Материалдар / Құрылыстағы инновация 2 курс студенттеріне
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құрылыстағы инновация 2 курс студенттеріне

Материал туралы қысқаша түсінік
Құрылыс колледж стуленттеріне арналған ақпарат
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
358
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Нұржанова Қарлығаш Маратовна

Шығыс техникалық-гуманитарлық колледжі

Құрылыстағы инновация

Жалпы инновация дегеніміз- қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу. Ал біз айтып отырған инновация ол құрылысқа байланысты. Қазіргі XXI ғасырда не ойлап табылмады дейсіз. Қазір бәрі техникамен байланысты, ғылым мен білімнің озған заманы. Құрылыс саласының дамуы ешқашан тоқтап қалған емес. Ол әрқашашда даму үстінде болады. Қазіргі құрылыс саласының дамуы жыл сайын құрылыс шығынын азайтады . Үй мен биік ғимараттарды салуда да көп адам күшін қажет етпейміз. Қазір үй салам десеңіз кез келген материал қолдануыңызға болады, көзді ашып жұмғанша тез сала аласыз. Техниканың дамуы құрылыс инновациясына тікелей әсер етеді .

Бізге үй салу үшін біріншіден жақсы жер және сапалы материалдар қажет. Құрылыс материалдарының көп бөлігі әрине жасанды . Оны біз жоққа шығара алмаймыз. Егерде табиғи материалдардан жасағыңыз келсе, онда көп шығындалуыңыз керек болады. Сондықтан техникамен мен ғылымның дамуы арқасында біз сапалы және қолжетімді ғимараттар сала аламыз. Құрылыстағы инновациялық материалдардың пайда болуы мына факторларға байланысты болады: ғимаратты тұрғызу жылдамдығы, оның беріткігі, жеткілікті жылу және жылу оқшаулау қасиеттері, экологиялығы. Соңғы уақытта құрылыс нарығында жаңа ерекше материалдар мен заманауи технологиялар белсенді түрде пайда болуда. Құрылыс революциясында ең танымал және енді дамып келе жатқан 3D басып шығару технологиясы.Технологияның даму үрдісінде қазіргі кезде 3D басып шығару технологиясының 7 түрі бар.Ол тек құрылыста емес. Бірақта бұл басып шығару пинтерінің пайдалану кезінде көлемінің үлкен болуының себебінен ыңғайсыздық пен кедегілері болды. Осы кедергілерге қарап қалмай оны әрі қарай дамыту үстінде Америкалық дизайнерлер Закари Шох пен Юджин Ли құрылыс инновациясында өз көзқарастарын ұсынды. Олар 3D пинтерінде жасалған модульдік үйді ұсыныды. Бұл үй пластикалық заттардан жасалды және бірнеше минуттар ішінде құралады. Осы принтедің арқасында көптеген құрылыс жұмыстарын тез аяқтай аламыз. Төбе жабыны және көтергіш қабырғаларды салуға мүмкіндік беретін материал көмегімен объектінің қабаттап жасалған сFDM технологиясына ұқсас контурлық құрылыс қызықтырады. Бүгінгі таңда ең табысты және танымал контурлық құрылысты аспан асты ShanghaiWinsun компаниясы көрсетті, ол осы технология бойынша үй салып жатыр. Олардың үйлерінің биіктігі 6,4 м және ені 9,75 м үйді басып шығаруға қабілетті. Бастапқыда компания бірнеше бір қабатты тұрғын үйлерді ұсынды, олардың құрылысы 24 сағатқа созылды. Салынған принтер цементпен және құрылыс қалдықтарымен құйылды, сондықтан қаңқадан бас тарту үшін қатайтқыш қосылды. Көп ұзамай үйлердің жекелеген нысаналы блоктарын өндіретін принтер салынды, олар арматурамен нығайтып, жылу оқшаулағыш материалдармен толықтырып, сол жерде құрастырылды. Мұндай үйлердің қабырғалары іс жүзінде қуыс, ал конструкцияның беріктігі мен тұрақтылығы осындай қабырғалардың ішінде зигзаг тәрізді қоспаны береді. Біріккен Араб Әмірліктері 3d принтерде әлемдегі алғашқы ғимаратты басып шығарды. 2016 жылы 23 мамырда "болашақ кеңсесі" атты ғимаратты Дубайдың премьер-министрі Шейх Мұхаммед Бен Рашид Әл Мактум салтанатты түрде ашты. Бұл ғимаратты 3d принтері арқылы небәрі 17 күнде салынды. Бұл технологияның дамуы құрылыс саласында басты назар аудартады.

Көптеген құрылыс матеиалдарын шығаратын компаниялар тек экономикалық мақсатта емес, архитектурадағы бағыттарға сүйене отырып және олардың экологияға аз зиян келтіруіне көптеген жағдай жасауға тырысады. Экологиялық таза материалдардан жасалған үйлер енді даму үстінде. Қазіргі таңда таза материалдарды кездестіру өте қиын. Мұндай құрылыста өңделмейтін қалдықтар 2% - дан аспайтын болады. Мысалы, голландиялық Being Development компаниясы экологиялық таза 6 үй өндірісін іске қосты. Барлық үй бір қабаттан тұрады, бірақ түрі мен ауданы әртүлі. Сондайақ экологиялық жағдайды ескеретін модульдық құрылыс та дамып келеді. Мұндай үйлерді салу қазіргі жағдайда тек аз қабатты үйлерге қарастырылған. Табиғи материалдардың ішіне табиғи түсқағаздарды жатқызуға болады. Бұл түсқағаздар өсімдік талшықтарынан жасалады: бамбук, джут, марант, папирус, тіпті ағаш жапырақтары да қолданылады.

Әлемде тіршілік болғаннан кейін адам басына міндетті түрде баспана, жұмыс орны, мектеп, балабақша, аурухана т.б. ғимараттар қажет. Және оларды әқашан біз жаңарту үстіндеміз, демек құрылыс ешқашанда тоқтамайды. Бұл саланың жақсы дамуы, әрине экономикағада әсерін тигізеді, бизнес саласында да көптеген бәсекелестікте болады.

Қарапайым және қаңқалы- арматураланған бетон соңғы жүз жыл ішінде кең қолданыс алып отыр және маңызды құрылыс материалы болып табылады. Әрине бетонға қойылатын басты талап ол оның беріктігі. Қазіргі таңда мамандар бетонды барынша қорғауға немесе қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жаңа конструкциялар мен технологияларды жасау бойынша да жұмыс істейді. Бетонға қосылатын әр түрлі қоспалар мен толтырғыш заттар басты назар аударады. Себебі бетонның барлық қасиеттері осы қосымша материалдарға байланысты. Құрылыс саласының дамуының арқасында өздігінен тазаланылатын бетон ойлап шығарылды, бұл бетонға тек бір ғана қоспа қажет етеді. Бұған дейін тек тағамдық қоспа болған ағартқыш әсері бар зат – титанның қос тотығын бетонға қосу арқылы қол жеткізілді.

Құрылыс саласындағы инновациялық әзірлемелерге жарық өткізгіш мөлдір материалдарды жасау технологиялары да жатады. Сондай-ақ, жарық өткізе алатын бетон да назардан тыс қалмады. Бұл құбылысқа үлкен толтырғыштың болмауы ықпал етеді (тек гранит немесе мәрмәр үгіндісі бар). Ол бетонның жалпы көлемінің 5% - ыннан артық болмайды, бұл оның барлық маңызды қасиеттерін сақтауға мүмкіндік береді: беріктіктен, су өткізбеушілікке дейін. Ал бұл материалдың дизайн саласында үлкен сұранысы бар. Кімді жарық өткізетін бетон қызықтырмайды демейсіз. Блоктар толығымен мөлдір емес, тек жарық ағынын өткізеді, ал жарық өзгергенде сурет өзгертіледі. Өндірушілер бұнымен тоқтаған жоқ. Балама ретінде өндірушелер полистиролбетоннан жасалған қабырғалық блоктарды ұсынды. Полистиролбетон кеуекті жеңіл бетонға жатады. Пенобетон мен газобетонға қарағанда бетонның полистиролындағы тесіктері жабық құрылымды болып саналады. Осының арқасында ол жоғару жылу қоғау қасиеттеріне ие. Және де тағы бір бетон түрі ''Ақылды'' бетон. Бұл бетон түрін қалаларды су басу қаупін азайту үшін Tarmac ағылшын компаниясы topmix Permeable бетонын әзірледі. Оның басты ерекшелігі суды өткізу қабілеті өте жоғары. Егер бетонның қарапайым түрі 300 мм/сағ дейін су сіңірсе, оның жаңа нұсқасы -3600 мм/сағ сіңіреді. Құрылыс материалын өндірудің жаңа технологиясы құм орнына гранит қиыршық тас кесектерін пайдананады, ол арқылы су ағып, содан кейін топырақ жұтылады. Қарапайым бетоннан қараған ақылды бетон қымбатырақ болып келеді, сондықтан оны тек климаты суық емес жерлерде қолдану тиімдірек болады. Бетоннан басқа қазіргі таңда көптеген құрылыс жұмыстары монолитті құрылысқа көшуді дұрыс деп санайды. Монолитті үй салу негізінен бетоннан қаағанда тиімдірек болып келеді. Себебі, ол бетоннан қарағанда жеңіл және еңбек шығынын азайтады. Монолитті үйдің беріктігі жоғары, дыбыс оқшаулағыш және жылу өткізгіш көрсеткіштері конструкцияда тігістердің болмауымен қамтамасыз етіледі.

Бұндай ерекше материалдар келешекте ыңғайлы әрі өте тиімді болмақ. Құрылыс саласының дамуы көптеген мемлекеттер арасында бәсекелестік тұдырдаты. Бәсекелестік бар жерде әрқашанда сапалы құрылыс пен жаңа бағытта даму бар. Құрылыс инновациясы соңғы 50 жылда тез дамыды, бұның барлығы білім мен ғылымның дамуының арқасында. Келешекте қандай да жаңа инновациялық құрылыс материалы болмасын, оның қолданыс аясын кеңейтуіміз қажет. Құрылыс инновациясының дамуы тек ғимарат салу емес, бұл мемлекеттік экономиканы және техниканың дамуына тікелей байланысты. Құрылыс инновациясы қарқынды даму – әлемнің алға жылжуын көрсетеді.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!