ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ
ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ақтау
колледжі
Тәрбие
сағаты
Тақырыбы:
«Қылмыс және
жасөспірім»
Дайындаған : Бекбердиева
Т.Э
Ақтау
2018ж
Тәрбие сағатының
тақырыбы: «Қылмыс және
жасөспірім»
Тәрбие сағатының
мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қылмыстық істердің
адам өміріне тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары
туралы түсіндіру.
Дамытушылық: Ой-өрісін, ойлау қабілетін
шығармашылыққа дамыту.
Тәрбиелілік: Қоғамға жат мінез-қылықтардан
сақтандыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына
тәрбиелеу.
Барысы: «Өз бақытың өз қолыңда» «Қылмыс жасағаны үшін
жазаға тартқаннан гөрі қылмыстың алдын-алу әлдеқайда жақсы» деген
пікір бар.
Көрнекілігі: слайд, суреттер.
Тәрбие
сағатының жүру барысы:
І. Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім
қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат
беру
ІІ
. Ситуациялық
сұрақтар
І. «Қылмыс және жасөспірім» тақырыбы
бүгінгі күні маңызды болып саналады, өкінішке орай кейбір
жасөспірімдер құқықбұзушылықтың арты неге әкеліп соғатынына аса мән
бере қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға
саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі
болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді
жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын
көрінеді.
Сондықтан алдымен қылмыс дегеніміз не мағынасын
ашып алсақ. Қылмыс –Қазақстан Республикасының қылмыстық заңына
сәйкес, жазалау қатерімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті
әрекет .
Жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына
байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған орта ма? Әлде
колледж ме? Әлде жүре түзеліп кетер
деп қылмыстық әрекеттер істеген баласының
әрекетіне немқұрайлы қарайтын ата-ана ма? Осы
сұрақтарға жауап ретінде жасөспірімдердің қылмыс жасауының
себептеріне тоқталатын болсақ:
Қазіргі таңда зерттеушілер жасөспірімдердің
қылмысқа баруының мынадай үш себебін ашып көрсетеді: Отбасылық
жағдай, жасөспірімдердің уақытын тиімді пайдалана алмауы, тұрмыстық
жағдай.
1. Жанұядағы тәрбие
жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп
қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің
тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын
болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы
зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген
құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына
олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы
дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi
тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б. Балаға ең жақын адам ең бірінші ата-анасы
екендігін естен шығармаған жөн. Егер ата-анасы ұл-қызының бос
уақытында немен шұғылданатынын, сабақ үлгерімін, колледжге
барған, сабағынан қайтқан уақытын
тексеріп, сабақ кестесін үнемі қадағалап, топ
жетекшісімен тығыз байланыста
болса, баланың күн режимінен құлағдар болып отырар
еді.
2. Бос уақытын
тиімді пайдалана алмауынан ата-ана назарынан тыс қалған
балалар. Балалардың соңғы
кездері шекара дегенді білмейтін, жан-жақтан ағылып келіп жатқан,
бала жүрегіне қатыгездік дәнін себу жағынан бірінен-бірі асып
түсетін компьютерлік ойындарға, одан қалса, атыс-шабысқа толы,
адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы
жанрдағы фильмдерге деген ықыласымен байланыстыруға болады.
Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген
қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық
жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын
жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу,
қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір
себебі болып табылады.
Қазіргі жастардың 90 % компьютер
қолданады. Педагогикалық зерттеу бойынша ата-ана баланың интернетте
немен айналысатынын білмейді. Компьютер ойындарының шырмауына
түскен бала одан шығуы қиын.
3.Тұрмыстық
жағдай. Яғни тұрмыстың ауыр зардабын көре отырып қылмыстық жолмен
жеңіл ақша табуға әдеттенген балалар.
Соңғы уақытта
республиканың барлық аймақтарында жасөспірімдер қылмысы қатты белең
алып келеді. Қорытындылай келе кәмелетке толмағандар
арасындағы қылмыстар белең алып келеді, онымен күресу үшін
мемлекеттік органдармен байланыс орнату керек. Жастар арасында
патриоттық сезімін, мәдени құндылықтарды дамытып, тәрбиелеу керек.
Сонымен қатар жастардың құқықтық сауаттылығын ашу
керек.
ІІ. Ситуациялық
сұрақтар:
1. Бір
елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен
адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер
едіңіз?
2. Сенің
досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да,
достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер
едің?
3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп
қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді
айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?
4. Көшедегі
көрініс:
Армат: Айболат бүгін Мараттың туған күні ғой,
білесің бе?
Айболат: Ия, ия, жүр, ендеше солай қарай
барайық.
Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік,
ол да барар мүмкін.
Армат: Бекжол, біз туған күнге бара жатырмыз.
Бізбен бірге жүрсеңші.
Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім
керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің,
біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей
қалады.
Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара
алмаймын. Бірнәрсеге душар болып қалармыз.
Армат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым»
- деп өкініп жүр ме.?
Сұрақ: Балалар қандай қателік жіберді?
Кімдікі дұрыс деп ойлайсыз?
5. Мақал-мәтелдің жалғасын тауып,
түсінік беріңіз
Біреуге ор қазба …
Ұрлық түбі …
Қолыңмен істегенді …
Жақсыдан үйрен, жаманнан...