ْه ٌل‬:‫اللُ َع َلي ِه َو َس َّلم‬
‫ فقال صلى‬،‫ حزن‬:‫ ما اسمك؟ قلت‬:‫وسلم فقال‬
َ
ْ ّٰ‫َ َ َّ َ َ َ َ َ ْ ُ َ ُ ْ ُ َ ْ ٌ َ َ َ َ َّ ه‬
ِ
َ ِ ِ
ُ
‫الح ُزو َن ُة‬
ِ ‫الم ّس ّي‬
َ ‫ َف َما َزا َل ْت ت ْل َك‬:‫ِب‬
ُ ‫ َق َال ْاب ُن‬،‫ اَل أ َغ ّي ُِر ْاس ًما َس َّمانيه أبِي‬:‫َق َال‬
.‫ َر َو ُاه الب َخارِ ُّي‬.‫ِف َينا َب ْع ُد‬
ُ

«Мен (яғни, Сағидтың атасы) Пайғамбарға (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бардым. Ол
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Атың
кім?» – деп сұрады. Мен: «Хазн» (Бұдыр), – дедім. Ол:
«Сен Сәһлсің» (Жазық), – деді. Мен: «Әкемнің қойған
атын өзгертпеймін», – дедім. Оның немересі Сағид
ибн Мусәйиб: «Әлі күнге дейін біздің әулеттен сол
бұдырлық (яғни, қатқыл) қалмай келеді», – деген екен
(имам Бұхари риуаяты).
«Хазн» сөзі «бұдыр жер, қатқыл», ал «Сәһл» «жазық
жер, жұмсақтық» деген мағынаны білдіреді. Келесі хадисте:

‫ َما‬:‫اللُ َع ْن َه َق َال ِلر ُج ٍل‬
ِ ‫الخ َّط‬
ّٰ‫اب َر ِضي ه‬
َ ‫َع ْن َي ْح َيى ْب ُن َس ِع ٍيد أَ َّن ُع َم َر ْب ِن‬
َ
َ
‫ ِم َن‬:‫ ِم َّم ْن؟ َق َال‬:‫ َق َال‬،‫اب‬
ٍ ‫ ِا ْب ُن ِش َه‬:‫ ِا ْب ُن َم ْن؟ َق َال‬:‫ َق َال‬،‫ َج ْمر ٌة‬:‫ْاس ُم َك؟ َق َال‬
َ
ِ
ِ
ِ
ِ
َ
ِ‫ار‬
،‫ ب َِذات َل َظى‬:‫ ِبأ َّيت َها؟ ق َا َل‬:‫ َق َال‬، ‫الن‬
َّ ‫ ب َِح َّرة‬:‫ أَ ْي َن َم ْس َكنُ َك؟ َق َال‬:‫ َق َال‬،‫الح ْر َقة‬
َ
18

Балалық шақ

ِ
‫ام َم ِال ُك‬
َ ‫ َف َك‬،‫اح َت َر ُقوا‬
ْ ‫ أَ ْدرِ ْك أَ ْه َل َك َف َقد‬:‫َق َال ُع َم ُر‬
َ ‫ َر َو َاه‬.‫ان َك َما َق َال ُع َم ُر‬
ُ ‫اإلم‬
ِ
.‫الم َوطًّ ِأ‬
ُ ‫في‬

Яхия ибн Сағидтен жеткен риуаятта бірде Омар ибн
Хаттаб (р.а.) бір кісіден: «Атың кім?» – деп сұрайды.
Ол кісі: «Жамра» (Шоқ), – деп жауап береді. «Кімнің
ұлысың?» – деп сұрайды Омар. «Шиһабтың» (Отты
жұлдыз) ұлымын», – дейді әлгі кісі. «Қай жерденсің?»
– деп сұрайды Омар. «Әл-Харқаданмын» (Күйгеннен),
– дейді кісі. «Үйің қайда еді?» – деп сұрайды Омар.
«Харрат ән-Нар» (Оттың ыстығы) деген аймақта»,
– дейді кісі. «Оның қай тұсында еді?» – деп сұрайды
Омар. «Зәту лаза» (Жалынды) деген тұста», – дейді
кісі. Сонда Омар: «Онда жанұяңа тез жет, олар өртеніп
жатыр», – дейді. Барса, шындығында Омар айтқандай
болған екен (имам Мәлік әл-Муатта кітабында риуаят
еткен). Ал, Сумра ибн Жундубтен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) былай деген:

ِ ّٰ‫ول ه‬
ِ
‫ين‬
ُ ‫ُج ْن ُد ٍب َق َال َر ُس‬
َ‫ ا‬:‫اللُ َع َل ْي ِه َو َس َّل َم‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ ‫«ل َت َس ّم‬
ُ ‫احا َو اَل أَ ْف َل َح َف ِا َّن َك َت ُق‬
َ‫ول أَ َث َّم ُه َو فَلا‬
ً ‫احا َو اَل َن َج‬
ً ‫َو اَل َر َب‬
ِ ‫ رواه مس ِلم ِفي ص ِح‬.»‫ون‬
.‫يح ِه‬
‫يك‬
َ
ٌ ُْ ُ ََ َ ُ َ

‫َع ْن ُس ْمر َة ْب ِن‬
َ
‫ارا‬
ً ‫ُغلاَ َم َك َي َس‬

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен
сәлемі болсын): «Балаңның атын Ясар (Жеңіл), Рабах
(Ұтқыр), Нажах (Сәтті), Афлах (Ең сәтті) деп қойма.
Шындығында, сен расымен солай болар ма екен дейсің,
бірақ олай болмай шығады», – деген. (Мүслім Сахихте
риуаят еткен).
Мұнымен қоса періштелердің аттары мен Құран
Кәрімдегі адамның атын білдірмейтін сүрелердің
және аяттардың аттарын қоюды да кейбір ғалымдар
құптамаған. Өйткені бұл есімдер періштелерге тән, ал
19

Дін мен дәстүр

аяттар мен сүрелердің ұғымы бір Аллаға ғана мәлім,
яғни ұғымын Алла біледі деген сөз.
Жағымсыз аттың кесірі туралы қазақта екі
шешеннің сөз таластыруы туралы хикая бар. Ертеде Жапалақ деген сөзге жүйрік кісі Торайғыр деген
шешеннің даңқын естіп, онымен сөз таластырмаққа
еліне келеді. Жапалақтың атын бұрыннан білетін
Торайғыр амандық-саулықтан соң қонағын бірден
сүріндірмек болып: «Уа, сіздің атыңыз Жапалақ па?»
– деп сұрайды. Жапалақ: «Иә, солай», – деп жауап
береді. Сонда Торайғыр: «Олай болса, мына көлді бір
айналып келші», – дейді. Жапалақ көлді атымен бір айналып келеді. Сосын Торайғырға: «Уа, сіздің атыңыз
Торайғыр ма еді?» – дейді. Торайғыр: «Иә, солай», –
деп жауап береді. Сонда Жапалақ шешен: «Олай болса,
биыл біздің үйде бір байтал қысыр қалып тұр еді», –
дейді. Сонда қарсыласының бұл қолқасына жауап қата
алмай, сөзден тосылған Торайғыр шешен жеңілгенін
мойындаған екен дейді. Міне, осындай мысалдар, баяғы
уақыттары халық арасында түрлі жағымсыз аттардың
болғандығынан хабар береді. Мұндай есімдер туралы
аңыз-әңгімелер халқымыздың салт-дәстүрін зерттеген
зерттеушілердің жазбаларында да бар. Жалпы ат қоюда
діни-танымдық, рухани тәрбиелік құндылықтарды басты назарда ұстаған жөн.
4. Шариғат тұрғысынан тыйым салынған
есімдерге мұқият болу
Кей есімдердің шариғат тұрғысынан да, тілдік
тұрғыдан да тыйым салынатын кездері болады.
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) Алла Тағалаға қарсы келетін мағыналарды
білдіретін есімдерді қоюдан тыйған. Тізбектеп айтар
болсақ:
20

Балалық шақ

а) «Құл» деген мағынаны білдіретін «абдун» сөзін
Алла Тағаланың есімі мен сипаттарынан басқа атауларға
тіркеуге болмайды. Мысалы, Абдулузза – «Уззаның
құлы» (Узза Исламнан бұрын табынатын пұттың аты
болған), Абдулқағба – «Қағбаның құлы» деген сияқты
есімдер.

ِ ّٰ‫ول ه‬
،‫الد ْر َه ِم‬
ُ ‫َق َال َر ُس‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ :‫اللُ َع َل ْي ِه َو َس َّل َم‬
ِّ ‫ َت ِع َس َع ْب ُد‬، ِ‫الد َينار‬
ِّ ‫«ت ِع َس َع ْب ُد‬
.‫ َر َو ُاه ا ْلب َخارِ ُّي‬.»‫ َت ِع َس َعب ُد ال َق ِطي َف ِة‬،‫الخ َمي َص ِة‬
‫ت ِعس عبد‬
ْ
ُ
ْ ُ ُ َْ َ َ

Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын): «Динардың құлы оңбасын, дирхемнің құлы
оңбасын, өкшенің (етіктің) құлы оңбасын, матаның
құлы оңбасын», – деген (Бұхари риуаят еткен).
ә) Алла Тағаланың көркем есімдерін сол күйінде
балаға есім етіп беруге болмайды. Мысалы, Алла, Рахман, Халиқ, Ахад, Разиқ, Бәрии, Раббы деген сияқты.
б) Жын-шайтандардың, кәпірлердің, дінсіздердің
көсемдері мен т.б. халық арасында жаман жағынан
танылған кісілердің аттарын қою да мұсылман баласы
үшін дұрыс емес. Мысалы, Ібіліс, Ифрит, Перғауын,
Һаман, Жалұт, Әжүж, Мәжүж, Хосрау, Цезарь, Ленин,
Сталин, Энгельс, Маркс, Тельман, Дарвин, Коммуна,
Партия т.б.
в) Сонымен қатар «Патшалардың патшасы»,
«Әкімдердің әкімі», «Сұлтандардың сұлтаны» деген
мағыналарды білдіретін есімдер. Сахаба Әбу Һурайрадан жеткен риуаятта Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алланың алдында есімдердің
ең нашары – «Патшалардың патшасы», – деген.
Осыған қатысты тағы бір хадисте:
21

Дін мен дәстүр

ِ ّٰ‫ظ رج ٍل ع َلى ه‬
ِ ّٰ‫ول ه‬
ِ
‫الل‬
ُ ‫َع ْن أَبِي ُه َر ْي َر َة َق َال َر ُس‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ ُ َ ُ ‫ «أَ ْغ َي‬:‫اللُ َع َل ْيه َو َس َّل َم‬
ِ ‫يوم‬
‫ان يُ َس َّمى َم ِل ُك األَ ْملاَ ِك اَل ُم ْل َك إ اَِّل‬
َ ‫الق َي َام ِة َوأَ ْخ َبثُ ُه َوأَ ْغ َيظُ ُه َع َل ْي ِه َر ُج ٌل َك‬
َ َْ
.‫ َر َو ُاه ُم ْس ِلم‬.»ِ َّ‫للِه‬
ٌ

«Қиямет күні Алланың ашуын тудыратын, ең
нақұрыс адам «Билік-мүліктің патшасы» деп аталатын адам. Бүкіл билік тек Аллаға ғана тән», – деген
(хадисті имам Мүслім жеткізген).
Халқымыз балалары шетінеп кете беретін жағдайда
балаларына Күшік, Итбай, Итемген, Малай, Башай
деген секілді қолайсыз аттарды қоятын болған. Бұл
«баланың өмірі ұзақ болсын» деген ниеттен туған. Жалпы айтқанда, ырым – халықтың сенімі мен ақ ниетінен,
шын көңілінен туатыны белгілі. Бірақ кейде «Қазақ
ырым етеді, ырым қырын кетеді» деп те айтып жатады.
Бұл сөз ырымның бәрі бірдей орындала бермейтінін
ескерткені деп түсіну керек. Ырымның барлығына
бірдей сене беруге де болмайды.

5. Жағымсыз лақап ат беруден сақ болу
Кісіге лақап ат беруден гөрі өз есімімен атаған жөн.
Лақап деп адамның кәсібіне, түр-тұлғасына, қадірқасиетіне, сипатына қарай қойылатын атты айтамыз.
Мысалы, етікші Асан, Қосмүйізді Ескендір, Ақсақ
Темір, Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек би,
Жаяу Мұса т.б. Лақап аттың да жақсы не жаман сипаттары бар. Құран Кәрімде мұсылмандардың бір-біріне
жаман лақап аттар қоюына тыйым салынған.

ِ
ِ ‫وق بع َد الإْ ِيم‬
‫ان َو َم ْن‬
ِ ‫﴿و اَل َت َن َاب ُزوا ِبالأْ َ ْل َق‬
ّٰ‫َق َال ه‬
َ :‫اللُ َت َعا َلى‬
ْ َ ُ ‫اب ب ِْئ َس اال ْس ُم ا ْل ُف ُس‬
َ
﴾‫ون‬
َ ‫َل ْم َي ُت ْب َفأُ ْو َل ِئ َك ُه ُم ال َّظ ِال ُم‬

«Және жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман
келтіргеннен кейінгі сұмпайы ат қандай жаман? Ал,
22

Балалық шақ

кім одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар»
(«Хужурат» сүресі, 11-аят).
Ғалымдар егер бір кісінің өз есімі адамдардың арасында ұмытылып, жағымсыз мағынадағы лақап атымен
ғана белгілі болса, оны қолдануға болады деп санаған.
Ал, араб халқының есімге қатысты дәстүрінде «куния»
деп аталатын сөз бар. Куния дегеніміз әкесін баласының
атымен байланыстырып атауы. Мысалы, Әбу Абдулла
– Абдулланың әкесі, Умму Ахмет – Ахметтің анасы.
Кейде лақап мағынасын да білдіреді. Мысалы, атақты
сахабаның лақабы Әбу һурайра – «Мысықтардың әкесі,
иесі», Әбу Туффах – «Алманың атасы» – «алма сатушы» не «бағбан» деген мағынаны білдіреді.
Алайда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) өзіне тән куниясын, яғни ӘбулҚасым – Қасымның әкесі деген кунияны қолдануға
тыйым салған. Хадисте:

ِ ‫ يا أَبا ال َق‬:‫ َنادى رج ٌل رجلاً بِا ْلب ِقي ِع‬:‫عن أَ َن ٍس َق َال‬
‫ول‬
ُ ‫ت ِإ َل ْي ِه َر ُس‬
َ ‫ َفا ْل َت َف‬،‫اس ِم‬
ْ َ
ُ َ ُ َ َ
َ َ
َ
ِ
ِ ّٰ‫ه‬
،‫ت ُفلاَ ًنا‬
َ ‫ َيا َر ُس‬:‫اللُ َع َل ْي ِه َو َس َّل َم َف َق َال‬
ّٰ‫ول ه‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
ُ ‫ ِإ ِنّي َل ْم أَ ِع ْن َك إ َِّن َما َد َع ْو‬،‫الل‬
ِ ّٰ‫ول ه‬
.»‫ِك ِني ِتي‬
‫«ت َس ُّموا ب ِِا ْس ِمي َو اَل ُت َك ُّنوا ب‬
ُ ‫َف َق َال َر ُس‬
ّٰ‫الل َص َّلى ه‬
َ :‫اللُ َع َل ْي ِه َو َس َّل َم‬
َّ ُ
.‫َر َو ُاه ُم ْس ِلم‬
ٌ

Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі әл-Бақида
(Мәдинадағы қорымның аты) басқа бір кісіні: «Уа,
Әбулқасым! (Қасымның әкесі!)» – деп шақырады.
Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) оған бұрылып қарайды. Әлгі кісі: «Уа, Расулалла! Сізді айтып тұрғаным жоқ, ана пәленге айттым»,
– дейді. Сонда Алланың елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Менің атыммен адамдарды
атай беріңдер, алайда кунияммен атамаңдар», – дейді
(Мүслім риуаяты).
23

Дін мен дәстүр

Дегенмен, бұл мәселеге қатысты көптеген
ғұламалардың пікірі бойынша Пайғамбардың (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) куниясына, яғни
Әбулқасым деген есімге өзінің тірі кезінде ғана тыйым
салған, ал ол өмірден өткеннен соң пайдалануда тұрған
күнә жоқ дегенге тоқтаған.
Сонымен қатар «Мәнсуб» есімдер де бар.
Мәнсуб дегеніміз туған жеріне немесе ру-тайпаға
қатыстылығына байланысты қойылатын есімдер. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фараби – «Фарабтық Әбу Насыр»,
Абдулла әт-Туркистан
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!