Материалдар / «Құзыреттілікті іске асырудың дидактикалық аспектілері».
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Құзыреттілікті іске асырудың дидактикалық аспектілері».

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі білім беру жағдайындағы инновациялық технологияларды қолданудың әдіс-тәсілі, амалдарының нәтижелілігін баяндаған. Озық педагогикалық тәжірибені өз сабағында жүзеге асырудың үлгілерін, әзірленімдерін мысалға келтірген. Педагогтың кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудың дидактикалық аспектілерін талдай келе, оқушылардың білім сапасын көтерудің факторларына тоқталған. Сабақтың мақсат-міндеттерін, тиімді өткізудің жолдарын, оқушылардың білім – білік дағдыларын дамытудағы өздік жұмыс түрлерін, сол іс-әрекетті ұйымдастыру, басшылық етудегі мұғалімнің рөлін, білім берудегі құзырлылық мәселесін қалыптастырудың оңтайлы тұстарын баяндамада қамтыған. Сабақта, сабақтан тыс уақыттағы биология пәнін басқа пәндермен байланыста оқытуын, кіріктірілген сабақ, ынтымақтастық педагогикасы деңгейлеп, саралап, дамыта оқытудың озық тұстарын нақтылаған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2018
1041
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама тақырыбы: «Құзыреттілікті іске асырудың дидактикалық аспектілері».


Баяндама құрылымы:

  1. Мазмұны

  2. Кіріспе

  3. Негізгі бөлім

    • Құзыреттілік – адамның өз білім дағдысын тиімді пайдалануының саналы қабілеті.

    • Биология пәнін оқытуда құзыреттілікті қалыптастыру әдістері

    • Сабақ түрі мақсат пен міндеттен туындайды.

  4. Қорытынды бөлім (түйін).

  5. Пайдаланылған әдебиеттер.

  6. Қосымша.


  1. Мазмұны.

Қазіргі ғылым мен білімді ақпараттандыру, қоғамдық жаһандандыру жағдайында кәсіби даярлау, ең алдымен, қоғамның кәсіби маманданған жұмыс күшіне деген сұранысымен өлшенеді. Педагогикалық кәсіби мамандану – кәсіби қызметтің, іс-әрекеттің мінездемесі, ал кәсіби қызмет жеке тұлғаның іс-әрекетінен көрініс табады.

Яғни жеке тұлғаның шоғырланған сипаттамасы әрбір жеке тұлға белгіленген нақты бір құрылымды құрайтын күрделі әлеуметтік – психологиялық тұтастық болып табылады.

Педагогтың құзыреттілігі көрсеткіштері: педагогтың жалпы дүниетанымы, жеке кәсіби іс тәжірибесі, педагогикалық ойлау жүйесі, кәсіби-педагогикалық қабілеттері, тұлғаның психологиялық ерекшеліктері.

Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны қолда берік ұстау керек. А.Барбюс.

Биология жаратылыстану ғылымы ішіндегі көшбасшысы іспеттес. Сондықтан қазіргі жаһандану кезеңінде ең басты проблема мектеп оқушыларына биология пәнінен білім беруде биология ғылымының жаңалықтарын, маңызын үйрену, ол үшін ең бастысын сұрыптап, таңдап ала білу. Қазіргі биологиялық білім беру жүйесі қоғамдағы мәдениеттің дамуын бейнелеуге бағытталуы тиіс. Дүниенің біртұтастығын танып білу үшін, тек мәдени жүйеде ғана алға қойған мақсатқа жетуге болады. Биология пәнінен білім беруде тағы бір ескерілетін мәселе – оқушының дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуын жеке тұлғаның өмірдегі бағдарында бағытталуы. Биологияны пәнаралық байланыста оқыту: экология, химия, қоғамдық пәндер, салауаттану, экономика, медицина т.б. пәнаралық байланыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған ортаның ластанбауын, экологиялық тазалықты сақтау, яғни экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру.


  1. Кіріспе.

Білім беру сапасы – қазіргі педагогикалық теория, практика талаптарына сай келетін, жеке тұлға, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажетін қанағаттандыра алатын білім берудің маңызды белгілерінің жиынтығы.

Білім беруде әр мұғалім өзінің кәсібі құзыреттілігі шеңберінде білім беру процесін іске асыруда сапа мәселесін алдыңғы орынға қоюы шарт деп есептеймін. Олар: 1. Білім мазмұнының сапасы. 2. Оқыту сапасы. 3. Оқу сапасы.

Биологияда кіріктіре оқыту, саралап, деңгейлеп, дамыта оқыту технологияларын қолданамын. Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын, аймақтық компоненттерді сабақта пайдалану маңызды. Жеке тұлғаның шығармашылығын дамытады, өз еліне, жеріне, табиғатына, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне сүйіспеншілігін арттырып, отаншылдық, патриоттық сезімін оятады. Әңгімелеу, сурет салу, жұмбақ жасырту, сөзжұмбақ құрату тапсырмалары оқушылардың шығармашылыққа ықыласын, ойлау қабілетін шыңдап, табиғатты жан-жақты оқытатын арнайы биология пәніне деген құштарлығын арттырады. «Жер ұйығы өзімнің қасымда екен», деп М.Мақатаев ақын жырлағандай, биология сабақтарында халықтық педагогика элементтерін пайдалану – ұлтымыздың рухани мұраларын, шипагерлік емдерін, ұлттық ойындарын жаңғыртудың мүмкіндіктері. Халық медицинасы емдік өсімдіктер, жан-жануарлардан алынатын өнімдердің құрамы, оларды жинау, дайындау әдістерінің әртүрлілігін түсіндіру. Мақал-мәтелдер халық даналығы десек, тиым сөздер мен қанатты сөздердің мәнін түсіндіру – кезекті бір мәселе. Тақырып: Гүл немесе жеміс. «Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа!», «Суы көп бақтың жемісі көбейеді». Сүтқоректілер класын өткенде, төрт түлік мал өнімдеріне ерекше тоқталған жөн. «Аңшылық – саятшылық өнер» - турасында «Сұңқар қиясын сағынады, торғай ұясын сағынады», «Құс балапаны үшін тұзаққа түседі», «Тұғырына саңғырған оңбас», т.б.

10 сынып бойынша биология пәнінде «Генетика және сұрыптау негіздері» тарауын өтуде қазақ тілі, физика, химия, медицина, математика пәндерімен байланыстырамын. Сөйтіп, оқушының байқау, көру, есту қабілетін жетілдіремін. «Дәрілік өсімдіктер», «Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өміріндегі маңызы» тақырыптарын оқушылардың өздерінің ізденіс жұмыстарымен қорытындылаймын.

Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың танымдық, іскерлік дағдыларын дамытады. «Өсімдіктер әлемі» тақырыбында биологиялық ойын кезінде «Сөздіктер сыр шертеді» - жаңа сөздердің мағынасын таптырдым: микроскоп, жасуша, фотосинтез, гүлсерік, саңылау т.б. «Гүл формуласы» тақырыбын өткенде гүлдің атын атап, формуласын жазып, талдау. Т кестесін толтырттым.

Өсімдіктердің маңызы

Өсімдіктерді қорғау шаралары



«Тыныс алу мүшелерінің құрылысы және қызметі» тақырыбын өтуде деңгейлеп оқытып, деңгейлік тапсырмалар бердім. Муляж (нақпішін) көрсетіп, Венн диаграммасын құрғыздым.

DrawObject1 DrawObject2









  1. Негізгі бөлім.

Сапалы білім мен саналы ұрпақты қалыптастырушы, әрине ол – ұстаз. Мұғалімнің өзі құзыретті болмай, мақсатқа жетуі екіталай.

Қазақстан Республикасының жоғары педагогикалық білім беру тұжырымдамасында «Жаңа формация мұғалімі – кәсіби дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңашылыққа құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін жеке тұлға» - деп көрсетілген.

Қазіргі заманға сай биология пәнін оқытуда озық үлгідегі жаңа педагогикалық технологияларды қолданыста ұстап, әр оқушының жеке тұлғасын өздігінен дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру мақсатын оқыту мен тәрбиелеудің субъектілік негізінде ауыстыратын тәсілді іздестіремін. Осыған орай күнделікті оқытудың жаңа үлгілерін зерделеп, салыстырып, өз іс-тәжірибемде ұштастырамын.

Әсте оқыту технологиясын оқу әдістемесін ажырата білу қажет. Оқыту технологиясын жете білу – шеберлік. Педагогикалық технологиялар мен оқу әдістемелерінің негізгі айрықша белгісі – процессуалдық бөлігі. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу үрдісінің жоғары сапасына және педагогикалық міндеттердің табысты жетілуіне кепіл бола алады.

Ал әдістеменің соңғы тиімді нәтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, әдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі әдістемесі бар. Егер ол әдістеме сенім, сәйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Білім мазмұнының жаңғыруы қазіргі мұғалімнен объективті жаңа нәтижемен сипатталатын рефлексивтік ойлау қабілетін қажет етеді. Рефлексивтік қатынас – педагогтың өзін-өзі тану, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі реттеуді қалыстастырудың бірден-бір жолы.

Педагогтардың кәсіби өсуін жетілдіру барысында жеке тұлғаға сенімділікпен қарау факторы ерекше орын алады. Мұғалім ұдайы өзінің біліктілігін көтеріп, кәсіптік біліктілігін жетілдіріп отыруы қажет деген ойдамын.

1) Педагог оқу үрдісінде өзінің деңгейін сонда бағалап, талдау жасай алады – ретроспективтік рефлексия.

2) Педагог өзінің мүмкіндік деңгейін анықтай алады – (болжамдық) – прогностикалық рефлекция.

Құзыреттілік – мұғалімнің ғана емес, оқушының да өз білім дағдысын тиімді пайдалана алатын саналы қабілеті. Құзыреттіліктің басым келетін білім беру ұстанымының негізгі айырмашылығы да осында. Оқушыларды өз мүмкіндік, қабілеттерін рефлексиялық бағалауға мақсаттау, өз құзыреттілігінің шегін білуі. Оқушылармен топтық, ұжымдық жұмыстарды ұйымдастырудың артықшылығы: өзіне-өзі баға беру, төзімділік пен эмпатияны дамыту, басқа адамдарды, олардың қажеттілігін түсіну, бәсекелестік емес, ынтымақтастыққа баулу, басқаларды мойындау және бағалау, тыңдау мен тілдесімге қабілет, жаңашылдық пен шығармашылқты ынталандыру болып табылады. Осы аталған дидактикалық принциптік шарттарды іске асыруға қолайлысы – ұжымдық оқыту, СТО, жобалау, жағдаяттық талдау технологиялары.

Сабақ нәтижесі – тиімді әдіс.

Биология пәніне оқушылардың қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақтарымда оқытудың жаңа инновациялық технологиялар үлгілерін, оның ұтымды, оңтайлы, тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланамын. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – білім сапасын арттыру деп түсінемін.

Биология пәнін оқытуда салыстыра оқыту әдіс-тәсілдерін қолданамын. Сабақта пән аралық байланыс жасаймын, атап айтқанда, экология, тарих, география, әдебиет, халық педагогикасы т.б. ғылыми салалармен. Сабақ көрнекілігін тақырыпқа, мазмұнына сай іріктеп қолданамын, электронды оқулықтар, интерактивті тақта, тірек-сызбалар, иллюстрациялы суреттер, бейне материалдар, слайдтар, муляждар, кеппе шөптер, т.б. Оқушыларды көрнекілікпен және саралап оқыту шығармашылық ізденіске баулиды. Сабақта СТО, деңгейлеп, саралап, дамыта, ізгілендіре, жобалай оқыту нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырады. Мақсатты ұғынуға, тапсырмаларды орындау барысын жоспарлауға, тәжірибелік тапсырмаларды орындауға, алынған нәтижелерді бағалап, түсіндіруге көмектеседі, осы әдістерді өзім ұстанымы принципін іске асырып, оңтайлы нәтижеге қол жеткіздім.

Құзыреттілікті іске асырудың дидактикалық аспектілерінің бірі – оқытудың ұйымдастыру қалыптарына, әдіс-құралдарына, оқушы жетістіктерін бағдарлауға да қатысты. Құзыреттілік ыңғайында оқыту әдістері мен технологиялары құзыреттіліктің әрекет ету бөлігіне сәйкес келуін ескеремін, анығында білімді мақсатқа лайықты пайдалану тәжірибесін жинақтауға көмектеседі. Биология сабағында көбінесе жағдаяттық талдауды жүргіземін. Жағдаяттық талдау – құзыреттілікке тиімді әдіс деп санаймын. Себебі бұл әдіс тікелей өмірмен байланыс орнатып, оқыту барысында оқушылардың субъективтік тәжірибесіне сүйенеді де оқушылар жағдаят деректері мен детальдарын талдауға, жағдаятты талқылауға, өз ұстанымын, пікірін негіздеуге белсендіреді. Сабақтың әдісі ретінде ұтымды қолданылған жағдаяттық талдау барысында оқушылар нақты берілген тапсырма аясында мәселені табады, шешеді, сұрақтары өрнектеледі, ұсынылған сұлба бойынша қабылданады, ұсынылған шешімдердің тиімдісі таңдалады.

Құзыреттілікті іске асырудың дидактикалық аспектілерінің тағы бірі – оқушылар білімі мен жетістігін бағалауы. Сабақта оқушылардың өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау, 12 балдық рейтингтік бағалау түрлерін қолданамын және дұрыс бағалауды талап етіп, үйретіп, машықтандырамын. Себебі дұрыс бағалау оқушыларға өз құзыреттілігінің деңгейін білуге, жеке мүмкіндіктерін білім стандарты талаптарымен сәйкестендіруге көмектеседі. Нәтижесінде оқушы портфолиосы толықтырылады. Мұндай портфолио ойлау дағдыларын дамытуға қолайлы, оқушы нені үйренгенін жинақтап, білімін әрі қарай пайдалануды ойластырады.

Тәжірибе көрсеткендей, сабақ түрі мақсат пен міндеттен туындайды. Сабақ – оқытудың негізгі формасы. Оқу үрдісі бірнеше құрылымнан: оқу мақсаттары мен міндеттері, оқу мазмұны, оқу әрекетінің мотивтері, формалары, әдіс-тәсілдерінен тұрады. Оқу үрдісінің ең негізгі құрамы әдіс-тәсілдер. Сабақтарымда әдіс-тәсілдерді оқу мазмұнына байланысты іріктеймін. Әр сабақта жаңа әдістерді қолданып, шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс істеуді әуелі өзімнен, сонан соң шәкірттерімнен талап етемін. Себебі менің міндетім – терең білім беру, өзіндік жұмыс жасау қабілетін жетілдіру. Сабақты қызықты әрі тартымды өткізудегі қолданған тиімді әдіс-тәсілдерімнің бірі – СТО технологиясының оқыту стратегиялары.

Сабақ тақырыбы: Тірі табиғат дүниесінің көптүрлілігі.

Сабақ түрі: ізденіс сабағы.

Сабақ тегі: шолу, үйрету, жүйелеу.

Сабақта суреттер, кеппе шөптер, электрондық оқулықтар т.б. пайдалана отырып, оқушыларға ой қозғау стратегиясы үшін саз (музыканы) тыңдаттым. Ал өзім «Табиғат аясы» туралы эмоциялық, мәнерлі мәтінді айтып, «Елес жетелеу» стратегиясын оқушыларға орындаттым. Сұрақ: жүрегімізге мейірім нұры, күннің алтын сәулесін сезіндік пе? (бірнешеуі жауап береді).

Түйін: Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар өсіп-өнуі үшін жарық, күн көзі, жылу, ауа, минералды заттар жеткілікті болуы керек. Суретпен жұмыс, байланыстырыла өлең жолы мәнерлеп жатқа оқылады (Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңінен). Осы өлең арқылы барлық табиғатқа аялы алақан керек екендігін ұғындырылды. Интерактивті тақта – слайдтан, компьютерден жан-жануарлар суреттері көрсетіледі. Кластер жасалады.

DrawObject3








Оқушылар кластерлік жұмыс істеп, сұрақтарға алма-кезек жауап айтты.


DrawObject5 DrawObject4





Сұрақ: фотосинтез процесін қалай түсіндірер едіңдер?

Жауап:

Көмірқышқыл газ + су + күн сәулесі /жасыл өсімдік- қант (глюкоза +оттегі)

Кеппе шөппен жұмыс – қына көрсетіледі – оқушылар төменгі сатыдағы өсімдік түрлері туралы айтты.

Жағдаяттық сұрақ: қына неге таста өседі?

Өсімдіктердің маңызын түсіндіруде құнды, қызықты деректер берілді (алдын ала оқушыларға берілген тапсырмалардың өздік жұмыстары қорғалды: альбом, хабарлама, реферат т.б.) жануарлар туралы талдағанда да әдебиет пәнімен пән аралық байланыста Шәкәрім Құдайбердиевтің өлеңі мысалға алынды. Компьютерден қоян, ақ қоян, жасыл, сұр шегірткелер суреттері көрсетілді).

Сұрақ: неге байланысты: (ой толғаныс сатысы)

«Миға шабуыл» стратегиясы

Қысты жердің қояны күзді күні,

Дей ме әдейі қардай боп ағарайын,

Көгалдағы шегіртке жасыл болып,

Көрдің бе қырдағысы қоңырқайын

Осылар өзін-өзі жаратты ма,

Жауымнан түсіммен деп құтылайын

Ғылымда мұны соқыр сезім дейді.

Ш.Құдайбердиев.

«Соқыр сезім» - ғылыми тілде «инстинкт». Жануарлар жер сілкіну т.б. апаттарды сезеді. Тіпті цунамиді де жануарлар сезген.

Экологиялық мәселелер бойынша: қорықтар, қызыл кітап жайлы оқушылар қосымша материалдар, ақпараттар мағлұматтарымен бөлісті. «Еркін жауап» стратегиясы бойынша сабақты қорытындылау: демек, тіршілік қарапайымнан күрделіге қарай сатылап дамиды. Тірі табиғат дүниесінің дамуы (эволюция) оқушылар терминдермен, жұмбақ өлеңдермен жұмыс істеді. Сабақ қызықты өтті, оқушылар белсенді қимылдады.

СТО технологиясымен оқытудың жетістігі – оқушылар «қарапайымнан – күрделіге» оқытылып, сұрақ-жауап түрінде әр мәселеге өз пікірін айтып, дәлелдеп, басқалардың пікірін тыңдап, қисынды зерттеу – дәлелдемелер әзірлейді, түзету енгізеді, жауаптарын бағалайды, үлгерімі нашар оқушыларға көмек береді. Яғни қарым-қатынас жасау белсенділігі артады. Іс-тәжірибемде түйіндегенім: игерілуге тиісті білімнің мәнін көтеруде дидактикалық, психологиялық ахуалды дұрыс пайдалану және тұлғаның дербестік деңгейін жетілдіру – бір-бірімен тығыз байланысып жатқан мәселе.

Биология пәні сабақтарында оқушыларға жұмбақтар шешкізіп, мақал-мәтелдер айтқызып, өтірік өлең құрастыртып, әртүрлі танымдық ойындарды ойнатамын. Мысалы: қоянды қорқақ десек,

қасқырды жеп қойыпты

қарны ашқан есек,

құмырсқаны сойыпты. (өтірік өлең)

Сөзжұмбақ:




4

5


2

3



1





Б

А

Л

Ы

Қ



























Сұрақтар: Жауаптар:

1. Өрістегіш балық 1. Бекіре

2. Ағынды су балығы 2. Бахтақ

3. Типтер неге бөлінеді? 3. Класс

4. Тұқымдастар неге бөлінеді? 4. Туыс

5. Жүзбеқанаттар жұп және не болып бөлінеді? 5. Тақ


  1. Қорытынды (түйін)

Сабақ үрдісінде оқушының танымдық ой-өрісін дамыту, есте сақтау, өз ойларын пайымдау мақсатына көңіл бөлемін. Бұл ретте бақылау, тест жұмыстарын, диктант жазу, т.б. пысықтау жұмыстарын жүргіземін. Алған білімдерін меңгеруі, оны пайдалана білуін қадағалаймын. Мысалы: «Омыртқалы жануарлардың ас қорыту жүйесі және онда астық қорытылуы» тақырыбында сабақ өткізуде интерактивті тақта, тірек кесте, сызбанұсқа, суреттер, бағалау парақтарын пайдаландым. Үй тапсырмасын тест сұрақтарын алу арқылы тексердім (2 нұсқада). Биологиялық диктант алдым. Тапсырма: көпнүктенің орнына тиісті жауаптың нөмірін жазыңдар.

Үлгі кесте

Суреттеме

Жауаптар

1. Жүйке ұлпасы ... деп аталатын жасушалардан тұрады

1. Дендрит

2 ... Ағзадағы негізгі қуат көзі

2. Сүйек

Жаңа сабақты бекіту үшін INSERT – «түртіп алу жүйесі» стратегиясын (СТО технологиясы) қолдандым, оқушылар белгіледі.

V – білемін + мен үшін жаңа ақпарат

- білмеймін ? мені таң қалдырды.


Соңынан оқушылар бағалау парағын толтырды (бәріне үлестіремін».

Оқушының аты-жөні

Тест

Биологиялық диктант

Жаңа сабаққа қатысты

INSERT

Бағалау

1







2







Сабақта оқушыларды өз бетінше іздену жұмысына баулу, әртүрлі қажетті ақпараттар, қызықты мәліметтер жинату әдістерін қолдануда «Құпия сан» жаттығуын, «Құпия хат» сөзжұмбағын жасатып, іскерлік ойындар, сайыс сабақтарын өткіземін.

«Эволюция ілімі» тақырыбын өтуде тренинг. Жеке тұлғаны дамыту жүргіздім. Мақсат: аз уақыт ішінде оқушының есте сақтау қабілетін дамыту.

а) термин сөздермен жұмыс;

ә) естігенін есте сақтау;

б) берілген сөздерден әңгіме құрастыру.

Оқушылар «Кім жылдам?», «Кім тапқыр?», «Сөздерді дұрыс орналастыр», «Жоқ сөздерді тап» т.б. жазғызамын. Суретпен жұмыста сипаттама, салыстыру тоатастыру, сызбалар толтыру, 5 жолды өлең жазу іс-әрекеттерін орындатамын. Қорыта келгенде, ұстаз ұлылығы шәкірттің білімділігімен бағаланады. Ұрпақ тәрбиесі қай заманның, қай қоғамның болмасын көкейтесті мәселесі болып келеді. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың белсенділігін арттырып, өз бетінше іздендіріп, білім деңгейінің сапасын көтеру - әр ұстаздың міндеті деген пікірдемін.























  1. Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Скаткин М.Н. Школа и всесторонное развитие личности. М., Просвещение, 1980.

  2. Ляудис В.Я. Продуктивная совместная деятельность учителя с учениками как метод формирования личности. // Активные обучения педагогическому общению и его оптимизации. Москва, 1983.

  3. Г.К.Селевко. Современные образовательные технологии. М., «Народное образование». 1998.

  4. А.Жайталова. Профессиональный рост учителя в системе повышения квалификации. Алматы, 2006.

  5. А.Койшыбаева Оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастыру.

  6. А.Сартаев. «Биология әлемінде». 2007.

  7. Т.Қасымбаева, К.Мухамбетжанов. «Жалпы биология». «Мектеп», Алматы, 2006.

  8. Қ.Қайым. «Биология». (оқыту әдістемесі) 2005.

  9. Қ.Телебаев, Л.Әбішева, Н.Хобина, Т.Айымбетова. Денсаулық және өмірлік дағдылар.

  10. Д.Трайтак. Биология.

  11. Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков. Биология (оқыту әдістемесі). Алматы. «Атамұра» 2004.

  12. Салауаттылыққа баулу мәселелері. //Білім. Алматы. №3. 2007

  13. Салауатты өмір сүру – жаратылыстану ғылымдары байланысынан туындайтын негізгі ұғым. //Биология мектепте. Алматы. №3. 2007

  14. Қ.Дүйсембин, З.Алиакбарова. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. //Алматы. 2003.

  15. М.М.Безруких, В.Д.Сонькин, Д.А.Фарбер. Возрастная физиология. //Москва. Издательство. Академия. 2003.

  16. А.Р.Хрипкова, М.В.Антропова, А.А.Фарбер. Возрастная физиология и школьная гигиена. //Москва. Просвещение. 1990.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!