Тақырыбы: «Құстар - біздің
досымыз»
Тәрбиеші: Каскенова Мөлдір
Ерболқызы
Білім беру
саласы: әлеумет
Білім беру
бөлімі: қоршаған ортамен
танысу.
Мақсаты:Табиғатты сүюге
баулу,балалардың құстар туралы түсініктерін
кеңейту, құстардың пайдасына тоқталу.
Өлеңдердің мағынасын түсіну,сөздік
қорын байыту. Байланыстырып сөйлеуге
үйрету. Табиғатқа деген мейірімін
ояту, адамгершілікке баулу.
Дамытушылық:Балалардың ойлау
қабілетін дамыту,өз бетімен жұмыс
істеуге
машықтандыру.
Жауапкершілік сезімін
ояту.
Тәрбиелік:Балаларды құстарды
қоректендіріп тұруға үйрету. Табиғатқа
деген
сүйіспеншілігін
арттыру.
Түрі: Ашық
сабақ. Қолданған
әдіс-тәсіл: Сұрақ жауап,топпен
жұмыс, көрнекіліктер,ойын, триз (жақсы-жаман)
мүсіндеу. Көрнекіліктер:
Табиғатқа
байланысты суреттер, құс ұялары
суреттері, құстардың суреттері, қарлығаштың
суретімен шығармашылық жұмыс.
Билингвалдық
компонент: Құс – птица, қарға-ворона, аққу-лебедь,
қарлығаш- ласточка Балалар бізге
қонақтар келіпті алдымен амандасып
алайық. Балалар жылулық
шеңберіне тұрады: Сәлем бердім күнге
мен, Сәлем бердім
аспанға, Сәлем бердім
жерге мен, Сәлем бердім сізге
де! Сәлем бердік
қонақтар. Ал енді балалар орнымызға
жайғасып отыраиық. «Адамзаттың табиғатсыз
күні жоқ, оны айтуға табиғаттың
тілі жоқ». «Табиғат» - дегеніміз не, балалар ?
-Жер, су, ауа, тау-тас,өсімдіктер, жануарлар, құстар. Бүгінгі
біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз
бойынша өтетін тақырыбымыз «Құстар- біздің
досымыз»деп аталады .
Құстар екіге
бөлінеді: қыстап қалатын құстар және жылы жаққа ұшып
кететін құстар.
Құстардың табиғатқа келтіретін пайдасы көп.
Олар өсімдіктерді, ағаштарды зиянды жәндіктерден
қорғайды.
Ал, кейбір құстар қыстап қалады. Қыстайтын
құстар өз қоректерін өздері тауып жейді. Оларға біз жем салып, ұя
салып қамқор болуымыз
керек.
(Құстар әуені естіледі)
Ғажайып
сәт: Осы кезде
топқа Дымбілмес кіреді. Қолында
айыратқышпен сіріңкесі бар. Дымбілмес:
балалар менің атым Дымбілмес. Сендер
неге жиналып отырсыңдар, жүріңдер
тоғайға барып от жағып , тамақ істеп,
мына айыратқышпен құстарды атайық , қызық
болады. Балалар, от жағуға, құстарды
атуға, ұясын бұзуға бола ма? -Жоқ, от жағуға,
құстарды атуға, ұясын бұзуға болмайды. Өте дұрыс
от жағуға, құстарды атуға, ұясын
бұзуға болмайды. Өрт болған жағдайда
ағаштар өртеніп, құстардың ұясына зиян
келеді. -Дымбілмес сен отыр «Құстар-біздің
досымыз» деген тақырыптағы ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетімізге қатыс. Құстар жайлы
біздің балаларымыз не біледі екен, есті,
көр. Дымбілмес: жарайды. Балалар, біз
құстарға қандай көмек көрсете аламыз?
-Жем шашамыз, ұя жасаймыз. Құстардың
бізге қандай пайдасы бар? -Олар ағаштарды,
өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды. Олар
немен қоректенеді? -Тамақ қалдықтарымен, егіс
даласындағы зиянкестермен, шыбын-шіркей,құрт-құмырсқамен
қоректенеді. Құстардың қандай түрлерін
білесіңдер? Қарға, сауысқан, торғай, қарлығаш, тоқылдақ, аққу,
қаз-үйрек , кептерлер.
Құстар жайлы
қандай тақпақ білесіңдер? Қарға, қарға,
қарғалар,
Қар үстінде
жорғалар,
Боран соқса қар
болар,
Бұтаға қонар
қарғалар.
Қос қанатын
иіп ап,
Жарға келіп
қонады,
Қара киім
киіп ап.
-Қарға,
қарлығаштың түстері қандай болады? -Олардың
түстері қара, және қара ала болады. Балалар шаршаған
шығарсыңдар?
Онда сергіту
жаттығуын жасайық.
Қарлығаш боп
ұшайық,
Торғай болып
қонайық,
Сауысқан боп
секіріп,
Бүркіт болып
самғайық.
Қане қанат
жазайық
Ұшып-ұшып
алайық,
Орнымызға
қонайық.
-Сергіп қалдыңдар
ма, онда іс-әрекетімізді жалғастырайық. Енді
мен сендерге жұмбақ
жасырайын.
Ағаштарды тазалайды,
Тыным таппай
мазалайды. Бұл не? Тоқылдақ
Қонып алып
талға,
Қарқылдайды, ол не?
Қарға
Өз-өзін
атап,
шақырады күнұзақ.
Бұл не? Көкек
Отыра алмай
тыншып,
шиқылдайды шиқ-шиқ.
Бұл не? Шымшық
Шарлап келіп
даланы,
Үйіме үйін салады.
Бұл қай құс? Қарлығаш
Су бетін
сүзіп,
ақ құман жүр
жүзіп. Аққу
Ал енді балалар, алдымыздағы
суретке қараңдаршы, не бейнеленген?
-Қарлығаштың суреті
бейнеленген.
Біз енді қолымызға
қарындаштарымызды алып, осы қарлығаш бейнеленген
суретті
бояйық.
Балалар
жарайсыңдар Өте керемет.
Сергіту
сәті:
Нан қоқымын
шашпаңдар
Жерде жатса
баспаңдар
Теріп алып
қастерлеп
Торғайларға
тастаңдар!
Ал енді балалар мен сендермен «Не, қалай,
дыбыстайды» деген дидактикалық ойын ойнағым
келіп тұр. Дыбыстарға назар аударайық.
Дымбілмес:
Балалар сендер
көп нәрсені біледі екенсіңдер, мен
көп нәрсені үйрендім рахмет сендерге. Мен де
енді құстармен дос боламын. Сау болыңдар.
-Сау бол Дымбілмес.
-Балалар, бүгін біз не туралы
өттік?
Балалар құстар туралы өткендігін
айтады.
-Бүгінгі оқу қызметі сендерге несімен
ұнады?
Балалар өз ойларын
айтады.
-Ал, енді балалар келген қонақтармен
қоштасайық
-Сау
болыңыздар!
Ал,балалар сендер шынында да құстар туралы
көп нәрсе біледі екенсіңдер. Өте
тамаша. Балаларды мақтап-
мадақтау.
Күтілетін
нәтиже:
Жаңғыртуы: Балалар қыстайтын құстарды ажырата білуі
керек.
Түсінуі: Балалар құстарға қамқорлық жасау
керектігін
түсінеді.
Қолдануы: Балалар құстарды атауды
білді.