Іздену
ұйымдастырушы
Ғажайып
сәт:
|
Оқу қызыметімізді жұмбақты шешуден
бастаймыз.
Балалар жұмбақты мұқият
тыңдаймыз.
Шанамен зырлап желетін,
Шаңғы коньки тебетін,
Аққала жасап ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсын?
- Ал балалар енді екінші жұмбағымызды
тыңдаймыз.
«Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады».
- Жарайсындар, балалар!
- Балалар бір жылда неше ай
бар?
- 12 айды неше жыл мезгіліне
бөлеміз?
- Қазір жылдың қай
мезгілі?
- Қыс мезгіліне қай айлар жатады
екен?
- Қыс мезгілінде табиғатта қандай құбылыстар
болады?
- Қыс мезгілінде балалар қандай ойындар
ойнайды?
- Қардың түсі қандай?
- Балалар қарды қолымызға ұстап көрдік
па?
- Қатты ма, жұмсақ па?
- Балалар қардан не жасауға
болады?
- Аққала қандай пішіндерден
тұрады?
- Қане аққаланың бөлшектерін
санайықшы?
- Дұрыс айтасындар балалар, айналаның бәрін, жер,
тауды, тасты, орманды қар басады. Ормандағы ағаштардың бәрі ақ
көрпеге оранғандай болады. Қыс мезгілінде балалар асыр салып қармен
ойнайды.
- Балалар қазір жылдың қыс мезгілі, қыс
мезгілінің алдындағы, жыл мезгілді кім атап
береді?
- Күз мезгіліне қай айлар
жатады?
- Ал балалар қыс мезгіліннен кейін қай мезгіл
келеді, кім айтады?
- Жарайсындар, балалар!
- Қәне, балалар қыс мезгіліне
арнап «Қыс
қызығы» әнін
орындайықшы.
- Қане балалар өткен тақырыпты естеріңе
түсіріңдерші?
Осы кезде қоян секіріп кіріп
келеді.
- Ой-ой-ой, мен қай жерге адасып келіп қалдым,
орманға ұқсамайды.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, ақ
қоян?!
Ақ қоян: Бұл қай жер?
- Оййй балабақша, сонда бұл жерде не
істейсіндер?
- Оқып, жазып дейсіндер ме?! (таң
қалады)
- Балалар бүгін ауа-райы тамаша екен,серуенге
шығып едім, серуенде жүрсем мына қорапшаны тауып алдым, ішінде
сыйлық бар шығар деп қуанып едім, бірақ сыйлық болмай
шықты.
Тәрбиеші: Ақ қоян оның ішінде сыйлық болмаса не бар
екен қарайықшы?!(тәрбиеші қорап ты ашады)
- Балалар қараңдаршы қораптың ішінен не
шықты?
- Қандай суреттер екен
қараңдаршы?
Ақ қоян: Сурет дейсіңдер
ме?
Тәрбиеші: Балалар бұл жай суреттер емес екен,
суреттің артында тапсырмалар берілген
екен.
Ақ қоян: Тапсырма деген не?
- Балалар тапсырманы орындаймыз
ба?
Ақ қоянға көрсетейік қалай тапсырмаларды орындау
керек екенін.
Тапсырмалар:
1. Үш тілде санау.1-6 дейін, тура және кері
санау.
2. Қыс мезгілі туралы тақпақ айту.
3. Мақал-мәтел айту.
Балалар шаршап қалған сияқтымыз, қане орнымыздан
тұрып сергіту сәтін жасап жіберейік.
Сергіту сәті:
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
4. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Ата-әже,
қар, тау.
5. Логикалық сұрақтар. Не артық.
6. Қай ертегі екенін тап.(ертегіден үзінді оқылады)
7. Жануарларды ажырат.
- Ақ қоян көрдіңбе, біздің балалар сіз акелген
қораптың ішіндегі тапсырмалардын барлығын
орындады.
- Біздің балаларымыз қандай
екен.
Ақ қоян: Жарайсыңдар балалар, сонда бұл қорап
білімді балаларға арналған қорап болдығой.
Ұжымдық ойын:
- Ақ қоян отырп шаршап қалған сияқтысын, қане
біздің білімді балалармен ойын ойнағың
келеме?
Ойынның шартты: Алдарыңызда геометриялық пішіндер
тұр, сол пішіндерді құрастыру арқылы, қыс мезгілін бейнелеуіміз
керек.
Ақ
қоян: Жарайсыңдар, балалар, өздерің ақылды
екенсіңдер!
- Ой балалар біраз уақыт өтіп кеткен сияқты. Мен
енді кетейін, ормандағы достарыма не үйренгенімді айтып, оларғада
үйретейін.
- Сау
болыңдар балалар!
|
- «Қыс мезгілі» деп жауап
береді.
- «Қар»-деп жауап
береді.
- Бір жылда 12 ай бар.
- 4 жыл мезгіліне
бөлеміз.
- Балалар қол көтеріп жауап
береді.
- Әр мезгілге 3 ай
жатады.
- Қазір жылдың қыс
мезгілі.
- Қыс мезгіліне желтоқсан, қаңтар, ақпан айлары
жатады.
- Су қатады, қар жауады, боран болады, айналаның
барін қар басады.
- Қыс мезгілінде балалар қар мен
ойнайды?
- Қардың түсі ақ.
- Қарды қолымызға ұстап
көрдік.
- Жұмсақ.
- Қардан аққала жасауға
болады.
- Аққала шеңбер пішіннен
тұрады.
Балалар аққаланың бөлшектерін
санайды.
Тәрбиешіні мұқият
тыңдайды.
- Балалар күз мезгілі деп
айтады.
- Қыркүйек, қазан,
қараша.
- Балалар көктем мезгілі келеді деп жауап
береді.
- Рахым Тышқанбаевтың
«Жақсы мен жаман» өлеңімен танысқан
болатынбыз.
- Бұл балабақша
- Оқып білім аламыз, жазып
үйренеміз.
- суреттер
- Шана, қолғап, шырша,
аққала,
- Ия ақ қоян суреттер.
- Тапсырма деген- сұрақ қойылады, сол сұраққа
ойланып, дұрыс жауап беруің керек.
- Ия, орындаймыз.
Балалар өлең мазмұнына сайкес іс-қимылдар
жасайды.
-Ия ақ қоян, қорапшаны балабақшаға акелгенің
жақсы болды.
-ия ойнағым келеді.
Ойынға барлығы
қатысады.
- Сау болыңыз
ақ қоян, бізге тағы қонаққа келіңіз!
|