"Қырық миллион теңге" шоуы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қырық миллион теңге" шоуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға, математика пәнінен сыныптан тыс сайыс сабағын өткізетін жас мамандарға
Материалдың қысқаша нұсқасы



Кенесары Қасымов атындағы шағын орталықты орта мектебі



5 , 7, 8 сыныптар арасында математика пәнінен өткізілген





«Қырық миллион теңге» шоуы





Пән мұғалімі: Калмурзаева А.А.





2018 – 2019 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Қырық миллион теңге» шоуы

Білім – адам баласының ортақ қазынасы.


Сабақтың мақсаты: оқушылардың математика пәнінен алған білімдерін тексеру, ойлау қабілетін, математикаға деген қызығушылығын арттыру, тапқырлыққа баулу, ұйымшылдыққа баулу. Оқушылардың І жарты жылда алған білім – білік дағдыларын саралап жеңімпаз оқушыны анықтау.

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, ақша бірліктері

Сабақтың барысы:

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қырық миллион теңге» шоуына қош келдіңіздер!

«Қырық миллион теңге» шоуының талаптары қарапайым: ойынға қатысушыларға 4000 теңге беріледі. Ойынға қатысушылар осындай қомақты ақшаның иесі атану үшін небәрі 8 сұраққа жауап беруі керек. Әр сұрақтың 4 нұсқасы болады.әр нұсқаға ақша салу міндетті болып табылады. Тек дұрыс жауапқа салынған ақша сақталынады және т.с.с. Ойын барысында 1 жеңілдікке ие бола аласыздар: залдың көмегі. Ойын шарты түсінікті болса, іске сәт деп, ойынымызды бастайық.

Математика пәнінен білімдері сыналатын оқушыларға сәттілік тілей отырып, ортаға шақырайық.

Сонымен сайыскерлер дайын болсаңдар, ойынымызды бастайық. Әр ойыншы өздерін қысқаша түрде таныстырып өтеді.

1 – жұп.

  1. 45 минут сағаттың қанша бөлігі

  1. ¾

  2. 4/3

  3. ½

  4. 5/6

  1. Төрт қабатты үйде Сәкен Жомарттан жоғары қабатта тұрады, бірақ Мұраттан төменгі қабатта тұрады. Ал Жомарт Ерболдан жоғарғы қабатта тұрады. Кім қай қабатта тұрады.

  1. М-4, С-3, Ж-2, Е-1

  2. М-3, С-4, Ж-2, Е-1

  3. М-1, С-3, Ж-2, Е-4

  4. М-4, С-2, Ж-3, Е-1

  1. Бас бармақ пен сұқ саусақ аралығындағы өлшем.

  1. Сүйем

  2. Өлшем

  3. Қарыс

  4. Елі

  1. Самат бір сан ойлады. Егер оны 30 – ға бөліп, шыққан бөліндіден 5 – ті азайтса, айырма 7 – ге тең болды. Самат қандай сан ойлады?

  1. 360

  2. 630

  3. 30

  4. 120

  1. Көбейту мен бөлу амалдарын енгізген математиктерді атаңыз.

  1. Уильям Оутред және Готфрид Вильгельм Лейбниц

  2. Иоганн Видман және Готфрид Вильгельм Лейбниц

  3. Готфрид Вильгельм Лейбниц және Исаак Ньютон

  4. Иоганн Видман және Уильям Оутред

  1. Триллион санында қанша нөл саны бар?

  1. 12

  2. 9

  3. 15

  4. 18

  1. Назгүл кітаптың 2/5 – сін оқыды, содан соң тағы 1/5 – ін оқыды. Ол кітаптың қанша бөлігін оқымады?

  1. 2/5

  2. 1/5

  3. 3/5

  4. 4/5

  1. ?

  1. 2/3

  2. 3/2

  3. 4/5

  4. 7/8



Алғашқы жұпты қошеметтеп ойыннан шығарып салайық.

Ойын – толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыс та,

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда қатты аптығыста.

Ойын – толқын, жатқандай асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып,

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңбесең де қалма жасып – дей отыра келесі жұпты ортаға шақырсақ.

  1. "Пропорция" грек тілінен аударғанда нені білдіереді?

  1. Теңдік

  2. Қатынас

  3. Теңдеу

  4. Әдемілік

  1. 5,075 санын ондық үлеске дейін дөңгелекте.

  1. 5,1

  2. 5,0

  3. 5,7

  4. 5,2

  1. Оқушы дүкеннен 7 бірдей дәптер сатып алды. Неше теңге төледі?

  1. 1540 т

  2. 200 т

  3. 3070 т

  4. 1541 т

  1. Есептеңдер: (716*72*76): 722

  1. 7

  2. 1

  3. 49

  4. 14

  1. Координаталық жазықтық қай ғалымның құрметіне аталған?

  1. Рене Декарт

  2. М.В.Ломоносов

  3. Фалес

  4. Пифагор

  1. Қандай гүл математиктің құрметіне аталған? (1723-1788 жж өмір сүрген француз математигі Гортензин Лекот құрметіне аталған. Ол бұл гүлді Индиядан әкелген.)

  1. Гортензин

  2. Диофанта

  3. Эратосфен

  4. Фиббаначчи

  1. Квадриллион санында қанша нөл бар?

  1. 15

  2. 12

  3. 18

  4. 21

  1. Бала 600 г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді?

  1. 2 мин

  2. 3 мин

  3. 5 мин

  4. 1 мин



8 – сынып оқушыларын 3 – жұпты ойынымызға шақырайық.

  1. 3,873983... қандай сан?

  1. Иррациолнал

  2. Рационал

  3. Бөлшек

  4. Ондық бөлшектер

  1. Үшбұрыштың төбесінен түсірілген биіктік, оның әрі медианасы, әрі биссектрисасы болып табылады

  1. Тікбұрышты үшбұрыш

  2. Теңбүйірлі үшбұрыш

  3. Теңқабырғалы үшбұрыш

  4. Сүйір бұрышты үшбұрыш

  1. Үшбұрыштың орта сызығы 20 ға тең. Оның табаны неге тең?

  1. 10

  2. 40

  3. 15

  4. 60

  1. Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы қалай аталады?

  1. Синус

  2. Косинус

  3. Тангенс

  4. Котангенс

  1. Атақты грек ғалымы Пифагор қай ғасырда өмір сүрген?

  1. Б.з.д. VI ғасырда

  2. Б.з.д. V ғасырда

  3. Б.з.д. VII ғасырда

  4. Б.з.д. IV ғасырда

  1. Диагональдары өзара перпендикуляр және оның бұрыштарын қақ бөледі.

  1. Шаршы

  2. Ромб

  3. Параллелограмм

  4. Тіктөртбұрыш

  1. 2 +х -4=0 теңдеуінің түбірін табыңыз

  1. -4/3 және 1

  2. -3/4 және 1

  3. -4 және 3

  4. 4 және -3

  1. Квадрат теңдеулерді шешу теориясын дамытуда Орта Азияның көрнекті ғалымының орны бөлек. Ол әртүрлі квадрат теңдеулерді шешудің нақты жолдарын жазып кеткен. Қай ғалым туралы айтылған?

  1. Виет

  2. Пифагор

  3. Әл – Хорезми

  4. Омар Хайям





Жүргізуші: Қазір жанкүйерлермен 6-кезең Көрермендермен ойын кезеңін жүргіземіз. 4-5 оқушы шығып карточкаға жасырынған сөздерді ымдап қалған көрермендерге жеткізу керек. Олар осы заттың не екенін тауып берулері керек.

Жасырылған сөздер: сөмке, өшіргіш, сызғыш, қайшы, циркуль, мұғалім, кітап, мектеп, математика, директор, қыс мезгілі

Келесі ойын көреремендер ішінен 3 оқушы шығарып, қағаздан шамамен өлшем бірліктерін кесіп алу керек.



Қорытынды. Мақтау. Марапаттау.



9


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.12.2018
775
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі