Материалдар / Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
01 Шілде 2018
1387
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Әлеуметтік сала

Білім көздері: Экология негіздері

Тақырыбы: Қыс. Құстардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: 1. Қыс мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыру.

2. Қыс кезіндегі құстардың тіршілігі туралы әңгімелесу арқылы балалардың қамқорлық жасауға деген белсенділіктерін арттыру.

3. Табиғатты аялауға баулу. Құстарға деген сүйіспеншіліктерін арттыру; қыста оларңа қамқорлық жасауға деген құштарлықтарының артуына жағдай жасау.

Көрнекіліктер : Қыстап қалатын және жылы жаққа ұшып кететін құстардың суреттері, сүт қораптары,

қайшы т.б. .

Сөздік жұмыс: жем, нан қиқымдары, кептірілген жемістер, үйшіктер

Әдіс –тәсілдер:сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, әңгімелесу



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


I кезең:



Уәждік – түрткі болу

Балаларды дөңгелене тұрғызып, төмендегі өлең жолдарын айтқызады.

Кел, балалар, күлейік,

Күлкімен түлейік.

Қабақ түйген не керек,

Көңілді боп жүрейік.

Тәрбиеші құстар туралы жұмбақтар айтады:

Екі айыр құйрығы,

Қияқ мұрт қанаты,

Ұшқырлардың жүрігі.


Ұзақ тектес құс

Шіркей жеп.

Ауыл маңынан

Ұзап кетпес құс.


Тоқылдатып, мазаны ап,

Ағаштарды тазалап,

Ормандарпды емдейді.

Зиянкесті жазалап

. Өте жақсы.

Бәрі қосылып айтады.







-Қарлығаш .




-Қараторғай.






Тоқылдақ.


II кезең:



проблемалық ізденістік

Тәрбиеші жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың бейнеленген суреттерді қарауды ұсынады. Сурет бойынша сұрақтар қояды:


-Бұл құстардың сендерге қайсысы таныс?


-Ауладан, орманнан қандай құстарды көрдіңдер?


  • Қыста жылы жаққа ұшып кететін құстар қалай аталады?

  • Жылы жаққа ұшып кететін құстар қысқа өзіне азық жинай алмайды және қыста азық тауып жеуге бейімделмеген.

  • Ал бізде қыстап қалатын құстарды қалай атайды?

  • Қыста сендер қандай құстарды көрдіңдер?








-Жыл құстары-перелетные птицы,

отырықшы-оседлый.

-Олар неге жылы жаққа ұшып кетпей,қалып қойды деп ойлайсыңдар?


-Олар азықты қайдан табады?



  • Дұрыс. Өте жақсы айтыңдар. Біз нан қоқымдарын құстарға береміз, тағы да жем береміз. Балалар біз нан қоқымдарын құстарға азық ретінде пайдалануға болатындығын түсіндік.

  • Ол нан қоқымдарын қайда салуға болады?

  • Нан қоқымдарын ұясына салуға болады. Ал ұясы болмаса ше?

  • Ендеше , балалар нан қоқымдарын жерге тастай салуға болмайтындығын білеміз.Сол үшін біз құстарға нан қоқымдары салатын қорапша жасап , серуенге шыққанда ағаштардың бұтағына орнатамыз.

  • Ол үшін алдарында жатқан сүт қорапшаларын екіге бөліп алайық.

  • Балалар нені байқадыңдар?

  • Біз бір қораптан, екі жем салатын қорапша қиып шықтық.

-Жақсы. Керемет.


Сергіту сәті:

Құс қанаты жайды,

Аққу мойнын созды,

Үйрек келіп қонды.



-Қалың қар жауғанда, қатты аяздарда азық тауып жеу қиынға соғады.

-Құстар қыс кезінде адамдар тұратын жерге жақындайды.

Олар неге адамдарға жақын жерге келеді деп ойлайсың?

-Оларға не берер едіңдер?

Олар не жейді?

-Құстарға не үшін көмектесеміз?

Олардың қандай пайдасы бар?



Дәптермен жұмыс

Жеке жұмыс жүргізу.

Мына суретке қарап әңгіме құрап беріңдер?



-Қане, Асқар сен айтшы?

-Жақсы. Дұрыс айтасыңдар.

-Мына суретте бір қате бар. Қыстайтын құстардың арасында бір жылқұсы қалып қойыпты. Оның қай құс екенін тауып беріңдер.






-Жақсы . Қарлығаш құсы қыстап қала алмайды.

-Қарлығаш құсы туралы ертегі білесіңдер ме?

-Жақсы. Дұрыс айтады. Қарлығаштың құйрығы неге айыр?

-Құстар кішкентай болса да, өздеріне ұя жасай біледі.

-Қарлығаш құсы өте әдемі етіп, ұя сала алады.

-Қарлығаш құсы егер де қораларыңа жазда ұя салса, сол үйге бақыт әкеледі- дейді.





Балалар суретті қарайды.



Балалар өздеріне таныс құстарды атайды,

сол құстардың қайсысын өзі тұратын жерден

көргенін айтады.


Мысалы: Қарға, көгершін , торғайлар т.б.


-Жыл құстары.


-Отырықшы құстар.


-Торғай, шымшық,көгершін, ұзақ, тоқылдақ, қарға


-Олар суықтан қорықпайды.

Азық тауып жей алады.

-Ағаштың қабығының астына, қуыстарға жасырынып

Қалған жәндіктерді тауып жейді. Біз оларға

көмектесуіміз керек.

Күн қатты суық болғанда біз көмектесуіміз керек.


Біз оларға нан қоқымдарын береміз.Нан қоқымын жерге

тастауға болмайды.


Балалар алдарында жатқан сүт қорапшаларын алып,

оларды тең екі бөлікке бөліп , қиып шықты.



Балалар енді нан қоқымдарын қораптарға салып,

құстарға азық дайындайтынғын айтты.




Сергіту жаттығуларын жасады.


Құс қанаты жайды,

Аққу мойнын созды,

Үйрек келіп қонды.




Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.



Олар адамдар бізге азық береді, көмектеседі деп ойлайды.


Жем беруге болады.


Құстар ағаштардағы құрттарды тазалап, ағашты

қорғап қалады.


Ал ағаш болса, бізге жазда көлеңке болады.

Дәптерлеріне өздеріне ұнайтын құстарын салып,

өз ойын

әңгімелеп шықты. Суреттерге қарап , балалар әңгіме

айтты.


Асқар: Болат пен Асан келе жатса,

торғайлардың баратын

ұялары жоқ екен. Олар үйлеріне келіп,

әкелеріне торғайлардың ұялары жоқ

екендігін айтты.

Торғайларға жаны ашыды. Әке торғайларға ұя

жасайықшы. Әкесі жарайды балам. Құстарға

ұя жасайық.

Болат әкесіне ұя жасауға көмектесті. Ұя жасалып

болған соң, далаға шығып ұяны ағашқа бекітті.

Ұя ағашқа ілінгені сол екен, торғайлар ұшып келді.

Балалар құстарға көмектескендеріне қуанды

- Болат: Мына суретте қарлығаш құсы қыста

қалмайды. Сондықтан мен қызыл қарындашпен

қарлығашты қоршап қоямын.

-Қарлығаш құсы туралы ертегі бар.

-Қарлығаштың құйрығы неге айыр?Қарлығаш

құсы жұмыскер.

Ол жазда өзіне ұяны әдемі салады


III кезең:

Рефлексті-түзетімдеуші

  • Құстарға жемді қалай береміз?

  • Бізде дайын жемсауыт бар/қораптанжасалған жемсауытты көрсетеді/.

  • Серуен кезінде шығып, құстарға жем береміз.

Балалар құстарға өздері дайындаған жемдерін

береді. Құстартардың қалай қоректететінін

бақылайды.

- Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жыл құстары мен қыстап қалатын құстардың ажыратады.

-Болу керек: Құстардың жылы жаққа ұшып кету себептерін, қыстап қалатын құстардыңі қалай қоректенетінін.

-Істей білу керек: Құстарға қамқор болуды



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!