Материалдар / Құстар – біздің досымыз
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Құстар – біздің досымыз

Материал туралы қысқаша түсінік
үй, дала құстары, қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін кеңейту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
323
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру салалары: Әлеумет

Бөлімі: Экология негіздері

Тақырыбы: Құстар – біздің досымыз

Мақсаты: құстарды мекеніне қарай ажырата білуге үйрету.

Міндеттері:

- үй, дала құстары, қыстап қалатын және жыл құстары туралы білімдерін кеңейту.

Оларды ажыратып, атай білуге үйрету;

- табиғаттағы қарапайым тәртіп ережелері туралы білім, біліктерін дамыту;

-құстарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

жасайды: үй құстары, дала құстары туралы біледі.

түсінеді: үй құстары мен дала құстарын атап береді, ерекшеліктерін түсінеді

қолданады: үй құстарының қыстап қалатын және жыл құстар болып бөлінетіндігін;

оларды суреттен танып сипаттайды; қамқорлықпен қарайды.

Қолданылатын көрнекі құралдар: үй құстары мен дала құстары, қыстап қалған құстар,

жыл құстары туралы суреттер.

Әдіс-тәсілдері: ойын, сөздік, көрнекілік, практикалық

Сөздік жұмыс: үй құстары, дала құстары, қыстап қалатын құстар, жыл құстары

Билингвалды компонент: үй құстары – домашние птицы, қыстап қалатын құстар –

зимующие птицы, жыл құстары – перелетные птицы

ҰОҚ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбері:

«Көңілді балапандар» музыкасын қояды. Балалар би қимылдарын жасайды. Би

аяқталысымен қандай әсерде болғандарын сұрайды.

2.Негізгі бөлім

– Балалар, сендер құстардың үй құстары және дала құстары болып бөлінетінін білесіңдер.

Үй құстарына қандай құстар жатады? (Тауық, қораз, қаз, үйрек).

Педагог балаларға үй құстарының суретін көрсетіп, олардың дене бітімі, ұқсастықтары

мен ерекшелігі туралы сұрақтар қояды. Балалардың жауабын тыңдап болғаннан кейін

қосымша ақпарат береді.

– Неліктен бұларды үй құстары деп атайды? (Оларды адамдар күтіп-баптайды).

– Үй құстарының адамдар үшін қандай пайдасы бар? (Адамдар етін, жұмыртқасын жеу

үшін және мамықтарынан жастық т.б тұрмысқа қажетті заттар жасау үшін өсіреді. Сол себепті

оларға жемін беріп, қорасын жасап, өнімді көп беру үшін жағдай жасайды).

– Балалар, суретке қараңдаршы біз атаған үй құстары әртүрлі болғанымен олардың

ұқсастықтары да бар екен. Олар суыққа төзімді, барлығының да мамығы бар, ұсақ дәнді

дақылдар және оған қосымша шөп, жапырақ, құрттарды да жейді.

– Өз бетінше тамағын өзі тауып жейтін құстарды дала құстары деп атаймыз. Дала құстары

қыстап қалатын және жыл құстары болып бөлінеді.

– Не үшін қыстап қалатын құстар, жыл құстары деп бөлінеді (қыстап қалатын құстар

қыста ұшып кетпейді, жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді).

– Қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер? (Қарға, сауысқан, торғай, бозторғай, сары

шымшық). Педагог суреттерді көрсетіп, қыстап қалатын құстар туралы (дене бітімі

ерекшеліктері т.б) ақпарат береді.

– Неліктен жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді? (Қорек табу қиын болғандықтан).

– Күзде жәндіктер жоғала бастайды сол себепті жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.

Қандай жыл құстарын білесіңдер? (Қараторғай, қарлығаш). Педагог суреттерді көрсетіп, жыл

құстары туралы (дене бітімі ерекшеліктері т.б) ақпарат береді.

– Балалар, қыстап қалатын құстар мен жыл құстарын салыстырып көрейікші. Мысалы,

сауысқан мен қарлығашты салыстырайық. Сауысқанның дене бітімі үлкен, түсі қара ала,

тұмсығы да үлкен. Ал қарлығаштың дене бітімі кіші, құйрығы айыр, түсі қара. Бұл екі құс дене

бітімі жағынан әртүрлі болғанымен ортақ әрі ұқсас жақтары да бар екен. Ұқсастықтары барлық

құс жұмыртқалайды, барлық құстың қанаты, мамық жүні бар. Үй құстары мен дала құстарында

да осындай ұқсастықтар бар екен. Олардың үлкен ерекшелігі дене бітімінде, үй құстарының

биікке ұша алмайтындығында. Және де үй құстарын адамдар асырап бағады, ал дала құстары

еркіндікте өмір сүреді екен. Адамға үй құстарының да дала құстарының да пайдасы бар екен.

Егер де құстар болмаса не болар еді? (Құрт-құмырсқалар көбейеді). Егер де құстар болмаса

құрт-құмырсқалар мен басқа да жәндіктер көбейіп өсімдіктерді, олардың жапырағын жеп

тастайды. Егін дұрыс шықпай қалады, ағаштар, өсімдіктер өліп қалар еді. Міне, сондықтан бізге

құстардың да пайдасы тиеді екен. Сол үшін біз оларға қамқор болуымыз керек. Әсіресе қатты

аязды күндері қыстап қалатын құстарға дем шашып, оларды қоректендіруіміз керек. Құстарға

арнап ұя жасауымыз керек.

Сергіту сәті

Қырғауыл болып ұшамыз, ұшамыз.

Бүркіт болып самғаймыз, самғаймыз.

Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп,

Орнымызға қонамыз, қонамыз.

Үлестірмелі материялдармен жұмыс.

Балалар қыстап қалатын құс шымшықты жасайық. Бірінші денесін сосын басын, құйрығын және қауырсынын жабыстырамыз.

Екі тілде қыстап қалатын құстар – зимующие птицы, жыл құстар – перелетные птицы

сөз тіркестерін қайталату.

3. Қорытынды бөлім. Рефлексия.

Балалардан ұйымдастырылған оқу қызметінен алған әсерлерін, көңіл күйлерін, не

үйренгендерін айтқыза отырып, көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілету.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!